2)?р с?з табынан болады, со?ан орай ат?аратын ?ызметтері де б?лек болады.
Орта? ?асиеттері
1)тіліміздегі с?здерді? ?олданылу аясыны? ке? екенін к?рсетеді
2)с?з байлы?ын к?рсетеді
3)к?ркем ?дебиетте, ж?мба?, жа?ылтпаш, ?ле? жолдарында к?ркемдік ?діс ретінде ж?мсалады.
Синонимдер
?зіне т?н белгілері
1)айтылуы б?лек, ма?ыналары жа?ын с?здер
2)бір с?з табына ?атысты болып, бір ?ана с?йлем м?шесіні? ?ызметін ат?арады.
Рефлексия.
-Б?гінгі саба? сендерге ?нады ма?
-?андай ?сер алды?дар?
-?з ?серлері?ді мына ж?лдызшалар ар?ылы білдірі?дер.
Егер саба? ?наса, ?ызыл ж?лдызды аспан ?леміне ілі?дер. Егер с?л т?сінбеген жерлері? болса, сары ж?лдыз ілі?дер. Егер саба? м?лдем ?намаса, к?лгін т?сті ж?лдызды та?да?дар
Ба?алау.
Топбасшыны? ба?алау пара?ында?ы ба?аларын алып ?орытынды ба?а ?оямын.Саба? со?ында кері байланыс жасау
?й тапсырмасы
О?ушыларды? мама?ды?тары бойынша синоним с?здерді ?атыстыра отырып ша?ын м?тін ??растыру
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?аза? тілінен ашы? саба?: Синонимдер»
Сабақтың тақырыбы:Синонимдер
Сабақтың мақсаты:
БІЛІМДІЛІК:мәндес сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығарып алуға бағыт беру;
ДАМЫТУШЫЛЫҚ:оқушылардың өз бетінше ізденіспен топта жұмыс істеу қабілеттерін дамыту, басқаларды тыңдау, өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білу қабілетін, сонымен бірге қазақ тілінің лексика тарауынан алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білу дағдыларын арттыру;
ТӘРБИЕЛІК: сұхбаттасу мәдениетін қалыптастыру, тиянақты тұжырымдама жасауға баулу, оқушыларды адамгершілік, қайырымдылық, бірлік, достық, бауырластық рухында тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, түсіндіру,АКТ, әңгімелеу топтастыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Үйымдастыру кезеңі:
Үй тапсырмасын сұрау:
Үйге берілген шығармаларын тексеріп шығамын.
Топқа әндердің бір бір шумағы таратылады.сол өлеңнің атымен топқа бөлемін
Осы бөлінген топта сол әннің бір шумағын айттыртып сабаққа деген қызығушылықтарын артыру..
Жаңа сабақ:Синоним тақырыбын мұқият оқып шығып,постерге синонимге байланысты суреттер немесе мысалдармен тақырыптан түсінгендерін салады.
1-тапсырма
Қастерлі, күту, тез арада, мұғалім, жуықта, қадірлі, тоқтау, ұстаз, кідіру, таяуда, оқытушы, құрметті, аялдау, жақында, тәрбиеші, қадірменді.
!-топ
Қастерлі, күту, тез арада, мұғалім, жуықта, қадірлі, тоқтау, ұстаз, кідіру, таяуда, оқытушы, құрметті, аялдау, жақында, тәрбиеші, қадірменді
Кім?
Қандай?
Не істеу?
Қашан?
2-топ
Зат есім
Сын есім
етістік
үстеу
Кім?
Мұғалім
Оқытушы
Ұстаз
Педагог
Қандай?
қастерлі
қадірлі
құрметті
қадірменді
Не істеу?
күту
аялдау
кідіру
тоқтау
Қашан?
тез арада
жуықта
таяуда
жақында
3-топ(топпен ақылдаса отырып синонимнің ерекшелігін табу )
2-тапсырма
Мағынаны ажырату
Берілген сөздерді синонимдік қатарлармен толықтыру
1 – топқа: туысқан, ...
2 – топқа: данышпан, ...
3 – топқа: қаймығу,
Сергіту сәті: «Қамажай»биі арқылы сергіту сәтін жасайды.
Суретпен жұмыс
3-тапсырма. (Топтық жұмыс). Оқушыларға сұрақ қоя отырып, жауаптарына синонимдік қатар айтқызу (мамандықпен байланыс).
4-тапсырма.
Графикалық диктант. Синоним сөздердің екі сыңарын табу
адам
байлық
әлем
әуелі
мықты
күшті жаһан алдымен қазына пенде
5-тапсырма. Тест жұмысы.
Бұл тапсырманы оқушылар тест түрінде орындап, жұп-жұбымен тексеріп, бір-біріне баға қояды.
1. Синоним дегеніміз –
А) Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздер
В) Қарама-қарсы сөздер
С) Жазылуы әр түрлі, мағыналары бір-біріне жуық сөздер
2. «Даңқ» сөзінің синонимін тап.
А) Мықты
В) Атақ
С) Дәулет
3. «Қадірлі, құрметті, қадірменді» синонимдік қатары қай сөз табына
жатады?
А) Сын есім
В) Зат есім
С) Үстеу
4. «Адам» сөзінің синонимін тап.
А) Шәкірт
В) Дос
С) Кісі
5. Синонимдік қатардың дұрысын тап.
А) Күлу, сықылықтау, жылау
В) Зат, мүлік, нәрсе, бұйым
С) Көне, жаңа, ескі
ВЕНН диаграммасы
Омонимдер
Өзіне тән белгілері
1)айтылуы бірдей, мағыналары бөлек сөздер
2)әр сөз табынан болады, соған орай атқаратын қызметтері де бөлек болады.
Ортақ қасиеттері
1)тіліміздегі сөздердің қолданылу аясының кең екенін көрсетеді
2)сөз байлығын көрсетеді
3)көркем әдебиетте, жұмбақ, жаңылтпаш, өлең жолдарында көркемдік әдіс ретінде жұмсалады.
Синонимдер
Өзіне тән белгілері
1)айтылуы бөлек, мағыналары жақын сөздер
2)бір сөз табына қатысты болып, бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.
Рефлексия.
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-Қандай әсер алдыңдар?
-Өз әсерлеріңді мына жұлдызшалар арқылы білдіріңдер.
Егер сабақ ұнаса, қызыл жұлдызды аспан әлеміне іліңдер. Егер сәл түсінбеген жерлерің болса, сары жұлдыз іліңдер. Егер сабақ мүлдем ұнамаса, күлгін түсті жұлдызды таңдаңдар
Бағалау.
Топбасшының бағалау парағындағы бағаларын алып қорытынды баға қоямын..Сабақ соңында кері байланыс жасау
Үй тапсырмасы
Оқушылардың мамаңдықтары бойынша синоним сөздерді қатыстыра отырып шағын мәтін құрастыру