kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ылыми жоба "Ж?зжылды?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ылыми жоба

Та?ырыбы: Ж?зжылды?

?тегенова Г?лжанат Жансерік?ызы 3«В»сынып о?ушысы

                 Жоспары

    Аннотация

      І. Кіріспе

          1.1.?сімдіктерді? адам а?засына пайдасы

     ІІ. Негізгі б?лім

2.1 Ж?зжылды? туралы жалпы ма?л?мат

2.2. Ж?зжылды?ты? к?беюі

2.3. Ж?зжылды?ты? ?олданылуы   

2.4. Ж?зжылды?ты? ем болатын аурулары ж?не ?олданылуы

2.5. Ж?зжылды?тан жасал?ан ?оспалар

2.6. Ж?зжылды? с?ліні? адам а?засына ?серін зерттеу

     ІІІ. ?орытынды

                                       Аннотация

Ж?зжылды?  ?сімдігіні?  емдік  ?асиетін  зерттеуіме  ?йдегі  ?жем  себепші  болды.     Бірде  ?жем  ?атты  ауырып,  аурухана?а  т?сті.  Ол  кісіні?  ауруына  ішекке  т?скен  жара  деген  диагноз  ?ойылды. Ол  кісіні?  тез  айы?уына  ж?зжылды?  ?сімдігіні?  пайдасы  бар  деген  с?зді  ??ла?ым  шалды.  Содан  кейін  осы  ?сімдік  туралы  деректер  жинадым.  Ж?зжылды?ты  ?йге  ?келіп  ?сіріп,  ?андай  ауру?а  ?олдану?а  болатынын  зерттеп  білдім.

Зерттеуді?  ма?саты:  Ж?зжылды?  ?сімдігін  зерттей  отырып,  оны?  емдік      ?асиетін   аны?тау  ж?не  насихаттау.

Зерттеуді?  міндеттері:

*Ж?зжылды?  ?сімдігін  зерттей  отырып,  оны?  адам  ?міріндегі  ма?ызын  ашу. Б?л  ?сімдік  емдік  шараны?  к?зі  екенін  д?лелдеу. 

*Ж?зжылды?ты?  ?сетін  жерлерін,  ?су  ерекшелігін  аны?тап,  оны?  адам  ?міріні?  арашасы  екеніне  к?з  жеткізу.

*Адамдарды  ?орша?ан  таби?ат  аясын  ?ор?ау?а,  аялау?а  ша?ыру. Таби?ат  ?леміні?  адам?а  берер  сыйы  мол  екеніне  к?з  жеткізу.

             ?сімдіктерді? адам  а?засына пайдасы

?аза? жері ?р т?рлі таби?и жа?дайдан, орманды далалы, таулы айма?тардан т?рады. Міне осындай ?лан?айыр ?лкемізде алуан т?рлі ?сімдіктер ?седі. ?ай заманда болмасын, адамзат баласы ?сімдік ?німдеріні? та?амды? жа?ынан ?ана емес, емдік, шипалы? жа?ына да к??іл б?лген.

Жер ж?зіндегі д?рілерді? 40 пайызы ?сімдіктен дайындалады. Жан?а шипа, дертке дауа д?рілерді? к?пшілігі ?сімдіктен алынады. Жер бетінде ?сетін барлы? ?сімдіктерді? пайдасына к?з жіберіп ?араса?, ж?рек ауруларын емдейтін д?рі – д?рмекті? 70 пайызы, ішек – ?арын, бауыр д?рілеріні? 75 пайызы, жатыр ауруларыны? шипалы д?рі –д?рмектеріні? 80 пайызы, ?а?ыры? т?сіретін д?рілерді? 80 пайызы, ?ан то?татын д?рілерді? 65 пайызы тек ?сімдіктен алынады. Шипалы ?сімдіктер ?атарына ?р т?рлі с?нді ?сімдіктер де жатады. Сондай-а?, бізді? бау-ба?шамызда ая? астында ?аптап ?сетін арамш?птер ж?нінде де осыны айту?а болады. ?здеріні? жер ?стінде ж?не жер астында ?сетін м?шелерінде аса ба?алы «?й д?ріханасына» ?ажетті заттарды? болуы ар?ылы оларды? к?пшілігі аса пайдалы. Адам баласы а?ылы мен е?бегіні? ар?асында жабайы ?сімдіктерден т??ым алып 20 мы?нан астам м?дени ?сімдіктерді ?олдан ?сіріп шы?арады. С?йтіп ?азіргі кезде олар адамны? игілігіне айналды. Ерте заманнан-а? ата-бабаларымыз д?рілік ?сімдіктерді тани біліп, оны? емдік ?асиеттерін ж?не тиімді пайдалану жолдарын ?з т?жірибелерінен ?ткізген.

           Лалаг?лділер т??ымдасы – ж?зжылды?ты? сипаттамасы

Емдік ?асиеті мен б?лме ?сімдіктеріні? патшайымы атан?ан ж?зжылды? лалаг?л т??ымдасына жатады. Сонымен ?атар д?рігерлер мы?жылды? деп те атайды. Ж?зжылды?ты? ?оспалары ?ытайды? мы?жылды? ?оспаларында бар. Египетте ?йді? кіре беріс жерінде ж?зжылды? отыр?ызылады. Ол денсаулы? пен ?за? ?мірді? символы.  Отаны-О?т?стік Африка. Таралуы: Африка мен Индияны? жартылай ш?л далаларында, Мадагаскарда кездеседі. Ж?зжылды? – асфоделовтар т??ымдасыны? суккулентті ?сімдіктер туысы.. Олар м??гі жасыл немесе алабажа?, ш?птесін, б?та, а?аштектес к?пжылды? суккулент ?сімдік. Жапыра?ы шырынды, ?те жуан, етженді, ?ылыш т?різді ж?не тікенді болып келеді. Биіктігі 7-12 м-дей болып келеді. ?те ерте г?лдейді. Г?лшо?ыры ?сімдікті? жо?ар?ы жа?ында шаша? т?зеді. Біра? ?те сирек г?лдейді ж?зжылды? («столетник») деген атты? ?зі со?ан байланысты ?ойыл?ан. ?ызыл, ?ыз?ылт-сары, сары т?сті, г?лі т?тікше келген ?о?ырау т?різді г?лшо?ырына топтал?ан.

Ж?зжылды?ты? к?беюі

 Негізінен ??стар ар?ылы тоза?данады. Т??ымынан кейде ?сімді (вегетативті) жолмен де к?бейеді. Т??ымы жалпа?тау ?о?ыр т?сті. Ж?зжылды?ты ?семдік ретінде ж?не емге пайдалану ?шін б?лме ?сімдігі ретінде ?сіруге болады. Оны к?бейту ?шін саба?ыны? т?бінен шы?атын атпа б?та?тарын аналы? ?сімдіктен б?ліп алып, ??мды ??нарлы топыра??а отыр?ызу керек. Ж?зжылды?ты шілде мен тамыз ж?не к?ктем  айларында к?бейтеді. Сонымен бірге т??ыммен де к?бейтуге болады. Т??ымын а?пан, наурыз айында себеді. Б?лмеге ?сірген ж?зжылды?ты о?т?стік-шы?ыс жа??а ?ара?ан терезе алдына ?ойса жа?сы ?седі. ?алыпты м?лшерде суарып т?ру ?ажет. Ж?зжылды?ты? жапыра? ??рамында глюкозид, эфир майы т. б. д?рілік заттар бар, сонды?тан ж?зжылды?ты? шырынын т?рлі ауруларды емдеуге ?олданады.

Ж?зжылды?ты? ?олданылуы

?олдану б?лігі: жапыра?ы, с?лі. Жапыра?ын кесерден 2 апта б?рын суармау керек. Емдік ма?сат?а 3-5 жылдан ас?ан ж?зжылды? ?ана жарайды. Жинау уа?ыты: жыл бойы. ?асиеті: кермек д?мді, усыз келеді. 

Жапыра? с?лі т?бет ашады, ас ?орытады. ?р т?рлі микробтар?а ?арсы т?ра алады. Химиялы? медицинада ж?зжылды?ты? шырыны жараны та?у?а, ?р т?рлі тері ауруларына пайдаланады. ?сімдіктерді? жа?а с?лі ?сіресе ?ара??ы жерде ?ста?аны туберкулезді емдеу ?шін ?олданады. Халы? медицинасында жа?а жапыра?тарды к?йікті жазу?а, дерматитке ?арсы д?рі ретінде ?олданылады. Ж?зжылды?ты? су т?нбасы т?бетті толы?тай ашады. Академик В.П.Филатов ж?зжылды?ты? жапыра?ын т?нде я?ни 4-8 рет ?стауды ескертеді, себебі осы уа?ытта ж?зжылды? жапыра?ында негізгі заттар жина?талады. Олар ?лпа ж?мысын жа?сартады.  Осы ?діс к?птеген жазылмас ауруды? алдын алу?а к?мектеседі. Тері сыртында?ы ірі?ді жара, к?йік, ?а?ын?ан жаралар?а ?сімдікті? жапыра?ы мен с?лін ?олданады. К?зді? де ?р т?рлі ж??палы аурулары ?шін ?олданылады. Сонымен ?атар демікпеде, ас?азан ойы? жарасында., ас?азан ауруларына ?арсы ?олданады. Кейбір шырындар?а ?осады. Ж?зжылды?ты? д?рілік ?асиеті осыдан 3000 жыл б?рын белгілі болды. Оны Египетте, кейін Индияда, Италия, Грецияда сырт?ы к?йіктерге арнап ?олданды. Орыс медицинасында жапыра? с?лін ж?йке ауруларын, бас ауруы т.б. сыр?ат ?шін, бал мен борсы? майын ?осып туберкулезді емдейді.

Ж?зжылды?ты? ем болатын аурулары ж?не ?олданылуы:

 Иммунитет к?теруде: 500 г жа?а кесілген ж?зжылды? жапыра?ын  грек жа??а?ы д?німен араластырып, ет тарт?ыштан ?ткіземіз. О?ан 1,5 стакан бал араластырып, тама?тан со? бір ас ?асы?тан к?ніне 3мезгіл бір ай ішу керек.

Тіс ауыр?анда алдымен т?зды сумен жуып, ж?зжылды?ты 1 г ?нта?тап, оны тіске басады.

Сырт?ы жара?аттан ?ан шы??анда ж?зжылды?тан лайы?ты м?лшерде алып, жаншып жара?ат?а та?ады.                                                                                   

Демікпеге жас ж?зжылды?тан езіп, шырынын к?ніне 3 рет, ?р ретте 5 мг ішеді.

Ши?ан шы??анда, ірі?ді жараларды ж?зжылды?ты? жапыра?ын тіліп, жараны? аузына тартады. Ши?анны? со?тасын сору?а, тез жазылуына, ?рі ?арай созылмауына ж?зжылды? жапыра?ы к?п к?мектеседі.

Ішек ауруына 2 тал ж?зжылды?  жапыра?ын еттарт?ыштан ?ткізіп, 250 г балмен араластырып, 3 к?н сал?ын жерге ?ояды. ?оспаны  к?ніне 3 рет ас ?асы?пен ішеді.

Сондай-а? адамны? т?бетін ашу?а, іш то?тат?ан?а, ас?азан ауруына ж?не баспа?а жа?сы ем. Бал ?осыл?ан ж?зжылды? шырыны туберкулез ауруына бірден-бір ем болып табылады.

Ж?зжылды?тан жасал?ан ?оспалар

?оспа № 1

?олмен ж?зжылды? жапыра?ын езіп, к?ніне с?лін 3-4 тамшы ?олданады. М?рын ?уысы ауруына ?олданады.

?оспа № 2

С?лін балмен араластырып, бронхит?а ?арсы к?ніне 3 рет шай ?асы?ты? 1/2 б?лігін пайдаланады.

 ?оспа № 3

Жаралар?а жапыра?ын ортасынан кесіп, ыл?ал жа?ын та?ады.

?оспа № 4

Суы? тиюге 2-3 са?ат аралы?ында 5-6 тамшы пайдаланады.

 ?оспа № 5

Жапыра?ын кесіп, тазалап жуып, еттарт?ыштан ?ткіземіз. Бал ?осамыз. Ішек, ас?азан ?ыжылына 1 ас ?асы?тан ?олданады.

                                           Ж?зжылды? с?ліні? адам а?засына ?серін зерттеу

 Т?жірибе

Ж?зжылды? с?ліні? адам а?засына пайдасы.

Зерттеу ?дісі: ішке ?абылдау

Ма?саты: Жа?дайын жа?сару

Уа?ыты: 1-30 тамыз 2013 жыл

Зерттелуші: ?жем

Зерттеу барысы: к?ніне 3 мезгіл ас  ?асы?пен ішу

?орытындысы: Жа?дайы жа?сы

?сынылады: ж?зжылды? с?лі а?заны? ?ызметін жа?сартады.К?нделікті ?олдану ішектегі жараны жазады, ас?азан ?ыжылын жа?сартады.

                    ?орытынды

Осы ж?мысты жазу  барысында ???аным  ?сімдік  к?птеген пайда ?келеді. «Ауруды? жа?сысы жо?, д?ріні? т?ттісі жо?» дегендей ?азіргі заманда химикат д?рілер к?бейіп жатыр. Оларды? адам а?засына тигізетін зияны к?п. Ал ?сімдік адам ?шін азы?ты? ?айнар к?зі. Денсаулы?ымыз мы?ты болуы ?шін батпандап кіріп,мыс?ылдап шы?атын ауруды д?рісіз-а? ?й жа?дайында айналада ?сетін д?рілік ?сімдіктермен-а? емдеп жазу?а болады. Д?рілік ?сімдіктермен айналысу денсаулы?ымызды са?тау?а к?мектеседі, отбасыны? ?аражатын ?немдейміз, таби?ат байлы?ын ?ор?ау?а да атсалысамыз. Міне, осындай емдік ?асиеті бар ?сімдіктерге о?ушылар кішкентайынан м?н беріп, ?з игілігіне ?олдана білсе, шипаны алыстан іздемей, дертіне дауа таба алар еді.

  ?сыныс

*Ж?зжылды?  ?сімдігін  к?нделікті  т?рмыста  к?п  ?сіріп, олар?а  к?тіммен  ?арауды  ?з  достарыма  ?сынамын.

*Ж?зжылды?  ?сімдігіні?  емдік  ?асиетіне  байланысты  халы?  еміне  арнал?ан  ?оспа  жасау  ?дістері  мен  ?олданылуы  ж?нінде  кітапшалар  шы?арылып  к?пшілік  о?ырман?а  ?сынылса.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ылыми жоба "Ж?зжылды?" »

Ғылыми жоба

Тақырыбы: Жүзжылдық

Өтегенова Гүлжанат Жансерікқызы 3«В»сынып оқушысы

Жоспары

Аннотация

І. Кіріспе

1.1.Өсімдіктердің адам ағзасына пайдасы

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Жүзжылдық туралы жалпы мағлұмат

2.2. Жүзжылдықтың көбеюі

2.3. Жүзжылдықтың қолданылуы

2.4. Жүзжылдықтың ем болатын аурулары және қолданылуы

2.5. Жүзжылдықтан жасалған қоспалар

2.6. Жүзжылдық сөлінің адам ағзасына әсерін зерттеу

ІІІ. Қорытынды









Аннотация

Жүзжылдық өсімдігінің емдік қасиетін зерттеуіме үйдегі әжем себепші болды. Бірде әжем қатты ауырып, ауруханаға түсті. Ол кісінің ауруына ішекке түскен жара деген диагноз қойылды. Ол кісінің тез айығуына жүзжылдық өсімдігінің пайдасы бар деген сөзді құлағым шалды. Содан кейін осы өсімдік туралы деректер жинадым. Жүзжылдықты үйге әкеліп өсіріп, қандай ауруға қолдануға болатынын зерттеп білдім.











Зерттеудің мақсаты: Жүзжылдық өсімдігін зерттей отырып, оның емдік қасиетін анықтау және насихаттау.



Зерттеудің міндеттері:

*Жүзжылдық өсімдігін зерттей отырып, оның адам өміріндегі маңызын ашу. Бұл өсімдік емдік шараның көзі екенін дәлелдеу.

*Жүзжылдықтың өсетін жерлерін, өсу ерекшелігін анықтап, оның адам өмірінің арашасы екеніне көз жеткізу.

*Адамдарды қоршаған табиғат аясын қорғауға, аялауға шақыру. Табиғат әлемінің адамға берер сыйы мол екеніне көз жеткізу.











Өсімдіктердің адам ағзасына пайдасы

Қазақ жері әр түрлі табиғи жағдайдан, орманды далалы, таулы аймақтардан тұрады. Міне осындай ұланғайыр өлкемізде алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағынан ғана емес, емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген.

Жер жүзіндегі дәрілердің 40 пайызы өсімдіктен дайындалады. Жанға шипа, дертке дауа дәрілердің көпшілігі өсімдіктен алынады. Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасына көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі – дәрмектің 70 пайызы, ішек – қарын, бауыр дәрілерінің 75 пайызы, жатыр ауруларының шипалы дәрі –дәрмектерінің 80 пайызы, қақырық түсіретін дәрілердің 80 пайызы, қан тоқтатын дәрілердің 65 пайызы тек өсімдіктен алынады. Шипалы өсімдіктер қатарына әр түрлі сәнді өсімдіктер де жатады. Сондай-ақ, біздің бау-бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы. Адам баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым алып 20 мыңнан астам мәдени өсімдіктерді қолдан өсіріп шығарады. Сөйтіп қазіргі кезде олар адамның игілігіне айналды. Ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірибелерінен өткізген .

Лалагүлділер тұқымдасы – жүзжылдықтың сипаттамасы

Емдік қасиеті мен бөлме өсімдіктерінің патшайымы атанған жүзжылдық лалагүл тұқымдасына жатады. Сонымен қатар дәрігерлер мыңжылдық деп те атайды. Жүзжылдықтың қоспалары Қытайдың мыңжылдық қоспаларында бар. Египетте үйдің кіре беріс жерінде жүзжылдық отырғызылады. Ол денсаулық пен ұзақ өмірдің символы. Отаны-Оңтүстік Африка. Таралуы: Африка мен Индияның жартылай шөл далаларында, Мадагаскарда кездеседі. Жүзжылдық – асфоделовтар тұқымдасының суккулентті өсімдіктер туысы. . Олар мәңгі жасыл немесе алабажақ, шөптесін, бұта, ағаштектес көпжылдық суккулент өсімдік. Жапырағы шырынды, өте жуан, етженді, қылыш тәрізді және тікенді болып келеді. Биіктігі 7-12 м-дей болып келеді. Өте ерте гүлдейді. Гүлшоғыры өсімдіктің жоғарғы жағында шашақ түзеді. Бірақ өте сирек гүлдейді жүзжылдық («столетник») деген аттың өзі соған байланысты қойылған. Қызыл, қызғылт-сары, сары түсті, гүлі түтікше келген қоңырау тәрізді гүлшоғырына топталған.





Жүзжылдықтың көбеюі

Негізінен құстар арқылы тозаңданады. Тұқымынан кейде өсімді (вегетативті) жолмен де көбейеді. Тұқымы жалпақтау қоңыр түсті. Жүзжылдықты әсемдік ретінде және емге пайдалану үшін бөлме өсімдігі ретінде өсіруге болады. Оны көбейту үшін сабағының түбінен шығатын атпа бұтақтарын аналық өсімдіктен бөліп алып, құмды құнарлы топыраққа отырғызу керек. Жүзжылдықты шілде мен тамыз және көктем айларында көбейтеді. Сонымен бірге тұқыммен де көбейтуге болады. Тұқымын ақпан, наурыз айында себеді. Бөлмеге өсірген жүзжылдықты оңтүстік-шығыс жаққа қараған терезе алдына қойса жақсы өседі. Қалыпты мөлшерде суарып тұру қажет. Жүзжылдықтың жапырақ құрамында глюкозид, эфир майы т. б. дәрілік заттар бар, сондықтан жүзжылдықтың шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады.

Жүзжылдықтың қолданылуы

Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі. Жапырағын кесерден 2 апта бұрын суармау керек. Емдік мақсатқа 3-5 жылдан асқан жүзжылдық қана жарайды. Жинау уақыты: жыл бойы. Қасиеті: кермек дәмді, усыз келеді. 

Жапырақ сөлі тәбет ашады, ас қорытады. Әр түрлі микробтарға қарсы тұра алады. Химиялық медицинада жүзжылдықтың шырыны жараны таңуға, әр түрлі тері ауруларына пайдаланады. Өсімдіктердің жаңа сөлі әсіресе қараңғы жерде ұстағаны туберкулезді емдеу үшін қолданады. Халық медицинасында жаңа жапырақтарды күйікті жазуға, дерматитке қарсы дәрі ретінде қолданылады. Жүзжылдықтың су тұнбасы тәбетті толықтай ашады. Академик В.П.Филатов жүзжылдықтың жапырағын түнде яғни 4-8 рет ұстауды ескертеді, себебі осы уақытта жүзжылдық жапырағында негізгі заттар жинақталады. Олар ұлпа жұмысын жақсартады. Осы әдіс көптеген жазылмас аурудың алдын алуға көмектеседі. Тері сыртындағы іріңді жара, күйік, қағынған жараларға өсімдіктің жапырағы мен сөлін қолданады. Көздің де әр түрлі жұқпалы аурулары үшін қолданылады. Сонымен қатар демікпеде, асқазан ойық жарасында., асқазан ауруларына қарсы қолданады. Кейбір шырындарға қосады. Жүзжылдықтың дәрілік қасиеті осыдан 3000 жыл бұрын белгілі болды. Оны Египетте, кейін Индияда, Италия, Грецияда сыртқы күйіктерге арнап қолданды. Орыс медицинасында жапырақ сөлін жүйке ауруларын, бас ауруы т.б. сырқат үшін, бал мен борсық майын қосып туберкулезді емдейді.





Жүзжылдықтың ем болатын аурулары және қолданылуы:

 Иммунитет көтеруде: 500 г жаңа кесілген жүзжылдық жапырағын грек жаңғағы дәнімен араластырып, ет тартқыштан өткіземіз. Оған 1,5 стакан бал араластырып, тамақтан соң бір ас қасықтан күніне 3мезгіл бір ай ішу керек.

Тіс ауырғанда алдымен тұзды сумен жуып, жүзжылдықты 1 г ұнтақтап, оны тіске басады.

Сыртқы жарақаттан қан шыққанда жүзжылдықтан лайықты мөлшерде алып, жаншып жарақатқа таңады.                                                                                   

Демікпеге жас жүзжылдықтан езіп, шырынын күніне 3 рет, әр ретте 5 мг ішеді.

Шиқан шыққанда, іріңді жараларды жүзжылдықтың жапырағын тіліп, жараның аузына тартады. Шиқанның соқтасын соруға, тез жазылуына, әрі қарай созылмауына жүзжылдық жапырағы көп көмектеседі.

Ішек ауруына 2 тал жүзжылдық жапырағын еттартқыштан өткізіп, 250 г балмен араластырып, 3 күн салқын жерге қояды. Қоспаны күніне 3 рет ас қасықпен ішеді.

Сондай-ақ адамның тәбетін ашуға, іш тоқтатқанға, асқазан ауруына және баспаға жақсы ем. Бал қосылған жүзжылдық шырыны туберкулез ауруына бірден-бір ем болып табылады.













Жүзжылдықтан жасалған қоспалар

Қоспа № 1

Қолмен жүзжылдық жапырағын езіп, күніне сөлін 3-4 тамшы қолданады. Мұрын қуысы ауруына қолданады.

Қоспа № 2

Сөлін балмен араластырып, бронхитқа қарсы күніне 3 рет шай қасықтың 1/2 бөлігін пайдаланады.

 Қоспа № 3

Жараларға жапырағын ортасынан кесіп, ылғал жағын таңады.

Қоспа № 4

Суық тиюге 2-3 сағат аралығында 5-6 тамшы пайдаланады.



 Қоспа № 5

Жапырағын кесіп, тазалап жуып, еттартқыштан өткіземіз. Бал қосамыз. Ішек, асқазан қыжылына 1 ас қасықтан қолданады.









Жүзжылдық сөлінің адам ағзасына әсерін зерттеу

 Тәжірибе

Жүзжылдық сөлінің адам ағзасына пайдасы.

Зерттеу әдісі: ішке қабылдау

Мақсаты: Жағдайын жақсару

Уақыты: 1-30 тамыз 2013 жыл

Зерттелуші: әжем

Зерттеу барысы: күніне 3 мезгіл ас қасықпен ішу

Қорытындысы: Жағдайы жақсы

Ұсынылады: жүзжылдық сөлі ағзаның қызметін жақсартады.Күнделікті қолдану ішектегі жараны жазады, асқазан қыжылын жақсартады.









Қорытынды

Осы жұмысты жазу барысында ұққаным өсімдік көптеген пайда әкеледі. «Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ» дегендей қазіргі заманда химикат дәрілер көбейіп жатыр. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны көп. Ал өсімдік адам үшін азықтың қайнар көзі. Денсаулығымыз мықты болуы үшін батпандап кіріп,мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз-ақ үй жағдайында айналада өсетін дәрілік өсімдіктермен-ақ емдеп жазуға болады. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулығымызды сақтауға көмектеседі, отбасының қаражатын үнемдейміз, табиғат байлығын қорғауға да атсалысамыз. Міне, осындай емдік қасиеті бар өсімдіктерге оқушылар кішкентайынан мән беріп, өз игілігіне қолдана білсе, шипаны алыстан іздемей, дертіне дауа таба алар еді.





Ұсыныс

*Жүзжылдық өсімдігін күнделікті тұрмыста көп өсіріп, оларға күтіммен қарауды өз достарыма ұсынамын.



*Жүзжылдық өсімдігінің емдік қасиетіне байланысты халық еміне арналған қоспа жасау әдістері мен қолданылуы жөнінде кітапшалар шығарылып көпшілік оқырманға ұсынылса.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
?ылыми жоба "Ж?зжылды?"

Автор: ?тегенова Гулжанат Жансерік?ызы

Дата: 17.04.2015

Номер свидетельства: 202608


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства