kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

БАЛА Т?РБИЕСІНДЕГІ АТА – АНАНЫ? РОЛІ.

Нажмите, чтобы узнать подробности

БАЛА Т?РБИЕСІНДЕГІ АТА – АНАНЫ? РОЛІ

Жоспар:

  1. Жар?ын болаша? кепілі – жас  ?рпа?.
  2. ?мір мектебінде отбасыны? ролі ерекше.
  3. Т?рбие барысында?ы ана ролі.
  4. ?аза?стан Республикасыны? За?дарында бала ???ы?ыны? ?ор?алуы.
  5. Баланы? жан –жа?ты дамуы ?шін отбасы мен ?о?амны? байланысы.

?рбір ата-ана ?з перзентіні? ?депті, саналы, иманды да ибалы, Отаныны? с?йікті ж?не кішіпейіл азаматы болып жетілуін ?алайды. Ата-ана перзентіні? жа?сы азамат болып жетілуі ?шін ?з отбасында балаларын т?рбиелеуді? н?зік жа?тарыны? зандылы?тарын білуі шарт. Сыйласты?, т?сіністік, ?лкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – ба?ытты отбасы. Ба?ытты отбасында ?ана ата-ана ж?не оларды? ?зара ?атынасы мазм?нды, берілген т?рбие сенімді ж?не негізді.

Бала т?рбиесіні? ал?аш?ы алтын ?азы?ы – ту?ан ?ясы, ?з отыны? басында?ы т?рбиесі, тілі. ?аза?ты?: «Баланы? бас ?стазы – ата-ана», «Балапан ?яда не к?рсе, ?ш?анда соны іледі» — дегендей, есі кіріп, тілі шы?а бастасымен-а? баланы байсалды, ??ымпаз, тілал?ыш етіп баулы?ан ж?н.

?ай халы? болмасын ?мітін е? алдымен ?рпа?ымен байланыстырады. Міне, сонды?тан да:

«Ана – ?йді? берекесі,

Бала ?йді? – мерекесі.

Б?та?ымен а?аш сымбатты,

?рпа?ымен адам ?ымбатты.

ала болса? бал?ындай бол.

Айнала?а ?ор?андай бол» —

деген ?а?иданы берік ?ста?ан ата-бабаларымыз ?з ?рпа?ын адам – деген ата??а лайы? етіп ?сіруді ма?сат еткен. Ата-ана т?рбие беруде ата-бабамызды? салт-санасы, ?дет-??рпында ж?ргізілген ?лгі-?негесіні? м?нісі зор. Отбасы т?рбиесінде ?кені? де, ананы? да орны б?лек. ?ке мен ана – баланы? ал?аш?ы ?стазы. Адамзат баласы ананы? мейірлі мейіріне ?анып, ?ке ?сиеттерін ты?дап ?ссе ?ана т?рбиелі отбасынан шы??аны к?пке танытады.

Ана – бала т?рбиесіндегі ерекше т?л?а. Дана Абай бабамыз ?аза? ?йеліні?, ананы? отбасында?ы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «Адам бойында?ы барлы? ?асиеттер ананы? а? с?тімен жарал?ан» — деген ??ламалы? ойды тарата келе, осы ?асиетті? міндетті т?рде т?рбиеленуі туралы айтады.

Т?рбиені? негізі «ананы? ?лдиінен» басталады емес пе? Ана т?рбиесі ?лылы? д?нін себеді. Т?рбиелі анадан – т?рбиелі бала ?сіп шы?ады. Сон?ы жылдары отбасында, ?о?амда ер адамдарды?, ?келерді? р?лі т?мендегендей. Б??ан кейде заманды да кін?л?п жатамыз. ?рине, бала т?рбиесіндегі ?кені? орны б?лек, ?сірессе, ер бала т?рбиесінде. ?кені? ?ата? талабын, т?рбиесін к?рген бала ерте? ?о?амда да ?з отбасында да шешуші т?л?а бола алады. Кавказ халы?тарында: «На?ыз жайлы орын: ?ылыш?а – ?ынабы, от?а – шыра?ы, ер жігітке – ?з ?йі» — деген тамаша на?ыл с?з бар.

?аза?стан Республикасыны? Ата За?ы?да «Балаларына ?ам?орлы? жасау ж?не оларды т?рбиелеу – ата-ананы? таби?и ???ы?ы, ?рі парызы» -делінсе, «?аза?стан – 2030» ба?дарламасында: «?келер мен аналарды?, аталар мен ?желерді? ?з балалары мен немерелеріне сонау алыс болаша?та, олар бізді? жасымыз?а жеткен кезде ?андай к?йде к?ргіміз келеді…» — делініп, ?рпа? та?дыры айтылады. Бала – ата-анасыны? игі істеріні? жал?астырушысы, болаша?ы. Бала т?рбиесі – ата-ана ?шін к?рделі де, жауапты міндет. Жас шыбы? иілгіш болса, жас адам да сондай жа?сы?а да жаман?а да бірдей бейім болатыны баршымыз?а м?лім. Ата-ананы? ?йіндегі ?рекеті балаларыны? к?з алдында ?теді, сонды?тан жа?сы, жаман ?детімізді? бала т?рбиесіне ы?палы зор. ?рбір ата-ана – ?зіні? баласын Отан?а пайдалы, ?зіне мейірімді, е?бек?ор, адамгершілігі мол адам етіп т?рбиелеуге халы? алдында да, мемлекет алдында да жауапты. Бірде-бір ата-ананы? бала т?рбиесіне нем??райды ?арау?а еркі жо?. Егерде ол, бала ?сіруде ?ате жіберсе, осалды? бай?атса, ?артай?анда опы? жейтіні, ?кінішке ?рынатынына ешбір д?лелдеп жатуды ?ажет етпейтін а?и?ат. Бала т?рбиесі туралы с?з бол?анда: «Баланы жастан» — деген халы? даналы?ын ?мыту?а ешкімні? ха?ысы жо?.

Сонды?тан, «Бала жас, ?лі ешн?рсені білмейді, ?се келер б?рі т?сінеді» — деп ?арау – барып т?р?ан ?ателік. Бала т?рбиесі – ?р са?ат, ?р к?н сайын тынымсыз ж?ргізіле беретін аса жауапты, к?рделі процесс. Т?рбие отбасынан басталады, оны ?о?амды? т?рбиені? ?андай саласы болса да алмастыра алмайды. Ата?ты ?аза? а?ыны ?асым Аманжолов ?зіні? жарына арна?ан бір ?ле?інде:

«Отбасы –ша?ын мемлекет,

Мен – президент, сен – премьер» — дегені бар.

Отбасы – е? ?лкен, мы?ты т?рбие оша?ы, ша?ын мемлекет. Отбасыны? негізі баланы ?мірге келтіру ?ана емес, оны м?дени- ?леуметтік ортаны? ??ндылы?ын ?абылдату, ?рпа?ты?, ата-бабаларды?, ?лыларды? а?ыл-ке?ес т?жірібиесін бойына сі?іру, ?орша?ан орта, адамзат?а, ?з ?о?амына пайдалы етіп т?рбиелеу. ?лкен ?рпа?ты? т?жірібиесі, ?мірдегі беделі, а?ыл-ке?естері, ата-ананы? ?з борышын м?лтіксіз орындауы, бір-бірін ??рметтеуі – ?лкен т?рбие мектебі. Бала д?ниеге келгеннен бастап ата-ананы? ы?палында болып, ба?ыт беруші т?рбие мектебінен н?р алады. ?з отбасында бала ата-ананы? ?ам?орлы?ына, шексіз с?йіспеншілігіне б?леніп, ?ке мен ананы? жа?сылы?ы мен д?улетіні? ?ызы?ын к?ріп ?ана ?оймай, адамгершілік, ?деп-инабат та?ылымдарын алуы, оларды ме?геріп іс- ж?зінде ?олдануы ынта мен ы?ылас, ?айрат пен ?ажыр ететін жолынан ?туге тиіс.

«?атты т?ртіп к?рсе бала к?нінде,

?нермен ?уантады т?бінде.

Бала нені білсе жастан, ?ядан –

?ле-?лгенше соны таныр ?иядан.

?нер – білім берем десе? басынан,

Бер о?у?а балаларды жасынан,

 Жа?сы-жаман болса, бала — соларда» — деп ХІ ?асырда Ж?сіп Баласа??н айт?андай, ата-аналар балаларыны? жеке ерекшеліктерін жас к?нінен танып, со?ан ?арай ба?ыт-ба?дар т?рбие беруді? ма?ызы ерекше.

 Жас ?рпа?ты т?рбиелеуде отбасы ма?ызды орын алады. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ?я болса, «Баланы? бас ?стазы – ата - ана». Б?лар бала?а отбасылы? ?мірді? алуан т?рлі ?ыры мен сырын, тылсым д?ние ж?мба?тарын танытып, та?ылым – та?ылым?а, ?дептілікке баулиды. Себебі отбасы – таным белгісі, отбасы – ?ркениет оша?ы, отбасы – ?лгі ?неге бастауы. Ата – ана к?нделікті ?мір тіршілігінде е?бегі, адамды? бейнелері, жа?сы мінез – ??л?ы, д?рыс ?арым – ?атынасы, ар?ылы бала?а ?лгі. «Балапан ?ядан не к?рсе, ?ш?анда соны іледі», «?кеден а?ыл, анадан мейір» алады. Отбасында «?ке ас?ар тау, ана бауырында?ы б?ла?, бала – жа?асында?ы ??ра?» - болып есептеледі, ата – ана?а баладан жа?сы ешкім жо?. Сонды?тан баласыны? ?депті, арлы азамат болып ?алыптасуын армандайды. «Атадан жа?сы ?л туса, еліні? ?амын жейді», «?депті бала - арлы бала, ?депсіз бала – сорлы бала» - деп ?иналады, к?йзеледі, к?йінеді, сол жолда е?бек етеді.
Ата – ана отбасыны? жылылы?ы мен ынтыма?ын, бірлігі мен тынышты?ын, ?ам?орлы??а, мейірімділікке, с?йіспеншілікке негіздеп ??рып, са?тап, жан?я м?шелеріні? к?тері?кі к??іл – к?йде болуын ?амтамассыз етіп отыруы керек. Ата – ана отбасында ?здеріні? к?нделікті ж?мысы, тындыр?ан ісі туралы бала – ша?асыны? алдында айтып, ??гіме д?кен ??рады. ?кесіні? жетістігіне балалары да бірге ?уанысады. Б?л ма?таныш сезімін тудырады.
Бірте – бірте ?л ?ыздары да ?з жа?алы?тарын орта?а салып, айта бастайды. Осылайша, жан?я м?шелелеріні? бір – біріне деген сенімі, с?йіспеншілігі, досты? ?атынастары ны?ая т?седі. «Жан?я?а ?арап бала ?седі, ?ара?ай?а ?арап тал ?седі» - деп тегін айтылма?ан.
     Халы? педагогикасында «Бесіксіз ?йде береке жо?», «?йінде ?л – ?ызы барды? к?гінде с?нбес ж?лдызы бар», - деп бала т?рбиесіне ?уел бастан жіті ?ара?ан, ?мірдегі ?ыз бала мен ?л баланы? орнын д?л аны?та?ан.
«?л ту?ан?а – к?н туады, ?ыз ту?ан?а ай туады», «?ыз ?ріс», «?л ?ссе ?рпа?», «Д?улеті?ні? ?адірін ?лы? ?скенде білесі?, абыройы?ны? ?адірін ?ызын ?скенде білесі?» сия?ты аталы с?здер ?ыз бен ?л т?рбиесіні? ?аншалы?ты жауапты екенін бай?атады. Болаша?та?ы ба?ытты? баянды болу ?шін ?ке мен шешені? жеке т?л?асы баланы? жетуге талпынатын м?ратына айналуы керек. Себебі: «А? ж?рек ?ке - к?ншуа?, а? ж?рек ана – а? б?ла?», «?ке – ер, ана – жігер, бір ?йде екі кеме?гер», - деп ба?ала?ан халы?.
Отбасында баланы ежелден–а? халы?ты? ?деп – салты, д?ст?рі, ж?н – жорал?ысы рухында т?рбиелеген. Атап айтса?, адамдар арасында?ы д?рыс ?арым – ?атынас, екі жа?сы сыйласты?, ?лкенге ??рмет, кішіге ізет, дар?ан ?она?жайлылы?, к?л – к?сір меймандосты?, жомарттылы?, ке?пейілдік, адамдар?а ілтифат, ізет к?рсету, с?з ?нерін ??рметтеу, таби?атты ?астарлеуге баулы?ан.
       Сонымен, отбасында?ы т?рбие мен ?о?амды? т?рбие ?зара ты?ыз бірлікте, халы?ты? педагогикадан бастау алып ?ылымда д?лелденген н?тижелерге с?йеніп, т?рбие ??ралдарымен ?дістері д?рыс та?далып ж?ргізілсе, ізгілікті т?рбиені? к?зі ?аланба?.

Пайдаланыл?ан ?дебиеттер:
1. О?ушыларды? ?ылыми ?о?амдарын ?йымдастыру ж?не республикалы? ?ылыми жарыстарын ?ткізуге ?дістемелік н?с?аулар. Астана 2007.
2. ?аза?стан республикасы Жалпы орта білім беруді? мемлекеттік жалпы?а міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. - Алматы, 2002.
3. С.Л.Рубинштейн Основы общей психологии. Т.1-4. М., 1989.
4. В.А.Бухвалов Развитие учащихся в процессе творчества. «Педагогический поиск», 2000.
5. В.П.Беспалько Слагаемые педагогической технологии. «Педагогика», 1989
6. К?шімбетова С.А. О?у-т?рбие ?рдісінде о?ытуды? инновациялы? ?діс-т?сілдерін пайдалануды? педагогикалы? шарттары.
7. Базарбаева Н.А. Педагогикалы? ке?ес, 2009. №1

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«БАЛА Т?РБИЕСІНДЕГІ АТА – АНАНЫ? РОЛІ.»

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА – АНАНЫҢ РОЛІ


Жоспар:

  1. Жарқын болашақ кепілі – жас ұрпақ.

  2. Өмір мектебінде отбасының ролі ерекше.

  3. Тәрбие барысындағы ана ролі.

  4. Қазақстан Республикасының Заңдарында бала құқығының қорғалуы.

  5. Баланың жан –жақты дамуы үшін отбасы мен қоғамның байланысы.

Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» — дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.

Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да:

«Ана – үйдің берекесі,

Бала үйдің – мерекесі.

Бұтағымен ағаш сымбатты,

Ұрпағымен адам қымбатты.

ала болсаң балғындай бол.

Айналаңа қорғандай бол» —

деген қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын адам – деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана – баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі мейіріне қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққаны көпке танытады.

Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «Адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» — деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады.

Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе? Ана тәрбиесі ұлылық дәнін себеді. Тәрбиелі анадан – тәрбиелі бала өсіп шығады. Сонғы жылдары отбасында, қоғамда ер адамдардың, әкелердің рөлі төмендегендей. Бұған кейде заманды да кінәләп жатамыз. Әрине, бала тәрбиесіндегі әкенің орны бөлек, әсірессе, ер бала тәрбиесінде. Әкенің қатаң талабын, тәрбиесін көрген бала ертең қоғамда да өз отбасында да шешуші тұлға бола алады. Кавказ халықтарында: «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – шырағы, ер жігітке – өз үйі» — деген тамаша нақыл сөз бар.

Қазақстан Республикасының Ата Заңыңда «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы» -делінсе, «Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелеріне сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді…» — делініп, ұрпақ тағдыры айтылады. Бала – ата-анасының игі істерінің жалғастырушысы, болашағы. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да жаманға да бірдей бейім болатыны баршымызға мәлім. Ата-ананың үйіндегі әрекеті балаларының көз алдында өтеді, сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Әрбір ата-ана – өзінің баласын Отанға пайдалы, өзіне мейірімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты. Бірде-бір ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайды қарауға еркі жоқ. Егерде ол, бала өсіруде қате жіберсе, осалдық байқатса, қартайғанда опық жейтіні, өкінішке ұрынатынына ешбір дәлелдеп жатуды қажет етпейтін ақиқат. Бала тәрбиесі туралы сөз болғанда: «Баланы жастан» — деген халық даналығын ұмытуға ешкімнің хақысы жоқ.

Сондықтан, «Бала жас, әлі ешнәрсені білмейді, өсе келер бәрі түсінеді» — деп қарау – барып тұрған қателік. Бала тәрбиесі – әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін аса жауапты, күрделі процесс. Тәрбие отбасынан басталады, оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:

«Отбасы –шағын мемлекет,

Мен – президент, сен – премьер» — дегені бар.

Отбасы – ең үлкен, мықты тәрбие ошағы, шағын мемлекет. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оны мәдени- әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірібиесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірібиесі, өмірдегі беделі, ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі. Бала дүниеге келгеннен бастап ата-ананың ықпалында болып, бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Өз отбасында бала ата-ананың қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен ананың жақсылығы мен дәулетінің қызығын көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп-инабат тағылымдарын алуы, оларды меңгеріп іс- жүзінде қолдануы ынта мен ықылас, қайрат пен қажыр ететін жолынан өтуге тиіс.

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнермен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан –

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер – білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан,

Жақсы-жаман болса, бала — соларда» — деп ХІ ғасырда Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшеліктерін жас күнінен танып, соған қарай бағыт-бағдар тәрбие берудің маңызы ерекше.

 Жас ұрпақты тәрбиелеуде отбасы маңызды орын алады. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы – ата - ана». Бұлар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі қыры мен сырын, тылсым дүние жұмбақтарын танытып, тағылым – тағылымға, әдептілікке баулиды. Себебі отбасы – таным белгісі, отбасы – өркениет ошағы, отбасы – үлгі өнеге бастауы. Ата – ана күнделікті өмір тіршілігінде еңбегі, адамдық бейнелері, жақсы мінез – құлқы, дұрыс қарым – қатынасы, арқылы балаға үлгі. «Балапан ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі», «Әкеден ақыл, анадан мейір» алады. Отбасында «Әке асқар тау, ана бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» - болып есептеледі, ата – анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Сондықтан баласының әдепті, арлы азамат болып қалыптасуын армандайды. «Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді», «Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала» - деп қиналады, күйзеледі, күйінеді, сол жолда еңбек етеді.
Ата – ана отбасының жылылығы мен ынтымағын, бірлігі мен тыныштығын, қамқорлыққа, мейірімділікке, сүйіспеншілікке негіздеп құрып, сақтап, жанұя мүшелерінің көтеріңкі көңіл – күйде болуын қамтамассыз етіп отыруы керек. Ата – ана отбасында өздерінің күнделікті жұмысы, тындырған ісі туралы бала – шағасының алдында айтып, әңгіме дүкен құрады. Әкесінің жетістігіне балалары да бірге қуанысады. Бұл мақтаныш сезімін тудырады.
Бірте – бірте ұл қыздары да өз жаңалықтарын ортаға салып, айта бастайды. Осылайша, жанұя мүшелелерінің бір – біріне деген сенімі, сүйіспеншілігі, достық қатынастары нығая түседі. «Жанұяға қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі» - деп тегін айтылмаған.
Халық педагогикасында «Бесіксіз үйде береке жоқ», «Үйінде ұл – қызы бардың көгінде сөнбес жұлдызы бар», - деп бала тәрбиесіне әуел бастан жіті қараған, өмірдегі қыз бала мен ұл баланың орнын дәл анықтаған.
«Ұл туғанға – күн туады, қыз туғанға ай туады», «Қыз өріс», «Ұл өссе ұрпақ», «Дәулетіңнің қадірін ұлың өскенде білесің, абыройыңның қадірін қызын өскенде білесің» сияқты аталы сөздер қыз бен ұл тәрбиесінің қаншалықты жауапты екенін байқатады. Болашақтағы бақыттың баянды болу үшін әке мен шешенің жеке тұлғасы баланың жетуге талпынатын мұратына айналуы керек. Себебі: «Ақ жүрек әке - күншуақ, ақ жүрек ана – ақ бұлақ», «Әке – ер, ана – жігер, бір үйде екі кемеңгер», - деп бағалаған халық.
Отбасында баланы ежелден–ақ халықтың әдеп – салты, дәстүрі, жөн – жоралғысы рухында тәрбиелеген. Атап айтсақ, адамдар арасындағы дұрыс қарым – қатынас, екі жақсы сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, дарқан қонақжайлылық, көл – көсір меймандостық, жомарттылық, кеңпейілдік, адамдарға ілтифат, ізет көрсету, сөз өнерін құрметтеу, табиғатты қастарлеуге баулыған.
Сонымен, отбасындағы тәрбие мен қоғамдық тәрбие өзара тығыз бірлікте, халықтық педагогикадан бастау алып ғылымда дәлелденген нәтижелерге сүйеніп, тәрбие құралдарымен әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, ізгілікті тәрбиенің көзі қаланбақ.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Оқушылардың ғылыми қоғамдарын ұйымдастыру және республикалық ғылыми жарыстарын өткізуге әдістемелік нұсқаулар. Астана 2007.
2. Қазақстан республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. - Алматы, 2002.
3. С.Л.Рубинштейн Основы общей психологии. Т.1-4. М., 1989.
4. В.А.Бухвалов Развитие учащихся в процессе творчества. «Педагогический поиск», 2000.
5. В.П.Беспалько Слагаемые педагогической технологии. «Педагогика», 1989
6. Көшімбетова С.А. Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары.
7. Базарбаева Н.А. Педагогикалық кеңес, 2009. №1


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
БАЛА Т?РБИЕСІНДЕГІ АТА – АНАНЫ? РОЛІ.

Автор: Абдугаппарова Феруза Алимжановна

Дата: 18.02.2016

Номер свидетельства: 295467


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства