kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Б?гінгі та?да?ы салт д?ст?рлерді? жа?аша ?олданысы" ?ылыми жоба

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен осы «Б?гінгі та?да?ы жа?а салт-д?ст?рлерді? ?олданысы» та?ырыбына ?ылыми жоба жазуыма не себеп болды? - Зерттелу нысаны етіп салт-д?ст?рді алуыма ?аза?стан деген ?лан байта? жерді аз ?ана ?аза? иемденуіне себеп бол?ан бірінші ?аза?ты? ?зі болса, екінші-салт-д?ст?рі бола т?ра салт-д?ст?рді? ?адір ?асиетіні? ?лі к?нге толы? зерттелмей келе жат?аны, б?гінгі та?да?ы жа?а салт-д?ст?рлеріні? ?олданысы себеп болды. Мені? ойымша, ?р ?аза? баласы ?з салтын насихаттау барысында д?ст?рлерге с?йене отырып ?мір с?руі ?ажет. Негізгі б?лім: Ата д?ст?р –салтымыз. Ата д?ст?рін арда?тау-?аза?ты? халы? педагогикасыны? ?лтты? ?жданы. «Атадан бала тусайшы,ата жолын ?усайшы» деп, халы? атадан бала?а м?ра болып келе жат?ан жа?сы ?асиеттерді келесі ?рпа?ты? бойына сі?іріп, ізгілікке т?рбиелейді. Ата д?ст?рі бойынша е? ?уелі ?кені, содан со? атаны, ата- бабаны ??рметтеп, соларды? алдында ?рпа?ты? ?арыздарды ?теу – кейінгі ?рпа?ты? міндеті.Ол ?рпа?ты? борыштар: ананы? а? с?тін, е?бегін ?теу, ата д?ст?рлерін ??рметтеп, одан ?рі ол д?ст?рлерді жал?астыру, адамгершілік ?а?идаларды ?алт?ысыз орындау болып табылады. Т?уелсіз мемлекетімізде ата –бабамыздан ?ал?ан ?азынаны? бірі салт –д?ст?рлерді ?мыту м?мкін емес. Ендеше осы елді? ерте?і жас?спірімдерге салт-д?ст?рімізді насихаттай отырып,?асырдан –?асыр?а жал?асып келе жат?ан т?рбие к?зін ма?сат ету. ?р ж?мысты ?лтты? негізде ??ра отырып, хал?ымызды? тамаша жа?а салт-д?ст?ріні? бірі «М?шел той», «К?міс той», «Алтын той», «?оныс той», «Зейнеткерлерді ??рметті демалыс?а шы?арып салу», «Мешітте жастарды? некесін ?ию»ж?нінде кейінгі ?рпа? жан–жа?ты білуі тиіс деп ойлаймын. Салт-д?ст?р дегеніміз не? ?аза? этнопедагогикасыны? ?лкен бір саласы ?аза? хал?ыны? салт-д?ст?рі болып табылады. Халы?ты? игі ?деттері да?дылана келе ?дет-??рыптар, салт –д?ст?рлерге халы?ты? ?мірінде ?алыптас?ан салт- д?ст?рлер салт-сана болып ?ал?ан. Халы?ты? салт –д?ст?рлері, р?сімдер мен ж?н- жорал?ылар,ырымдар мен тыйымдар, т?рлі сенімдер ?мірде ?олданыс тауып келеді.Оны? б?рі дамып,толысып,жа?арып отырады.?аза? хал?ыны? салт- д?ст?рлері осы ?лтты? мінез- ??л?ын, ?асиеттерін к?рсетеді.Кейбір салт-д?ст?рлер мен ?дет-??рыптар сол халы?ты? т?рмысына, т?рбиесі мен мінезі,сеніміне,ырымына ?арай ?алыптасып келеді. ?аза? «Ат т?я?ын тай басар» деп кейінгі ?рпа?ты? ата салтын б?збауын, ?мытпауын талап етеді. Салт- к?сіпке, сенімге, тіршілікке байланысты ?дет- ??рып, д?ст?р.Ол ?рпа?тан- ?рпа??а ауысып отырады. Уа?ыт ?ткен сайын салт?а ?згеріс еніп,?згеріп, ?о?ам?а байланысты бейімделіп келеді. Жа?а ?о?амды? ?атынас?а сай келмейтін д?ст?рлер ы?ысып,?мірге ?ажетті жа?алары дамып отырады. Д?ст?р- ?рпа?тан- ?рпа??а ауысатын, тарихи ?алыптас?ан нормалар мен ?рдістер.Ол- ?о?амды? ?йымдар мен халы?ты? мінез- ??л?ыны?, іс- ?рекетіні? рухани негізі. Д?ст?р м?дениетпен ты?ыз байланысты, сонды?тан м?дениеті дамы?ан ел д?ст?рге де бай. Ата- ананы ??рметтеу, ?лкенді сыйлау, адалды?, ?дептілік, мейірімділік сезімдері озы? д?ст?рлерге жатады. ?асиетті ?аза? хал?ыны? салт –д?ст?рлері ?те к?п. ?аза?- к?не д?уірден бастау алатын к?рделі де бай тарихы,сан ?ырлы м?дениеті,?зіндік игі ??рып-д?ст?рі бар,пейілі ?зіні? байта? даласындай ке? де ?она?жай халы?. Мен бертін келе шы??ан жа?а салт-д?ст?рлерді,соны? ішінде д?ст?рлі мерекелер «М?шел той», «К?міс той», «Алтын той», «?оныс той», «Зейнеткерлерді ??рметті демалыс?а шы?арып салу» атты той- жиындарын ажырата білу жайлы ізденіп, соны сіздерге ?сынып отырмын. «М?шел той». Бізді? ауыл той-думансыз бол?ан емес.Ауыл іші той десе тайлы- т?я?ымен ш?бырады емес пе? ?рине б?л той ерекше!?жем ?уанышты? 73 жылды? м?шел тойы. Д?ниеге ?келген ?л-?ыздары ата-анасыны? б?л тойын ?алай тойламас?а! Б?л к?ні ауылды? сыйлы ?лкендері,ту?ан-туыстар шашу-сыйлы?тарын алып,а? тілекпен той?а жиналды.?жемні? замандас-??рдастары, сыныптасы Б?тима ?же жас к?ндерін естеріне алып,жас к?нінде айт?ан ?ндерін шыр?ап,тойды? с?нін келтірді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Б?гінгі та?да?ы салт д?ст?рлерді? жа?аша ?олданысы" ?ылыми жоба»

Шал ақын ауданы

«Бірлік негізгі мектебі»КММ













3-сынып оқушысы Әнуарбек Мирас


Жобаның жетекшісі: Хамитова Жания Замиевна








2015 жыл





Тақырыбы: Бүгінгі таңдағы жаңа салт-дәстүрлердің қолданысы


Зерттеу мақсаты: Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлерінің жаңаша қолданысын зерттеу.

Зерттеу өзектілігі: Бүгінгі таңдағы жаңа салт –дәстүрге байланысты мектеп бағдарламасында жоқ негізгі тақырыптарды бағдарламаға енгізу.

Сыныптас достарыма жаңа салт-дәстүрлерін айту,іздену жұмысыммен таныстыру.

Гипотеза: Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлерін жаңаша қолданысын зерттей отыра, салт-дәстүр жөніндегі пікірім кеңейеді.

Зерттеу міндеттері:

1. Жаңа заман тудырған дәстүрлі мерекелер «Мүшел той», «Күміс той», «Алтын той», «Қоныс той», «Зейнеткерлерді құрметті демалысқа шығарып салу» атты той жиындарын ажырата білу.

2. Жаңа заман тудырған салт-дәстүрлердің өткізу рәсімдеріне тоқталу

3.Өзім куә болған салт-дәстүрлердің,тойлар жайлы өткізу рәсімдеріне тоқталу. Өз ойымды түскен фотосуреттермен толықтыру.

4. Түрлі ұсыныстар құрастыру.


Зерттеу әдістері:

Тақырып бойынша әдебиеттер оқу;

Ғаламтор арқылы ақпарат жинау;

Көне салт-дәстүрлер жайлы әжемнің әңгімелерін тыңдау;

Жетекші мұғалімнен кеңес алу;

Қорытындылау.






















Кіріспе

Мен Әнуарбек Мирас Қайроллаұлы 13маусым 2007 жылы Шал ақын ауданы, Бірлік ауылында қазақ отбасында дүниеге келдім. Мен қазақ болып туғаныма қуанып, мақтанышпен айта аламын.Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке,қадірлі отағасы,елді қорғайтын ер, батыр, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген.



Мен осы «Бүгінгі таңдағы жаңа салт-дәстүрлердің қолданысы» тақырыбына ғылыми жоба жазуыма не себеп болды? - Зерттелу нысаны етіп салт-дәстүрді алуыма Қазақстан деген ұлан байтақ жерді аз ғана қазақ иемденуіне себеп болған бірінші қазақтың өзі болса, екінші-салт-дәстүрі бола тұра салт-дәстүрдің қадір қасиетінің әлі күнге толық зерттелмей келе жатқаны, бүгінгі таңдағы жаңа салт-дәстүрлерінің қолданысы себеп болды.

Менің ойымша, әр қазақ баласы өз салтын насихаттау барысында дәстүрлерге сүйене отырып өмір сүруі қажет.


Негізгі бөлім:


Ата дәстүр –салтымыз.


Ата дәстүрін ардақтау-қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы.

«Атадан бала тусайшы,ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді. Ата дәстүрі бойынша ең әуелі әкені, содан соң атаны, ата- бабаны құрметтеп, солардың алдында ұрпақтық қарыздарды өтеу – кейінгі ұрпақтың міндеті.Ол ұрпақтық борыштар: ананың ақ сүтін, еңбегін өтеу, ата дәстүрлерін құрметтеп, одан әрі ол дәстүрлерді жалғастыру, адамгершілік қағидаларды қалтқысыз орындау болып табылады. Тәуелсіз мемлекетімізде ата –бабамыздан қалған қазынаның бірі салт –дәстүрлерді ұмыту мүмкін емес. Ендеше осы елдің ертеңі жасөспірімдерге салт-дәстүрімізді насихаттай отырып,ғасырдан –ғасырға жалғасып келе жатқан тәрбие көзін мақсат ету. Әр жұмысты ұлттық негізде құра отырып, халқымыздың тамаша жаңа салт-дәстүрінің бірі «Мүшел той», «Күміс той», «Алтын той», «Қоныс той», «Зейнеткерлерді құрметті демалысқа шығарып салу», «Мешітте жастардың некесін қию»жөнінде кейінгі ұрпақ жан–жақты білуі тиіс деп ойлаймын.

Салт-дәстүр дегеніміз не? Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саласы қазақ халқының салт-дәстүрі болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-ғұрыптар, салт –дәстүрлерге халықтың өмірінде қалыптасқан салт- дәстүрлер салт-сана болып қалған. Халықтың салт –дәстүрлері, рәсімдер мен жөн- жоралғылар,ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер өмірде қолданыс тауып келеді.Оның бәрі дамып,толысып,жаңарып отырады.Қазақ халқының салт- дәстүрлері осы ұлттың мінез- құлқын, қасиеттерін көрсетеді.Кейбір салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезі,сеніміне,ырымына қарай қалыптасып келеді. Қазақ «Ат тұяғын тай басар» деп кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын, ұмытпауын талап етеді.

Салт- кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет- ғұрып, дәстүр.Ол ұрпақтан- ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп,өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып,өмірге қажетті жаңалары дамып отырады.

Дәстүр- ұрпақтан- ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер.Ол- қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез- құлқының, іс- әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата- ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әдептілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.

Қасиетті қазақ халқының салт –дәстүрлері өте көп.


Біздің ауыл той-думансыз болған емес.Ауыл іші той десе тайлы- тұяғымен шұбырады емес пе? Әрине бұл той ерекше!Әжем Қуаныштың 73 жылдық мүшел тойы. Дүниеге әкелген ұл-қыздары ата-анасының бұл тойын қалай тойламасқа! Бұл күні ауылдың сыйлы үлкендері,туған-туыстар шашу-сыйлықтарын алып,ақ тілекпен тойға жиналды.Әжемнің замандас-құрдастары, сыныптасы Бәтима әже жас күндерін естеріне алып,жас күнінде айтқан әндерін шырқап,тойдың сәнін келтірді.



Зейнеткерлерді құрметті демалысқа шығарып салу - соңғы жылдары өмірге енген жақсы дәстүрлердің бірі. Бұл еңбек адамына көрсетілген құрмет, оның Отан алдында, өзі қызмет еткен ұжым алдында сіңірген еңбегіне берілген баға іспетті. Белгілі күні әсем безендірілген кең бөлмеде салтанатты мәжіліс өткізіледі. Жиналысқа той иесінің жұбайы (зайыбы), балалары шақырылады.Қоғамдық ұйымдардың,не жергілікті әкімшілік өкілі зейнетке шығатын адамның өмір жолы туралы қысқаша баяндама жасайды, сыйлықтарын тапсырады, гүл шоқтары сыйланады.

Өткен оқу жылы (мамыр айында) біздің мектепте зейнеткерлік жасқа келген Қапарова Марияш Оразбекқызы. Оқушылар Марияш апайға құрмет көрсетіп, заңды демалысына шығарып салды. Марияш апаймен бірге жұмыс істеген ұжым мүшелері және шәкірттері оған жылдар бойғы ұстаздық еңбегіңіздің зейнетін көріңіз, денсаулығыңыз мықты, ғұмырыңыз ұзақ болсын деген тілек айтты.Оқушылар ұстаздардың көмегімен қабырға газетін,фотомонтаж дайындады.

Қазақ- көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы,сан қырлы мәдениеті,өзіндік игі ғұрып-дәстүрі бар,пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Мен бертін келе шыққан жаңа салт-дәстүрлерді,соның ішінде дәстүрлі мерекелер «Мүшел той», «Күміс той», «Алтын той», «Қоныс той», «Зейнеткерлерді құрметті демалысқа шығарып салу» атты той- жиындарын ажырата білу жайлы ізденіп, зерттеп, талдау жасауға жөн көрдім.

Қоныс тойы. Жаңа пәтерге (немесе үйге) көшу-әулеттегі ең қуанышты кезең.

Сондықтан көп жағдайда оны мерекелік салтанатқа айналдырып, той етіп өткізеді. Қоныстану тойына тума-туысқандарымен бірге қызметтес жолдастарын,бұрын-соңды араласып тұратын достарын, жаңа көршілерін шақырады. Әдетте қоныстану тойына шақырылғандар өз шамасына қарай, сыйлық, көрімдік ала барады.Сыйлық үй тұрмысына,күнделікті қолдануға қажетті заттар болады.Той дастарқанында айтылатын тілек осы отбасына,жаңа пәтердің ішінің құтты болуына арнаулы тиіс.Үй иелері сыйлықты алғанда, аз-көптігіне, өздеріне ұнайтын-ұнамайтынына, бұрын үйінде мұндай нәрсенің бар-жоқтығына қарамастан рақмет айтып, ризалық көңілмен қабылдауы керек.

Мешітте жастардың некесін қию дәстүрге айналды.

Имандылық жолы -таза жол. Қызылжар қаласындағы мешітте талай жастар некесін қиғызып, отбасын құруда. Сол жастардың арасында менің де аға-жеңгем бар.

Неке сарайынан бұрын жас жұбайларды мешітте некесін қиғызу дәстүрге айналды. Неке суын ішкен жастар біріне-бірі адал, некелері берік болады. Басына ақ орамал таққан келін ақ әжелердің батасын алып, оң аяқпен босағаны аттайды.

Ағамның тойы ерекше өтті. Сәнделіп безендірілген машиналар мешіттің алдында қаз-қатар сап түзеп тұр.Құттықтауға келген достары, ағайын-туыстар имандылық білдіріп, мешітке жиналды. Имандылық тәрбиесі осында жатыр.




Сыйлы қонаққа шапан жабу.

Ата-бабаларымыз шапанды жағалы киім ретінде де ерекше бағалаған. Аса құрметті адамды ауылына аттандырар сәтте, оның иығына шапан жауып, аса үлкен салтанатпен шығарып салған. Сонау замандарда хандардың өзі батырлар мен билерге құрмет көрсеткен кезде, оларға қымбат бағалы матадан арнайы шапан тіктіріп кигізген. Тіпті мемлекеттік қатынастарды бекітудің бір белгісі ретінде де аса сыйлы, мәртебелі адамдарға арнайы шапан жіберіп отырған.

Халқымызда көнеден қалған ежелгі салт бойынша құрметті қонақтардың иығына шапан жабу дәстүрі бүгінде заңды жалғасын табуда.


























Қорытынды:

Ата салтың – асыл қазынаң.


Салт-дәстүр,әдет-ғұрып-халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі, мәдениетінің арқауы, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан дәстүрді халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап,көздің қарашығындай сақтап, ілгері дамытып отыру-өркенді де өнегелі іс.

Дәстүр, салт қашан да адам қиялынан туындап, заман ағымына қарай байып, мазмұны тереңдеп отырады. Сондықтан бұған осы тұрғыдан қараған дұрыс. Әркім керектісін, көңіліне ұнататын,көкейіне қонғанын қабылдап, іс жүзінде қолданса, оны ұлтымыздың озық салт-дәстүрлерімен байланыстырып, байытып мазмұндандыра түссе, нұр үстіне нұр.

Жалпы, бұл ғылыми жұмыста менің білгенім: бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі- қазақ халқы. Оның тәрбие-тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халықтың ғасырлар бойы жасаған зор еңбектерін жазып шығу үлкен еңбек. Сол жұмыстың бір тамшысы ретінде ұлттың тәрбие ісіндегі жаңа дәстүрлі мерекелер «Мүшел той», «Күміс той», «Алтын той», «Қоныс той», «Зейнеткерлерді құрметті демалысқа шығарып салу» атты той жиындары туралы жаздым.

Осы той жиындарын зерттей келе «Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлерінің жаңаша қолданысы» туралы гипотезам дәлелденді.Менің көңілге түйгенім және ұққаным, оның адам өміріндегі алатын орнының маңызды,тәрбиелік мәнінің зор екені. Мен оларды адамды ізгілікке, қонақжайлыққа, мейірімділікке, сыйластыққа баулитынына көз жеткіздім.

Ата дәстүрінің желісін үзбей халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап, оларды көздің қарашығындай сақтап, ілгері дамытып отыру өркенді де өнегелі іс.

Салт –дәстүрді дәріптеп, мектептерде жаңа пән ретінде енгізілсе ,мен сияқты жас бүлдіршіндердің мектеп қабырғасында ұлт мәдениетінің нәрімен

адамгершілік асыл қасиеттер үлгісін санаға сіңіруіне жағдай жасалар еді деген тұжырымға келдім

Бұл болашақ ұрпағынан зор үміт күтіп отырған халқымыз үшін маңызды. Біз өз ұрпағымызды білімді де тәрбиелі, өнегелі де ізетті,мейірімді әрі қайырымды, қонақжай етіп тәрбиелегіміз келсе,халықтық жаңа салт - дәстүрлеріне, оның ішінде дәстүрлі той жиындарына ерекше мән беруіміз керек.

Ата тегін ардақтау дәстүрі, көбінесе отбасында, мектепте, балабақшада сөз болып отырса, кейінгі ұрпақ қазақтың жаңа салт- дәстүрлерін бойына сіңіріп, тәрбиелік мәнін білер еді деп ойлаймын.






Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


1. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары.

С.Кенжеахметұлы. Алматы. «Ана тілі» 1994ж

2.Жеті қазына. С.Кенжеахметұлы. 1-кітап. Алматы.

«Ана тілі» 2003ж.

3.«Балдырған», «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ» журналдары

4. Қосымша өзімнің түскен суреттерім.



5. Интернет желісінен. wikipedia.org/wiki/,

6.Мектептегі мерекелер, № 6,2011 ж, 18-20 беттер, 22-23 беттер

  1. Интернет желісінен http://www.balakai.kz

  2. Интернет желісінен http://www.zharar.com/kz











8



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Б?гінгі та?да?ы салт д?ст?рлерді? жа?аша ?олданысы" ?ылыми жоба

Автор: Хамитова Жания Замиевна

Дата: 08.12.2015

Номер свидетельства: 263719


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства