kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты . Та?ырыбы: Таби?атты аяла

Нажмите, чтобы узнать подробности

Искендирова С?лушаш  Ауталип?ызы

Баратай негізгі мектебіні?

бастауыш сынып м??алімі

                                      Та?ырыбы: Таби?атты аяла

Ма?саты: Таби?атты ?ор?ау, са?тау ?ажеттігі туралы ой, ынта ту?ызу. Ту?ан жер таби?атына деген с?йіспеншілігін арттыру. Таби?атта?ы с?лулы?ты к?ре білу, эмоциялы? ?сер ала білуге, ?з ортасында сымбатты да шыны??ан т?л?а болу?а баулу, экологиялы? м?дениетті ?алыптастыру.

Т?рбие са?атыны? ??рылымы:

І. ?йымдастыру

ІІ. Т?рбие са?атыны? та?ырыбын (постермен ж?мыс)

ІІІ.Таби?ат дегеніміз не?(саяхат-шолу)

        1.Тіршілік атаулыны? бар арманы –ауа

        2.Тіршілік к?зі –су

        3. Таби?ат байлы?ы – ?сімдіктер

       4.Орман с?ні –??стар

       5.Таби?атты? с?лу м?сіні –жануарлар

IV Сергіту с?ті: «Мейірімділікті таби?аттан ?йрен!»

V. Ой-тол?ау (?й тапсырмасы)  «Мен таби?атты с?йемін»

VI. Таби?атты?  ?сем к?рінісі  (таныстырылым)

?ІІ. Міне, ?ызы?!

 ?ІІІ. «Арманына жеткен а?аштар» к?рме

ІХ.  «Ж?ректен ж?рекке» таби?ат?а тілек айту

Х.  Саба?ты ?орыту.?н шашу « Атамекен »

І. М??алім: — Армысыздар ??рметті ?она?тар мен ?стаздар ж?не о?ушылар! Б?гінгі т?рбие са?атыны? та?ырыбын білу ?шін, мына ?нтаспаны ты?дайы?. (О?ушылар ?нтаспадан суды? сылдырын, ??рсы? дауысын, араны? ызы?ын естиді. Осыдан барып естігенін ?а?аз бетіне т?сіреді.)

ІІ. О?ушылар сал?ан суреттерді талдай келе, б?гінгі к?нні? та?ырыбын жариялаймын. «Таби?атты аяла» атты т?рбие са?атымызды бастаймыз.

ІІІ.  Таби?ат  ?леміне саяхат?а шы?айы?:

Онда?ы ма?сатымыз:   сендермен бірге ?орша?ан орта?а деген махаббат ??ндылы?тары жайлы т?сінігімізді ке?ейтеміз, таби?атты с?юді,?ор?ауды, таби?ат-Ана?а с?йіспеншілікпен ?арауды ?йренеміз. Біз б?гін, таби?атпен сырласамыз, оны т?сінуге тырысамыз. Біз б?гін, Таби?ат-Анадан мейірімділікті ?йренеміз!

Видеоролик «Таби?ат деген не?»

Таби?ат дегеніміз не? Таби?ат адамзатты?, жалпы тіршілік атаулыны? ежелден ?мір с?ріп келе жат?ан ортасы, алтын бесігі. Таби?ат-с?лулы?ты? таусылмас к?зі.

Ендеше біз б?гінгі саба?ымызды таби?атпен амандасудан бастаймыз.Барлы?ымыз орнымыздан т?рып мына ?ле? жолдарын бірге айтайы?!

?айырлы к?н, к?нім, далам, орманым,

?айырлы к?н, г?лім, ??сым, к?лдерім.

?айырлы к?н, ?сімдіктер, ж?ндіктер

?айырлы к?н, бар тіршілік иесі!

?те жа?сы!  Барлы?ымыз орындарымыз?а отырамыз.Балалар, жалпы таби?ат дегеніміз не ? Олар?а нелер жатады?

О?ушылар: Ауа, су,?сімдіктер, хайуанаттар, ??стар,балы?тар…

 Саяхатымызды? бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулыны? бар арманы –ауа» деп аталады. С?з кезегі о?ушылар?а беріледі.

 Ясмина: Таби?ат байлы?тарыны? ішіндегі тіршілік атаулыны? ?мір ?зегі –ауа.

Тіршілікте не дейсі? ?ой е? ?ымбат,

Тіршілікте адам ?ымбат, сен ?ымбат.

Ал адам?а ауа ?ымбат б?рінен,

Ауа ?ымбат, алат??ын дем ?ымбат.

Расында да ауадан ?ымбат еш н?рсе жо?. Адам бар –жо?ы бір-екі минут ?ана дем алмай т?ра алады. Сонды?тан дана хал?ымызда « Ауадай ?ажет» деген с?з бар.

М??алім: Ия, балалар, ауасыз ?мірді елестету м?мкін емес.Ауаны ластамау ?р?айсымызды? борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету м?мкін бе?

 Ендігі екінші аялдамамыз «Тіршілік к?зі –су» деп аталады. Суды? ?аншалы?ты ма?ыздылы?ы бар екен ?

 Аружан: Таби?атты? к?ркін ажарландырып, жер бетін саялы ба??а айналдыратын байлы? к?зі –су.Ту?ан елімізді? тамаша таби?атыны? бір байлы?ы «к?гілдір ?азына» деп аталатын ?зендер мен к?лдер.

Мен с?йемін сылдыра?ан сал?ын суды,

Суда?ы сал?ында?ан ?аз бен ?уды

Мен с?йем к?н шы?арда к?терілген

К?гілдір к?к жібектей к?кшіл буды.

М??алім:Сонымен су –таби?атты? жаны, ?ара жерді? с?ні дедік. Ал таби?атты ?демілікке б?леп т?р?ан не? Ол –?сімдіктер.

Келесі ?шінші аялдамамыз «Таби?ат байлы?ы –?сімдіктер» деп аталады.Таби?ат байлы?ыны? бір тобы –жер бетіндегі ?демі ?сімдіктер.Олар туралы не айтамыз?

  Аяжан:?сімдіктер, а?аштар таби?атымызды т?рлендіріп т?р?ан т?кті кілем сия?ты. Хал?ымыз ?сімдікті ?мір ?зегі деп алып, одан ?ам?орлы?ын еш аяма?ан. «?ке?нен мал ?ал?анша тал ?алсын» деген к?рнекті с?з соны? ай?а?ы. Сонды?тан мен осы отыр?ан барлы?ы?ызды ?з ?лкемізді? ?сімдіктерін біліп, оларды ?ор?ау?а ша?ырамын.

М??алім: Расында да, ?лкемізді саялы ба??а айналдыру ?р?айсымызды? ?олымыздан келеді.

Ал сол ?демі таби?атымызды ?сем ?нге б?лейтін не,балалар?(??стар)

Олай болса келесі аялдамамыз «Орман- с?ні ??стар» деп аталады. Б?л туралы не айтасы?дар?

  Евгений: Таби?атты? с?ні де, ?ні де ?алы?тай ?ш?ан ??стар.Оларды? ?сем ?ндері бойымызды бал?ытып, еріксіз еліктіреді. Олар –бізді? ?анатты достарымыз. Олар –таби?ат са?шылары. Егістікті?, бау-ба?шаны? сенімді серігі. Сонды?тан ата-бабамыз ??старды ?адірлеп, ??рметтеген. Олар батыр ?лдарын с???ар?а, с?лу ?ыздарын а??у?а те?еген.

??старды таби?атты? ?ні десек, таби?атты? с?нін келтіретін та?ы да нелер деп ойлайсы?дар?(Хайуанаттар)

Ендеше келесі аялдамамыз «Таби?атты? с?лу м?сіні жануарлар» деп аталады.

 Аманды?: Таби?атты? с?лу м?сіні, к?рікті келбеті –жануарлар. Хал?ымыз ежелден-а? жануарларды к?зіні? ?арашы?ындай аялап, ?ам?орлы??а ал?ан к?здері м?лдіреп т?р?ан ?ыздарын «Ботаг?з» деп ата?ан.

М??алім: Адам таби?ат перзенті. Д?ниеде екі ана ?ана бар. Бірі тіршілікті? анасы – таби?ат-ана, екіншісі – адамны? анасы. Екеуі де сондай мейірімді. Сонды?тан осы екі ана?а да ?аталды? к?рсетуге, жанын жаралау?а болмайды.

М??алім:?те жа?сы, балалар біз таби?атты? тамаша туындыларына саяхат жасады?. Таби?ат-Ана адамзат баласына бар ?ажетті н?рсені? барлы?ын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар ?ажеттіне жаратсын деп м?лдір су берді, ?ажайып жасыл ?лем сыйлады, орман-то?айымыз ?демі болсын деп ??сы мен ?демі а?дарын берді, ?ыс?асы біз ?мірге ?ажеттіні? б?рін Таби?ат- Анадан алады екенбіз.

Ол ?андай мейірімді,?зі ?андай дархан,ке? болса да, ж?регі де д?л сондай ?айырымдылы??а, мейірімділікке толып т?р. Олай болса біз, балалар д?л ?азір Таби?ат-Анадан ?йренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз. Ойынны? аты: «Мейірімді ж?рек» деп аталады.

І?.Сергіту с?ті «Мейірімділікті таби?аттан ?йрен!»

?р бала  ?асында?ы к?ршісіне, досына оны? жа?сы ?асиетін білдіретін с?здерді жазып ж?рекшені ?сынады. Мысалы: Айдай ?сем бол! ?ысты? а?ша ?арындай с?лу бол!Б?ла?тай м?лдір таза бол! Ж?лдызы? жары? болсын! Айы? о?ы?нан тусын!К??ілі? к?лдей шал?ысын! Г?лдей жайнай бер! Таудай талап бер!?ыз?алда?тай ??лпыра бер!

  ?.Ой-тол?ау: Мен таби?атты с?йемін  

(Б?л тапсырмалар о?ушылар?а алдын-ала берілген болатын, мына беріліп отыр?ан ша?ын шы?армалар соларды? ішінен та?дап алын?аны)

Ясмина: «Таби?ат! Сен д?ниедегі е? с?лусы?, е? ?демісі?! Сені?   ауа? да, ж?гірген а?ы? да, айналаны ?сем ?нге б?леген ??сы? да ?демі! Мен сенен ?демілікті ?йрендім.

Мен кей кездері армандаймын, шіркін, а?ын бол?анымда ?ой, сені? ?рбір тасы?ды да, топыра?ы?ды да жыр?а ?осар едім деп.

Біра? мен сені? с?лулы?ы?ды ж?регімні? т?кпірінде са?таймын!»

М??алім:(` О?ушыларды? пікірі ты?далып бол?ан со?)

 ?лан мен Ясмина   таби?атты? ?демілігін осылай жырласа, ?ал?ан о?ушылар  ?ле?мен былайша ?рнектепті. К?не, б?ріміз ты?дап к?рейікші.

?І.Таби?атты?  ?сем  к?рінісі (таныстырылым)

  (АКТ-мен ?зірленген   ?сем  таби?ат суреттері к?рсетіліп, мына ?ле? жолдары баяу музыка ?уенімен о?ылады)

 Аружан: К?н с?улесі т?гілгені ?демі,

Алуан т?рлі ?ызыл г?лдер ?демі.

Сылдыр ?а??ан м?лдір суда ?демі.

Биік –биік шы?дарым да ?демі.

Аяжан:Айдын к?лде а??у ?андай ?демі

С???ар ??сты? сам?а?аны ?демі

Даланы ?нге б?леген ??старым ?андай ?демі

М?лдіреген к?здері киігім ?андай ?демі

Евгений:А? к?рпеге оран?ан ?ысым ?андай ?демі.

Масатыдай ??лпыр?ан к?ктем ?андай ?демі

Асыр салып ойнайтын жазым ?андай ?демі.

Сары т?ске боял?ан к?зім ?андай ?демі.

Мадина:Осылайша таби?ат?а бір ?арап

Таби?атпен сырласуда ?демі.

Жер-Ананы аяласа? жан-т?нмен

Боласы?дар сендер де, д?ниедегі е? ?демі!

?ІІ.Міне, ?ызы?! Е? аума?ы ?лкен а?аш-б?ріміз білетін фикус т??ымдас баньян а?ашы. Оны то?ай а?ашы деп те атайды. Себебі баньянны? ді?і бас?а а?аштар секілді біреу емес, бірнешеу. Оны? жас шыбы?ы жан-жа??а б?та?тарын жаяды. Ал б?л б?та?тардан жапыра?тар ?ана емес, тамырлар да ?сіп шы?ып, т?мен иіледі. Е? ?лкен баньян а?ашыны? 4 мы?нан астам ді?і бар екені аны?тал?ан.

?зіні? биіктігі мен мы?тылы?ы жа?ынан талай а?ашы?нан асып т?сетін бір ш?п бар. Оны? саба?ынан ?арма?ты? сабын, ша??ыны? тая?тарын жасайды. Б?л ?сімдікті? аты-бамбук. Жас бамбук к?ніне жарты метрдей ?седі. Бамбук ауа-райы ысты? ?ытайда, ?ндістанда, Кавказда, Африкада ?седі.

Д?ниеж?зіндегі е? биік а?аш-алып Эквалипт. Ол Австралияда ?седі. Биіктігі 100-110 метрге жетеді. Бая?ыда бір кедей адам осы а?ашты? ?бден ?урап, омырылып ?ал?ан біреуіні? т?бінен ойып, отбасына ?й жасайды., т?бірді? ішіндегі ?уысты? ке? бол?анды?ы сондай, тіпті ат?орасын да соны? ішінде жасапты дейді.

С?та?аш Бразилияда ?седі. Кейде оны жергілікті т?р?ындар «сиыра?ашы» деп те атайды. Б?л а?ашты сауу ?шін ?абы?ын тіліп жіберу ?ажет, сол с?тте-а? тос?ан ыдысына с?йы? зат а?а бастайды. Осынау а?аш шырыныны? т?сі ?ана емес, д?мі де с?тке ??сас.

Конфета?аш ?ндістанда, Жапонияда, ?ытайда ?седі. Б?л а?аш ?ырым мен Кавказ?а да ?келінген. Конфет а?ашыны? к?нге кептірілген жемістері к?дімгі к?мпитті? ?зіндей д?мді де т?тті.

Нана?аш ?ндістанда, Индонезияда ж?не бас?а да тропиктік елдерде ?седі. ?рине б?ны? б?та?тарында то?аш та, батон да, б?лке де салбырап т?рмайды, алайда пішіні домала?. ?р?айсысыны? салма?ы 30 кг-дай ап-ауыр жемістері болады. Жергілікті т?р?ындар б?л жемісті? ж?мса? етін к?лге к?міп, к?лше пісіреді., оны? д?мі на?ыз нан?а ??сайды.

?ІІІ. К?рме: Арманына жеткен а?аштар (алдымен АКТ ар?ылы «Орманшыны? баласы» атты ??гімене ты?далады)

 ІХ.«Ж?ректен ж?рекке» О?ушылар саба? со?ында таби?ат?а тілек айтып, та?тада ілініп т?р?ан к?нні? с?улесіне кезегімен мынандай с?здерді апарып іледі.

Г?лдей бер, Жер-Ана!

Аспаны? ашы? болсын!

Аспаны?ды б?лт торламасын!

То?айы? а? мен ??с?а толсын!

Суы? м?лдір, таза болсын!

?зен, к?лі?, те?ізі? балы?тар?а толсын!

Орманы? ?ызыл, жасыл г?лдерге толсын!

К?ні? жары? болсын!т.б.

Хормен :Таби?ат сені с?йеміз,

Басымызды иеміз! Барлы?ы орындарынан т?рып, Таби?ат-Ана?а та?зым етеді.

Х.?н «Атамекен»              Осымен б?гінгі ашы? т?рбие са?атымыз ая?талды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты . Та?ырыбы: Таби?атты аяла»

Искендирова Сұлушаш Ауталипқызы

Баратай негізгі мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі



Тақырыбы: Табиғатты аяла

Мақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Тәрбие сағатының құрылымы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Тәрбие сағатының тақырыбын (постермен жұмыс)

ІІІ.Табиғат дегеніміз не?(саяхат-шолу)

1.Тіршілік атаулының бар арманы –ауа

2.Тіршілік көзі –су

3. Табиғат байлығы – өсімдіктер

4.Орман сәні –құстар

5.Табиғаттың сұлу мүсіні –жануарлар

IV Сергіту сәті: «Мейірімділікті табиғаттан үйрен!»

V. Ой-толғау (Үй тапсырмасы) «Мен табиғатты сүйемін»

VI. Табиғаттың әсем көрінісі (таныстырылым)

ҮІІ. Міне, қызық!

ҮІІІ. «Арманына жеткен ағаштар» көрме

ІХ. «Жүректен жүрекке» табиғатқа тілек айту

Х. Сабақты қорыту.Ән шашу « Атамекен »

І. Мұғалім: — Армысыздар құрметті қонақтар мен ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбын білу үшін, мына үнтаспаны тыңдайық. (Оқушылар үнтаспадан судың сылдырын, құрсың дауысын, араның ызыңын естиді. Осыдан барып естігенін қағаз бетіне түсіреді.)

ІІ. Оқушылар салған суреттерді талдай келе, бүгінгі күннің тақырыбын жариялаймын. «Табиғатты аяла» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

ІІІ. Табиғат әлеміне саяхатқа шығайық:

Ондағы мақсатымыз: сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз!

Видеоролик «Табиғат деген не?»

Табиғат дегеніміз не? Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.

Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!

Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,

Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.

Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер

Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!

Өте жақсы! Барлығымыз орындарымызға отырамыз.Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не ? Оларға нелер жатады?

Оқушылар: Ауа, су ,өсімдіктер, хайуанаттар, құстар,балықтар…

Олай болса,оқушылардың өлең –шумақтарына кезек берейік.

1.Аружан: Атамекен жанға жайлы сая бау,

Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.

Қанымызға сіңген екен сүтімен ананың

Туған жердің табиғатын аялау.

2.Аяжан: Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,

Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

3.Амандық:Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,

Бір-бір ағаш және гүл егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

4.Ұлан:Қадір тұтып табиғат қасиетін,

Әділдіктің алдында бас иетін.

“Мал қалғанша атаңнан, тал қалсын” деп

Бабам айтқан орынды өсиетін.

5.Әмина: Ашық болса менің байтақ аспаным,

Туған жерім бітпейтін мол дастаным.

Тыныштықты қалаймын өмірде бұл,

Керегі не, керегі не басқаның

6.Мадина:Туған жерім өзіңе не жетеді,

Далам мені мәпелеп тербетеді.

Құшағыңда ең алғаш перзенттерің

Балғын жырын бұлақтай селдетеді.

7. Ясмина: Табиғат, қызығамын сенің суретіңе,

Бас иемін сенің құдіретіңе.

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.

8. Еламан: Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ол сәніміз.

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайық жүрек жырын бәріміз.

9. Евгений: Табиғат-көркем жырым, асқақ әнім,

Сен ана, мен қашанда жас баламын.

Сөйлеші жерде бұлақ, көкте бұлт боп,

Тіліңді түсінуге тырысайын

Саяхатымыздың бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулының бар арманы –ауа» деп аталады. Сөз кезегі оқушыларға беріледі.

Ясмина: Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа.

Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,

Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен,

Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.

Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут қана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар.

Мұғалім: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес .Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?

Ендігі екінші аялдамамыз «Тіршілік көзі –су» деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен ?

Аружан: Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су.Туған еліміздің тамаша табиғатының бір байлығы «көгілдір қазына» деп аталатын өзендер мен көлдер.

Мен сүйемін сылдыраған салқын суды,

Судағы салқындаған қаз бен қуды

Мен сүйем күн шығарда көтерілген

Көгілдір көк жібектей көкшіл буды.

Мұғалім:Сонымен су –табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік. Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Ол –өсімдіктер.

Келесі үшінші аялдамамыз «Табиғат байлығы –өсімдіктер» деп аталады.Табиғат байлығының бір тобы –жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.Олар туралы не айтамыз?

Аяжан:Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды өз өлкеміздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын.

Мұғалім: Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді.

Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не ,балалар?(Құстар)

Олай болса келесі аялдамамыз «Орман- сәні құстар» деп аталады. Бұл туралы не айтасыңдар?

Евгений: Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген.

Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген.

Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді. (Еламан)

Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны. (Ясмина)

Қарға қарқылдаса -қар жауады.(Әмина)

Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді.(Аяжан)

Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды.(Ұлан)

Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді.(Мадина)

Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды.(Аружан)

  • Құмырсқалар илеуінен шықпаса, жаңбыр жауады.(Евгений)

Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз.

Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?(Хайуанаттар)

Ендеше келесі аялдамамыз «Табиғаттың сұлу мүсіні жануарлар» деп аталады.

Амандық: Табиғаттың сұлу мүсіні , көрікті келбеті –жануарлар. Халқымыз ежелден-ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.

Мұғалім: Адам табиғат перзенті. Дүниеде екі ана ғана бар. Бірі тіршіліктің анасы – табиғат-ана, екіншісі – адамның анасы. Екеуі де сондай мейірімді. Сондықтан осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.

Мұғалім:Өте жақсы, балалар біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз.

Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат-Анадан үйренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз. Ойынның аты: «Мейірімді жүрек» деп аталады.

ІҮ.Сергіту сәті «Мейірімділікті табиғаттан үйрен!»

Әр бала қасындағы көршісіне, досына оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді жазып жүрекшені ұсынады. Мысалы: Айдай әсем бол! Қыстың ақша қарындай сұлу бол!Бұлақтай мөлдір таза бол! Жұлдызың жарық болсын! Айың оңыңнан тусын!Көңілің көлдей шалқысын! Гүлдей жайнай бер! Таудай талап бер!Қызғалдақтай құлпыра бер!

Ү.Ой-толғау: Мен табиғатты сүйемін

(Бұл тапсырмалар оқушыларға алдын-ала берілген болатын, мына беріліп отырған шағын шығармалар солардың ішінен таңдап алынғаны)

Ясмина: «Табиғат! Сен дүниедегі ең сұлусың, ең әдемісің! Сенің ауаң да, жүгірген аңың да, айналаны әсем әнге бөлеген құсың да әдемі! Мен сенен әдемілікті үйрендім.

Мен кей кездері армандаймын, шіркін, ақын болғанымда ғой, сенің әрбір тасыңды да, топырағыңды да жырға қосар едім деп.

Бірақ мен сенің сұлулығыңды жүрегімнің түкпірінде сақтаймын!»

Мұғалім:(` Оқушылардың пікірі тыңдалып болған соң)

Ұлан мен Ясмина табиғаттың әдемілігін осылай жырласа, қалған оқушылар өлеңмен былайша өрнектепті. Кәне, бәріміз тыңдап көрейікші.

ҮІ.Табиғаттың әсем көрінісі (таныстырылым)

(АКТ-мен әзірленген әсем табиғат суреттері көрсетіліп, мына өлең жолдары баяу музыка әуенімен оқылады)

Аружан: Күн сәулесі төгілгені әдемі,

Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.

Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.

Биік –биік шыңдарым да әдемі.

Аяжан:Айдын көлде аққу қандай әдемі

Сұңқар құстың самғағаны әдемі

Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі

Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі

Евгений:Ақ көрпеге оранған қысым қандай әдемі.

Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі

Асыр салып ойнайтын жазым қандай әдемі.

Сары түске боялған күзім қандай әдемі.

Мадина:Осылайша табиғатқа бір қарап

Табиғатпен сырласуда әдемі.

Жер-Ананы аяласаң жан-тәнмен

Боласыңдар сендер де, дүниедегі ең әдемі!

ҮІІ.Міне, қызық! Ең аумағы үлкен ағаш-бәріміз білетін фикус тұқымдас баньян ағашы. Оны тоғай ағашы деп те атайды. Себебі баньянның діңі басқа ағаштар секілді біреу емес, бірнешеу. Оның жас шыбығы жан-жаққа бұтақтарын жаяды. Ал бұл бұтақтардан жапырақтар ғана емес, тамырлар да өсіп шығып, төмен иіледі. Ең үлкен баньян ағашының 4 мыңнан астам діңі бар екені анықталған.

Өзінің биіктігі мен мықтылығы жағынан талай ағашыңнан асып түсетін бір шөп бар. Оның сабағынан қармақтың сабын, шаңғының таяқтарын жасайды. Бұл өсімдіктің аты-бамбук. Жас бамбук күніне жарты метрдей өседі. Бамбук ауа-райы ыстық Қытайда, Үндістанда, Кавказда, Африкада өседі.

Дүниежүзіндегі ең биік ағаш-алып Эквалипт. Ол Австралияда өседі. Биіктігі 100-110 метрге жетеді. Баяғыда бір кедей адам осы ағаштың әбден қурап, омырылып қалған біреуінің түбінен ойып, отбасына үй жасайды., түбірдің ішіндегі қуыстың кең болғандығы сондай, тіпті атқорасын да соның ішінде жасапты дейді.

Сүтағаш Бразилияда өседі. Кейде оны жергілікті тұрғындар «сиырағашы» деп те атайды. Бұл ағашты сауу үшін қабығын тіліп жіберу қажет, сол сәтте-ақ тосқан ыдысына сұйық зат аға бастайды. Осынау ағаш шырынының түсі ғана емес, дәмі де сүтке ұқсас.



Конфетағаш Үндістанда, Жапонияда, Қытайда өседі. Бұл ағаш Қырым мен Кавказға да әкелінген. Конфет ағашының күнге кептірілген жемістері кәдімгі кәмпиттің өзіндей дәмді де тәтті.

Нанағаш Үндістанда, Индонезияда және басқа да тропиктік елдерде өседі. Әрине бұның бұтақтарында тоқаш та, батон да, бөлке де салбырап тұрмайды, алайда пішіні домалақ. Әрқайсысының салмағы 30 кг-дай ап-ауыр жемістері болады. Жергілікті тұрғындар бұл жемістің жұмсақ етін күлге көміп, күлше пісіреді., оның дәмі нағыз нанға ұқсайды.

ҮІІІ. Көрме: Арманына жеткен ағаштар (алдымен АКТ арқылы «Орманшының баласы» атты әңгімене тыңдалады)

ІХ.«Жүректен жүрекке» Оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен мынандай сөздерді апарып іледі.

Гүлдей бер, Жер-Ана!

Аспаның ашық болсын!

Аспаныңды бұлт торламасын!

Тоғайың аң мен құсқа толсын!

Суың мөлдір, таза болсын!

Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!

Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!

Күнің жарық болсын!т.б.

Хормен :Табиғат сені сүйеміз,

Басымызды иеміз! Барлығы орындарынан тұрып, Табиғат-Анаға тағзым етеді.

Х.Ән «Атамекен» Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?рбие са?аты . Та?ырыбы: Таби?атты аяла

Автор: Искендирова Сулушаш Ауталип?ызы

Дата: 08.04.2016

Номер свидетельства: 316608


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства