Математика | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім: |
Сабақтың тақырыбы | Арифметикалық амалдардың ауызша тәсілдері |
Сілтеме | Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор |
Сабақтың жабдығы | қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер |
Жалпы мақсаттар Оқыту нәтижесі | Мақсаты: арифметикалық амалдар туралы білімдерін, амалдардың қасиеттері және оларды есептеуді тиімді орындауда қолдана білу, есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін орындау кезіндегі амалдар тәсілін қорытындылау. |
Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті |
Бағалау парақшасымен таныстыру |
Топқа бөлу | Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. | Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі. |
Ынтымақтастық атмосферасы | Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. | Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. |
Үй тапсырмасын пысықтау | Өткен сабақты пысықтау (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру) 2. Сандарды жылдам оқу: 425, 325, 654, 963, 852, 147, 1000, 254, 369, 635, 245 , 123, 456, 789 т.с.с. | Оқушылар ауызша орындайды |
Қызығушылықты ояту | Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны: Балалар карточкаға 5 секунд қарап, жатқа математикалық символдарды ретімен жазып шығу керек. + Р ? – S + ) см Р : 123 +? --??? [ х - 5 ) Метрмен нені өлшейміз? 1 дм неше см бар? 1 м неше дм бар? 1 м неше см бар? 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау. 1). – Мына сандар қатарының қандай рет тәртібін енгізу керек? Мұндағы «артық» сандар қайсысы және олар неге «артық»? 10, 20, 30, 40, 55, 60. (55 – дөңгелек сан емес) 1, 7, 14,21,27. (1саны 7-ге бөлінбейді) 12, 23, 341, 48, 55, 67, 76. (341 – үш таңбалы сан) 24, 11, 13, 15, 17, 19, 19, 12. (24 – екі ондық бар) № 1.карточка 750 + 10 = 760 900 – 130 = 770 110 + 55 = 165 230 + 20 = 250 800 – 450 = 350 250 + 550 = 800 т.с.с. № 2. карточка А). 256 : 4 – 15 3 = 64 – 45 = 19 ә). 500 – (693 – 446) = 500 – 247 = 253 б).(176 + 412) : 6 = 98 Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда орындау |
Жаңа сабақ | № 3 карточка . Есепті түсіндіріп шығару. 1кг = 1000г. Шешуі: 250 + 150 = 400 (г) карамель Карамель - ? , 150г артық 1000г 250 + 400 = 650 (г) карамель мен ирис Шоколад - ? 1000 – 650 =350(г) шоколад. Жауабы: 350 г шоколад № 4 карточка Кесте бойынша есеп құрастыру. Тақтада түсіндіріп шығару. Ш: 25 3 + 19 4 = 75 + 76 = 151 Ж: барлық бала саны 151 бала. Өздік жұмыс. № 6. Салыстыр. 1000 – 250 630 + 30 + 200 90 + 110 80 + 120 |
Сергіту сәті | Сергіту сәті «Көңілді қалпақ» ойыны Басына қалпақ түскен оқушы жеті байлықты табады табады.
| Бірінші байлық - денсаулық. Екінші байлық - еркіндік Үшінші байлық - тіл байлық Төртінші байлық - қайрат-күш Бесінші байлық - ақ жаулық Алтыншы байлық - балаңыз Жетінші байлық - жүз саулық |
Ой толғаныс | Әр қораптан кез келген цифрды алып, үш таңбалы сандар құрастыр және оларды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз. 911, 508, 704, 457, 694, ... |
Сабақты бекіту | Бүгінгі сабақта біз не істедік? | Саған қайсы тапсырма қиын болды? |
Үй тапсырмасы | Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау. | Оқушылар күнделіктеріне жазады |
Бағалау | Бүгінгі сабақ ұнады ма? Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. | Бағалау парақшасын толтырады |