kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жоғары атақ иесі- Адам!» атты тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

: «Жоғары атақ иесі- Адам!». Тәрбие сағатының мақсаты: Адам бойындағы моральдік, этикалық, мінез - құлық ерекшеліктерін ажырата білуге, өз бойындағы қасиеттерді танып білуге, жетілдіруге ұмтылдыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жоғары атақ иесі- Адам!» атты тәрбие сағаты»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жоғары атақ иесі- Адам!»

Тәрбие сағатының мақсаты: Адам бойындағы моральдік, этикалық, мінез - құлық ерекшеліктерін ажырата білуге, өз бойындағы қасиеттерді танып білуге, жетілдіруге ұмтылдыру.

Кішіпейілділік, әдептілік, көмек беру- адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру.

Көрнекілігі:гүл суреті, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың мақсатын айту.

-Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!

-Бүгінгі болатын 4 «А» сынып оқушыларының ашық тәрбие сағатына қош

келдіңіздер!

-Тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Психологиялық дайындық.

-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізу үшін, біз бір-бірімізге әуелі жақсы тілектер тілейік. «Жақсы сөз - жарым ырыс» деген. «Жүректен жүрекке» ойыны

(гүлге жазып, тілектер айтылады. )

-Денің сау болсын!

-Ұқыпты бол!

-Батыл бол!

-Кішіпейіл бол!

-Ізетті бол!

-Әдепті бол!

-Ақылды бол!

-Білімді бол!

-Сүйкімді бол!

-Қазақтың баласы бол!

-Отаныңның баласы бол!

-Еліңе қорған бол!

-Арманшыл бол!

-Атаңның ұрпағы бол!

-Өнерлі бол!

-Нұр жаусын!

-Мерейің үстем болсын!

-Білім беріп, жақсылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рахмет!

-Рахмет!

-Міне, балалар, бір-бірімізге денсаулық тілеп, жақсылық жасасақ, ол жақсылық, өзімізге соншалық болып оралады екен.

Мұғалім сөзі:
Өзін ғана ойлаған -
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған -
Адамдықтың белгісі,-
деген ұлағатты жолдар бекер айтылмаған. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады.

-Ал, адамгершілік дегеніміз не? Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттер. Демек, асыл қасиетіміз - еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау кесір мінезден аулақ болуымыз керек. Осы жерде бірден ұлы Абайдың сөздері ойымызға орала кетеді:

3. Жаңа сабақ. -Ал енді балалар бәріміз тақтаға қарайықшы.

«Жоғары атақ иесі- Адам!» (тақтадан сабақ тақырыбын көрсету)

-Адамдық, адамның қаситеттері жайлы қандай өлең жолдарын білесіңдер?

-Кәне, кім айтып берер екен?

«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап, босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол;
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой -
Бес асыл іс көнсеңіз…» -
деп, ұлы Абайдың адам баласына айтып кеткен адамгершілік қасиеттері бізге сабақ екенін ешқашан ұмытпауымыз керек.

«Бес асыл іс» - адамгершіліктің ұсынған этикалық-әдеп нормалары. Гуманист атаулының бәрі де дүниедегі ең асыл, бағалы нәрсе - адам деп түсінетін болса, сол адам бойындағы ең басты сипаттар адамгершілік қасиеттер деп жауап береді. Абай адам болуға ұмтылған әрбір жалынды жастың бойына адамшылықтың қандай нәрін, нендей ізгілікті қасиеттерді егу, орнықтыру керектігін «Ғылым таппай мақтанба...» өлеңіңде: «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз...» - деп, айқындап берген екен.

Тәрбие сағатымыздың жалғасын жадынамамен жалғайық, тақтаға назар салсақ.



«Адам болам десеңіз...» Балаларға арналған жадынама

1.Балалар, естеріңде сақтаңдар!

-Жұрттың бәрімен, әсіресе қартаң адамдармен қай жерде, қай уақытта болсын амандасып жүр. Денсаулығым жақсы болсын десең, өзгелердің де саушылығын сұрап амандас.

- Өзіңді, айнала қоршаған табиғатты сүй.

-Өз бойыңдағы сараңдықты, жалқаулықты, екіжүзділікті, менмендікті, пайдакүнем есепшілдікті, қорқынышты жең. Адамға сен, адамды сүй. Олар туралы өзің әділетсіз сөз айтпа, біреудің ғайбат сөзіне сене салма.

-Ой мен істі бір-бірінен бөліп қарама. Оқығаның жақсы-ақ, бірақ ең бастысы - іс қылу керек.

-Қарапайым бол!

-Түкке тұрмайтын нәрсеге бола ашуланба.

-Егер, сіз дұрыс жасамасаңыз, кемшілігіңізді тез түзетуге тырысыңыз. Жақсылыққа апарар жолға бастаңыз.

-Сәтсіздіктеріңізді емес, қуанышты күндеріңізді жиі еске түсіріңіз.

-Өзге адамдардың ой-пікірі мен талап-тілегіне түсіністікпен қараңыз.

2. Мына нақыл сөздерді жадыңда сақта!

Дүниедегі ең оңай нәрсе - кісіге ақыл айту, ең қиыны өзіңді-өзің түсіну. Әл-Фараби

Өзіңді-өзің тану - даналықтың бірінші белгісі. Карл Маркс.



Өзгермейтін, түзелмейтін мінез болмайды. Адам өз мінезіне өзі жауапты. Б.М.Теплов

Жақсы мінез-құлық пен ақыл екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.

Әл- Фараби

Адамгершілік қасиеттер туралы айтылған даналарымыздың сөздері өте көп. Тек соны терең түсіне білу, ойға түйе жүру керек. Әйтпесе, бұл өмір деген қызығы мен шыжығы қатар жүретін алпауыт дүние. Аспанның бұлтсыз болмайтыны сияқты, адамның өмірі де қиындықсыз болмайды, тек соны жеңе білуіміз керек.

«Екі қолы, екі аяғы жоқ адамның миллионер болуы» жайында сюжет.

-Ал, балалар, біраз нәрселерді түсіндік. Абайдың дана сөздеріне талдау жасап, жадынама, нақыл сөздер оқыдық, сюжет көрдік, енді нені көңілге түйдік, бүгінгі тәрбие сабағымыздан қандай әсер алдыңыздар? Барлығын жинақтап, ой қорытсақ. Шағын ой толғау, мүмкін өлең жолдарымен жеткізерсіздер. Ал, қалғанымыз мақал-мәтелдер айтудан сынасайық, кім көп біледі екен?

«Кім жылдам?» - Мақал - мәтел сайысы.

Адам болатын бала алысқа қарайды.

Сыйласаң, сыйымды боларсың.

Жаманға жан жуымас, жалқауға мал жуымас.

Әдепсіз өскен адамнан, тәртіпті өскен тал артық.

Тәрбиелі кісі қант қосқан жармадай, тәрбиесіз кісі шаң боратқан арбадай.

Тәрбиесіз наданнан, үйретілген хайуан артық.

Жолдың қамысы болмайды, жаманның намысы болмайды.

Ақыл - дос, ашу - дұшпан, ақылыңа ақыл қос.



Түйін. Мұғалім сөзі:

Әрбір адам туғаннан керемет сыйға бөленген, ол - жетілуге талпыну. Біз бәріміз білімді аңсаймыз, биікке көтеріліп, ортамызға жағымды жақтарымызбен көрінуге тырысамыз, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Ол үшін адам ең алдымен, өзі неге қабілетті, өзінде жақсы не бар, соны түсініп алуы керек. Өзінің бар қабілеттерін жетілдірумен қатар өзіндегі кемшіліктерді түзетуі тиіс.

Адамгершілікті, әдепті болыңдар!

Бұл сабақ өмірлік сабақ болсын! 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Жоғары атақ иесі- Адам!» атты тәрбие сағаты

Автор: Канатова Молдир Канатовна

Дата: 04.04.2017

Номер свидетельства: 406624

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Блум таксаномиясы бойынша   "Таби?атты аялайы?" атты Т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(58) "blumtaksanomiiasyboiynshatabigattyaialaiykattytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "258558"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448525823"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) ""??да  т?су"  т?рбие  са?аты"
    ["seo_title"] => string(27) "k-u-da-tusu-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "252968"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1447497160"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Т?рбие са?аты . Та?ырыбы: Таби?атты аяла"
    ["seo_title"] => string(42) "t-rbiie-sag-aty-tak-yryby-tabig-atty-aiala"
    ["file_id"] => string(6) "316608"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460119048"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) ""Маманды? - ?мір та?дауы " атты т?рбие са?аты."
    ["seo_title"] => string(35) "mamandykomirtandauyattytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "284443"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453983405"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Т?рбие са?аты "?ош келді?, Наурыз!" "
    ["seo_title"] => string(36) "t-rbiie-sag-aty-k-osh-kieldin-nauryz"
    ["file_id"] => string(6) "213452"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432056741"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства