І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлеу, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 227 бет №9
28500-74∙25=26650
394+2000:8=644
8670-(8820+4528):47=8386
(5394+6290):(101-78) =508
19776:309 ∙207=13248
326∙250:125=652
ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Бүгінгі сабақтың ашық сабақ екендігін, қонақтар келіп отырғандығын ескерту.
-«Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады»-демекші ұятқа қалмауға тырысайық. Біз бүгін үш топқа бөлініп жарысамыз. І топ –«Алғырлар» тобы, ІІ топ – «Тапқырлар» тобы, ІІІ топ – «Ойшылдар» тобы. Топ басшыларын сайлау.
«Ақыл азбайды, білім тозбайды» - демекші білімді болу үшін бүгінгі сабағымызда жарысамыз. Қазақ халқы ежелден бәйгені жарыс арқылы жеңіп алған . Бұрын жаяу жарыс, өгіз жарыс, тай, құнан жарыспен жеңіп алса, біз бүгін ХХІ ғасырда ғылым мен техниканың дамыған заманында білімімізбен жарысамыз. Сонымен қай топ тапсырманы бұрын және дұрыс орындаса, сол топтың жанына 5 ұпай қойылады.
Қайырлы күн достым
Қайырлы күн болсын
Осы күн сендерге
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын!
Слайдтағы ұранды оқу.
Біздер тату баламыз
Өсіп алға барамыз
Есептерді шығарып,
Біз білімді боламыз!
Сайыс - жарыстың І кезеңі «Бәйге»
1 есеп: Жолды жөндеу жұмысына 96 т топырақ жеткізу үшін жүк машинасымен 12 рет немесе қуатты үлкен машинамен 6 рет қатынау керек. Топырақ тасуға осы машиналардың екі түрі де жіберілсе, жұмысты орындау үшін олар бірге неше рет қатынаса жеткілікті?
Шарты:
Жүк машинасы – 12 рет ? рет қатынайды
Үлкен машина – 6 рет 96т
Шешуі:
96:12=8(т ж.м.)
96:6 =16(т ү.м.)
96:(16+8) =4 (рет қатынайды)
Жауабы: екеуі бірге 4 рет қатынайды.
2есеп: Ара қашықтығы 237 км екі қаладан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы велосипедші мен мотоциклші шықты. Олар 3 сағаттан кейін кездесті. Велосипедшінің жылдамдығы 19 км/сағ. Мотоциклшінің жылдамдығын тап.
Шарты:
V
t
S
Велосипедші
19 км/сағ
3 сағ
? км
237 км
Мотоциклші
? км/сағ
3 сағ
? км
Шешуі:
237-19∙3=180 (км жүрген жолы)
180:3=60 (км/сағ жылдамдығы)
Жауабы: Мотоциклшнің жылдамдығы 60 км/сағ.
3есеп: Арасы 105 км екі қаладан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі велосипедші шықты. Олардың бірі 12 км/сағ, ал екіншісі 15 км/сағ жылдамдықпен жүрді. 3 сағаттан соң олардың ара қашықтығы қандай болады?
Шарты:
12 км/сағ 15 км/сағ
105 км
Шешуі:
(15+12)∙3=81 км
105-81=24 км
Жауабы: 3 сағаттан соң олардың арақашықтығы 24 км болды.
Жарыстың ІІ кезеңі «Көкпар» бәріне ортақ тапсырма. Қай топ бірінші дұрыс орындаса ұпай саны сол топқа есептелінеді.
5 есеп: Тік төртбұрыштың ұзындығы 20 см, ені 15 см. Ауданы оның ауданымен бірдей, ал ені 3 см қысқа тік төртбұрыштың ұзындығын тап.
Тік төртбұрыштың:
Ұзындығы-20 см
Ұзындығы-? см
Ені-15 см
Ені-12 см
Ауданы-300 см2
Ауданы-300 см2
300 : 12 = 25 см (ұзындығы)
Жауабы: Тік төртбұрыштың ұзындығы 25 см.
ІV. Сергіту сәті. Сөз жұмбақ шешу: «Наурыз»
Н
А
У
Р
Ы
З
1. Ең кіші натурал санды ата.
2. Барлық қабырғасы тең геометриялық фигура.
3. 24 сағат неге тең?
4. Екі түзудің қиылысынан не пайда болады?
5. Ұзындықтықты қандай құралменөлшейміз?
6. Қандай арифметикалық амалды білесіңдер?
Жарыстың ІІІ кезеңі «Теңге ілу»
№ 6. Сәйкес келетін санды таңдап ал «Кім жылдам?»
36 м ∙ = 9 км
кг ∙ 250 = 6т
60 дм : 25 = см
18 км : = 72 м
кг : 150 = 18 кг
т : 250 = кг
№ 7. Бөлуді орында және көбейту арқылы тексер:
20301 : 67 = 33
71400 : 17 = 4200
49320 : 15 = 3288
№ 8.Теңдеулерді шеш:
х + 90 = 860 ∙ 400
42600 : х = 15
900 : х = 180 : 4
№ 9. Амалдарды орында:
34∙ (120-3920:70) =2176
(110-3420:90) ∙25=1800
15260:70∙ 60-775=12305
V. Қорытынды.
-Сонымен балалар бүгін біз сендермен нені өттік?
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
VІ. Бағалау. Жеңген топтың ұпайын мадақтау, марапаттау.