kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты "?ош келді?, Наурыз!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: ?ош келді?, Наурыз!

Ма?саты: 1. Ата-бабамызды? ?рпа?тан-?рпа??а беріліп келе жат?ан ?лтты? мерекесі-Наурыз туралы т?сінік беру. ?лысты? ?лы к?ні айтылатын тілектер, бата, наурыз к?жені? ма?ызы туралы айту.

2. О?ушыларды? санасына хал?ына деген ма?таныш сезімін ?ялату, ана тілін, оны? тарихын, ?нерін, м?дениетін ?астерлей отырып, дамыта отырып ?жымшылды??а т?рбиелеу.

3. Саба?ты халы?ты? педагогика?а негіздей отырып, ?аза? хал?ыны? ?лтты? ойындарын, ?лтты? та?амдарын, на?ыл с?здерін ?астерлей отырып о?ушылар?а ??ындыру.

К?рнекілігі:, слайдтар, плакаттар, суреттер, шарлар, на?ыл с?здер, ?деби кітаптар, буклеттер.

Барысы: 1. ?йымдастыру кезе?і. ?она?тарды т?рге шы?ару, отыр?ызу.

2. Т?рбие са?атын ашу.

Саба?ты? та?ырыбы мен ма?сатымен таныстыру.

1. ??рметті Наурыз мерекесін тойлаушы ата-аналар, ?стаздар, о?ушылар! Та?ы да жадырап, к?ктем Наурыз мерекесі келді. Сіздерді жа?а к?н, жа?а жыл мерекесімен ??тты?таймыз. ?аза? хал?ы ?шін ?лкен мейрам – наурыз жа?а жыл болып санал?ан. Наурызды? 22-сінде к?н мен т?н те?еледі, ?ыс ?тіп, к?ктем келеді. Міне, біз де хал?ымызды? салты бойынша Наурыз мерекесін ата-аналармен бірлесе ?ткізіп отырмыз. М?нда?ы ма?сат, балаларды? Наурыз мерекесін ??ынуы, сезіну- лері  ж?не ата-аналар ?з балаларыны? ?нерін тамашалау. Міне сыныбымызды? «?ош келді?, ?з-Наурыз! » атты т?рбие са?атын тамашала?ыздар.

2. Келі?дер, Наурыз к?нін ?арсы алайы?,

Билейік, жыр жырлайы?, ?н салайы?.

?а?арлы ?ыстан ?тіп, Наурыз келді,

Ар?а?ды ке?ге созшы, уа, халайы?!

3. Хал?ымызды? салтында Наурыз тойыны? с?ні –а?ыз ??гімелер мен ертегі кейіпкерлері ?арашаш с?лу, ?ожанасыр, Алдар к?се, Тазша бала бол?ан.

 Ендеше, орта?а ?арашаш с?луды ша?ырайы?.

?арашаш:Уа, халайы?! Б?гін ?лысты? ?лы к?ні. Ата-бабаларымызды? с?зімен айтса?, а? т?йені? ?арны жарыл?ан к?н. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты. Алдымен «Наурыз» деген с?зді? ?зіне то?талатын болса?, б?л к?не парсы с?зі. ?аза?ша?а аударса?, ал?аш?ы буыны нау-жа?а, рыз-к?н деген ??ымды білдіреді. Сонда жа?а к?н деген с?з шы?ады екен. Наурыз – жа?а к?н, я?ни жа?а жылды? ал?аш?ы к?ні – жыл басы. Б?л бізді? хал?ымызда к?н мен т?н те?елер мезгіл-наурыз айыны? 22-інші ж?лдызына с?йкес келеді.

?аза? елі Наурызды ?алай ?арсы ал?ан?

Жа?а жылда м?нтаздай таза ?йге кірсе, ол ?й ауру-сыр?аудан, п?ле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурыз?а дейін ?й ішіндегі жи?аз, м?лікті? ша?ы ?а?ылып, жуылып, тазартылады. Жыл басы жа?сы басталса, ая?ына дейін жа?сы болады дейді.

Ал, халайы?! Енді осы ?лысты? ?лы к?ні ата салтымыз бойынша ортамыз?а ?ызыр бабамызды ша?ырайы?. ?ызыр баба баршамыз?а а? тілек, о? батасын берсін!

?ызыр баба:

Армысы?дар, жама?ат.

?лыс о? болсын,

А? мол болсын,

?айда барса? жол болсын!

?лыс ба?ты болсын!

Т?рт т?лік а?ты болсын,

?лыс береке берсін,

Б?ле-жала жерге енсін!

?лы хал?ым то? болсын!

К?йлектері? к?к болсын!

?ай?ы уайым жо? болсын!

?уаныштары? к?п болсын! ?умин! ! !

Ж?рт тегіс бетін сипап, айт?аны?ыз келсін деп айтады.

?ызыр баба: - ?арашаш ?ызым, ата салтын ?мытпай ?лыс тойын ?ткізіп жат?андары? ?те жа?сы екен. ?лкен рахмет. Ал, енді ?андай ?ызы?тары? бар.

?арашаш: ?ызыр баба, сіз т?рге шы?ып отыры?ыз. ?лысты? ?лы к?ні «Наурыз» ?нін айтайы?.

1. Хор: «Наурыз – бізді? ?німіз».

?ызыр баба: Ой, рахмет, айналайындар! ?ркендері? ?сіп, талаптары?а н?р жаусын!

?арашаш: ?ызыр баба, хал?ымызды? салтында кез-келген той-томала?ты? ойын-к?лкісіз думансыз ?тпесі белгілі. Ал сол ойын-к?лкіні? к?ркі мен с?ні бол?ан жары?ты? ?ожанасыр, Алдар к?се, Тазша балаларды ?мытпа?ан боларсыз. Б?гінгі тойымыз?а сол кісілер де келіп отыр. Соларды орта?а ша?ырып, ?ызы?тарын тамашаласа? ?айтеді.

Ж?ргізуші:?те орынды!

?арашаш:Шал?ытып мерекеде ?н салайы?,

?нерпаз ?рендерге тамсанайы?.

А?ыз бен ертегіден келіп жеткен

??рметті ?она?тарды ?арсы алайы?!

(Сахна?а алдымен ?ожанасыр, одан со? Алдарк?се шы?ады).

Алдар к?се: (?нжыр?асы т?скен ?ожеке?е)

- ?й, ?пендім, ?н-т?нсіз сіленіп не?ып т?рсы?? Тым болмаса мына хал?ы?а аман-с?лемі? ?айда?

?ожеке?: Ай, Алдарым-ай, ??р?а? с?лем ж?ртыма тама? болар дейсі? бе?К?к есегіме артып ?келе жат?ан бірер ?ап базарлы?ым бар еді, ?не бір б?рышта рекет деген бір б?лелер тартып алып.

Содан есек те жо? базарлы? та жо?, мына ж?ртыма не дерімді білмей т?р?аным.

Алдар к?се: Апыр- ай, ?, шыны? ба?

?ожанасыр: Мен ешкімді алдап к?рген жо?пын. Мына сен ?ой ел-ж?ртты б?лдіріп, ?азіргілерді? б?рі Тазша бала екеуі?ні? ?рпа?тары? к?рінеді.

Алдар к?се: -?ой, ойбай, мына ж?рт шын к?ріп ?алар.

?ожанасыр: -Б?рі шетінен суайт. Б?рі бірін-бірі ?айтсем алдап кетем деп т?р?ан алыпсатар болып алыпты. Сен екеуі?ні? ?рпа?ы?ды тауып берем.

?ожанасыр:-А-а. ?алай. А?тарылып ?алады.

Алдар к?се:-Апыр-ай, ?, мына б?леден ?алай ??тылсам екен. ?-?, таптым, таптым. Айтпа?шы, ?ожеке, осы сені? есегі? к?к емес пе ?анары? ?ызыл ала..

?ожеке?:-И?, д?л солай.

Алдар:- Ендеше, ?лгінде бір-екі ауыл милис?сі ж?рт?а жар салып иесін таппай ж?рген. Т?п-тура мына Ш?йланы? бергі б?рышында. ?ш жет тез.

(?ожанасыр шапаныны? етегін ?олына ?стап, ?албала?тап солай ж?гіре ж?нелді. Бір шеттен Тазша баланы? т?бесі к?рінеді. Ол ?ндетіп келе жатады)

Тазша:

Айтпаймын ?лтірсе? де ?тірікті,

Салт-сана, ?дет-??рып кетіліпті.

?лкен т?рып с?йлемес кіші ?айда?

Бір шал?а немересі жекіріпті.

Алдар к?се: (киіп кетеді)- ?й, Суайтбегім, мынау та?ы не с?мды?-ей! ?айда?ы жо? б?лені бастап. Салтымызда жо? н?убетті ?айдан тапты? та?ы??тірік айтуды? да ж?ні бар емес пе?

Тазша:Ойбай, Алдеке, ол недегені?із?Имандай шыным б?л. Олл??и-білл??и, мінеки! (?олыны? ?ырымен тама?ын орады. )

Алдар:Тек-ей, ант-су ішіп не болды сонша?Алдына жан салма?ан ?тірікші екені? барша?а аян. «С?мырай келсе, су ??риды» деп?ожеке? екеуі? немене, ?ара аспанды алдырып?Обалы не, мен т?скен ауылды? балалары шетінен кішіпейіл, елгезек екен. Бірі аттан т?сіріп, бірі ?олты?тап ?йге бастап, бірі шынта?ымны? астына жасты? тастап, енді бірі ?олыма су ??йып, наурыз к?же дегендей ??ра? ?шып ?арсы алды ?ой.

Тазша:Е, е, алдап кетеді деп сенен ?оры??андары да. ?йтпесе бізді ?айтесі? б?лар. ?пенділері де ?тірікшілері де толып жат?ан к?рінеді. ?лгінде анау бір той болып жат?ан шеткі ?йге т?ссем, бір ?арадомала?:

«Ой, а?а, м?нда не бар сізге? Бізді? депутаттар мен ?кім а?аларымызды? ?асында ?тірік айтудан жіп есе алмайсыз», -дейді. Содан абыройым барда осылай тартып кеткен жайым бар.

(Осы т?ста елпе?деп ?ожеке? шы?ады, Оны к?рген Алдар со?ан б?рылады).

Алдарк?се:О, не, ?ожеке, есегі? табылды ма?

?ожанасыр:Табыл?аны ??рысын, ?лгілері? мы? сом айып т?леттіріп, ?зер берген жо? па ? Жол т?ртібін б?зды, к?шені ластады дей ме-ау. (?олын бір-а? сілтеп, енді бас?а ??гімеге к?шеді). ?й, ?здері? м?нда не?ып т?жікелесіп? Ана жа?та, ?не анау бір киіз ?йді? артында бір-бір ?аптан алтын ділд? ?лестіріп жатыр.

Тазша:Алтын?!

?ожанасыр:И?, алтын бол?анда, к?дімгі саф алтын, б?ларды? тілінше б?л?т? дей ме. Т?сінбедім. К?мпінс?тси деді ме, балалар?а берілетін ж?рдем к?рінеді. Сені? Бізбикештен ту?ан бес баланы? тізімі ж?р, Алдеке. (бір-бірлеріне ?арасып ал?ан Алдар мен Тазша ол н?с?а?ан жа??а ?арай ?ша ж?нелді )

?ожан?сір:(Оларды? артынан ?арап с?л т?р?ан со? та?ыр?ай)

?й мына ж?ртты? б?рі солай ?арай неге а?ылып барады-ей?! Жа?а?ы с?зім шын болып ж?рмесін ?зі??ой мен де жетейін. (Сахнадан елпе?дей т?сіп кетеді. )

Ж?ргізуші: Асы?ып –апты?ып Шы?айбай мен б?йбішесі келе жатады.

Шы?айбай:?й, б?йбіше, бол енді, наурыздан кешігетін болды?, болса?шы к?йбе?демей.

Б?йбіше:?азір, ?азір, байеке! Мына бір ысты? к?лшені Наурыз?а пісіріп едім. Ойбай, мынау ?лгі Алдар ?ой! Енді ?айттым?Мынаны ?айда ты?ам?

Шы?айбай:(?ойнын к?рсетіп). М?нда ты?, м?нда.

Алдар:Ассалаумалейкум, Шы?еке! Наурыз ??тты болсын, ?лысты? ?лы к?ні ойда?ы-?ырда?ы ??ша?тасып табысады емес пе?кел, байеке, Біз де ??ша?тасып к?ріселік.

Шы?айбай:Ойбай, к?йдім, к?йіп барам. Жібер, жібере к?р Алдеке, сен-а? алшы осыны.

?арашаш:Ал, жігіттер, «с?зді? к?ркі - м?н, тойды? к?ркі-?н мен би» деген. Ортамыз?а Ауданды? «Кел, билейік» о?ушылар сайысына ?атысып келген «Сыр?алым» тобыны? биші ?ыздарын ша?ырайы?.

Ж?ргізуші:Наурыз тойыны? та?ы бір басты к?делеріні? бірі ол-Наурыз айтыс. Ендеше Фариза мен Бибін?рды? орындауында «К?й тартыс» айтысы.

Ел ішінде наурыз к?жені бірге ішкен адамдар жыл бойына жарасты?ы ажыраспайды ренжу болмайды деген ??ым бар. Бізді? де жарасты?ымыз ажырамасын, ел ішіндегі бірлігіміз са?талсын, сыйласа білейік.

К?ріш салдым к?жеге

Женті к?п болсын деп

Адал аспен б?йыр?ан, Тойда палау болсын деп.

Д?м татсын ел жиыл?ан. Ауыздан а? кетпесін

Бидай салдым к?жеге, Судай еріп кетпесін.

Мол болсын деп биыл нан, Б?гінгі той ?она?тары наурыз-к?жеден д?м таты?ыздар.

-Сыныпта А?г?л деген ?ызымыз бар,

?н салып, би билейді о?уда озат

Ол гимнаст, мостик т?рып, сальто айналад,

Болаша?та болады на?ыз акробат.

Ауданды? «Кел, билейік» о?ушылар сайысына ?атысып келген акробат ?ызымыз Ба? А?г?лді орта?а ша?ырамыз.

Хал?ымызды? салтында ?она? к?деге жол беріледі. Оай болса, кезек ата-аналарда. К?некей, кім, шы?ады екен. То?болатова К?лпарашты? орындауында «Арыс жа?асында» ?ні.

Орта?а Аймахан ?арашашты ша?ырамыз.

- Келтіріп сахнаны? енді с?нін,

Б?гін біз аямаймыз ?олда барын.

?алайша та?дай ?а?ып, та?данбас?а,

Шабондоз жігіттеріміз алдары?ызда.

- Б?гінгі ?лыс ??рметіне арнап бізді? сыныпты? Шабондоз жігіттеріміз бір ?нер к?рсетіп жіберсін. «Шабондоз» биі.

-Бізді? ?аза? хал?ы ?ай кезде де ма?алдап с?з с?йлеген. Ма?ал ар?ылы астарлы ой ?алатын с?здер айт?ан. Келесі тамашалайтындары?ыз ?она?ты ма?алдап ?арсы алып, шы?арып салу айтысын тамашалайсыздар.

?н менен би,

Жыр менен к?й жарас?ан

Н?рын т?гіп к?лімдейді к?к аспан

?адірлейік бейбіт аспан а???сын

?адірлейік хал?ымызды? д?ст?рін.

Шары?татып, шыр?атып тамсандыр?ан талайды,

?уелеген ?сем ?н к?к аспан?а тарайды.

?нерпаз ?рпа? мерейі биіктерге жетелеп,

?аза?ымны? к?гіне ба? боп м??гі жан?айды.

?н:Мар??лан мен Н?ржал?асты? орындауында  «К?ктем»

Негізгі ма?сатымыз - «Б?ла? к?рсе? к?зін аш » демекші сыныбымызда?ы ?нерлі, талантты балалар шы?далсын, ынталансын, жан-жа?ты ?абілетін ашу?а м?мкіндік жасау еді. Сіздер мен біз ку? болып отыр?ан мерекелік кешімізге а? дастар?анын жайып, ат салыс?ан ата-аналар?а рахметімізді айта отырып, отбасылары?ыз?а береке –бірлік тілейміз!

?аза? хал?ында батаны? т?рлері к?п. Соны? бірі осы Наурыз бата. М?нда Наурыз к?жеге ша?ырыл?андар?а, тойда ?нер к?рсеткен а?ын, ?нші, жас талапкерлерге т. б а?са?ал аталар, а? жаулы?ты аналар, ел а?алары бата береді. Жастар б?л к?ні ?лкендерден бата алу?а тырысады. К?пшілікке ?лкеніміз а? батасын берсін.

Та?ы да барша?ызды наурыз-?лысты? ?лы к?ні мерекесімен ??тты?таймыз. Барлы?тары?ыз?а ба?ыт тілейміз.

Осы, міне мереке бастал?аны,

Наурызым, к??ілдерді? тас?ан ша?ы.

С?нді болсын ?аза?ты? жарасты?ы,

Д?мді болсын жайыл?ан дастар?аны.

Ал, ??рметті ?она?тар, дастар?аннан д?м татайы?.

Міне, бізді? елден алар ба?амыз,

К??іл кілтін адалды?тан табамыз.

?р наурызда жолы?тырсын аман-сау

?н-шашуды? шымылдыры?ын жабайы?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "?ош келді?, Наурыз!" »

Сабақтың тақырыбы: Қош келдің, Наурыз!

Наурыз – жыл басы. Ол көктемнің, бірліктің татулықтың, еңбектің мерекесі. Осы ұлы күнге байланысты халықтың тамаша әдет-ғұрыптары мен жол-жоралғылары бар.

Мақсаты:

Наурыз мерекесінің ерекшелігімен таныстыру. Оқушыларға ата жолын үлгі тұта отырып, наурыз туралы мәліметтерді, өлең-жырларды үйрету. Оның тәрбиелік мәнін ұғындыру. Оқушыларды мәдениеттілікке, әдептілікке баулу.

Көрнекілік:

  1. « Наурыз- жыл басы» газеті.

  2. Ұлттық нақыштағы бұйымдар (домбыра, қамшы, ыдыс-аяқ т.б.)

Кіріспе:

  1. Сынып бөлмесін безендіру.

  2. Балаларды орналастыру.

  3. Кіріспе сөз. Мұғалім Тәрбие сағатының мақсатымен таныстырады.

  4. Үлкен қонақтан бата алады.

Негізгі бөлім:

1-оқушы:

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Той шашуға тойыңдар,

Бұдан кейін ойын бар.

2-оқушы:

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

3-оқушы:

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мерекесімен құттықтаймыз.

4-оқушы:

Дендеріңізге саулық, бастарыңызға байлық тілейміз.

5-оқушы:

Көктем жетті көл-көсір шуақ құрып,

Қыс барады қиылып, жылап тұрып.

Шатырында үйлердің Наурыз жүр,

Мұз пердесін ақпанның лақтырып.

6-оқушы:

Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп.

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден,

Құтты болсын, Наурыз!

7-оқушы:

Наурыз жырын жырлаймыз,

Онымен де тұрмаймыз.

Шындалып жеткен бұл күнге,

Ел дәстүрін сыйлаймыз.

8-оқушы:

Жаңғырылар дәстүр салтымның,

Көзделсін бұлақ жалғасы.

Қастерлі менің халқымның,

Мереке Наурыз – жыл басы.

9-оқушы:

Наурыз келді тағы да,

Жасыл желек тағына.

Құтты болсын, мерекең!

Жаңа жылға береке! Музыкалық номер: хор «Наурыз тойы».

Мұғалім:

Құрметті қонақтар! Біздің сынып бүлдіршіндері сіздерге Наурызнамадан үзінділер оқып береді.

10-оқушы:

Наурыз - Шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы , яғни Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз бұған дейін мыңдаған жыл бұрын шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше аталып өтетін болған. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды әдетке айналдырған.

11-оқушы:

Наурыз шығыс елдері үшін – бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың, мерекесі ретінде тойланады. Осы ұлы күнге байланысты халықтың төмендегідей тамаша әдет-ғұрыптары мен жол-жоралғылары бар.

12-оқушы:

Ежелгі мәдениетті, дамыған елдердің бірі парсының «Нау»- жаңа, «Руз»- күн, яғни жаңа күн деген сөзінен шыққаны көпке бұрыннан-ақ белгілі. Бұл қазіргі күн есебі бойынша наурыздың 22-не сәйкес келеді.

13-оқушы:

Наурыз айы – шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түннің ұзақтығы теңеседі. Сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

14-оқушы:

Наурызнама – шат шадыманды ойын-сауық, той. Кей жерде «Наурыз» тойы деп те аталады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салынған.

15-оқушы:

Тойда ат жарыс, палуан, күрес, басқа да спорт бәсекесі болады. Айтыс, түрлі ойындар ұйымдастырылып, көңілді жұмбақтар, ән өлеңдер, наурыз жырлары айтылады.


16-оқушы:

Наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады.

17-оқушы:

Наурыз жыры – Наурыз мерекесінде айтылатын халық ауыз әдебиеті түрлерінің бір саласы. Өлең-жыр осы күнге лайықталып, мадақтау, тілек, бата, әзіл түрлерінде айтылады.

18-оқушы:

Табиғатқа, аспан әлеміне, ауа райына, күн ментүнге байланысты айтылатын жұмбақтар осылай аталған. Онда ақындар, қыз-жігіттер осы тақырыптарды жұмбақтап, өлеңдеп айтысатын болған.

19-оқушы:

Әр адам өзіне, отбасына немесе жақын туыс-туғандары мен дос-жарандарын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір-бірінің үйіне келіп дәм татады.

20-оқушы:

Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар «Наурыз төлі» деп аталады, төл басы ретінде бағаланып, малжанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады.

21-оқушы:

Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурызкөгім, келдің бе?» - деп шақырып, жем шашады.

22-оқушы:

Жақсы ма, ата, халіңіз?

Менің атым- Наурыз.

Балдай тәтті сары уыз,

Алып келдім, алыңыз.

23-оқушы:

Қар астында қыс қалды,

Қар еріді, су ақты.

Алып келдім құстарды,

Алып келдім шуақты.

24-оқушы:

Көктем келді бүгін,

Күнім төкті нұрын.

Сайрап барлық құстар,

Ән салуға құштар.

25-оқушы:

Түрлі түсті әйбат,

Гүлдер шықты жайнап.

Қызыл-жасыл аймақ,

Қырға шықты ойнап.

26-оқушы:

Құтты болсын, Наурыз,

Үйге ат ізін салыңыз.

Ұлы күні ұлыстың,

Дастарханға барыңыз.

27-оқушы:

Құтты болсын, Наурыз,

Сарқылмасын сары уыз.

Кенелсін көкөніске,

Гүлдеп бақша-бауымыз.

28-оқушы:

Құтты болсын, Наурыз,

Жалқаулық қас жауымыз.

Дала толып егіске,

Малға толсын тауымыз.

29-оқушы:

Құтты болсын, Наурыз,

Қалдырмасын қауіп із.

Бейбітшілік сақтауда,

Болмасын еш дауымыз.

30-оқушы:

Самалық, самалық,

Жаңа келген жақсылықты.

Көрдік пе, көрмедік пе?

Самалық, самалық,

Ескі жыл шығып,

Жаңа жыл кірді.

Жаңа жыл жарылқа,

Ескі жыл есірке!

Мұғалім:

Құрметті қонақтар! Енді сіздерді оқушылардың дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалауға шақырамыз.

Хор: «Менің елім».




























Тақырыбы: Қош келдің, әз - Наурыз!

Мақсаты: 1. Ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық мерекесі-Наурыз туралы түсінік беру. Ұлыстың ұлы күні айтылатын тілектер, бата, наурыз көженің маңызы туралы айту.

2. Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлей отырып, дамыта отырып ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

3. Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып оқушыларға ұғындыру.

Көрнекілігі:, слайдтар, плакаттар, суреттер, шарлар, нақыл сөздер, әдеби кітаптар, , буклеттер.

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Қонақтарды төрге шығару, отырғызу.

2. Тәрбие сағатын ашу.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

1. Құрметті Наурыз мерекесін тойлаушы ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Тағы да жадырап, көктем Наурыз мерекесі келді. Сіздерді жаңа күн, жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – наурыз жаңа жыл болып саналған. Наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Міне, біз де халқымыздың салты бойынша Наурыз мерекесін ата-аналармен бірлесе өткізіп отырмыз. Мұндағы мақсат, балалардың Наурыз мерекесін ұғынуы, сезінуі лер және ата-аналар өз балаларының өнерін тамашалау. Міне сыныбымыздың «Қош келдің,

Наурыз! » атты тәрбие сағатын тамашалаңыздар.

2. Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,

Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.

Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,

Арқаңды кеңге созшы, уа, халайық!

3. Халқымыздың салтында Наурыз тойының сәні –аңыз әңгімелер мен ертегі кейіпкерлері Қарашаш сұлу, Қожанасыр, Алдар көсе, Тазша бала болған. Ендеше, ортаға Қарашаш сұлуды шақырайық.

Қарашаш:Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты. Алдымен «Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақшаға аударсақ, алғашқы буыны нау-жаңа, рыз-күн деген ұғымды білдіреді. Сонда жаңа күн деген сөз шығады екен. Наурыз – жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні – жыл басы. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл-наурыз айының 22-інші жұлдызына сәйкес келеді.

Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алған?

Жаңа жылда мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін үй ішіндегі жиһаз, мүліктің шаңы қағылып, жуылып, тазартылады. Жыл басы жақсы басталса, аяғына дейін жақсы болады дейді.

Ал, халайық! Енді осы ұлыстың ұлы күні ата салтымыз бойынша ортамызға Қызыр бабамызды шақырайық. Қызыр баба баршамызға ақ тілек, оң батасын берсін!

Қызыр баба:

Армысыңдар, жамағат.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсақ жол болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын!

Көйлектерің көк болсын!

Қайғы уайым жоқ болсын!

Қуаныштарың көп болсын! Әумин! ! !

Жұрт тегіс бетін сипап, айтқаныңыз келсін деп айтады.

Қызыр баба: - Қарашаш қызым, ата салтын ұмытпай ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы екен. Үлкен рахмет. Ал, енді қандай қызықтарың бар.

Қарашаш: Қызыр баба, сіз төрге шығып отырыңыз. Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» әнін айтайық.

1. Хор: «Наурыз – біздің әніміз».

Қызыр баба: Ой, рахмет, айналайындар! Өркендерің өсіп, талаптарыңа нұр жаусын!

Қарашаш: Қызыр баба, халқымыздың салтында кез-келген той-томалақтың ойын-күлкісіз думансыз өтпесі белгілі. Ал сол ойын-күлкінің көркі мен сәні болған жарықтық Қожанасыр, Алдар көсе, Тазша балаларды ұмытпаған боларсыз. Бүгінгі тойымызға сол кісілер де келіп отыр. Соларды ортаға шақырып, қызықтарын тамашаласақ қайтеді.

Жүргізуші:Өте орынды!

Қарашаш:Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Аңыз бен ертегіден келіп жеткен

Құрметті қонақтарды қарсы алайық!

(Сахнаға алдымен Қожанасыр, одан соң Алдаркөсе шығады).

Алдар көсе: (ұнжырғасы түскен Қожекеңе)

- Әй, әпендім, үн-түнсіз сіленіп неғып тұрсың? Тым болмаса мына халқыңа аман-сәлемің қайда?

Қожекең: Ай, Алдарым-ай, құрғақ сәлем жұртыма тамақ болар дейсің бе?Көк есегіме артып әкеле жатқан бірер қап базарлығым бар еді, әне бір бұрышта рекет деген бір бәлелер тартып алып...

Содан есек те жоқ базарлық та жоқ, мына жұртыма не дерімді білмей тұрғаным.

Алдар көсе: Апыр- ай, ә, шының ба?

Қожанасыр: Мен ешкімді алдап көрген жоқпын. Мына сен ғой ел-жұртты бүлдіріп, қазіргілердің бәрі Тазша бала екеуіңнің ұрпақтарың көрінеді.

Алдар көсе: -Қой, ойбай, мына жұрт шын көріп қалар.

Қожанасыр: -Бәрі шетінен суайт. Бәрі бірін-бірі қайтсем алдап кетем деп тұрған алыпсатар болып алыпты. Сен екеуіңнің ұрпағыңды тауып берем.

Қожанасыр:-А-а... Қалай. Аңтарылып қалады.

Алдар көсе:-Апыр-ай, ә, мына бәледен қалай құтылсам екен. Ә-ә, таптым, таптым. Айтпақшы, Қожеке, осы сенің есегің көк емес пе Қанарың қызыл ала.. .

Қожекең:-Иә, дәл солай.

Алдар:- Ендеше, әлгінде бір-екі ауыл милисәсі жұртқа жар салып иесін таппай жүрген. Тұп-тура мына Шәйланың бергі бұрышында. Ұш жет тез.

(Қожанасыр шапанының етегін қолына ұстап, қалбалақтап солай жүгіре жөнелді. Бір шеттен Тазша баланың төбесі көрінеді. Ол әндетіп келе жатады)

Тазша:

Айтпаймын өлтірсең де өтірікті,

Салт-сана, әдет-ғұрып кетіліпті.

Үлкен тұрып сөйлемес кіші қайда?

Бір шалға немересі жекіріпті.

Алдаркөсе: (киіп кетеді)- Әй, Суайтбегім, мынау тағы не сұмдық-ей! Қайдағы жоқ бәлені бастап. Салтымызда жоқ нәубетті қайдан таптың тағы?Өтірік айтудың да жөні бар емес пе?

Тазша:Ойбай, Алдеке, ол недегеніңіз?Имандай шынымбұл. Олләһи-білләһи, мінеки! (қолының қырымен тамағын орады. )

Алдар:Тек-ей, ант-су ішіп не болды сонша?Алдына жан салмаған өтірікші екенің баршаға аян. «Сұмырай келсе, су құриды» депҚожекең екеуің немене, қара аспанды алдырып?Обалы не, мен түскен ауылдың балалары шетінен кішіпейіл, елгезек екен. Бірі аттан түсіріп, бірі қолтықтап үйге бастап, бірі шынтағымның астына жастық тастап, енді бірі қолыма су құйып, наурыз көже дегендей құрақ ұшып қарсы алды ғой.

Тазша:Е, е, алдап кетеді деп сенен қорыққандары да. Әйтпесе бізді қайтесің бұлар. Әпенділері де өтірікшілері де толып жатқан көрінеді. Әлгінде анау бір той болып жатқан шеткі үйге түссем, бір қарадомалақ:

«Ой, аға, мұнда не бар сізге? Біздің депутаттар мен әкім ағаларымыздың қасында өтірік айтудан жіп есе алмайсыз», -дейді. Содан абыройым барда осылай тартып кеткен жайым бар.

(Осы тұста елпеңдеп Қожекең шығады, Оны көрген Алдар соған бұрылады).

Алдаркөсе:О, не, Қожеке, есегің табылды ма?

Қожанасыр:Табылғаны құрысын, әлгілерің мың сом айып төлеттіріп, әзер берген жоқ па ? Жол тәртібін бұзды, көшені ластады дей ме-ау. (Қолын бір-ақ сілтеп, енді басқа әңгімеге көшеді). Әй, өздерің мұнда неғып тәжікелесіп? Ана жақта, әне анау бір киіз үйдің артында бір-бір қаптан алтын ділдә үлестіріп жатыр.

Тазша:Алтын?!

Қожанасыр:Иә, алтын болғанда, кәдімгі саф алтын, бұлардың тілінше бәлүтә дей ме... Түсінбедім. Кәмпінсәтси деді ме, балаларға берілетін жәрдем көрінеді. Сенің Бізбикештен туған бес баланың тізімі жүр, Алдеке. (бір-бірлеріне қарасып алған Алдар мен Тазша ол нұсқаған жаққа қарай ұша жөнелді )

Қожанәсір:(Олардың артынан қарап сәл тұрған соң таңырқай)

Әй мына жұрттың бәрі солай қарай неге ағылып барады-ей?! Жаңағы сөзім шын болып жүрмесін өзі?Қой мен де жетейін. (Сахнадан елпеңдей түсіп кетеді. )

Жүргізуші: Асығып –аптығып Шығайбай мен бәйбішесі келе жатады.

Шығайбай:Әй, бәйбіше, бол енді, наурыздан кешігетін болдық, болсаңшы күйбеңдемей.

Бәйбіше:Қазір, қазір, байеке! Мына бір ыстық күлшені Наурызға пісіріп едім. Ойбай, мынау әлгі Алдар ғой! Енді қайттым?Мынаны қайда тығам?

Шығайбай:(қойнын көрсетіп). Мұнда тық, мұнда.

Алдар:Ассалаумалейкум, Шығеке! Наурыз құтты болсын, Ұлыстың ұлы күні ойдағы-қырдағы құшақтасып табысады емес пе?кел, байеке, Біз де құшақтасып көріселік.

Шығайбай:Ойбай, күйдім, күйіп барам. Жібер, жібере көр Алдеке, сен-ақ алшы осыны.

Қарашаш:Ал, жігіттер, «сөздің көркі - мән, тойдың көркі-ән мен би» деген. Ортамызға Аудандық «Кел, билейік» оқушылар сайысына қатысып келген «Сырғалым» тобының биші қыздарын шақырайық.

Жүргізуші:Наурыз тойының тағы бір басты кәделерінің бірі ол-Наурыз айтыс. Ендеше Фариза мен Бибінұрдың орындауында «Күй тартыс» айтысы.

Ел ішінде наурыз көжені бірге ішкен адамдар жыл бойына жарастығы ажыраспайды ренжу болмайды деген ұғым бар. Біздің де жарастығымыз ажырамасын, ел ішіндегі бірлігіміз сақталсын, сыйласа білейік.

Күріш салдым көжеге

Женті көп болсын деп

Адал аспен бұйырған, Тойда палау болсын деп.

Дәм татсын ел жиылған. Ауыздан ақ кетпесін

Бидай салдым көжеге, Судай еріп кетпесін.

Мол болсын деп биыл нан, Бүгінгі той қонақтары наурыз-көжеден дәм татыңыздар.

-Сыныпта Д3лназ деген қызымыз бар,

Ән салып, би билейді оқуда озат

Ол гимнаст, мостик тұрып, сальто айналады,

Болашақта болады нағыз акробат.

Мектепте би үйірмесіне қатысып жүр.

Халқымыздың салтында қонақ кәдеге жол беріледі. Олай болса, кезек ата-аналарда. Кәнекей, кім, шығады екен.

- Келтіріп сахнаның енді сәнін,

Бүгін біз аямаймыз қолда барын.

Қалайша таңдай қағып, таңданбасқа,

Шабондоз жігіттеріміз алдарыңызда.

- Бүгінгі ұлыс құрметіне арнап біздің сыныптың Шабондоз жігіттеріміз бір өнер көрсетіп жіберсін. «Шабондоз» биі.

-Біздің қазақ халқы қай кезде де мақалдап сөз сөйлеген. Мақал арқылы астарлы ой қалатын сөздер айтқан. Келесі тамашалайтындарыңыз қонақты мақалдап қарсы алып, шығарып салу айтысын тамашалайсыздар.

Ән менен би,

Жыр менен күй жарасқан

Нұрын төгіп күлімдейді көк аспан

Қадірлейік бейбіт аспан аққұсын

Қадірлейік халқымыздың дәстүрін.

-Құрметті қонақтар, Наурыз тойымызды бұдан әрі «Тұсаукесер» ырымымен жалғастырсақ деген тілек бар. Бүгінгідей ұлы тойда жиналған халық, ата дәстүрін көріп тамашаласын.

-Кішкентай бөбегімізге қадамың құтты болсын дей отырып, Жәметова Нүргүлдің орындауындағы «Тәй-тәй бөпем» әнін қабыл алыңыздар.

♦ Жігіттер КВН-і

Шарықтатып, шырқатып тамсандырған талайды,

Әуелеген әсем ән көк аспанға тарайды.

Өнерпаз ұрпақ мерейі биіктерге жетелеп,

Қазағымның көгіне бақ боп мәңгі жанғайды. Ән:

Негізгі мақсатымыз - «Бұлақ көрсең көзін аш » демекші сыныбымыздағы өнерлі, талантты балалар шыңдалсын, ынталансын, жан-жақты қабілетін ашуға мүмкіндік жасау еді. Сіздер мен біз куә болып отырған мерекелік кешімізге ақ дастарқанын жайып, атсалысқан ата-аналарға рахметімізді айта отырып, отбасыларыңызға береке –бірлік тілейміз!

Қазақ халқында батаның түрлері көп. Соның бірі осы Наурыз бата. Мұнда Наурыз көжеге шақырылғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, жас талапкерлерге т. б ақсақал аталар, ақ жаулықты аналар, ел ағалары бата береді. Жастар бұл күні үлкендерден бата алуға тырысады. Көпшілікке үлкеніміз ақ батасын берсін.

Тағы да баршаңызды наурыз-ұлыстың ұлы күні мерекесімен құттықтаймыз. Барлықтарыңызға бақыт тілейміз.

Осы, міне мереке басталғаны,

Наурызым, көңілдердің тасқан шағы.

Сәнді болсын қазақтың жарастығы,

Дәмді болсын жайылған дастарқаны.

Ал, құрметті қонақтар, дастарқаннан дәм татайық.

Міне, біздің елден алар бағамыз,

Көңіл кілтін адалдықтан табамыз.

Әр наурызда жолықтырсын аман-сау.







Тәрбие сағат тақырыбы:«Қош келдің, Наурыз!»



Мақсаты: Өлең, мақал –мәтелдер, арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру;



Көрнекіліктер: қазақтың киіз үйі,ұлттық киімдер,ұлттық тәрбие жөнінде нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, ұлттық тағамнан жасалған дастарқан.



1-ж: Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата бабаларымыздың сөзімен айтсақ , ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты.



2-ж: Бұл күн аталарымыз бен әжелеріміз үй-үйді , ауыл-ауылды аралап, наурыз көжеден дәм татады. Үлкен-кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілеседі.



1-жургізуші: Уа, жарандар, жарандар!



Бәрің бері қараңдар.



Наурыз-думан басталды,



Бері жақын тұрыңдар.



2-жүргізуші: Уа, халайық, халайық,



Ақ сандықты ашайық.



Бұл мереке , бұл тойдың,



Жыр шашуын шашайық.



Улзира: Ассалаумағалейкум, халқым менің,



Ақтарған кең даламның алтын кенін



Мереке басы болсын берекенің,



Ардақты наурыз тойы – салтың елім.



Сабина: Шалқытып мерекеде ән салайық,



Өнерпаз өрендерге тамсанайық.



Ертеден мирас болып бізге жеткен



Думанды мерекені қарсы алайық...



Айдын: Наурыз - өте көнеден келе жатқан мейрам.Қазақ халқының жаңа жылы.Бұл кез күн мен түн теңелетін уақыт.Наурыз мерекесі күні адамдар бір-біріне жақсы тілектер айтқан.



Бибигуль: Наурыз парсы тілінде «Жаңа күн» дегенді білдіреді. Бұл күні даланы Қыдыр баба аралайды екен. Сондықтан сол түнді «Қыдыр түні» деп атаған. Бұл күні барлық ыдыс атаулыны толтырып қояды. Өйткені, ырыс мол болсын деп тілеген.



Дильназ: Армысыздар ағайын!



Наурыз тойын жұп жазбай



Қошеметпен қарсы алайық!



Досқа құшақ ашайық,



Өлең жырға басайық,



Қазақтың бір салты деп,



Айдос: Тойға шашу шашайық.



Нурыз келсе,



Құт келгені халайық!



Есік ашып, шашу шашып



Ел боп қарсы алайық



Гулдана: Наурыз тойы тамаша,



Наурыз тойы жаңаша



Табиғат та тамаша,



Тамылжып тұр жараса.



Айбол: Наурыз тойы салтанат,



Наурыз тойы мархабат.



Әр жүректен ән тарап,



Шаттанады шартарап..



Сынып оқушыларының орындауында: «Наурыз думан» әні орындалады.



Дильхан Күн менен түн теңелді,



Жер шуаққа кенелді,



Соны тойлар ел енді.



Наурыз тойы-салтымыз,



«Көгерсін» деп халқымыз,



Көшеге тал егеміз.



Әлия: Жарқырап тұр күніміз,



Жайқалсын жас гүліміз.



Бақта бұлбұл сайрасын.



Сәнді көктем нұрымен,



Наурыз тойы жырымен,



Көңіл гүлдей жайнасын.



Көрініс: «Ұзынсарыны келгенде...» ( әже, қыз, қыздың анасы, Ұзын кісі)



Улзира: Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,



Қастерледік қадіріңді білдік те.



Құтты болсын, Ұлыс күні жұмылдыр,



Бәрімізді ынтымақ пен Бірлікке.



Кәусар: -Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың мерекесі. Ұлыстың ұлы күнін қазақ халқы ғана емес, Үндістан, Араб елдері,Өзбекстан, Қырғызыстан халықтары, бүкіл Орта Азия тойлайды.



Олжас: Дүниеге көрік берген, шырай берген жыл басы – Наурыз, елімізге қош келдің! Жылан жылы құтты болсын!



1-жүргізуші: Ал, балалар, тұрмайық,



Әндетейік жырлайық.



2-жүргізуші: Думандатып би билеп,



Інжу маржан шашайық.



Сынып бишілерінің орындауында: «Қара жорға» биі



Мұғалім: Қазағымның салт-дәстүрін құрметтеп,



Оқушылар жауап берсін сұраққа



Бабалардың салған жолын дәріптеп,



Әрқашанда жүрейікші құрметтеп.



1.Қазақша жыл аттарын атау.



2.Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?



3.Жеті атаны ата.







Оқушылардың орындауында ән: «Наурыз»



Мұғалім: Мұсылман ұғымы бойынша 21 наурыз күні бабаларымыз түнді кірпік ілмей күткен,Қыдыр бабаны қарсы алған. Осы түні әр адам қандай ой-арман ойласа,ол жаңа жылда қабыл болады деп ырым еткен.( Қыдыр ата келеді)



Хормен: Қош келдің Қыдыр ата!



Қыдыр ата бата береді:



Ұрпақтардың бағы болсын,



Арайланған таңы болсын,



Ақ батамен қол жайғанның,



Тілегінің бәрі болсын,



Елдің іргесі берік болсын,



Жасқа ізет, кәріге құрмет болсын.



Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Аумин!



















«Қош келдің, Наурыз!» тәрбие сағаты

Ертеңгілік барысы:

Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Наурыз айының 22-інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір-бірін мерекемен құттықтайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді. Осы қуанышты күн, жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл болып, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда жаңа үміт, жаңа тіршілікпен , осы Ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін! Барлық жақсы ниет –тілектеріңіз қабыл болсын!

жүргізуші: Уа, халайық! Бүгін ұлыстың Ұлы күні. Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн- Наурыз мейрамы, Наурыз салтанаты.

Жүргізуші: Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй-үйді, ауыл-ауылды аралап, наурыз көжеден дәм татады. Үлкен –кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілесетін.

1-жүргізуші:

«Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жол болар»- деп нақыл айтып, ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы- наурыз күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп, ырым ететін.

2-жүргізуші: Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып келе жатқан дәстүрлі осы Наурыз тойы бүгін, міне тағы есігімізді ашып отыр.

Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Наурыз тойы салтанат,

Наурыз тойы мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шар тарап,

Бірге: Қарсы алайық Наурызды! (сол кезде ортаға Наурыз қызы шығады)

Сәлем, Ата-аналар!

Айналайын балалар!

Халқым менің аман ба?

Жаса жайлы заманда,

Уақыт үдеп келдім мен,

Бақыт тілеп адамға.

Қудым жерден суықты,

Қырдан салқын бу шықты.

Ұлыс күнге бүгін мен,

Жеттім міне асыға.

Келген жылым,

Жақсылыққа басташы.

Қуанышпен әр үйдің,

Босағасын атташы.

Келген жылым,

Болсын дәйім бақытты.

Қыздарының орындауында би

1-жүргізуші: Халқымыз ежелден тұрақтылық пен бейбітшілікті, ел басындағы татулықты, бірлікті ерекше бағалаған. Өткен жылда еліміз аман, жұртымыз тыныш, жайлы болды. Жаңа жылда елімізге тыныштық болсын деп тілейік, ағайын!

2-жүргізуші: Қымбатты қонақтар! Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дарқан көңіл, жарқын ниетімен Қызыр ата келеді. Кәне, қарсы алайық!

Бәрі: Қош келдіңіз,Қызыр ата! (сол кезде ортаға Қызыр ата келіп, батасын береді)

Оу, аман ба, жараңдар,

Алтын таңға қараңдар.

Ерте жайнап атты таң

Естіліп тұр шаттық ән.

Жұрағатым қуанып

Рақатын тапты жан.

Келе жатыр жылымыз

Мейрамдаймыз мұны біз.

Жас балаша нұрланып,

Жадырайды күніміз

Ұрпақтардың бағы болсын,

Арайланған таңы болсын.

Ақ батамен қол жайғанның,

Тілегенің бәрі болсын!

2-жүргізуші:

Наурыз-жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні, жыл басы. Біздің халқымызда Күн мен Түн теңелер мезгіл Наурыз айының 22-ші жұлдызына сәйкес келеді.

Көрініс (Күн мен Түн ортаға шығады)

Күн: Сәулесі мол Күнмін!

Түн: Жұлдызы көп Түнмін!

Екеуі: Бірдей болып біздер, теңелеміз бүгін.

Түн: Ал ертең күн ұзақ

Күн: Түн қысқарар бірақ

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып, жүрмеңдер тек жылап.(сахнадан шығып кетеді)

1-жүргізуші:

Уа, халайық, құлақ сал!!!

Жақсылыққа қашан да,

Жан баласы тоймаған,

Жаңа жылдың басы деп,

Жылда бізбен тойлаған

Шашу шашып көл-көсір,

Көжесі қазанда қайнаған.

2-жүргізуші: Ақ кимешегі Наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай әжеміз Наурыз көже әкелді. Қош келдіңіз, Әже! (ортаға әже шығады)

Наурыз құтты болсын! Осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін!

Ашық болсын қас-қабақ

Бейтаныс та,таныста

Бүгін төрде бас қонақ.

Арпа, бидай, тары бар

Қатық, малта, ағы бар,

Ішілетін, жейтіннің

Бұл көжеде бәрі бар. (Көжеден көрермендерге беріп жүріп, бата береді.)

Ұлыс бақты болсын!

Әр күндерің жақсы болсын!

Ақ мол болсын!

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

1-жүргізуші:

Ал, халайық, тұрмайық.

Әндетейік, шырқайық.

Ортамызды ашайық.

Думандатып, би билеп,

Ән мен күйді төгілдіріп,

Інжу-маржан шашайық.

Жиналған жұрт таң қалсын,

Өнерден күмбез жасайық! Ән:

2-жүргізуші:

Бауырласқа тәнтіміз

Бұзылмаған салтымыз

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтамыз!





























«Хан алшы» ойыны




1-жүргізуші: Енді айтыс өнерін тамашалаңыздар!


Айтыс:


Мадина:


Оу, халайық, халайық,


Әсем әнге салайық.


Наурыз тойын көңілді,


Бірге қарсы алайық.


Әлия:


Меніменен айтысар


Қыз-құрбылар қайсың бар


Қолдан келсе әзілдеп


Маған сынды айтыңдар.


Батырхан:


Құрбым кімге күлесің?


Өзің нені білесің?


Онға дейін қиналып


Санай алмай жүресің.


Айдана:


Бәтеңкеңнің бауын да


Байлай алмай жүруші ең


Үйрендің бе жейдеңді


Теріс қарай киюші ең.


Ринат:


Олпы-солпы кигенің,


Ойыңда не түйгенің


Намысыма құрбыжан


Наурыз күні тимегің.


1,2-жүргізушілер:


Ұлы Наурыз бәріңді


Татулыққа шақырған


Тоқтатайық айтысты


Сөз қалған ба ақыннан.


(Тұсау кесу рәсімі көрсетіледі)


Владимир:


Весна идет на встречу


Зима скатилась с горки вниз


Он так же радостен и вечен


Воскресший праздник Наурыз!


Адильжан:


Наурыз-это обновление,


Наурыз-это праздник труда,


Наурыз-это угощение,


Наурыз-это желанные


Гости и обилие стола.


«Арқан тартыс» ойыны




Диана:


Қош келіпсің Наурыз!


Арман тойы ананың


Қуанышы ғаламның


Құтты болсын қадамың!


Сені ойлап қарсы алып


Бар әлемде жар салып


«Бейбітшілік тойы» деп


Қол соғады барша жұрт.


Манап:


Күн мен Түн теңелді,


Жер шуаққа кенелді


Қуанышты ел енді.


Наурыз келді салтымыз


Көгерсін деп қалқымыз,


Көшеге тал егеміз


Жарқырады күніміз,


Жайқалып жас гүліміз.




«Қол күресі» ойыны жүргізіледі




Карина:


Кел, балалар, ойнайық


Наурыз тойын тойлайық


Баянды боп мереке,


Қыр гүліндей жайнайық


Наурыз, наурыз жыл басы


Наурыз бақыт жалғасы.


Қуаныш:


Наурыз келді тамаша


Ән айтамыз таласа.


Апам, атам той тойлап


Қуанып жүр балаша.


Зайда:


Наурыз тойын, Наурыз тойын


Құтты болсын, халайық


Күй төгілсін, күй төгілсін


Шырқап әнге салайық.


Жанылхан:


Құт береке Наурыз айым келді деп


Жер түледі, жасыл желек желбіреп


Айналайын атамекен кең далам


Толықсиды нұрға балқып елжіреп.




«Қаппен секіру» ойыны жүргізіледі.




Жүргізушілер:


Ән қосылсын әніңе,


Сән қосылсын сәніңе


Ырысты боп жаңа жыл


Бақ дарыасын бәріңе!


Ой қосылып ойыңа,


Бой қосылсын бойыңа!


Аман -есен жетейік


Келер Наурыз тойына!




Хор: «Қазақы дастарқаным!»Тақырыбы: «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»

Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт — дәстүрін, әдет — ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.

Түрі: ашық тәрбие сағаты

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакат, слайдтар, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар .


Тәрбие сағатының жүрісі:


1. Наурыз – думан.


2. Наурыз – жыл басы


3. Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі


4. Наурыздағы салт – дәстүрлер


5. Ата — салтың – қазынаң.




1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата — аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі болғалы отырған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!




2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге шаттық тілей отырып, мерекелік тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.




І. Наурыз – думан




Ән: «Наурыз думан» — орындайтын Кеңес Сайфолла.




Аманбек: Уа, жарандар, жарандар!


Бәрің бері қараңдар,


Наурыз – думан басталды


Бір сәт зейін салыңдар.


Ұштасқан оймен мәңгілік


Біздерде бар сан ғұрып


Ғасырлардан ғасырға


Келе жатқан жаңғырып


Бермен жақын тұрыңдар,


Сөзіме көңіл бұрыңдар,


Жауқазындай Наурыздың


Жарапазан жыры бар.




Берікқали: Аманбысың ардақты халқым менің


Ардақта Наурыз тойын салтыңды елім.


Мереке басы болсын берекенің


Игі еңбектің жемісін бәрің жегін!


Наурыз тойға жиналған халқым менің


Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.


Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің,


Ғажап болсын таппайтын тепе-теңің.




Айдана: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,


Маңдайымнан сүйіп жатыр күн-көктем.


Жарығымен, шуағымен күн-ана


Алып келді жер бетіне гүл көктем.


Қош келдің, Науырызым ардақты


Халқым саған бар үмітті арнапты


Жылда осылай келе берсін жасарып


Гүлге бөлеп, жырға бөлеп аймақты.




Сағыныш: Қиыры жоқ менің байтақ далама


Әсем, көркем ауылыма, қалама


Наурыз келді дүр сілкінтіп жерімді


Сырлы әніне құлақ түрмей болама?


Наурыз қайтып оралды аты да аңыз,


Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз


Үй – дастархан, даламыз – сахнамыз,


Ұлы мейрам Наурызды қарсы аламыз.




Би: «Қара жорға» — орындайтын сынып оқушылары.




ІІ. Наурыз – жыл басы




Тәуелсіз биік халқымның


Желбіреп туы шалқысын.


Әз Наурыз келіп еліме


Жер – Ана бойы балқысын.


Жаңғырар дәстүр-салтымның


Көзелсін бұлақ жылғасы


Қастерлі менің халқымның


Мереке Наурыз – жыл басы! – дей келе ендігі кезек Наурыз мерекесінің шығу тарихына тоқталсақ.




Динара: Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні » деп атаған. Наурыз сөзі парсы тілінің «Нау – жаңа», «руз — күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден жыл басына байланысты думанды халықтық мейрам, екіншіден Наурыз айы, үшіншіден Наурыз күні жасалатын көжеге қатысты айтылған.




ІІІ. Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі




Жүргізуші: Бізге қазақ халқының Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі мәлім, ал өзге елдердікі ше? Олар да біз сияқты бұл мейрамға аса назар аударып, ерекше көңіл бөле ме екен? Қане, бір сәт зер салайық.




Түрік елі: Ежелгі түріктер Ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал – мұрттарын түзеп, шаштарын алады. Алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңге – «жамбы» атып жарысады. Егер кімде-кім жамбыны бірінші боп атып түсірсе, сол адамға «бір күн» патша болуға, ел билеуге ерік беріледі.




Иран елі: Иран патшасы Наурыз күні қол астындағы адамдардың біріне патша шапанын сыйға тартады екен. Тіліміздегі күні бүгінге дейін айтылатын. «Құлға бір күн азаттық» деген сөзде осы бір көне рәсімге қатысты болса керек.


Мұсылман дініне дейін Күнге табынған иран елдері Наурыз күні сөзінің бас әрпі «шинмен» басталатын жеті түрлі затты дастарханға қоятын: шарап, шир (сүт), шырын, шекер, шербет, шам, шона (тарақ). Ежелгі ирандықтардың түсінігі бойынша шарап – өрлеу, сүт – пәктік, тәттілер – шаттық, шекер – ризалық, шербет – демалыс пен қонақжайлылық, шат отқа табыну, тарақ – әйел сұлулығы.




Ауған елі: Ауғандарда Жаңа жылды мейлінше шаттық – құрметпен қарсы алады. Ауған елінде «алғашқы түрен» — «кулькабаши» деп аталатын ғұрып бар. Ол бойынша шаруалар егіс алқабына барып, алғашқы түрен түсіреді, ал соқаның соңынан сый – құрметі мол шаруалар еріп жүреді. Жеті күн бойына жеті түрлі жемістерден аса дәмді сусындар жасалады, міндетті түрде жаңадан киім – кешектер тігіледі, осыған орай бүкіл елде жаңа жыл «жаңа киім күні» деп аталады.




Араб елі: Арабтар мейрам салтын өзгертіп, бас әрпі «ай» сөзінің басқы әріпі–«синнен» басталатын мүлде бөлек өзге жеті затпен алмастырады: сарымсақ, бидай, жиде, сірке суы, рут шөбі, егеу.




Парсы елі: Парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күні әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды, жаңа өнген жеті дәнге қарап, келешек егін жайлы болжам жасайды. Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалақ» ұсынады. Соқа мен жер жыртады, ат шаптырып, жамбы атысып жарысады. Ескі киімдерін тастап, ұсталған шыны – аяқты сындырады. Бір – біріне гүл ұсынып, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн» белгісін салады, үйдің тіреу ағашына гүл іледі.




Үнді елі: Үндістанда жаңа жыл бір жылда он рет тойлап өткізіледі. Оңтүстік Үндістанда бұл той түрі наурыз айында басталады, үйлер өрілген гүлдермен айшықталады.


Наурыз мейрамын әр ел түрліше атаған.


Наурыз мейрамын бирмалықтар «Су мейрамы», тәжіктер «Гүл гардон», «Бәйшешек», «Гүлнаурыз», хорезмдіктер «Наусарджи», татарлар «Нардуган», буряттар «Сагаан сараң», соғдалықтар «Наусарыз», армяндар «Навасарди»,чуваштар «Норис ояхе» деп атаған.




Би: «Әлқисса» — орындайтын Байғали Дана, Мұрат Айзада.




IV. Наурыздағы салт — дәстүрлер




Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған


Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған


Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын,


Қазақ атты үлкен, кіші балдырған


Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде


Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де


Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар


Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге – деп ендігі кезекті Наурыздағы салт-дәстүрлерге берсек …




Наурызшешек – наурыз айында өсетін жапырақты түрлі – түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін, бағалы өсімдік.




Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді.




Наурызнама – шат – шадыман, ойын-сауық. Тойда ат – жарыс, палуан күрес, басқа да спорт сайысы, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада қыз – жігіттер жиналып, бас қосып, ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп атайды. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна – пәктік пен жастықтың, тарақ – әдемілік пен сұлулықтың, иссу – бүршігін жаңа жарған жауқазындардай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.


Бұл күні қарттарға арналып жылы – жұмсақ тағамдардан «бел көтерер» деп аталатын дәм дайындалып, тартылады.


Наурызша — Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.


Наурыз көже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс, т.с.с тағамдардан жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.




Ән: «Қазақы дастарханым» — орындайтын Ғилым Гүлназ.




V. Ата – салтың – қазынам




Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,


Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.


Жауаптарын таба ма екен ата – аналар,


Сол себептен қоятын сұрақтар бар.


1. Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)


2. Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)


3. Наурыз тілек деген не? (Жауабы: наурыз тілек – достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің, белгісі әр тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған. Әр адам өзіне, отбасына немесе туыс – туғандары мен дос – жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір – бірінің үйіне кіріп дәм татады)


4. Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған? (Жауабы: 21 наурыз)


5. Наурыз бата дегеніміз не ? (Жауабы: халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы күнге арнап, «наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға т.б. өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді)




1 – жүргізуші: Ендігі кезекте өнер көрсеткен оқушыларға үлкендерден наурыз бата сұраймыз. Қазим ата балаларыңызға батаңызды берип жіберіңіз!




Наурыз бата




Сұрасаң бата берейін,


Үстем болсын мерейің.


Ықыласпен қол жайсаң,


Ақ тілекті төгейін.


Ұлыс оң болсын,


Ақ мол болсын!


Қайда барсаң жол болсын!


Ұлыс бақты болсын,


Төрт түлік ақты болсын!


Ұлыс береке берсін,


Бәле – жала жерге енсін!


Ұлы халқым тоқ болсын,


Көйлектерің көк болсын!


Уайым – қайғы жоқ болсын,


Қуаныштарың көп болсын!




2 – жүргізуші: Сәулесіндей көріндей таңғы үміттің,


Басын қостың салт – дәстүр сан ғұрыптың.


Жаса Наурыз, жарқыра көкте күндей,


Мерекесі достықтың, мәңгіліктің – деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Тәрбие сағатының тақырыбы: Қош келдің қазағымның Наурыз тойы.

Тәрбие сағаттың мақсаты: оқушыларға қазақ халқының тұрмыс тіршілігіне, әдет ғұрпында ерекше орын алған –Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, қазақша жаңа жылдың келу салтанатын, бұл мейрамда әрбір адам бұрынғы реніш, өкпе наразылары болса бәрін кешіруге, салт-дәстүрімізді естен шығармай қайта жаңғыртуға, оқушыларды қазақтың ұлы мен қыздарына тән қасиеттерге тәрбиелеу.


Тәрбие сағаттың өтілу әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.


Тәрбие сағаттың көрнекіліктері: суреттер, ұлттық бұйымдар, наурызға байланысты слайдттар.


Тәрбие сағаттың барысы:


1. Әнұран орындалады.


2.Мұғалімнің құттықтау сөзі.


ДАУЛЕТ:


Ел-дәстүрі арымыз


Той бастығы- кәріміз


Қыдыр баба той бастар,


Ал тыңдайық бәріміз.

ГАУХАР: Күн


Сәлем ата-аналар,


Айналайын балалар.


Қызыр баба аман ба?


Қудым жерден суықты,


Қырдан салқын бу ақты.


Құтты болсын мерекең,


Наурыз айы туыпты.


Әне наурыз келеді,


Әсемденер жер енді.

ЕРДАР: Қыдыр баба


Ау, аман ба, жарандар,


Алтын таңға қарандар.


Ерте жайнап атты таң,


Естіліп тұр шаттық ән.


Күннің жаңа нұры бар,


Мұның ғажап сыры бар.


Халық сүйген мейрам бұл,


Қарсы алайық тұрындар.


АРУЖАН: Наурыз


Сәлем анам-алтын Күз,


Сәлем қарты халқымның.


Уақытынша риза боп,


Бақытыма шалқыдым.


Ашық болса күніміз,


Ашылады нұрымыз.


Бай тұлғалы өңірде,


Айтылады жырымыз.


3. Хор: Наурыз жыры.


АЛІБЕК:


Жаңғырар дәстүр- салтымның,


Көзделсін бұлақ жалғасы.


Қастерлі менің халқымның


Мереке Наурыз жыл басы. – деп наурыз тойына тұсауын кестіруге әкелген мына бүлдіршіннің тұсауын кесейік.


4. Тұсау кесу салт-дәстүрін көріп тамашалайық.


Айда мен Аружан.


Айда: Қане мына қызымыздың тұсауын кесу үшін мұнда аяғын жіппен байлап, қазыққа бекітіп қояйық.


Аружан:Бұл жіптен босатып алу үшін жүйрік деген 4 бала ортаға шықсын. Ат жарысында кім 1-ші болып мәреге жетсе сол баланы жібінен босатып, тұсауын кесуге жол ашып береді.


Айда: Ал ендеше жарыста жеңген ағамызөзі сияқты жүйрік болсын деп қызымыздың жібін шешіп тұсауын кесуге дайындап берсін.


Бала: Жарайды ендеше мен сияқты жүйрік бол қарындасым.


Аружан: арамыздан жасы үлкен үлгі болардай әжелеріміз немесе аналарымыздан 1-кісі ортаға шығып қызымның тұсауын кесіп берсе жақсы болар еді.


Әже: тұсау кеседі.


Аружан мен Айда:


Қаз, қаз балам, қаз балам


Қадам бассаң мәз болам


Қаз қаз балам, қаз балам


Тақымыңды жаз балам


Күрмеуінді шешейік


Тұсауыңды кесейік


Қадамына қарайық


Басқаныңды санайық.

МАДИНА:


Келіңдер наурыз тойға бәрің бүгін,


Аямас өнерпаздар ән мен жырын.


Тойлайық халық тойы Наурызымның


Шуағын, жерге төккен бақыт күнін.


Деп Мадина айтқандай енді қыздарымыздың биін тамашалайық.


5. Би: «Наурыз биі»қыздар.

ИСЛАМ:


Амансыздар ма?


Ұлыс оң болсын.


Ақ мол болсын,


Қайда барсаң жол болсын!


ӘДІЛ М.:


Ашық болсын қас қабақ,


Тас пен атқанды аспен ат.


Бейтаныс та, таныс та


Бүгін төрдебас қонақ.

ӘДІЛ А.:


Наурызым әкелсін деп береке, ырыс,


Дәніме толып тұрсын барлық ыдыс.


Жаңадан келген мына жаңа жылды


Ақ құйып қарсы алған өте дұрыс.


6. Мұғалім –оқушылар сұрақ-жауап.


Мұғалім: сонымен балалар наурызда қандай ұлттық тағамдар дастарханға қойылады екен?


Наурыз көженің құрамы неден тұрады?


Оқушылар жауап береді.

НҰРТІЛЕУ:


Келе жатыр жылымыз,


Мейрамдаймыз мұны біз.


Жас балаша қуанып,


Жадырайды күніміз.

7. Ұлттық ойын: қыз қуу.

АЙДА:


Уа, халайық! Бүгін Ұлыстың ұлы күні.


Яғни, ақ түйенің қарны жарылған күн-Наурыз мейрамы. Өнерлі өрендеріміздің өнерін тамашалайық.


8. Би: қазақ жігіттерінің биі:


Мен қазақпын әуеніне ұлдар би билейді.

КЕНЕСАРЫ:


Тыныш болсын даламыз,


Таза болсын ауамыз.


Қатыгездік жоқ болсын,


Ырысымыз көп болсын

Тәрбие сағатын қорытындылау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Т?рбие са?аты "?ош келді?, Наурыз!"

Автор: Исмакова Алмагуль Салимовна

Дата: 19.05.2015

Номер свидетельства: 213452


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства