Та?ырыбы: « Жа?сы ?асиет – ба?ыт кілті» Ма?саты: о?ушылар?а адам бойында?ы жа?сы ?асиеттерді таныта отырып адамгершілікке, ?дептілікке, ?арапайымдылы??а, инабаттылы??а т?рбиелеу; жаман ?асиеттен жиренту ар?ылы адамгершілік сезімін дамыту; о?ушыларды жаман ?деттерден са?тандыру,адам бойында?ы жа?сы ?асиеттерді ба?алай білуге ?йрету. Барысы: ?йымдастыру. Баяу к?й орындалып т?рады, о?ушылар орындарынан т?рып, с?лемдескеннен со?, т?рбие са?аты басталып кетеді. О?ушылар орындарына отырып, музыка ?уені то?талады, сол кезде есік ?а?ылып, хат ?келінеді. Хатта б?гінгі т?рбие са?атыны? та?ырыбы жазыл?ан екен. Та?ырып баяндалып, саба?ты? ма?саты ая?тал?ан со?, сынып жетекшсі кіріспелеу ??гімесін ??гімелеп кетеді. М??алім: Жаратылысты? барлы?ы екі ?арама - ?арсы н?рседен т?рады. А? - ?ара, к?н - т?н, ысты? - суы?, жа?сы - жаман. Адам бойында?ы барлы? жа?сы ?асиеттер рухтан туындайды, ал жаман ?асиеттер н?псіні? к?рінісі болып табылады. Адам денесі бір бол?анды?тан оны? ішінде билік ?шін ?немі осы екі ?уатты? – «рух пен н?псі» к?ресі ж?ріп жатады. Адамны? ішкі с?лулы?ы-ж?рек жылуы, махаббат, ар-?ят, ?айрат, мейірімділік, жа?сылы?, адамшылы? осы ж?ректен туындайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жа?сы ?асиет – ба?ыт кілті »
Тақырыбы: « Жақсы қасиет – бақыт кілті» Мақсаты: оқушыларға адам бойындағы жақсы қасиеттерді таныта отырып адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу; жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершілік сезімін дамыту; оқушыларды жаман әдеттерден сақтандыру,адам бойындағы жақсы қасиеттерді бағалай білуге үйрету. Барысы: Ұйымдастыру. Баяу күй орындалып тұрады, оқушылар орындарынан тұрып, сәлемдескеннен соң, тәрбие сағаты басталып кетеді. Оқушылар орындарына отырып, музыка әуені тоқталады, сол кезде есік қағылып, хат әкелінеді. Хатта бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы жазылған екен. Тақырып баяндалып, сабақтың мақсаты аяқталған соң, сынып жетекшсі кіріспелеу әңгімесін әңгімелеп кетеді. Мұғалім: Жаратылыстың барлығы екі қарама - қарсы нәрседен тұрады. Ақ - қара, күн - түн, ыстық - суық, жақсы - жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың – «рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады. Адамның ішкі сұлулығы-жүрек жылуы, махаббат, ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамшылық осы жүректен туындайды. 1-жүргізуші: Адамға жағымды нәрселердің бәрі жақсылық ұғымы арқылы жүзеге асады. Жақсылық адамның ізгілігін анықтайды. Жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен, бал тілімен бойымызға сіңіреміз. Оқушы: Жақсы адам көңілі –күн, Жанға сәуле түсірген. Нашар адам көңілі –түн, Кеудеден отты өшірген. Талпын жақсы болуға Күндей сәуле шашатын . Білім іздеп өнер тап, Түнді күндей ашатын. Толған айдай жан болсаң, Толсын ақыл ішіңе. Күн көзіндей жан болсаң, Ел сүйсінсін ісіңе, Ақыл қуған адаспас. Ақылда дос бар тетік. Қапта жатпас таза алмас, Шығар бір күн жарқ етіп. Бүгінгі сабақта осы сапалардың біразы туралы пікірлескенді дұрыс санадым. I. Шаттық шеңбері. - Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Бәріміз атымызды атап, мағынасына тоқтайық. 2. Ойымызды өрбітіп, бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін тақтаға ілінген Күннің суретіне қараңдаршы. Жарық күн - көлегейленіп тұр, күнді біз мейірбан, жан шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық. Кәне, бірінші бұлт. Сенің шешуің не, сен неге түнере қалдың? Бұлтағы бірінші тапсырма: баяу ән әуенімен барлығымыз жағымды ойларға берілеміз, рухани жан азығын бесік жырынан бастаған адам, әуен ырғағында тамаша ойларға беріледі. Жағымды ой ойлауға бір минут уақыт беріледі. (Бірнеше оқушыдан ойлаған ойлары сұралады). - Менің әскердегі ағайым аман - сау жүрсе екен. - Жер шарында тыныштық болса т. б. ойлар айтылады. Мұғалім: - Осындай жағымды ойлардың сендердің бойларыңа қайырымдылық, өмірге сенімділік әкеледі. Қайырымдылық –айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездіккке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала –қашанда ата-анасының мақтанышы. Жақынды ,досты аяла, Қанатың сонда талмайды. Барыңды жұрттан аяма, Жақсылық жерде қалмайды. Жайдары жүзбен жарқыра, Қатыгез болсаң – сол қайғы. Қайырымды бол халқыңа, Жақсылық жерде қалмайды.
Көрініс: Үш ана басы қосылып, әңгімелесіп тұрды. Бірінші ана:»Менің балам өте ақылды, өнерлі, әнші, математикадан нашар болғанмен болашақта керемет бір танымал кісі болатынына сенемін»,- дейді баласын мақтап. Екінші ана:»Менің балам әдемі, таза киінгенді ұнатады. Ақшаның да есебін жақсы біледі. Шамасы балам болашақта үлкен бизнесмен болады - ау»,- деп мақтанады. Үшінші ана үндемей тұрып қалады Сол кезде үш ана қарияның жолдан өтуіне көмектесіп, қолтығынан демеп, сөмкесін көтерісіп келе жатқан баланы көреді. Бұл үндемей қалған үшінші ананың баласы еді. Қария балаға алғысын жаудырып кете берді. Үш бала аналарына жақындады. Алғашқы екі ананың балалары аналарынан балмұздаққа ақша сұрай келді. Ал, үшінші бала анасына бүгінгі сабақтан «бестік» баға алғанын айта келді. Сұрақ? Қай баладан болашақта не күтуге болады? (Оқушыларды сөйлете отырып, сұраққа жауап алу.) Әңгімені «Жақсы маман болу міндет емес, жақсы адам болу - борыш» деп қорытындылау. 1 - бұлт ашылды - қайырымдылық қасиетін білдік. Мұғалім: Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек. «Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң әрқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та, бар қалан» деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата-анаңның, отаныңның мақтаныш боласың. Екінші бұлтты сейілтеміз. Мұғалім: Ұлы Абайдың «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол; Адам болам десеңіз», деген өлең жолдарын қалай түсінуге болады? Ол қандай қасиеттер? 1- сұрақ: Неге үйрену керек? (Оқушылар өлеңді жалғастыру арқылы жауабын айтады) «Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой - Бес асыл - іс, көнсеңіз...» Шын мәнінде нағыз адам болу үшін адамгершілікке тән, жағымды жақсы қасиеттер, жақсы сипаттар - адамдық, әділеттілік, достық, махаббат, ар - намыс, сабырлық, батырлық, т. б. осылардың ішінен ақын жастардың бойындағы адамгершіліктің негізгі қасиеттері ретінде «бес асыл іс: талап, еңбек, терең - ой, қанағат, рақым туралы даналық ой толғауын айтады. Талап. Абай 44 - сөзін «Адам баласының ең жаманы - талапсыз»- деп бастайды да талаптың түрлері көп болатынын баяндайды. Талаптың ішіндегі ең зоры - бір өнерді таңдап, содан нәтиже шығармай тынбаушылық. Сонымен бірге оқып, талапкердің өнерлес кісімен сыйлас болуының қажеттігін айтады. Абайдың түсінуінше талапсыздық түрлері - ынтасыздық, ықылассыздық, жігерсіздік. Керек іс бозбалаға талаптылық, Әр түрлі өнер, мінез жақсы қылық. Кейбір жігіт жүреді мақтан сөйлеп, Сыртқа пысық келеді, көзге сынық, деп Абай талаптың дарынды, ынталы дамытатыны, сондықтан да халықтың «талапты ерге нұр жауар» деген сөзді бекерге айтпағаны туралы ой толғайды. Еңбек - бұл дүниедегі құдіретті күш, діни ұғымда құдай болса, ғылыми ұғымдағы бірден - бір жасампаз ұлы күш - еңбек. Абайдың тұжырымдауынша әуелі құдайға сыйынып, сонан соң өз қайратына сүйеніп еңбек еткен адам нағыз азамат болып саналады. Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып, білім алған, Би болған, болыс болған өнер емес Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.. деп өз елін отырықшылыққа, егіншілікке, ғылымға шақырады. Еңбекті «бес асыл істің негізгісі» деп бағалаған Абай:
Бақпен асқан патшадан, Мимен асқан қара артық. Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық... Терең ой - адамды адам еткен еңбек болса, сол еңбек дағдысы барысында қалыптасқан адамды барлық жан - жануардан ерекше айырып тұрған екі қасиетті Абай жоғары бағалады. Оның біріншісі - ақыл - ой, екіншісі - сөз. Қанағат. Абай адамгершілік, иман туралы толғаныстарында «Қанағат» ұғымына ерекше мән береді. Ақынның түсінуінше қанағат - барға риза білу, місе тұту, нысаптан шықпау, нәпсіге ермеу. Рақым. Рақым дегеніміз ұғымдық философиялық тұрғыдан алғанда адамның өзге кісілерге жасайтын жақсылығы, мейірім - шапағаты мен көмегі. 2 сұрақ: Неден жирену керек?(Оқушылар өлеңді жалғастыру арқылы жауабын айтады)»Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ». Абай. «Бес дұшпан «Адам болам десеңіз, Оған қайғы жесеңіз, Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ - Бес дұшпанын білсеңіз...» деп адамның бойындағы жағымсыз қасиетті сынға алады. Мұғалім: - Мынандай суретке көңіл аударайық. Суреттен нені көріп тұрсыңдар? Жауап: қара ноқат немесе қара ноқаты бар ақ қағаз. Шын жауап: қара ноқаты бар үлкен кеңістік. - Иә, балалар, өмірдің көптеген көріністерінен, оқушылық өмірлеріңде сендер ақ түсті аңғармай, адамдар бойынан «қара» ноқатты көресіңдер. Былайша айтқанда, біз әр адамның бойынан жақсы жақтарын ғана көрсек, неге оның кемшілігіне көңіл аударамыз. Жақсы оқиғалардан гөрі, дау-дамай, қылмыстар жайында рахаттана әңгімелесеміз. Немесе сұқ саусақпен басқаны көздеп көрсетуге әуеспіз, сұқ саусақты көрсеткенде, қалған үш саусақтың өзімізге қарағанын байқамаймыз ба? Егер сені біреу сөгіп жатса, «мен ризамын» деп жауап бере қой делінген пайғамбар хадистерінде. Сондықтан, балалар, жаңағы өздерің айтқан нақыл сөздерден өнеге алып, өмірдің, достарыңның, ұстаздарыңның тек жақсы жақтарын қабылдай біліңдер. Мына жазылған нақыл сөзге көңіл аударыңдар: Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. (Абай.) Көрініс: «Бес нәрсеге асық бол! » Үшінші бұлтты сейілтеміз: Рухани - адамгершілік қасиет - сүйіспеншілік. Ата - анамды сүйемін, туған жерімді, Отанымды, достарымды сүйемін. Осы қасиетке байланысты: 1 - қатар: Отанға сүйіспеншілік. 2 - қатар: ата – анаға
Сүйіспеншілікке төрт ауыз тақпақ құрайсыңдар.(Баяу музыка ырғағы, 3 - 4 минут уақыт). Тақпақтарын тыңдаймыз. Өзіңдікі – Елің де, Өзіңдікі - Жерің де. Өзіңді - өзің еткен бақ, Тәуелсіздік төрінде. Өзіңдікі - туың да, От пен ауа суың да. Жаса Қазақстаным Белді бекем буын да. Төртінші бұлтқа таядық. Тест тапсырмасы. 1 – тапсырма . Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы, қарым - қатынас жасағысы келмейді. Тіпті оны мазақтаңдар деп үгіттейді. Ал сен не істер едің? а) Ештеңе білмегендей боласың. ә) Достарыңмен бірге мазақ қыласың. б) Достарыңның табалауынан қорықпастан, осы баламен достасқың келеді. 2 – тапсырма. Ағаш дұрыс өсу үшін оған қай кезде көмектесу қажет? а) Үлкен ағаш болғанда ә) Көшет кезінде б) Тал кезінде 3 –тапсырма. Сенің үлкен әпкең шешесіне құрбысының үйіне сабаққа даярланамын деп кетіп, ал шындығында олар дискотекаға кетті. Егер шешең осы жайды сұраса, сен не істер едің? а) Бұл жайында ештеңе білмеймін деймін. ә) Бір дәлел ойлап табумен әпкеңді құтқарасың. б) Шыныңды айтасың. Бесінші бұлт. Таңғажайып алаң. Рухани адамгершілік қатынастарына жататын адамның бір тамаша қасиеті жасырынып тұр - соны табамыз. Ол «әдептілік» деген сөз болады. Әдептілік –барлық адамға жарасатын қасиет . Ол –адамның жасынан алған тәрбиесіне, өскен ортасынна , төңіректегі адамдардың қарым –қатынасына байланысты қалыптасатын қасиет. Мінездер бар жақсы –жаман , әр алуан, Әдептілік әділдіктен нәр алған. Кең болғанның кем болғанын көрмедім, Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан. Оқушы: Атам менің әманда «Әдепті жан бол» деген. Ата сөзі санамда, Жасы үлкенге дол берем. Кесіп өтпей көлденең, Ізетімен кішінің Сәлемдесіп қол берем.
Әдептілік ,сыпайылық туралы мақал-мәтелдер тыңдалық. 1) Әдептілік ар-ұят- Адамдықтың белгісі. 2) Мейірімділікті анадан үйрен, Әдептілікті данадан үйрен. 3) Әдепті бала –арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала. 4) Әдепті бала-ата-анасын мақтатар, Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар. 5) Әдепсіз өскен адамнан Тәртіппен өскен тал артық.
6) Әдептілік белгісі –иіліп сәлем бергені 7) Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскен соң қайран жоқ. Көрініс: «Оқымысты мен жарлы» Балалар, Ата-бабаларымыз әдептілік туралы қандай сөздер айтып кеткен. Оқушы: Бүйіріңді таянба! Оқушы:Жалғыз ағашты кеспе! Оқушы:Үйді айналып жүгірме! Оқушы: Табаныңды тартпа! Оқушы: Жағыңды таянба! Оқушы:Нанды баспа, бір қолыңмен үзбе! Ауызша волейбол ойыны. Мақсаты: Өзінде бар жақсы қасиеттерді бағалай білуге,өзінің қасында жүрген адамдардың жақсы қасиеттерін білуге ,бір-бірін терең түсінуге арналады Допты бір-бірне берген кезде балалар адамгершілік қасиеттер туралы айтулары керек.Мысалы: шыншылдық: мейірімділік; адамдық; адамгершілік әділдік; кішіпейілдік; батылдық; ұстамдылық; жанашырлық.Алтыншы бұлтты сейілтеміз, осы тапсырманы орындаған соң Күн күлімдеп шығады.
Ол тапсырма - сұрақтарға жауап. 1. Сөйлеу мәдениетін қалай түсінесің? 2. Махаббат сүйіспеншілігі деген не? 3. Аманат деген не?
Осы сұрақтардың жауабын дұрыс айта білсе деген мақсатпен Өтебай Тұрманжановтың «Ананың аманаты» деген тақпағын оқып берейін.
Сынып жетекшісі: Күн ашылды. Даламдай кең пейілім. Жүрегім толы мейірім. Мен үшін жоқ уағың Бәріңе ортақ шуағым.
Осы жарқыраған күндей, мейірімді, жан шуақты, көңілдерің ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін, адамгершілігі мол азамат болыңдар. Бүгінгі сағатта аз болса да, жақсылықтың нұрын, адамгершіліктің дәнін алдыңдар деп ойлай отырып, ашылған күннің соңындағы әсем кемпірқосаққа көңіл аудартайын.
1 - түс. Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар. 2 - түсі. Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүр. 3 - түсі. Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды, жұбатқаныңды, күлдіргеніңді еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көр. 4 - түсі. Әнді жиірек тыңдағаның дұрыс, бәрінен жақсысы жаныңды жадыратып, рақатқа бөленесің. 5 - түсі. Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.