Кіріспе | Психологиялық дайындық Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме ұстап оны аламын. Ізгі әрі нәзік, мейрімді , Болып кетер сонда дереу жан – жағым. | Құралдарын сабаққа дайындалып отырады. |
Тұсау кесер | Үй тапсырмасын тексеру Тізбектей баяндау «Ана өмір шуағы» атты музыка бөлімі Қол шапалақтау арқылы мадақтау «Әдебиеттанушы» бөлімі Ой қозғау (видеоролик жүргізіледі) -Балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз не туралы болады? -Ана, жетімдер -иа, біз бүгін тағы ана туралы бір әңгімемен танысатын боламыз. Олай болса, дәптерімізді ашып күннің жадысын, тақырыпты жазып қояйық. «Ана құшағында» Ғабит Мүсірепов Мұғалім сабақтың мақсатымен таныстырып, табыс критерийлерін бірге құрады Табыс критерийлерін шығару «Ана құшағында» атты әңгімесін түсініп оқып, Қайроштың іс –әрекетін себебін анықтай білу Әңгіменің өзекті, түйінді ойын аша білу Қайроштың анасының іс –әрекетін, келбетін сипаттай білу | Тізбектей баяндалады Әртоп ана туралы 4 шумақ ән шырқайды. Оқушылар табыс критерийлерін шығарады |
Негізгі бөлім | Топтық жұмыс «Ана құшағы »дегенде ойларыңа не келеді? Осы ана құшағын сезіндіріп, сол сәтті баян ететін Ғ.Мүсіреповтің «Ана құшағында» деген әңгімесімен танысамыз. -Ғабит Мүсірепов кім? Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (22 наурыз 1902 – 31 желтоқсан 1985) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы «Жаңа жол» ауылында дүниеге келген 1908-1910ж ауыл молдасынан хат танып, діни сауатын ашады. қазақтың халық жазушысы; драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақ КСР ҒА академигі (1985), Социалистік Еңбек Ері (1974), Қазақстан халық жазушысы Қазақстан жазушылары Одағының төрағасы (1961), КСРО Жазушылар Одағының хатшысы Мүғалімнің түсіндірмесі- «Қазақ солдаты» атты романынан үзінді «Ана құшағында» әңгімесін бізге ұсынып отыр. (Қайырғали Смағұлов туралы видеоролик көрсетіледі) Қайырғазы Смағұлов Ұлы Отан Соғысына қатысып, ерлік көрсетіп, Кеңестер Одағының Батыры атанды.
- Бұл әңгімеде Қайырғали Смағұлов деген баланы бәрі Қайрош деп атайды. 10 жастағы Қайрошқа ауылдың сиыр, бұзау, торпағын бақтырып қояды. Оның алдына 87 бас мал салып беріп, егер бір бас малды жоғалтсаң, 10 жыл қораға қамаймын дейді қара мұртты. Ойбай, мен қашан оқимын деп жүргенде бір қасқа торпақ жоғалып кетеді. Ары санаймын 86, бері санайды 86. Жер жұтты ма? Ізі де жоқ. Қорқып кеткен Қайрош қалаға қарай қаша жөнеледі. Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай - қарай зытып келем. Қайрош сол зытқаннан Гурьев қаласындағы балалар үйіне орналасады. - Балалар үйі кімдерге арналған? - Панасыз, әке - шешесіз балаларға арналған. Оқулық бойынша жұмыс «Джокер» әдісі Сұрақ –жауап І топ. Мәтін бойынша 5 сұрақ дайындау ІІ топ. Қайрошқа мінездеме бер ІІІ топ. Мәтіннен жетім балалар бейнесін әңгімелеп бер ІV топ. Қайроштың анасына сипаттама бер -Міне, балалар ана махабатын, ана сезімін сезбейтін, оны жақсы көрмейтін бала жоқ екен.Олай болса - «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті» атты бөлімі «Бейнелеудегі өзіндік әдіс –әрбір өнердің әліппесі» бөлімі 1.Мәтін мазмұнын сызба арқылы баяндау 2. Суретке байланысты мақал – мәтел сәйкестендіру 3. Анаға байланысты теңеу, кейіптеу сөздерін топтастырып жазу, өлең құрастыр 4. Ана бейнесін суреттеп сал | Видеороликті тамашалап өз ойларын ортаға салады. Автор туралы өз ойларын қосады Топтастырып жазады. Әртоп мәтінді бір мезгілде мұғалім қол шапалақтауы арқылы тізбектей оқиды. Әр топ берілген тапсырманы талдап, орындайды. Оқушылар үш тілде ана туралы өлең оқиды. Әртоптың жұмысын «екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау |