Ел-ж?рт жадында м??гі жатталып ?ал?ан «ас - адамны? ар?ауы»деген ?а?ида бар. ?аза? хал?ы асты жо?ары ба?ала?ан ?рі ?астерлей білген.Хал?ымыз тама?ты б?рінен де жо?ары ?ой?ан.Б??ан «астан ?лкен емессі?», «асты ?орлама, ??стырады» деген ма?ал-м?телдер де ку? бола алады.?алай айтса да халы? асты ??рметтеу мен ба?алау жолын, оны д?мді етіп ?зірлеуді? ретін таба білген. ?аза? хал?ы д?мді та?ам берумен бірге оны? таза,б?тін ыдыстарына дейін ерекше назар аудар?ан.
?аза?тарда тама? дайындау ?йелдерге ж?ктелген.?аза? ?йелдері та?амны? алуан т?рлерін дайындаумен бірге ?ыста да, жазда да оны? таза ?рі б?зылмай са?талуыны? ?діс- т?сілдері мен жолдарын білген.Б?л ?а?идаларды ?рпа?тан-?рпа??а, келіндеріне ?йретіп отыр?ан. ?сіресе, ??рт, ірімшік, сары май сия?ты же?сік та?амдарды дайындауда ?аза? ?йелдеріні? шеберлігі мен ?нері ?алай ма?таса т?рарлы?.
Мені? зерттелетін ж?мысымны? ма?саты осы малды?,оны? ішінде сиыр с?ті, одан жасалатын та?амдар т?рлері ж?не пайдаларына к?з жеткізу.
Жобаны? міндеттері:
С?т та?амдары туралы м?лімет жинау.
С?т та?амдарыны? жасалу ?дістерін жасап ?йрену
С?т та?амдарыны? адам ?міріндегі пайдасын, ма?ыздылы?ын білу.
М?селе: С?т та?амдарыны? адам денсаулы?ына пайдасы бар екенін зерттеу.
Зерттелетін зат: Сиыр с?тіні? та?амдары.
4
ІІ. Негізгі б?лім
С?т та?амдары туралы м?лімет.
«Сиыр сауып ішсе? мы? к?ндік,
Етін сойып жесе? бір к?ндік».
(ма?ал)
С?т та?амдарын халы? «а?» деп атайды.Осы а?тан бірнеше ж?здеген жылдар бойы халы? аса бай т?жірибе жина?тай ж?ре одан ж?зден астам та?ам т?рлері мен дайындау ?дістерін жаса?ан.С?т та?амдарын к?бінесе сиыр с?тінен жаса?ан. С?йтіп бір с?ттен с?йы?, ?ою, ?оймалжы?, ащы, т?щы, ж?мса?, ?атты, ?нта? та?амдарын жасап шы?ар?ан.
С?т- ??рамы жа?ынан тамаша та?ам. Адам с?т та?амдарын к?нде тама?тану ж?йесіне енгізу ?ажет. Себебі,оны? ??рамында адам а?засын тазартатын заттар бар. С?тті біз сиырды сауып аламыз. Оны ?йел адамдар ?олымен ж?не сауу апаратымен сауады.С?т жылы жерде т?рса,тез б?лінеді.Сонды?тан оны то?азыт?ыш?а ?оямыз.Ал, жа?а сау?ан с?тті сепаратор ??ралымен с?ттен ?айма? та?амын а?ызып аламыз.
С?т та?амдарын бас?а та?амдарды дайындауда оларды ?осып дайындайды.Мысалы: бот?аларды с?тке пісіргенде ?те д?мді болады. О?ан сары май ?осса, бот?а пайдалы,?рі ж?мса? болады.
Сиырды? с?ті ?ою,сі?імді,майлы болу ?шін, мал?а ?те д?рыс к?тім ?ажет. О?ан уа?ытында жемін, суын, ш?бін беріп отырса сиыр с?тті к?п береді. Оны ма?ан ?кем айт?ан.
С?т ж?не с?т та?амдарына байланысты ырымдар мен тыйымдар да бар екен.
Олар:
1.Жерге т?гілген с?тті басу?а болмайды.
2.Сауыл?ан с?тті? бетін ашып ?ою?а болмайды.Себебі, ?о?ым т?сіп кетуі м?мкін.
3.С?ттен жасал?ан та?амдарды жерге т?гуге болмайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?ылыми жоба "С?т та?амдары" »
Аңдатпа
Бұл жоба қазақ халқының сүтті тағамдарының түрлерін анықтап пайдасын зерттеуге арналған. Бүгінгі жобамда қойылған мақсатым: қазақ халқының сиыр сүтінің тағамдары, олардың адам ағзасына және өмірде басқа да қажетті істерде пайдасы мол екендігін түсіндіру.Сиыр сүтініңпайдасын толық білу үшін мен көптеген әдебиеттерді оқыдым. Сиыр сүтінің тағамдарын қандай және қалай жасауға болатынын үйрендім.Осы тағамдарды зерттеу барысында мені өте көп жағдайлар қызықтырды. Сиырды сауып одан алынған сүт қаншалықты маңызды өнім екеніне көз жеткіздім.Сонымен қатар сүт өнімдерін басқа да қолданысқа пайдалануға болатынын үлкен әжелерімнен сұрап білдім. Әсіресе, жазда жәндіктер шаққанда, ісіп тұрған жерге ащыған сүтті жақса ісігі тез қайтатынына көз жеткіздім. Жалпы жұмысым сүтті тағамдарды, оларды жасау әдістері және басқа да пайдалы сырларын анықтау.
Мазмұны
І.Кіріспе. 4
ІІ. Негізгі бөлім 5-7
1) Сүт тағамдары туралы мәлімет. 5
2) Сүттен жасалатын тағамдардың түрлері. 6
3) Сүт – адам денсаулығына қажетті нәр. 7
ІІІ.Зерттеу бөлімі 8-13
1).Сүттен жасалатын тағамдарды дайындау әдістері. 8
А.Зерттеу затым: қаймақ. 8
Ә. Зерттеу затым: сары май. 9
Б. Зерттеу затым: ақ ірімшік. 10
В. Зерттеу затым: жент (қоспа). 11
Г. Зерттеу затым: құрт. 12
2). Сүт тағамдарының басқа да сырлары бар. 13
ІҮ.Қорытынды. 14
Ү.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 15
3
І. Кіріспе
Ел-жұрт жадында мәңгі жатталып қалған «ас - адамның арқауы»деген қағида бар. Қазақ халқы асты жоғары бағалаған әрі қастерлей білген.Халқымыз тамақты бәрінен де жоғары қойған.Бұған «астан үлкен емессің», «асты қорлама, құстырады» деген мақал-мәтелдер де куә бола алады.Қалай айтса да халық асты құрметтеу мен бағалау жолын, оны дәмді етіп әзірлеудің ретін таба білген. Қазақ халқы дәмді тағам берумен бірге оның таза,бүтін ыдыстарына дейін ерекше назар аударған.
Қазақтарда тамақ дайындау әйелдерге жүктелген.Қазақ әйелдері тағамның алуан түрлерін дайындаумен бірге қыста да, жазда да оның таза әрі бұзылмай сақталуының әдіс- тәсілдері мен жолдарын білген.Бұл қағидаларды ұрпақтан-ұрпаққа , келіндеріне үйретіп отырған. Әсіресе, құрт, ірімшік, сары май сияқты жеңсік тағамдарды дайындауда қазақ әйелдерінің шеберлігі мен өнері қалай мақтаса тұрарлық.
Қазақ халқы асты үш түрге бөледі:ақ тағамдары ( сүт тағамдар);қызыл тағамдары (ет тағамдары);көк тағамдары (жеміс тағамдары).
Мал және одан алынатын өнімдер басты байлық қоры.
Менің зерттелетін жұмысымның мақсаты осы малдың ,оның ішінде сиыр сүті, одан жасалатын тағамдар түрлері және пайдаларына көз жеткізу.
Жобаның міндеттері:
Сүт тағамдары туралы мәлімет жинау.
Сүт тағамдарының жасалу әдістерін жасап үйрену
Сүт тағамдарының адам өміріндегі пайдасын, маңыздылығын білу.
Мәселе: Сүт тағамдарының адам денсаулығына пайдасы бар екенін зерттеу.
Зерттелетін зат: Сиыр сүтінің тағамдары.
4
ІІ. Негізгі бөлім
Сүт тағамдары туралы мәлімет.
«Сиыр сауып ішсең мың күндік,
Етін сойып жесең бір күндік».
(мақал)
Сүт тағамдарын халық «ақ» деп атайды.Осы ақтан бірнеше жүздеген жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан жүзден астам тағам түрлері мен дайындау әдістерін жасаған.Сүт тағамдарын көбінесе сиыр сүтінен жасаған. Сөйтіп бір сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдарын жасап шығарған.
Сүт- құрамы жағынан тамаша тағам. Адам сүт тағамдарын күнде тамақтану жүйесіне енгізу қажет. Себебі,оның құрамында адам ағзасын тазартатын заттар бар. Сүтті біз сиырды сауып аламыз. Оны әйел адамдар қолымен және сауу апаратымен сауады.Сүт жылы жерде тұрса,тез бүлінеді.Сондықтан оны тоңазытқышқа қоямыз.Ал, жаңа сауған сүтті сепаратор құралымен сүттен қаймақ тағамын ағызып аламыз.
Сүт тағамдарын басқа тағамдарды дайындауда оларды қосып дайындайды.Мысалы: ботқаларды сүтке пісіргенде өте дәмді болады. Оған сары май қосса, ботқа пайдалы,әрі жұмсақ болады.
Сиырдың сүті қою,сіңімді,майлы болу үшін, малға өте дұрыс күтім қажет. Оған уақытында жемін, суын, шөбін беріп отырса сиыр сүтті көп береді. Оны маған әкем айтқан.
Сүт және сүт тағамдарына байланысты ырымдар мен тыйымдар да бар екен.
Олар:
1.Жерге төгілген сүтті басуға болмайды.
2.Сауылған сүттің бетін ашып қоюға болмайды.Себебі, қоқым түсіп кетуі мүмкін.
3.Сүттен жасалған тағамдарды жерге төгуге болмайды.
5
2) Сүттен жасалатын тағамдардың түрлері
Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры.Соның ішінде ұлт тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бөлек.Сүт тағамдарын халық бір сөзбен айтқанда «ақ» деп атайды.
Сүттен жасалатын тағамдардың түрлеріне қарап бөлдім:
Сұйық Қою Қатты Жұмсақ
Сары май
Жент
Уыз
Құрт
Ірімшік
Малта
Қаймақ
Қатық
Балқаймақ
Айран
Сарысу
Шалап
Ақ ірімшік Қызыл ірімшік
Жент Сары май
Қаймақ. 6
3) Сүт – адам денсаулығына қажетті нәр.
Сиыр сүті табиғи өнім. Оның құрамында адам ағзасына қалыпты жетілу үшін барлық зат бар.Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды.Сүт ас қорыту мүшелеріміздің жұмысын жақсартып отырады.Сүтті пайдаланып әр түрлі тағамдар дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір өнім пайдаланылады.
Ал сүт қосып дайындалған тағам өте дәмді болады.оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеттері бар.Олар емдеу ,алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылып жүр.
Мысалы:
Сүт – құрамында А дәрумені – көздің көргіштігін жақсартады,
Сүт – ұйқы қашқанда жылы сүт ішіп жатса,адам жақсы ұйықтайды.
Құрт – балаларға беру міндетті.Өйткені бойының өсуіне,сүйектері мен тістерінің дұрыс қалыптасуына пайдасы зор.
Сары май – адам денсаулығының қуат көзі.Одан адам күш –қуат алады.
Ірімшік – адамның сүйектері мықты болу үшін қажет тағам.
Медицина ғылымы пайда болмай тұрып –ақ алдындағы асын тани білген қазақ нағыз данышпан.Асылы, аузынан ажырамаған халқымыз қымызын ішіп, құртын жеп отырып – ақ осы күнгі көп кеселдің алдын алған.
7
ІІІ.Зерттеу бөлімі
1)Сүттен жасалатын тағамдарды дайындау әдістері.
А. Зерттеу затым: Қаймақ
Қаймақ- бұл тағамның бірнеше түрі бар: піскен қаймақ,шикі қаймақ, балқаймақ.
Піскен қаймақ – піскен сүттің бетінен алынады. Шайға құю үшін қолданады.
Балқаймақ – қаймаққа бал қосып қайнатып алынады.
Шикі қаймақ – сиырды сауып, оның сүтін сүзіп сепаратор құралымен алынатын түрі. Оны мен арнайы бақлап отырып анықтадым.
1 сурет. Сүт салуды бастау. 2 сурет. Менің көмегім.
3 сурет. Менің үйренуім. 4 сурет. Міне, дайын қаймақ!
8
Ә. Зерттеу затым: Сары май.
Сары май – қазақ халқының қасиетті тағамы. Қазақтың дастарханында май маңызды орын алады. Өйткені май тағамның құнары және қуаты.Сүттен қаймақ, қаймақтан май жасалады.Қою қаймақты былғап отырып май алуға болады. Оны май шайқау дейді.Әбден май түзілген соң оның суы қалады. Оны құрт қайнатуға жинайды.Ал алынған майды жуып тұздап, мұздатқышқа қатырады.
Мен бірнеше күн жиналған қаймақты кең ыдысқа салып оны оқтаумен былғадым.Былғап отырып қаймақтың қоюланып жатқанын байқадым.Сөйтіп, менің былғаған қаймағым сары түске ауысты.мен оны әрі қарай былғадым
Содан сары түсті май біріге бастады да оның арасынан суы шықты. Сөйтіп мен ақ түсті қаймақтан сары түсті май жасадым. 9
Б.Зерттеу затым: Ақ ірімшік.
Ақ ірімшік - сүтке айран қосып ірітіп қайнату арқылы дайындалады. Кейде ашып қалған сүттің ұйығанын қайнатып ірімшік алынады.
Менің әжем ақ ірімшікті жасағанда мен оған көмектестім. Біз ащыған сүтті бір үлкен ыдысқа құйып,оны отқа қойдық. Ол қайнағасын сары суы шығады. Ал ірімшігі ыдыстың түбінде қалады. Әжем оны сүзіп алды да қапшыққа салды. Оның суы ағып болғасын ақ ірімшік дайын болады. Мына суретте біз жасаған дайынақ ірімшік.
10
В.Зерттеу затым: Жент (қоспа).
Жент (қоспа) - осы тағамды қызыл ірімшіктен дайындайды.оны ақ ірімшік сияқты жасайды.Тек оны қызарғанша қайнатады. Одан ол ірімшікті мәрліге түйіп іліп қояды.Түйген қызыл ірімшікке қант,өрік-мейіз қосып, сары майға араластырады да қатырыпқойып жейді.
Мен осы тағамды әжем дайындағанда бақылап отырдым , дәмін таттым.
11
Г.Зерттеу затым: Құрт.
Құрт – сөзінің мағынасы «құрғатылған» сүт дегенді білдіреді.Құртты дайындау үшін ашыған сүт, майдың суын бір үлкен ыдысқа бірнеше тәулік жинайды. Ол ашыған соң қазаннын түбіне май жағып отқа қояды да, оған ашыған сүттерді құяды. Түбі жабысып қалмас үшін оны былғап отырады.Әбден қоюланған құртты қапқа құйып іліп қояды,сонда оның қалдығы тағы ағып құрғайды. Содан қаптан алып қолымен сықпалап өреге, нетақтайға жаяды.
Әжем құртты жиі қайнатады. Мен оған көмектесемін. Құртты бірге қайнатамыз. Әбден қоюланған құртты қапқа құйып іліп қояды,сонда оның қалдығы тағы ағып құрғайды. Содан қаптан алып қолымен сықпалап өреге, нетақтайға жаяды. Мен жаюды үйрендім.
12
2) Сүт тағамдарының басқа да сырлары бар.
Сүт - табиғи өнім болып табылады.Ол қасиеті әрі сіңімді тағам. Сонымен қатар сүт, сүтті тағамдарды күнделікті өмірде қолдануға болады:
1)ыдыстарды тазалауға;
2) шаш түбірін беріктетуге;
3)бет тазалауға;
4)қолдағы сырды кетіруге;
5)етті дәмді пісіруге;
6)жәндіктер шаққан ісікті қайтару үшін;
7)түтінге уланған жағдайда ішкізу;
8) мал терісін илеуге;
13
Қорытынды.
Сүт тағамдары – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамдардың емдік, тұрмыстық пайдасы бар.
Мен сыныптастарымның арасында сүт тағамдарынан қандай түрлерін білетіндерін тексергенде, олар қаймақ ,май,айран, құрт деп жауап берді. Мен оларға тағы басқа түрлерін айтып таныстырдым.Олар: қатық, сүзбе, балқаймақ. Оны менің әжем дайындайды.Енді мен достарымнан сүт тағамдарының пайдасы жайлы сұрағанымда олардың көбі білмей шықты. Мен осы жобам арқылы оларды сүт тағамдарының пайдасымен таныстырдым. Біздің ағзамызға өте қажет екенін айттым.Мысалы: асқазанымыз дұрыс жұмыс істеу үшін сүт ішу керек, сүйегіміз бен тісіміз мықты болу үшін ірімшік пен құрт жеу қажет екенін айтып таныстырдым. Мен сүттен алынатын барлық тағамдардың қалай алынатынын өз қолымен жасадым.Құрт кептіруге әжеме көмектестім, май шайқадық, ақ ірімшік жасадық.Осыдан мынандай қорытындыға келдім:
Сүттен алынатын тағамның барлығы әрі дәмді, әрі пайдалы, әрі қасиетті.Оларды ішіп жеген адам ешқашан ауырмайды, денсаулығы мықты болады.
Сонымен қатар үлкен ыдыстарды (қазан, таба, құмыра, шәйнек) тазарту үшін ашыған сүтті құйып тазартуға болатынын достарыма айттым.Оны мен әжеммен бірге жасап байқадым. Менің ойымша болашақта сүттің әлі талай пайдалы сырлары мен қырлары ашылып әлемге танылады.
14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1.Қалиев С.,Оразаев М., Смайылова М., Қазақ халқының салт- дәстүрлері. Алматы «Рауан» 1994
2. Кенжеахметұлы С., Қазақтың дарқан дастарханы, Алматыкітап, 2007 жыл.