4.Зерттеу жұмыстары арқылы жоспарлы нәтижеге жету.
Ғылыми жобаның өзектілігі;Бөлме өсімдіктерінің түрлерін өсіріп,баптау арқылы сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеу.Өсімдіктер әлеміне деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттырып , гүл мәдениетін насихаттау, бөлме гүлдері туралы біліп, үйренгендерін сабақтау.
Ғылыми жобаның болжамы; Үй өсімдіктері- адам өмірінде толық мағұлмат алып,эксперимент түрінде , оны күнделікті өмірде қолдану, өз отбасына қажетті гүлдер өсіру.
Күтілетін нәтиже;
*Бөлме өсімдіктері туралы деректер жинау.
*Интернет көздерінен ақпараттар алу.
*Эксперимент жүргізу.
*Алынған сараптамаларды зерттеу.
Қоршаған ортаның кез-келген адамға тигізетін пайдасы мол.Өсімдік әлеміне қандай көзқараспен қарасаңыз,ол сізге солай( жауап ) береді.
*Күнделікті өмірде гүлге су құйған кезде олармен сөйлесемін.Гүлдер де адамдар сияқты өздерін жақсы көргенін сезеді. Олар адамның көңіл күйіне байланысты өсіп,жетіледі. Егер үй-ішінде ұрыс-керіс, жанжал болатын болса,сары уайымға салынып,ауырады.Дер кезінде су құйылмай,шаңын сүртпесең, «ренжіп», адам ағзасына улы заттар бөліп шығарады. Бөлме гүлін өсірмес бұрын ол гүл туралы егжей-тегжейлі біліп алған жөн.” Гүлдіңде жаны бар” –дегенді естуіңіз бар шығар?Төменде айтылатын гүлдер туралы ғалымдар зерттеп, дәлелдеп берген. Бөлме гүлі мен кәдімгі сыйлық ретінде тарту етіп беретінгүлдер туралы,оларға қатысты кең таралған ырымдарға тоқталсам:
*Гүлді құмырасымен біреуге сыйға тартатын болсаң,сіз сол адамға сол гүл үшін азда болса,ақы төлеуіңіз керек.Себебі: құмырадағы гүл” мені бағалады”деп риза болып, жайқалып өседі.Өсімдіктің бәрін бірдей зиянды деуге болмайды.Мысалы:
*Фиалка( шегіргүл)- өз қожайынын жақсы көреді,өйткені алыс сапарға кетсе сағынады екен.Шегіргүлді балалар бөлмесіне қойсаңыз, олардың өсіп жетілуіне бейімдейді.Ұрыс- керістен сақтайды.Сабақтары тік, жапырақтары кезектесіп орналасқан. 500 жуық түрлері бар.Халық медицинасында өсімдікті қайнатып,түнбасын ішіп, сары ауру,ұшықты,қышыма, қотыр,тері ауруларын емдеуге,несіп жүргізетін, тер шығаратын, қан тазарту үшін қолданады.Шегіргүлден алынған “Тривиолин” жөтелге ем.Шегіргүлден эфир майы алынады.
*Герань(қазтамақ )-ең жағымды гүлдің бірі.Оның 280 түрі бар.Қазтамақтың тамырынан немесе кепкен шөбінен алынған тұнбаны бүйрекке байланған тасты ерітуге, түсе бастаған шашты жууға пайдаланады.Қазтамақ тұрған жерде ұрыс- керіс болмайды.Болған жағдайда бұл гүл адам жүйкесіне әсер ететін зат бөле бастайды.Ұрысып жатқандар тез татуласады.Көпке дейін суармасаң “ренжіп,” көпке дейін гүл ашпайды. Бұл жылу сүйгіш гүл.
*Кактус ауада жиналған радиацияны бойына сіңіреді.Ауасы таза, кең бөлмеде гүлдейді. Шырынды сабақтары тікенекті, түкті болады.Кактустың бұта,ағаш, лиана тәрізді түрлері болады.Оның 220 туысы, 3000- дай түрі бар. Діңінен отын, құрылыс материалдары, кейбір түрлерінен дәрілер жасалады.Кактус сабағы шар, жұмыртқа, цилиндр, діңгек, жапырақ сияқты жалпақ пішінді бунақталған пішіндерде болады..Мысалы:кактусқа ,түу, түрі қандай сүйкімсіз деп айтар болсақ, бойынан алкогольдік улы қоспалар бөліп,адамды ішімдікке итермелейді екен.Содан адамдардың ішімдікке әуестенгенін ғалымдар анықтап отыр.
*Толстянка немесе крассула (жасаң шөп )-ақша,табыс, байлық гүлі.Бұл гүл жұқпалы ауруларға қарсы тұрады.Бұл гүл өсіп тұрған құмыраға күнде тиын салып тұру қажет”.Балықты су қалай қызықтырса,менің гүлімді ақша солай қызықтырады” деп айтып тұру керек. Күннен қорғап, терезе алдына қойған жөн. Крассула- ауаны тазартып, көңілді көтеріп, адамға күш-қуат береді.
*Фикус қызғаншақ гүл.Өз қожайынын басқа адамдардан қызғанады.Фикус –адамды мазасыздықтан арылтып,сабырлыққа шақырып,ашуды басады.Ең көп тараған бөлме гүлі.Оның 1500-2000-ге жуық түрі бар.Фикус ас бөлмеде, терезесі тас жолға қарайтын бөлмелерге қою керек.Бөлме ішін ылғалдандырып,шаң- тозаңнан сақтайды.Жататын бөлмеге қоймау қажет.Өйткені күндізгі өз бойына сіңірген көмір қышқыл газын түнде кері шығарады.
*Роза( раушан)- гүлі гүлдің патшайымы.Теңдесі жоқ,хош иісті,әдемі гүл. Раушанның ақ, алқызыл, сары, қара, көгілдір түсті болып келеді .Бұл гүл жалынды махаббат пен тәжім ету, сүйкімділіктің нышаны.Ирандықтардың айтуынша, раушан Тәңірдің тарту еткен сыйы екен. Мейірімді Аллаһ өткір тікенді, хош иісті,сұлу ақ розаны жіберген .Ақ және қызыл розаның гүлдерінен сироптар жасалады.Халық емінде өкпе ауруына,тыныс жолдарын емдеуге қолданады.
*Драцена(айдаһар ағашы)-табыс гүлі.Отаны Африка.Табиғатта 300 түрі бар.Пальмаға ұқсас көркем жапырақты гүл. 3 метрге дейін өсе алады.
*Бамбук- мансаптық өсу, табыс гүлі. Ол Кавказда,Крымда өсіріледі.Мұның 47 туысы,200 астам түрлері бар.Биіктігі 3жарым метрге дейін өседі. Бамбук топырақтан гөрі, суда жақсы өседі..Бамбук жылы жерді жақсы көреді..Пішіні қамысқа ұқсас гүл.
*Алоэ-үй гүлдерінің королі. Отаны Африка. 400-ге тарта түрлері бар..Жапырағы ұзын,ара тісті гүл.Алоэның мынадай түрлері бар: Алоэ вера, шұбар алоэ, ағаш тәрізді алоэ, қорқынышты алоэ. 3-5 жылдан асқан алоэны емге пайдаланады.Алоэның пайдасы:өкпе,асқазан,ангина, күйік,жөтел, шиқан, суық тигенге,рак жасаушалардың өсуіне тосқауыл қояды .Алоэ-ауаны тазартып, бақытсыздықтан қорғайтын гүл.
*Спатифиллум( әйел бақыты) –гүлі. Ол 60 см дейін өседі. Оның 50 түрі бар.Ылғалдылық аз болса, жапырақ ұштары сарғайып,қурап қалады.Түбін бөлу арқылы көбейтуге болады.Гүлдің пайдасы, әйелдерді жалғыздықтан арылтып,бақытты отбасын құруға жетелейді.Оның күшті құдіреттілігі- әйел затына «ана» атануға себепкер болатынын ғалымдар дәлелдеп отыр.
*Попоротник-үй ауасын тазартып,вирусқа қарсы, үйдегі теріс энергияны өзіне тартады.
Аспарагус-ауадағы кері әсерлерді жояды.Адамның көңіл-күйін жақсартып,сенімділік сезімдерін қалыптастырады.Белсенді, тынымсыз адамдар өсірген дұрыс.
Қынагүл- айналадағы келеңсіз,шешімсіз жүрген мәселелерге душар болған адамдарға жақсы әсер етеді.Адам бойына жақсы қасиеттер береді.Бөлмеге қуатын шашып, адам еңсесін көтереді.
Цикламен-мінезі қиын, құбылмалы адамдарға өсіру керек. Адамның көңіл-күйін жақсартады. Сонымен қатар ,адамдардың біреуден көңілі қалған кезде көмектеседі.
Эхмея-жылауық, жиі көңіл-күйі болмайтын адамдар үшін тиімді.Алдымен адамның көңіл-күйін көтереді.Іші тар адамдардың көңілін жомарттыққа тәрбиелейді.
Антуриум- ер азамат бақыты гүлі. Ол әдемі көрініп қана қоймай, отбасындағы қарым- қатынасқаоң әсер етеді.Табиғатында отбасын, әйел мен еркектің махаббатын шыңдайды.800-ге жуық түрі бар.Отаны Америка аймағы.Гүлдің биіктігі 2метрге дейін өседі. Жапырағыныңұзындығы 30-40 см жүрекше пішініне ұқсайды.
Алоэ-гүлі туралы оқушы Ажен Азаматтың зерттеуі (видео)
Алоэ-гүлінің маңыздылығы туралы сынып жетекшісі Есенова Ляиля Байтоллақызының түсіндірмесі( видео)
Тәрбие сағатынан көріністер(:видео)
Қорытынды:
Өсімдіктер тек әдемілік сыйламайды, адамның денсаулығына жақсы әсерін тигізеді.Гүл өскен ортада, тазалық, татулық пен бірлік, жақсылық пен жомарттық болары сөзсіз.Ұлыбританияның биолог мамандары “өсімдіктердің адамнан өзгешелігі жоқ, олар да адамдар сияқты көреді, иісті сезе алады, оларда есту қабілеті мен дәм сезу қасиеті дамыған” деп тұжырымдаған. Иіс сезу арқылы өсімдіктер бір-бірімен араласады.Олардың есту қабілеті бар екендігі ғылыми түрде дәлелденген.Сондықтан үйдегі гүлдермен сөйлескен дұрыс. Нәтижесінде гүлдер әдемілік пен ұзақ қуаныш сыйлары сөзсіз. Өсімдіктер әуенді де жақсы қабылдайды.Әр өсімдіктің өз әуенді қалауы бар екен.Мысалы: цикламендер- джазды, мимоза мен сүмбілшаштар- Чайковскийдің шығармаларын,флокс пен табак Вагнердің операсын ұнатады екен. Міне, қызық деп осыны айтуға болады.Өсімдік қобалжуға бейім,адам мен өсімдіктердің арасында көрінбейтін белгісіз бір байланысты орнатады.Сондықтан көңіл- күйлеріңіз болмаса, өсімдік арасында жүрсеңіз, жақсарып қаласыз.Адам ауырып қалғанда, сүйікті гүлдеріңізде ауырады, тіпті кейде өліп қалады.Міне,осыдан барып, адам жаны мен өсімдіктердің байланысын байқауға болады.Өсімдіктер «миы» тамырында орналасқан ол жүректің сіңірі сияқты, жұмылып, шашылып тұрады екен деген дәлел бар.Адамдар табиғаттан ала алмаған әсерін өсімдік арқылы ала алады.Сондықтан экологтар кеңсеге, үйге, гүл өсіруге кеңес береді.
Үйіңізді шипа жайға айналдырыңыз (фото)
Сыныбымды гүл бағына айналдыруға шақырамын: (фото)
Талантқа талас жоқ. (фото)
Бастауыш сынып мұғалімі Махамбет Шамшырақтың “Бөлме өсімдіктері-адам өмірінде” атты ғылыми жобасының жұмыс жоспары