kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Кітап –ақылшың, әрі досың»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«ШҚО Семей қаласы білім бөлімі ММ №30жалпы орта білім беретін мекеме» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бейсебаева Сайрагуль Айтказыевна

Бастауыш сынып мұғалімі

                                                Тәрбие сағаты 

Тақырыбы:   «Кітап –ақылшың, әрі досың» 
Сабақтың мақсаты: Кітап –сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету. 
Сабақтың көрнекілігі: Кітап жайлы жазылған нақыл сөздер, плакаттар, суреттер. 
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі. 
- Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.Кітап білімімізді молайтады,кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек деп бүгінгі «Кітап-ақылшың, әрі досың» атты сабағымызды бастайық. 
1.Тұрады басын құрап әріп неден, 
Басталған білім басы Әліппеден 
Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит

Оқысақ кітап сырын ашып терең 

2. Кітапты оқымайды, сыйламаған, 
Білімге жанын жанып қинамаған. 
Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,

Сол кітап бек ақылшы күнде маған. 

3. Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп, 
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп. 
Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көктеп. 

4. Кітаптар бейне жапырақ, 
Жырлайтын сырын өмірдің
Оқисың кейде жаттап, 
Көтеріп күйін көңілдің. 

5. Айдын шалқар кейде бір, 
Кітапты тұнған көл дерсің, 
Ауадай қажет бейне бір,
Таппасаң нәрін шөлдерсің. 

6. Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады, 
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады

Жеткізіп өткендердің өсиетін, 
Шешіліп кейде достай сырласады. 

7. Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы, 
Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы. 
Ашқанда-ақ өткен күнмен беттеріңді,
Келер күн көз алдыма кеп тұрады. 


8. Адамның досы кітап, өмір кілті, 
Тең келмес оған жиған дүние-мүлкі. 
Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі. 

9. Кітабың – сенің құралың 
Жағар білім шырағың
Баса алмайсың ешқашан, 
Онсыз алға бір адым. 

10. Білім алар көп адам, 
Жақсы нәрсе жоқ одан, 
Қызыға кеп оқимын 
Кітап көрсем жаңадан
                                         «Кітаптар мұңы» көрінісі 
           Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітаптар әкеліп тастады. Беттерін шаң басқан оқулықтар қайда келдік дегендей жан – жағына көзін сығырайта ашып, көршісін түртті. 
- Ей, бауырым, тұрсаңшы! Біз қайда келдік өзі? 
- Ой, мазамды алмашы. Өйткен тірлігі бар болсын. Одан да парақтарымның жыртылып, желге ұшып кеткені дұрыс еді. 
- Не болды, не болды соншама? Жалғыз сен деймісің, осындай күйге түскен? 
- Өй, сен кімсің, сыртың бүп-бүтін ғой өзіңнің. 
- Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін болғанымен, ішім – түтін. Математикамын. 
Балалар оқысын, сауат ашсын, адам болсын деген ниетпен мен өзімнің білімімді беруге тырыстым. 
- Бәріміз де сондай ниетте едік. Артықбай деген баланың қолына түстім. 
- Мен Сотқарбай деген баланың кітабымын, Ол парақтарымды жыртып алып, кептер жасап, ұшырып ойнағанда «қой» демеді ғой үлкен ағасы, шіркін! 
- Онда мұңдас болдық қой, достым. Біздің Артықбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді бастырып, бетімді шимайлады. 
- Адам өз мүлкіне ұқыпты болса ғой. Әдепті балалар көп. Мысалы, менің бір досым бар. Ол екеуміз парталас болдық. Соның иесін айт, оқушы деп! Бүлдірмек түгілі, шаң мен кір жуытпайды. 
- Ендігі алдағы күніміз не болар екен? Мүмкін бәрімізді жинап-жинап, отқа жағар? 
- Отқа жағар! Жүр, бауырым тұрмайық, мектептегі «Кітап дәрігеріне» барайық 
- Сәлеметсіз бе, дәрігер, бізді қарап, көріп, ауруымызды анықтап беріңізші. 
Кітап емшісі: Оқулыктарды қарап тұрып: 
1. Судың әсерінен ішкі беттерді былғанған, парактары бүктелген бұл жеңіл емделетін ауру. 
2. Сіздікі салақ оқушының кесірінен, сыртқы қабы бүлінген, түбі ажыраған, парақтары босап қалған. 
Кітап емшісі: Операция жасау арқылы емдейміз. Ине, жіп арқылы түскен парақтарын тігеміз. Кітап түбін желімдейміз. Сөйтіп емдеп, пайдалануға жарамды етіп шығарамыз. Бұрынғыдай жайнап, жарқырап тұрмасаңдар да, әлі талай баланың қажетіне жарайсыңдар. 
Мұғалім: Иә, балалар! Білімнің кілті осы оқулықта. Оқулық – біздің өміріміз. Оқулықты жыртпай таза ұстайық. Оқулықта қаншама адамның еңбегі бар, 
соларды сыйлайық. 
1-оқушы: 
Саған білім жемісін, 
Оқулығың береді. 
Талай адам сол үшін, 
Маңдай терін төгеді. 
Орманшының аялы,
Алақаны өсірген. 
Сонау ағаш саялы, 
Қағаз үшін кесілген. 
2-оқушы: 
Ағаш кесіп қанша адам,
Ормандарда жүреді. 
Аға қанша шаршаған, 
Ағаш тиеп үнемі. 
Машинист боп жасынан, 
Дүбірлетіп даланы. 
Сол ағашты тасыған, 
Білер ме екен көп адам. 
3-оқушы: 
Заводтарда күн-түні, 
Қағаз жасап бағалы. 
Қанша адам кім үшін,  
Маңдай тері тамады. 
Оқулықты баршаға, 
Талай ғалым қолға алып. 
Жылдар бойы қаншама, 
Жазады ұзақ толғанып. 
4-оқушы: 
Бояу жағып не түрлі, 
Суретшілер көркемдеп. 
Қанша уақыт отырды, 
Әріп теру үшін де.
Талай адам терледі, 
Баспахана ішінде 
Айлап тыным көрмеді. 
5-оқушы: 
Оқулықты мектебің, 
Берер саған теп-тегін. 
Білмейсің-ау еш бірақ, 
Қаншама еңбек кеткенін.
Оқулығың – құралың, 
Жағар білім шырағын. 
Баса алмайсың ешқашан, 
Онсыз алға бір қадам. 
6-оқушы: 
Оқулықты құрметте, 
Күтіп ұста, кірлетпе. 
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке. 

Жайнатып жанымызды 
Келтіріп сәнімізді 
Арнайық бас қосқанда 
Тамаша әнімізді- деп келесі музыкалық 
Қорытындылау: 
• Слайд көрсету 
• Кітап та алма ағашы, 
Жемісін біздер теретін. 
Тәтті алмаға балашы, 
Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай кітап туралы кім қандай мақал-мәтелдер, нақыл сөздер біледі, мына алмаға жазып алма ағашына іледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Кітап –ақылшың, әрі досың»

Автор: Бейсебаева Сайрагуль Айтказыевна

Дата: 19.12.2017

Номер свидетельства: 445175

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Т?рбие са?атыны? та?ырыбы:   Кітап -білім ?азынасы. "
    ["seo_title"] => string(50) "t-rbiie-sag-atynyn-tak-yryby-kitap-bilim-k-azynasy"
    ["file_id"] => string(6) "193100"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427564043"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) ""Кітап - білім ?азынасы""
    ["seo_title"] => string(18) "kitapbilimkazynasy"
    ["file_id"] => string(6) "304574"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457762768"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Кітап-бізді? досымыз "
    ["seo_title"] => string(20) "kitap-bizdin-dosymyz"
    ["file_id"] => string(6) "170762"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423584345"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Кітап –?ылым, тілсіз м??алім"
    ["seo_title"] => string(23) "kitapgylymtilsizmugalim"
    ["file_id"] => string(6) "293641"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455525170"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Кітап - бізді? досымыз"
    ["seo_title"] => string(18) "kitapbizdindosymyz"
    ["file_id"] => string(6) "324996"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1462799204"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства