kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кітап-бізді? досымыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

        ?ызылорда облысы Арал ауданы Жа?сы?ылыш кенті

             №19 орта мектебіні? бастауыш сынып м??алімі

                                Сейтова Айгерім                     

                                      Та?ырыбы:  «Кітап- бізді?  досымыз»

Ма?саты:  О?ушыларды о?улы?ты  ??рметтей  білуге,кітапты ??ыпты ?стау?а баулу.О?ушыны?  білімділік  танымын  ?мірмен  байланыстыра отырып  арттыру.О?ушыларды?  кітап?а деген  с?йіспеншілігін,?ызы?ушылы?ын арттыру,кітаппен  достастыру.

?дісі:  с?ра?-жауап,ой ?оз?ау,??гімелеу

К?рнекілігі: Кітаптар  к?рмесі,на?ыл с?здер

Саба?ты?  барысы:

І.?йымдастыру  кезе?і:

ІІ.Кіріспе

Біз  б?гін  балалар,осы жерге не ?шін  жиналып отырмыз.Оны? сырын  білу ?шін  ?лкен та?тада?ы  ж?мба?ты  шешейік.

?абат-?абат ?аттал?ан,

Асыл с?збен  аптал?ан.

Пара?ы  бар  с?йлейтін,

Ол ?азына  ?лмейтін.( Кітап)

Осы кезде музыка ?уенімен ?а?па ашылып,т?рбие са?атыны?  та?ырыбы ашылады. «Кітап-бізді?  досымыз»

І.кезе?  «Кітап-?ажап  дос»

ІІ.кезе?  «Кім к?п біледі?»

ІІІ.кезе? «К?рініс»

І?.кезе?  «Тап?ыр болса?,шешіп к?р»

?.кезе?  «Ойлан  тап»

М??алім : Кітап-?ылым,ол б?кіл адам баласына  орта?.Кітап-?ылым,білім жемісін  халы?  арасына жаюшы, таратушы.Кітап-а?ылды?  кені.Кітап-бар білімні?  бастауы.Кітап-барлы?  заманда да білім  ?азынасыны?  ?ажайып  ?оймасы.?з бетімен кітап о?ып,оны?  к?мегімен ?здік білім ал?ан,с?йтіп ата?ты ?алым бол?ан адамдарда  д?ние  ж?зінде  аз емес.

Кітап:  Мен адамны? досымын.Мені? атым-кітап.Мені жасау ?шін адам баласы к?п е?бек  сі?ірді.Алдымен  адам орманнан  а?аш кеседі. Оны фабрика?а  апарады.Содан со? о?ан авторлар  жазады,суреттер салады.Баспахана?а  жазулар мен суреттерді  басып,кітап етіп шы?арады.Ж?мысшылар  машина мен  поездар?а тиеп ауыл-ауыл?а,?ала-?ала?а таратады.Міне,мен енді сені? ?асында т?рмын.Мені к?тіп,жыртпай ?ста.Мен сені? сенімді досы?мын!

І.кезе?   «Кітап-?ажап дос»

Динара:   Айдын  шал?ар кейде бір,

Кітапты т?н?ан к?л дерсі?

Ауадай ?ажет бейне бір

Таппаса? н?рін  ш?лдерсі?.

Н?ржан:    Адамны? досы кітап,?мір кілті,

Те?  келмес о?ан жи?ан д?ние-м?лкі

А?ылшы,жан?а серік,жол бастаушы,

Асыл ой,?азынасы,?мір  к?ркі.

Ботаг?з:      С?йлесіп  ?зі?менен тіл ?атады,

Еріксіз с?зін ж?рт?а ты?датады

Жеткізіп  ?ткендерді? ?сиетін,

Шешіліп кейде достай  сырласады.

Н?рымбет :  Кітапты о?ымайды  сыйлама?ан,

Білімге жанын  жайып  ?инама?ан.

?сірген кімні? болсын  ой-?рісін,

Сол кітап  бек а?ылшы  к?нде ма?ан.

О?ушы:   Т?лекті т?рбиелер кітап-мектеп,

?седі сол  кітаптан  б?та? к?ктеп.

Молайтып а?ылы?ды сан еселеп,

Береді  білім н?рін  кітап  к?птеп.

?н:  «М??алім ол бізді?»

ІІ.кезе?  «Кім к?п біледі?» Ойынын  ойнайы? ( ма?ал-м?телдер айтылады.)

  1. Кітап-асыл ?азына
  2. О?у-білім б?ла?ы,

Білім-ырыс ?азы?ы.

  1. ?ына тас?а бітеді,

Білім бас?а бітеді.

  1. Білікті бірді  жы?ады,

Білімді мы?ды  жы?ады.

  1. О?у-білім б?ла?ы,

Білім-?мір шыра?ы.

  1. О?у т?бі то?у.
  2. О?усыз білім жо?,

Білімсіз к?ні? жо?.

  1. О?у инемен ??ды?  ?аз?андай.

М??алім:  Кітап-шебер ?стаз,тілсіз м??алім.Кітап-адал пейіл,асыл дос.?ой?ан жері?де жатады,?олы?а алса?,?зі?е тіл ?атады.

                             Б?бектерім  о?ы,ойна,

                             О?у-білім са?ан пайда.

                             Кітабы?ны?  шетін жыртып,

                             Сияменен бояп ?ойма.

                ІІІ.кезе?  К?рініс: «Кітаптар м??ы»  «?ліппе мен д?птер»

                         ?н «Жал?ыз сауса?»

І?.кезе?  «Тап?ыр болса?,шешіп к?р» Ойынын ойнайы?  (ж?мба?тар жасырылады.)

                                     1.?сын?ан ?ойнынан

                                         Білімні? ?лесін.

                                         Шы?пайды ойы?нан,

                                          Досы? ?ой білесі?.Б?л не? (Кітап)

                           2.Білімнен мол сый асы,

                               Балаларды? ?ясы  (мектеп)

                        

3.Білімні? жолбасшысы

Ш?кіртті?  ?олбасшысы  (м??алім)

4.Ай?а?ы жо?,айтары к?п,

Айт?анынан  ?айтары  жо?  (кітап)

5.Бетін адам ашады,

Білім н?рын  шашады  (кітап)

6.Алты ?ырлы,

Алты сырлы ( ?арындаш)

7.?шірді,с?ртті,

?згені ??ртты.

?зін де ??ртты.( ?шіргіш)

8.Жо? ?зінде бас та,

?ас та,

Мойын да,

?зынды?ы  жазулы т?р бойында.(сыз?ыш)

Кітапханашы апай?а с?з беріледі.Айн?р апай мектеп кітапханасынан ?зіні? ?келген кітаптар ?орымен таныстырып,?р кітапты? ерекшелігі мен  ма?ыздылы?ын т?сіндіреді.О?ушыларды?  кітапхана?а бару,кітаптарды алып о?у  жа?дайларына да то?талып ?теді.

                              ?.кезе?  «Ойлан тап»

Ма?та ?ыз: С?леметсіз бе,балалар!Сендер мені? кім екенімді білесі?дер ме?Мен ма?та ?ызбын.Мені сендерді? ертегілерді к?п о?итындары? ?ызы?тырады.Олай болса ба?ымызды  сынып к?рейікші!?азір сендерге сурет к?рсетемін.Сурет бойынша ертегілерді атап к?рейік.Рахмет,балалар б?рін д?рыс  орындады?ыз.Мен ?з ?йіме кеттім.?ош сау болы?ыздар.

Т?лкі:  Амансы?дар ма достарым!Балалар,сендер бауырса?ты кездестірмеді?дер ме?Мені? ?арным ашты,ал бауырса?ты? иісі ма?ан алыстан сезілді.Оны тауып берсендер,?арнымды  тойдырамын.Мен сендерге  тапсырма ?зірлеп ?ойдым.Егер д?рыс орындамасандар мен бауырса?ты? орнына сендерді  жеймін.Міне сендерге ?ріптер беремін  сол ?ріптерден с?з ??растырып  к?рі?дер.

?ас?ыр: С?лем,балалар!Б?л жерге ?ызыл телпек келген жо? па?Мен оны ?р жерден іздеп ж?рмін біра? та таба алмадым.Келген екенмін енді сендерді сынып к?рейін.Математиканы жа?сы к?ресі?дер ?ой.Ал ендеше  берілген тапсырманы орындандар.Балалар мен бас?а  о?ушылар?а барайын.Оларды? білімдерін біліп ?айтайын.?ош сау болы?ыздар.

Ла?: М?-м?-м?. ?алайсындар достар!Мені? досым б?зауды  к?рмеді?дер ме?Онымен ойнайын деп едім.Ойынды жа?сы к?ресі?дер ме?Балалар мен нені?  т?лімін?Ал мені? туысым кім?Мен сендерге тапсырма берейін.Суреттегі ?ойларды? ?айсысы бантик киген,нешеуі бантик кимеген соны табайы?шы.Рахмет балалар тапсырманы д?рыс орындады?дар.

                   Хор: «Біз балдыр?ан баламыз»

?орытынды:  Балалар,бізді?  ата-бабаларымыз «Кітап-к?п а?ылды? ??йыл?ан к?лі», «Кітап-?ажап дос»  деп бекер айтпа?ан.Барлы?  білімді  кітаптан аламыз.Кітап  бізді ?айырымдылы??а,адалды??а,?ділдікке  ?йретеді.Осымен  «Кітап-бізді?  досымыз» атты т?рбие са?атымыз ая?талды.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кітап-бізді? досымыз »

Тақырыбы: «Кітап- біздің досымыз»

Мақсаты: Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге,кітапты ұқыпты ұстауға баулу.Оқушының білімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру.Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін,қызығушылығын арттыру,кітаппен достастыру.

Әдісі: сұрақ-жауап,ой қозғау,әңгімелеу

Көрнекілігі: Кітаптар көрмесі,нақыл сөздер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ.Кіріспе

Біз бүгін балалар,осы жерге не үшін жиналып отырмыз.Оның сырын білу үшін үлкен тақтадағы жұмбақты шешейік.

Қабат-қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін.( Кітап)

Осы кезде музыка әуенімен қақпа ашылып,тәрбие сағатының тақырыбы ашылады. «Кітап-біздің досымыз»

І.кезең «Кітап-ғажап дос»

ІІ.кезең «Кім көп біледі?»

ІІІ.кезең «Көрініс»

ІҮ.кезең «Тапқыр болсаң,шешіп көр»

Ү.кезең «Ойлан тап»

Мұғалім : Кітап-ғылым,ол бүкіл адам баласына ортақ.Кітап-ғылым,білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы.Кітап-ақылдың кені.Кітап-бар білімнің бастауы.Кітап-барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы.Өз бетімен кітап оқып,оның көмегімен үздік білім алған,сөйтіп атақты ғалым болған адамдарда дүние жүзінде аз емес.

Кітап: Мен адамның досымын.Менің атым-кітап.Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңірді.Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады.Содан соң оған авторлар жазады,суреттер салады.Баспаханаға жазулар мен суреттерді басып,кітап етіп шығарады.Жұмысшылар машина мен поездарға тиеп ауыл-ауылға,қала-қалаға таратады.Міне,мен енді сенің қасында тұрмын.Мені күтіп,жыртпай ұста.Мен сенің сенімді досыңмын!

І.кезең «Кітап-ғажап дос»

Динара: Айдын шалқар кейде бір,

Кітапты тұнған көл дерсің

Ауадай қажет бейне бір

Таппасаң нәрін шөлдерсің.

Нұржан: Адамның досы кітап,өмір кілті,

Тең келмес оған жиған дүние-мүлкі

Ақылшы,жанға серік,жол бастаушы,

Асыл ой,қазынасы,өмір көркі.

Ботагөз: Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,

Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады

Жеткізіп өткендердің өсиетін,

Шешіліп кейде достай сырласады.

Нұрымбет : Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жайып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,

Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

Оқушы: Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,

Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көптеп.

Ән: «Мұғалім ол біздің»

ІІ.кезең «Кім көп біледі?» Ойынын ойнайық ( мақал-мәтелдер айтылады.)

  1. Кітап-асыл қазына

  2. Оқу-білім бұлағы,

Білім-ырыс қазығы.

  1. Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

  1. Білікті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

  1. Оқу-білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.

  1. Оқу түбі тоқу.

  2. Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

  1. Оқу инемен құдық қазғандай.

Мұғалім: Кітап-шебер ұстаз,тілсіз мұғалім.Кітап-адал пейіл,асыл дос.Қойған жеріңде жатады,қолыңа алсаң,өзіңе тіл қатады.

Бөбектерім оқы,ойна,

Оқу-білім саған пайда.

Кітабыңның шетін жыртып,

Сияменен бояп қойма.

ІІІ.кезең Көрініс: «Кітаптар мұңы» «Әліппе мен дәптер»

Ән «Жалғыз саусақ»

ІҮ.кезең «Тапқыр болсаң,шешіп көр» Ойынын ойнайық (жұмбақтар жасырылады.)

1.Ұсынған қойнынан

Білімнің үлесін.

Шықпайды ойыңнан,

Досың ғой білесің.Бұл не? (Кітап)

2.Білімнен мол сый асы,

Балалардың ұясы (мектеп)

3.Білімнің жолбасшысы

Шәкірттің қолбасшысы (мұғалім)

4.Айғағы жоқ,айтары көп,

Айтқанынан қайтары жоқ (кітап)

5.Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады (кітап)

6.Алты қырлы,

Алты сырлы ( қарындаш)

7.Өшірді,сүртті,

Өзгені құртты.

Өзін де құртты.( Өшіргіш)

8.Жоқ өзінде бас та,

Қас та,

Мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.(сызғыш)

Кітапханашы апайға сөз беріледі.Айнұр апай мектеп кітапханасынан өзінің әкелген кітаптар қорымен таныстырып,әр кітаптың ерекшелігі мен маңыздылығын түсіндіреді.Оқушылардың кітапханаға бару,кітаптарды алып оқу жағдайларына да тоқталып өтеді.

Ү.кезең «Ойлан тап»

Мақта қыз: Сәлеметсіз бе,балалар!Сендер менің кім екенімді білесіңдер ме?Мен мақта қызбын.Мені сендердің ертегілерді көп оқитындарың қызықтырады.Олай болса бағымызды сынып көрейікші!Қазір сендерге сурет көрсетемін.Сурет бойынша ертегілерді атап көрейік.Рахмет,балалар бәрін дұрыс орындадыңыз.Мен өз үйіме кеттім.Қош сау болыңыздар.

Түлкі: Амансыңдар ма достарым!Балалар,сендер бауырсақты кездестірмедіңдер ме?Менің қарным ашты,ал бауырсақтың иісі маған алыстан сезілді.Оны тауып берсендер,қарнымды тойдырамын.Мен сендерге тапсырма әзірлеп қойдым.Егер дұрыс орындамасандар мен бауырсақтың орнына сендерді жеймін.Міне сендерге әріптер беремін сол әріптерден сөз құрастырып көріңдер.

Қасқыр: Сәлем,балалар!Бұл жерге қызыл телпек келген жоқ па?Мен оны әр жерден іздеп жүрмін бірақ та таба алмадым.Келген екенмін енді сендерді сынып көрейін.Математиканы жақсы көресіңдер ғой.Ал ендеше берілген тапсырманы орындандар.Балалар мен басқа оқушыларға барайын.Олардың білімдерін біліп қайтайын.Қош сау болыңыздар.

Лақ: Мә-мә-мә. Қалайсындар достар!Менің досым бұзауды көрмедіңдер ме?Онымен ойнайын деп едім.Ойынды жақсы көресіңдер ме?Балалар мен ненің төлімін?Ал менің туысым кім?Мен сендерге тапсырма берейін.Суреттегі қойлардың қайсысы бантик киген,нешеуі бантик кимеген соны табайықшы.Рахмет балалар тапсырманы дұрыс орындадыңдар.

Хор: «Біз балдырған баламыз»

Қорытынды: Балалар,біздің ата-бабаларымыз «Кітап-көп ақылдың құйылған көлі», «Кітап-ғажап дос» деп бекер айтпаған.Барлық білімді кітаптан аламыз.Кітап бізді қайырымдылыққа,адалдыққа,әділдікке үйретеді.Осымен «Кітап-біздің досымыз» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Кітап-бізді? досымыз

Автор: Сейтова Айгерим Тулимшаковна

Дата: 10.02.2015

Номер свидетельства: 170762

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) ""Кітап - білім б?ла?ы" "
    ["seo_title"] => string(22) "kitap-bilim-bu-lag-y-1"
    ["file_id"] => string(6) "199704"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428629009"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Т?рбие са?атыны? та?ырыбы:   Кітап -білім ?азынасы. "
    ["seo_title"] => string(50) "t-rbiie-sag-atynyn-tak-yryby-kitap-bilim-k-azynasy"
    ["file_id"] => string(6) "193100"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427564043"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства