Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді жан-жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Техникалық құрал: интербелсенді тақта
Көрнекілігі: ойыншықтар, үлестірмелер . Барысы: 1.Кіріспе Армысыздар, бүгінгі кешке жиылған қауым! Бүгінгі біздің «Әрбір бала - дара , Әрбір бала - дана» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер! Білімменен тәнті етеді тектілер, Мұратына білім қалды жеткізер. Бар ізгілік тек біліммен алынар, Білімменен аспанға жол салынар,- дей келе сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырайық.
1-топ Алмашов Ұлан , Бекетов Данияр
2-топ Жамишев Қожаберген, Ергалиева Айжан
3-топ Муратбаев Нұркен, Ерұланқызы Дильназ
4-топ Төлеген Нұртаза, Лагенбаева Аяжан
Достық пен бірлікті етіп тұлға, Жеңіске жеткен едің талай сында. Қара қылды қақ жарып әділ қазым, Еңбегін тапқырлардың әділ сына – деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық.
Ойын ережесімен таныс болайық! Таңдаған асық түсі бойынша сұраққа жауап беру
1. Әрбір топқа 10 сұрақ
2. Орны алмасқан ойыншықтардың орнын тап. 3. Мақалдардың жалғасын табу 4. Логикалық тапсырмалар 5. Шешуші кезең сұрақтары
Көрермен жиналған бұл тамашаға Құр қарап жай отыру жараса ма? Туыс, досқа сыныптас, танысқа емес Соқ қолыңды білімді жас талантқа
Тірі табиғатқа не жатады?/өсімдік,жануарлар,адам,құстар/
Ең алғашқы қазақ ғарышкері?/Т. Әубәкіров/
Экология ғылымы нені зерттейді?/бүкіл қоршаған ортаны/
Қорықтар дегеніміз не?/табиғаттағы қатал қорғауға алынған жер учаскесі/
Денелер нешеге бөлінеді?/табиғи,жасанды/
Адам күнделікті өмірде нені пайдаланады?/ас тұзы, қант, крахмал,қышқ./
Ауаның құрамына қандай газдар кіреді?/оттегі, көмірқ. газы, азот/
Өсімдіктер туралы ғылымды не деп атайды?/ботаника/
Микробтар деген не?/жай көзге көрінбейтін ұсақ организмдер; бактериялар/
Мемлекеттің басшысы қалай аталады?/президент/
Күн жүйесінде неше планета бар?/8/
Ең алғашқы космонавт кім?Юрий Гагарин/
Су қандай зат?/сұйық/
Ауаның қандай қасиеттерін білесің?/мөлдір,түссіз,иіссіз/
Бұлттар неден құралады?/судың булануынан/
Крахмал қандай көкөніс пен дақылдарда кездеседі?/күріш, картоп/
Тұқымның өнуі үшін не қажет?/жылу,су, ауа/
Адам өміріне қажетті жағдайларды ата/су, ауа, жарық, жылу, тамақ/
Тыныс алғанда біз ауадан қандай газды жұтамыз?/оттегін/
Қылқанды өсімдіктерді ата./шырша,қарағай,арша/
1. «Конституция» деген сөз нені білдіреді? / заң// 2.Өсімдіктердің жер бетіндегі мүшелерін ата./сабағы, жапырағы,жемісі/ 3.Ерітінді тұздарды өсімдік қайдан алады? /топырақтан/ 4.Жер бетіндегі тіршілік иелері неге өсімдіксіз өмір сүре алмайды? /ауада оттегі мүлде болмас еді/ 5.Балықтар қандай жануарлар? /суда өмір сүретін / 6.Жануарлар туралы ғылым қалай аталады? /зоология/
7.Адамның жан-дүниесін зерттейтін ғылым қалай аталады?/психология/
8.Табиғаттағы қатал қорғауға алынған жер учаскелерін не деп атайды?/қорықтар/
9.Дүниедегі заттарды зерттейтін ғылым қалай аталады?/химия/
10.Ас тұзы дегеніміз не?/табиғатта кездесетін минералды тұздардың бірі/
Экология сөзінің мағынасы./экос-үй, логос-ғылым/
Табиғатта су қандай күйде болады?/сұйық,қатты,бу//
Табиғаттағы тау жыныстары ненің әсерінен бұзылады?/темп. өзгер.,су,жел, өсімдік/
Өсімдік қалай тыныс алады?/көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін ш./
5. Тәуелсіздік күні қай күн?/16желт. 1991ж./
6. Ақ күрішті аймақты ата.
7. Өсімдіктер қалай қоректенеді?/еріген тұздар, су, оттегі/
8. Тау жыныстары деген не?/
9. Қыста қоянның түсі қандай болады?/ақ/
10.Қыста ұйықтайтын аңдарды ата/аю, тасбақа,/
3. Ойынымыздың келесі кезегі «Мақалды жалғастыр» бөлімі
Оқу білім бұлағы, ....
Оқусыз білім жоқ, ....
Туған жердің қадірін, ....
Әдептілік белгісі, ....
Аққуды атпа, ....
Үлкенге – құрмет , ....
Татулық - ....
Жеті атасын білген ер, ....
Ақыл азбайды, ....
4. Логикалық есептер. 1-сұрақ Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2кг болады. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады? 2 -сұрақ. Ауылда 3күн, 3түн боран соқты. Неше тәулік боран болды?/3/ 3- сұрақ. Бес бұтақты ағашта Бұтақ сайын бес алма. Біреуін бер алашқа Қалады сонда қанша алма. /24/ 4-сұрақ. Бір бірімен жарысқан,Төрт аю, бір арыстан. Екі қой мен бір түлкі, Бәрі нешеу кім білді?/8/ 5-шешуші кезең
1. Астың дәмін не келтіреді?/тұз/
2.Алаңда доппен жүгіріп жүріп ойналатын спорттық ойын түрі/футбол/
«Өмірлік азықтарыңыз білім болсын , балалар» - дей келе «Әрбір бала - дара, Әрбір бала - дана» атты интеллектуалды ойынымызды аяқтаймыз.Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Осымен сайысымыз аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет!