kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"??да т?су" т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  та?ырыбы: ??да  т?су.

Саба?ты?  ма?саты: Студенттерге  ?аза?  хал?ыны? салт – д?ст?рлері  «С?йек  жа??ырту», «??да  т?су» ?дет-??рпыны?  т?рбиелік  м?нін  ??ындыру, білім  алушыны?  бойына адамгершілік  ?асиеттерін  ?алыптастыру, халы?  ?негесін  ?йрету.

К?рнекілігі: суреттер, слайд, ?лтты?  б?йым  к?рмелері.

Саба?ты?  барысы:

1 - ж?ргізуші:

Ата  салтым – асыл  м?рам, арда?ым,  Бабаларды?  жал?астырар  арманын.

Сан  ?асырда  ?алпын  б?збас  ?адірім,  ?ткенімді  б?гінменен  жал?адым.

2 - ж?ргізуші:

?аза?ымны?  салт - д?ст?рі  жа??ыр?ан,  Т?лімді ой  сына?ы, т?рбие  к?зі ?алдыр?ан.

Салт - д?ст?рді  арда?тайы?, а?айын.  ?аза?  атты  ?лкен, кіші, балдыр?ан,-дей  келе  ?нерлі  халы? – ?мірше?  халы?, ?аза?ты?  ?дет-??рыпына  ба?ыттал?ан  «??да  т?су»  атты  т?рбие  са?атымызды  бастаймыз.

1 – ж?ргізуші:

            ?аза? хал?ыны? ?лын ?йлендіріп, ?ызын ?затуда ?асырлар бойы желісін ?збей жал?асып келе жат?ан ?зіндік салт-д?ст?рлері бар. Ата-бабаларымыз екі жасты ?йлендірмес б?рын алдымен мынадай екі т?рлі шарт ?ояды:

            Біріншіден, жігіт ?алы?ды?ты туысты? ара?а жеті ата салып іздестіруі керек. ?аны жа?ын туыс адамдар ?йленсе, олардан а?ыл-есі д?рыс бала тумайды, туа ?ал?анны? ?зінде ?мір жасы  ?ыс?а  болып, саны  бір-екіден  аспайды.

2 - ж?ргізуші:

            Екіншіден, а?айын, туыс?ан арасында ?депсіз, жа?ымсыз ?ылы?тар етек алып, ынтыма?, бірлік б?зылады. Ал туысты? ара?а жеті ата тол?ан со? ежелден жекжат екі ел с?йек жа??ыртып, ?айтадан ??да болысады. Осы салт ар?ылы ел бірлігі са?талады. «К?йеу ж?з жылды?, ??да мы? жылды?» деген ма?ал осы д?ст?рге байланысты ?алыптас?ан.

1 - ж?ргізуші:

"?ызын ?ия?а, ?лын ?я?а ?ондыру" ?ке-шешені? ?л-?ызына деген міндеті. Сонды?тан, а?ылдаса  отырып, ?аза?ты? салт-д?ст?рі бойынша "?ызды к?реді" немесе "жар та?дайды". Кейбір жерлерде "жаушы жіберу" д?ст?рі ертеден келе жат?ан д?ст?р. Жаушы - ол ?ыз айттыру?а баратын ?кіл. Жаушы ?ызды? ?ке-шешесімен с?йлесіп, бойжеткенге ??да т?сіп, "?ыз айттыру" д?ст?рін орындайды. ?детте ?ыз айттырушы топты ауылды? ?лкен адамдарыны? бірі немесе жігітті?  на?ашысы  бастап  келеді. (к?рініс)

?атысатындар: (?ызды? ?ке-шешесі, ?ыз, а?а-же?гесі, к?рші-к?лем, атты екі жолаушы, екі шал  кісі, ?л жа?тан 3-4 ер адам т.б. болу керек)

Ж?рісі: ?ызды?  ?йі: (Киіз немесе сырма? т?селген,?й б?йымдары болу керек, ?й ішінде дастар?ан  жайылып, ?стінде нан, бауырса?,?ант, шай, ш?бат, ?азы-?арта т.б. ?ойылады)

?ызды?  ?йіне  атты  жолаушылар  келеді.

Жолаушы: (Мирас, ?азрет) Ассалаума?алейкум, аман  отырсы?дар  ма? Мал-жан  аман ба?

?й  иесі: (Ерболат) Уа?алейкумассалам, аман  ж?рсі? бе? ?й-іші  аман  ба? Ел  тыныш  па? Келі?іздер, т?рге  шы?ы?ыздар!

Жолаушы: (Мирас) «Біз бір мал т?гендеп ж?рген жолаушымыз, мына сізді? ?араша?ыра?ы?ыз?а келіп т?стеніп  кетейік»,- деп  сізді?  отауы?ыз?а  келіп  отырмыз.

?й иесі: (Ерболат)  И?, д?рыс бол?ан екен, ?аза?  деген ?она?жай  халы?, бізді? отауымыз?а сіздерден бас?а да келіп, т?з-д?мімізді татып, кетушілер к?п, соларды? бірі боларсы?дар!

?-?й, б?йбіше шай суы?ды дайындап, асы?ды ?зірле, мына келген жолаушылар ая?-?олын созып, т?стеніп кетсін, алыс-жа?ыннан  хабар  білейік.

Б?йбіше: (Г?лсім) Амансы?дар ма, батырлар, аман-есен ж?рсі?дер ме? Ел-халы?, бала-ша?а аман ба? Мына шай-судан ішіп, астан алып отыры?ыздар! ?ызым, дастархан?а  нан  ?кел!

(А?монша?  ыдыс?а  бауырса?  салып  ?келеді. Нурсултан  ?ашы?  болып  ?арайды)

Жолаушы: (Мирас. Шайды?  батасын  ?айырады)  Жарыл?а, алла, ?абыл  ет.  Жарыл?ауды?  ?амын  ет!  Осы  ?йді?  иесіне

 Молайтып  мал  бер.  К?бейтіп  бас  бер,  ?за?  жас  бер!  Аттансын  келген ?она?ы?,  Іштей  тойып,  Ырызды?ы  таусылмайтын

                                                                        Ы?ылас  бер!  ?умин!

2 – ж?ргізуші: Ерте?іне  ?ызды  ауылды  жа?алап  ж?рген  Жаулы  шал, Ерболатты?  ?йіне  т?с мезгілінде  келіп  т?седі.

Шал: (Жаулы)  Ассалаума?алейкум, аман отырсы?дар ма? Жан-жа?ы?ыз, мал-жан, бала-ша?а аман ба? (Оларды? ?ыз айттыру?а келгенін ертеректе киім киісінен - а? а??ару?а болады екен. Бас ??да есік алдына келіп аттан т?скенде, шалбарыны? бір бала?ын, м?сісіні? немесе етігіні? ?онышысына салып алады. Б?л «??да болатын те?імді іздеп келдім»  деген  белгі. Екі  жа?  келісімге  келіп  аттанса, ?онышысына  салып  ал?ан  шалбарыны? бала?ын сыртына  шы?арып жібереді. Б?л  «мы? жылды? ??дамды таптым, т?рт ??былам те?елді» деген   ризашылы?   белгісі. 

?ыз  айттыру?а  келген  жігіт  жа?ыны?  басшысы (жігітті?  ?кесі, «жаушы»  т.б.)  ?амшысын  ?ыз  ?йіні?  т?ріне  іліп  кеткен)

?й  иесі: Ерболат) Уа?алейкум ассалам, аман келді?із ба? ?зі?ізді? де ?й іші?із, бала-ша?а аман ба? ауыл-айма?, к?рші-к?лем  аман  отыр  ма? Т?рлеті?із, т?рге  шы?ы?ыз!

?-?й, б?йбіше-ау, ?йге  ?она?  келді, шай, ??рт  сусыны?ды  дайындап, ас  ?зірле!

Б?йбіше: (Г?лсім) Салем  бердік, ата! Аман  жетті?із бе? Жолда шаршап, шалды??ан  боларсыз  шай  ішіп  тыны?ып  алы?ыз!

Шал: (Жаулы) ( Шайды? батасы)  Бата бердім,ба? тіледім,  А?  дастар?ан басына.  Я, ??дайым, шын тіледім,

Келсін  деп  мені?  ?асыма!  К??ілі?  к?лдей  болып,  К?ргені? т?стей  болып,  ?ыдыр  ?онсын  басы?а!  ?умин!

Шал:  (Жаулы) Енді мен дем алып, тыны?айын!

?й иесі: (Ерболат) Б?йбіше, мына ?она?  жайланып, келген  ?она?  ?ой, мал сойып ?она?асы берейік.

Б?йбіше: (Г?лсім) И?, и?! ?орада?ы малды?  ?омдысын ?арай  бер, мен ?азір барамын.

(Ерболатты?  ?йінде  кешкі   ?она?асы  дайын  болып, ?она?пен  ас  кезінде  ??гімелесуде).

?й иесі: (Ерболат) (кешкі ас) Сізге  арнайы  ?она?асы  дайындады?. Астан  алып отыры?ыз! Жаулы: (Ас  жеп  бол?ан  со?   бата  беріледі)  Жарыл?а,алла, ?абыл ет,  Жарыл?ауды? ?амын ет!  Арда?ты ?й иесі,  ?уелі берді? шай  К??ілі? болсын жай

Екінші берді? ет,  Таппасын к??ілі?, Ешбір дерт!  ?шінші берді? сорпа,  Болмасын ба?ы? орта!  ?умин!

(Ерболат   ?йіне  келген  ?она?пен тыс?а  шы?ып, жол  к?рсетіп  шы?арып  салды. ?она?  кеткен  со?  б?йбіше  ?айра?ын  іздейді, б?л сырды біле ?ойып, т?секті  ?а?ып сілкеді).

Б?йбіше:  (Г?лсім) Ота?асы, мына келген ?она? жай ж?рмеген екен, сырма??а біз шаншып, ?айра?ты  алып  кетіпті.

1 – ж?ргізуші:

??да т?су - ежелден келе жат?ан д?ст?р. ??да – ?ыз  алып, ?ыз  беріскен  ер  адам. ??далы?  жолымен  келген  адамдарды?  ?лкенін  немесе  жолы  ?лкенін  «бас  ??да»  деп  атайды. Т?рмыс ??ратын жігіт пен ?алы?ды?ты? ?келері бір-біріне «бауыздау ??да» болып  есептеледі. Б?л  атау ертеде  ??да  бол?андар  ??далы??а  сой?ан  ?ойды?  бауыздау  ?анынан  ??даларды?  ?ол  батырып  бір-бірімен  серттесуінен  шы??ан  екен.

2 – ж?ргізуші: Атам  ?аза?  салтында  ?ызы бойжетіп отыр?ан ?й жа?сы ырыммен іргеге ?айра? ?оятын бол?ан.  Жо?ал?ан ?айра?ты с?рамаса оларды? келіп ??да т?суіне ?арсы болмауыны? белгісі.

Арадан бір апта ?ткен со?  Берікбай шал 3-4 кісімен бірге Жал?асты? ?ызына ??да т?суге келеді.

Шал: (Жаулы) Ассалаума?алейкум, аман отырсы?дар ма? Мал- жан, ?й іші аман ба?

?й иесі: (Ерболат) Уа?алейкумассалам, аман келді?дер  ме? Т?рге  шы?ы?ыз, т?рлеті?дер! Ал, жол  болсын  ?ай  ауылдан  келді?дер!

Жаулы: Біз Алты алашты?  арын  арла?ан  ?аза?пыз ?ой, Адай боламыз! Адай деген к?п ел ?ой, соны?  ішіндегі  Жары  деген  руды?  Жетімегі  боламыз.

?й иесі: (Ерболат) Е, жарайды, шай сусыннан  алып отыры?дар! Б?йымтай  ?ызметтері?ді айта отыры?дар!

Шал: (Жаулы) Ал, біздерді? жиналып келудегі ма?сатымыз - ?л ержетті, ?ыз  бойжетті. Сіздерде  лашын бар, бізде с???ар бар. Сол лашынды с???ар?а ілгізгелі келдік. Ата – бабамызды? д?ст?ріні? негізін са?тай отырып ту?ан – туысымызды, к?рші – ?ола?ымды жинап,  сізді?  ?ызы?ыз?а  ??да  т?сіп, алдары?ыздан  ?туге  келдік. Жастар бір-бірін ?натып, ша?ыра? к?теруге  бел  буыпты,  екі жасты? ниетін ?олдап, бізді  ??п  к?рсе?іздер  ??дандалы  болайы?!

Бауыздау  ??да: (Н?рс?лтан ) Ал, ??да-??да?илар сіздерде ?ыз, бізде ?л бар  дегендей, осы екі жасты? ар?асында б?ріміз таныс  болып  жатырмыз. ?ыз - жат  ж?ртты?. Енесі  ?те  жа?сы адам, біз де сізді?  ауылмен  б?рыннан  ?ыз беріп, ?ыз алыс?ан адамдармыз. Бізді? ?лымыз – сіздікі, сізді? г?лі?із – біздікі! ?л-?ыз –перзент, орта?  немере  с?йіп ?уанышымызды  бір  етелік! Егер де с?зімізді ??п к?рсе?із, «?алы?сыз ?ыз болса, к?десіз ?ыз болмайды»,-деген халы? аузында с?з бар, сол к?де-?ауметтері?ді айты?ыз, елге айта барайы?!

?й  иесі: (Ерболат) И?, келген  сапарлары?  о? болсын! "??да бол?анша, хал-жа?дайын с?рас, ??да бол?ан со?, ?олда бармен сыйлас" демекші, б?л  енді  жолы ?ой. Жа?а айтты?ыз, к?десіз ?ыз болмайды,-деп, ?ызды?  к?десі-5 но?та, с?та?ы?а боталы т?йе, та?ы да бас?а к?де-к?уметін ?здері?із жасарсыздар!

Шал: (Айбек) Ал, жа?сы, о? болсын! «??да ж?з жылды?,  к?йеу мы? жылды?», деген хал?ымызды? ?ла?атты с?зі бар. Осы ??далы?ымыз  ?за?ына  бол?ай! ?олдары?ды жайы?дар!

?умин,-деп  ?ол  жай,  Мен бір  бата берейін, Бергенде  бата не дейін:  ?уелі  ??дай о?дасын,  ?улиелер  ?олдасын!

Малы?  менен  басы?а, Еш жаманды? болмасын.  Берекелі ба? ?онып,  Бірдей ?ссін мал-басы?,  Несібе? артып к?н сайын

?зегі? ешбір талмасын,  Жарат?ан жаббар жар болып,  Пендеге к?ні? салмасын!  Жаратушы ??дірет,

Жарыл?ауды? ?амын ет,  ?осыл?ан екі жастарды,  Зылиха мен Ж?сіптей, Бір-біріне ?ашы? ет. ?айып ерен ?ыры? шілтен

Назары?ды салып ?т. Тар жол,тай?а? кешуде,  Ж?рдемдесіп алып ?т.  Ба?ыт, д?улет перзентте,  Еш болмасын ?асірет,

Ы?ыласпен тілек тілеген,  Тілекті, алла, ?абыл ет,  ?умин!

Н?рс?лтан: К?зімізді? а?ы  менен  ?арасы  ?ос  ?оша?анымызды?  ба?ыты  ?шін  келі?із, т?с т?йістіріп ??ша?тасайы?, ??далар!

Жігіт  жа?тан  ??да?и:(Г?лмаржан) ?л-?ызымыз  «тереземіз  те?» деп  ?осылса – не  т?рыс  бар,  ендеше  т?скейде  малымыз  ?осылсын, сырласып  жанымыз  ?осылсын!

?ызды?  анасы(Г?лсім): Досымыз  ?уанып, д?шпанымыз   тосылсын!

1-ж?ргізуші: ?ош  келді?  ??дай  ?ос?ан  ??даларым,

Т?рімде не десе? де ??п аламын.  Бір ж?ріп, бірге  т?рып  ?ызы?тайы?

?мірді? енді келген  н?р-алабын!

??далар  ?рле?іздер т?рімізге,

?арап  т?р  екі  рулы  ел – б?рі  бізге!

Жетейік  к?рілікке  сыннан  ?тіп,

Сыйласты?  ?алсын  м??гі  ??імізде!

2-ж?ргізуші: Тойымыз к??ілді, ?аза?ты? жанына ?абысатындай болып ?тсін десек, салт-д?ст?рлеріміз бен ырым-тыйымдарымызды  жа?сы білуге тырысайы?. Біліп ?ана ?оймай, келешекке  ?алдыруды  да  б?гін  ойлайы?. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"??да т?су" т?рбие са?аты»

Тақырыбы: Құда түсу.


Мақсаты: Студенттерге қазақ халқының салт – дәстүрлері «Сүйек жаңғырту», «құда түсу» әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, білім алушының бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.


Көрнекілігі: суреттер, слайд, ұлттық бұйым көрмелері.


Сабақтың барысы:

1 - жүргізуші:

Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

2 - жүргізуші:

Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған,-дей келе өнерлі халық – өміршең халық, қазақтың әдет-ғұрыпына бағытталған «Құда түсу» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

1 – жүргізуші:

Қазақ халқының ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар бойы желісін үзбей жалғасып келе жатқан өзіндік салт-дәстүрлері бар. Ата-бабаларымыз екі жасты үйлендірмес бұрын алдымен мынадай екі түрлі шарт қояды:

Біріншіден, жігіт қалыңдықты туыстық араға жеті ата салып іздестіруі керек. Қаны жақын туыс адамдар үйленсе, олардан ақыл-есі дұрыс бала тумайды, туа қалғанның өзінде өмір жасы қысқа болып, саны бір-екіден аспайды.

2 - жүргізуші:

Екіншіден, ағайын, туысқан арасында әдепсіз, жағымсыз қылықтар етек алып, ынтымақ, бірлік бұзылады. Ал туыстық араға жеті ата толған соң ежелден жекжат екі ел сүйек жаңғыртып, қайтадан құда болысады. Осы салт арқылы ел бірлігі сақталады. «Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық» деген мақал осы дәстүрге байланысты қалыптасқан.

1 - жүргізуші:

"Қызын қияға, ұлын ұяға қондыру" әке-шешенің ұл-қызына деген міндеті. Сондықтан, ақылдаса отырып, қазақтың салт-дәстүрі бойынша "қызды көреді" немесе "жар таңдайды". Кейбір жерлерде "жаушы жіберу" дәстүрі ертеден келе жатқан дәстүр. Жаушы - ол қыз айттыруға баратын өкіл. Жаушы қыздың әке-шешесімен сөйлесіп, бойжеткенге құда түсіп, "қыз айттыру" дәстүрін орындайды. Әдетте қыз айттырушы топты ауылдың үлкен адамдарының бірі немесе жігіттің нағашысы бастап келеді. (көрініс)


Қатысатындар: (Қыздың әке-шешесі, қыз, аға-жеңгесі, көрші-көлем, атты екі жолаушы, екі шал кісі, ұл жақтан 3-4 ер адам т.б. болу керек)

Жүрісі: Қыздың үйі: (Киіз немесе сырмақ төселген,үй бұйымдары болу керек, үй ішінде дастарқан жайылып, үстінде нан, бауырсақ,қант, шай, шұбат, қазы-қарта т.б. қойылады)

Қыздың үйіне атты жолаушылар келеді.

Жолаушы: (Мирас, Қазрет) Ассалаумағалейкум, аман отырсыңдар ма? Мал-жан аман ба?



Үй иесі: (Ерболат) Уағалейкумассалам, аман жүрсің бе? Үй-іші аман ба? Ел тыныш па? Келіңіздер, төрге шығыңыздар!

Жолаушы: (Мирас) «Біз бір мал түгендеп жүрген жолаушымыз, мына сіздің қарашаңырағыңызға келіп түстеніп кетейік»,- деп сіздің отауыңызға келіп отырмыз.

Үй иесі: (Ерболат) Иә, дұрыс болған екен, қазақ деген қонақжай халық, біздің отауымызға сіздерден басқа да келіп, тұз-дәмімізді татып, кетушілер көп, солардың бірі боларсыңдар!

Ә-әй, бәйбіше шай суыңды дайындап, асыңды әзірле, мына келген жолаушылар аяқ-қолын созып, түстеніп кетсін, алыс-жақыннан хабар білейік.

Бәйбіше: (Гүлсім) Амансыңдар ма, батырлар, аман-есен жүрсіңдер ме? Ел-халық, бала-шаға аман ба? Мына шай-судан ішіп, астан алып отырыңыздар! Қызым, дастарханға нан әкел!

(Ақмоншақ ыдысқа бауырсақ салып әкеледі. Нурсултан ғашық болып қарайды)

Жолаушы: (Мирас. Шайдың батасын қайырады)

Жарылқа, алла, қабыл ет.

Жарылқаудың қамын ет!

Осы үйдің иесіне

Молайтып мал бер.

Көбейтіп бас бер,

Ұзақ жас бер!

Аттансын келген қонағың

Іштей тойып,

Ырыздығы таусылмайтын

Ықылас бер!

Әумин!

2 – жүргізуші:

Ертеңіне қызды ауылды жағалап жүрген Жаулы шал, Ерболаттың үйіне түс мезгілінде келіп түседі.

Шал: (Жаулы) Ассалаумағалейкум, аман отырсыңдар ма? Жан-жағыңыз, мал-жан, бала-шаға аман ба? (Олардың қыз айттыруға келгенін ертеректе киім киісінен - ақ аңғаруға болады екен. Бас құда есік алдына келіп аттан түскенде, шалбарының бір балағын, мәсісінің немесе етігінің қонышысына салып алады. Бұл «құда болатын теңімді іздеп келдім» деген белгі. Екі жақ келісімге келіп аттанса, қонышысына салып алған шалбарының балағын сыртына шығарып жібереді. Бұл «мың жылдық құдамды таптым, төрт құбылам теңелді» деген ризашылық белгісі. 

Қыз айттыруға келген жігіт жағының басшысы (жігіттің әкесі, «жаушы» т.б.) қамшысын қыз үйінің төріне іліп кеткен)

Үй иесі: Ерболат) Уағалейкум ассалам, аман келдіңіз ба? Өзіңіздің де үй ішіңіз, бала-шаға аман ба? ауыл-аймақ, көрші-көлем аман отыр ма? Төрлетіңіз, төрге шығыңыз!

Ә-әй, бәйбіше-ау, үйге қонақ келді, шай, құрт сусыныңды дайындап, ас әзірле!

Бәйбіше: (Гүлсім) Салем бердік, ата! Аман жеттіңіз бе? Жолда шаршап, шалдыққан боларсыз шай ішіп тынығып алыңыз!

Шал: (Жаулы) ( Шайдың батасы)

Бата бердім,бақ тіледім,

Ақ дастарқан басына.

Я, құдайым, шын тіледім,

Келсін деп менің қасыма!

Көңілің көлдей болып,

Көргенің түстей болып,

Қыдыр қонсын басыңа!

Әумин!

Шал: (Жаулы) Енді мен дем алып, тынығайын!

Үй иесі: (Ерболат) Бәйбіше, мына қонақ жайланып, келген қонақ қой, мал сойып қонақасы берейік.

Бәйбіше: (Гүлсім) Иә, иә! Қорадағы малдың қомдысын қарай бер, мен қазір барамын.

(Ерболаттың үйінде кешкі қонағасы дайын болып, қонақпен ас кезінде әңгімелесуде).

Үй иесі: (Ерболат) (кешкі ас) Сізге арнайы қонақасы дайындадық. Астан алып отырыңыз! Жаулы: (Ас жеп болған соң бата беріледі)

Жарылқа,алла, қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет!

Ардақты үй иесі,

Әуелі бердің шай

Көңілің болсын жай

Екінші бердің ет,

Таппасын көңілің

Ешбір дерт!

Үшінші бердің сорпа,

Болмасын бағың орта!

Әумин!

(Ерболат үйіне келген қонақпен тысқа шығып, жол көрсетіп шығарып салды. Қонақ кеткен соң бәйбіше қайрағын іздейді, бұл сырды біле қойып, төсекті қағып сілкеді).

Бәйбіше: (Гүлсім) Отағасы, мына келген қонақ жай жүрмеген екен, сырмаққа біз шаншып, қайрақты алып кетіпті.

1 – жүргізуші:

Құда түсу - ежелден келе жатқан дәстүр. Құда – қыз алып, қыз беріскен ер адам. Құдалық жолымен келген адамдардың үлкенін немесе жолы үлкенін «бас құда» деп атайды. Тұрмыс құратын жігіт пен қалыңдықтың әкелері бір-біріне «бауыздау құда» болып есептеледі. Бұл атау ертеде құда болғандар құдалыққа сойған қойдың бауыздау қанынан құдалардың қол батырып бір-бірімен серттесуінен шыққан екен.

2 – жүргізуші:

Атам қазақ салтында қызы бойжетіп отырған үй жақсы ырыммен іргеге қайрақ қоятын болған. Жоғалған қайрақты сұрамаса олардың келіп құда түсуіне қарсы болмауының белгісі.

Арадан бір апта өткен соң Берікбай шал 3-4 кісімен бірге Жалғастың қызына құда түсуге келеді.

Шал: (Жаулы) Ассалаумағалейкум, аман отырсыңдар ма? Мал- жан, үй іші аман ба?

Үй иесі: (Ерболат) Уағалейкумассалам, аман келдіңдер ме? Төрге шығыңыз, төрлетіңдер! Ал, жол болсын қай ауылдан келдіңдер!

Жаулы: Біз Алты алаштың арын арлаған қазақпыз ғой, Адай боламыз! Адай деген көп ел ғой, соның ішіндегі Жары деген рудың Жетімегі боламыз.

Үй иесі: (Ерболат) Е, жарайды, шай сусыннан алып отырыңдар! Бұйымтай қызметтеріңді айта отырыңдар!

Шал: (Жаулы) Ал, біздердің жиналып келудегі мақсатымыз - ұл ержетті, қыз бойжетті. Сіздерде лашын бар, бізде сұңқар бар. Сол лашынды сұңқарға ілгізгелі келдік. Ата – бабамыздың дәстүрінің негізін сақтай отырып туған – туысымызды, көрші – қолаңымды жинап,  сіздің қызыңызға құда түсіп, алдарыңыздан өтуге келдік. Жастар бір-бірін ұнатып, шаңырақ көтеруге бел буыпты,  екі жастың ниетін қолдап, бізді құп көрсеңіздер құдандалы болайық!

Бауыздау құда: (Нұрсұлтан ) Ал, құда-құдағилар сіздерде қыз, бізде ұл бар дегендей, осы екі жастың арқасында бәріміз таныс болып жатырмыз. Қыз - жат жұрттық. Енесі өте жақсы адам, біз де сіздің ауылмен бұрыннан қыз беріп, қыз алысқан адамдармыз. Біздің ұлымыз – сіздікі, сіздің гүліңіз – біздікі! Ұл-қыз –перзент, ортақ немере сүйіп қуанышымызды бір етелік! Егер де сөзімізді құп көрсеңіз, «қалыңсыз қыз болса, кәдесіз қыз болмайды»,-деген халық аузында сөз бар, сол кәде-қауметтеріңді айтыңыз, елге айта барайық!

Үй иесі: (Ерболат) Иә, келген сапарларың оң болсын! "Құда болғанша, хал-жағдайын сұрас, құда болған соң, қолда бармен сыйлас" демекші, бұл енді жолы ғой. Жаңа айттыңыз, кәдесіз қыз болмайды,-деп, қыздың кәдесі-5 ноқта, сүтақыға боталы түйе, тағы да басқа кәде-кәуметін өздеріңіз жасарсыздар!

Шал: (Айбек) Ал, жақсы, оң болсын! «Құда жүз жылдық, күйеу мың жылдық», деген халқымыздың ұлағатты сөзі бар. Осы құдалығымыз ұзағына болғай! Қолдарыңды жайыңдар!

Әумин,-деп қол жай,

Мен бір бата берейін,

Бергенде бата не дейін:

Әуелі құдай оңдасын,

Әулиелер қолдасын!

Малың менен басыңа

Еш жамандық болмасын.

Берекелі бақ қонып,

Бірдей өссін мал-басың,

Несібең артып күн сайын

Өзегің ешбір талмасын,

Жаратқан жаббар жар болып,

Пендеге күнің салмасын!

Жаратушы құдірет,

Жарылқаудың қамын ет,

Қосылған екі жастарды

Зылиха мен Жүсіптей

Бір-біріне ғашық ет.

Ғайып ерен қырық шілтен

Назарыңды салып өт.

Тар жол,тайғақ кешуде,

Жәрдемдесіп алып өт.

Бақыт, дәулет перзентте,

Еш болмасын қасірет,

Ықыласпен тілек тілеген

Тілекті, алла, қабыл ет,

Әумин!


Нұрсұлтан: Көзіміздің ағы менен қарасы қос қошақанымыздың бақыты үшін келіңіз, төс түйістіріп құшақтасайық, құдалар!

Жігіт жақтан құдағи:(Гүлмаржан) Ұл-қызымыз «тереземіз тең» деп қосылса – не тұрыс бар, ендеше төскейде малымыз қосылсын, сырласып жанымыз қосылсын!

Қыздың анасы(Гүлсім): Досымыз қуанып, дұшпанымыз тосылсын!



1-жүргізуші: Қош келдің құдай қосқан құдаларым,

Төрімде не десең де құп аламын.

Бір жүріп, бірге тұрып қызықтайық

Өмірдің енді келген нұр-алабын!

Құдалар өрлеңіздер төрімізге,

Қарап тұр екі рулы ел – бәрі бізге!

Жетейік кәрілікке сыннан өтіп,

Сыйластық қалсын мәңгі өңімізде!



2-жүргізуші: Тойымыз көңілді, қазақтың жанына қабысатындай болып өтсін десек, салт-дәстүрлеріміз бен ырым-тыйымдарымызды  жақсы білуге тырысайық. Біліп қана қоймай, келешекке қалдыруды да бүгін ойлайық.






        




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"??да т?су" т?рбие са?аты

Автор: Сарт Мария Те?ел?ызы

Дата: 14.11.2015

Номер свидетельства: 252968


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства