kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Болымды және болымсыз етістік"

Нажмите, чтобы узнать подробности

   1.Коррекциялық –білімділігі :  болымды және болымсыз етістік туралы алған білімдерін пысықтау.

   2. Коррекциялық  - дамытушылығы:  байланыстыра сөйлеу тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

  3. Коррекциялық тәрбиелілік :сауатты көркем жазуға баулу, адамгершілікке, халқымыздың салт дәстүрін бағалай білуге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Болымды және болымсыз етістік"»

Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп- интернат-кешені.

"Болымды және болымсыз етістік"













Өткізген: Кадырбаева А.К.





Орал-2018ж.




Сабақтың тақырыбы Болымды және болымсыз етістік.

Сабақтың мақсаты

1.Коррекциялық –білімділігі : болымды және болымсыз етістік туралы алған білімдерін пысықтау.

2. Коррекциялық - дамытушылығы: байланыстыра сөйлеу тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

3. Коррекциялық тәрбиелілік :сауатты көркем жазуға баулу, адамгершілікке, халқымыздың салт дәстүрін бағалай білуге тәрбиелеу.


Сөздік: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, шайқама , ұқпайды, тулайды.

Көрнекілігі : слайд, тақырыпқа сай жабдықтар.

Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ .

Сабақтың әдісі : әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу.


Сабақтың барысы:

Сәлеметсіз бе, күніңізге сәттілік тілейміз!

Психологиялық жаттығу:

Бір-біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіздер тілейміз.

Деніміз сау болсын.

Елімізге тыныштық тілейміз.

Отбасымыз аман болсын

Сабақты жақсы оқуға тілектеспін.


Логопедиялық жаттығулар:

Нау – дау ма?

Дау –нау ма?


Менің мысығым Мырқымбай,

Мырқырайды бір тынбай.

Артикуляцияны дамыту жаттығулары:

Құстың қауырсынын үрлеп дем алу және тыныс шығару.


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар, бүгін бізге ереқше сабақ. Өйткені, біздің сыныпқа қөп қонақтар келіп отыр.

- Бүгінгі сабақтың ұраны қандай? Сөйлейміз, оқимыз, жазамыз.

Ендеше сабақты мұқият тыңдап , анық, дұрыс сөйлейміз.

- Кезекші дыбыстар қандай?

- Н және М дыбыстары.

- Н-дыбысы қалай айтылады?

- Дауыс бар,ауа мұрын қуысы арқылы өтеді.

- М-дыбысы қалай айтылады?

- Дауыс бар, ауа мұрын қуысы арқылы өтеді.

- Балалар , қазір жылдың қай мезгілі ?

- Қазір жылдың көктем мезгілі.

- Көктемнің қай айы?

- Көктемнің наурыз айы.

- Наурыз айында қандай үлкен мерекені тойлаймыз?

- Ұлыстың ұлы күні, ұлық мерекесі – Наурыз.

- Наурыз –табиғаттың тойы. Күн мен түннің теңелген күнінде тойланатын айтулы мейрам.

Балалар, Наурыз тойында көшеге киіз үйлер құрылады. Киіз үй деген – көшпелі дәуірге лайықталып жасалған жиналмалы баспана. Біз бүгінгі сабағымызда түрлі тапсырмалар орындай отырып, киіз үйді құрастырамыз. Ол үшін сіздер өткен сабақтағы білімдеріңді көрсетіп, сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды дұрыс орындауларың керек. Біздің тапсырмамыз асық арқылы бағаланады. Киіз үйдің негізгі қаңқасын киіз үйдің сүйегі деп атайды. Олар : кереге, шаңырақ, уық, есік немесе сықырлауық.

Бірінші кереге құрудан бастаймыз.

  1. тапсырма.

Үй тасырмасын тексеру.

Сұрақтар қою арқылы өткен сабақты пысықтау. Қызығушылықтарын арттыру

« Ой қозғау».

Етістік дегеніміз не?

Етістіктің сұрақтарын ата.

Етістіктің қандай түрлері бар?

Туынды етістік дегеніміз не?

Болымды және болымсыз етістік туралы кім айтады?

Ал, қане, бәріміз өткен сабақты еске түсіру үшін «Түйілген орамал» ойынын ойнаймыз.Ойынның шарты мен сіздерге болымды етістікті айтып орамалды лақтырамын, ал сіздер болымсыз етістікті айтып орамалды кері қайтарасыңдар.

Мысалы: бар –барма, табылды –табылмады, ұмытты –ұмытпады, жетеле-жетелеме.

Жарайсыңдар, тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Сендер сұраққа дұрыс жауап беріп,ойынды жақсы ойнағанның арқасында киіз үйдің керегесін құрдыңдар. Слайд

Жаңа сабақ: Балалар, киіз үйдің ең жоғарғы сүйегі-шаңырақ. Енді шаңырақты құруымыз керек.Партада басымызды көтеріп тік отырамыз. Қаламды дұрыс ұстаймыз,

2-тапсырма көркем жазу.

Наурыз мерекесі құтты болсын!

Мен -анамның мақтанышымын.

Жарайсыңдар, бұл тапсырманы да ойдағыдай орындадыңдар.Осы тапсырманы орындаудың нәтижесінде біз үйіміздің шаңырағын көтердік. Слайд.

Тақтамен жұмыс.

Келесі тапсырмаға көңіл бөлейік.Көктемнің алғашқы шығатын гүлі –бәйшешек. Бәйшешектің басқа гүлдерден ерекшелігі неде? Оқушылар жауабы.Тақтадағы бәйшешек гүлдерінде берілген тапсырманы орындау нәтижесінде, киіз үйдің келесі бөлігі уықты, шаңырақтың қаламына кіргізіп, керегеге бекітуіміз керек.

Сөйлемді көшіріп жаз. Етістіктерді тап.

Айдос ауылдан келді. Самал сурет салды.Астанаға шетелден қонақтар келіп тұрады. Үйдің есігін кілттеді. Ол сабақ жазбады. Бүгін кешегідей жаңбыр жаумады.Сен төменге түс. Балалар кезекпен тақтада орындайды.


Жарайсыңдар, уықты керегеге бекіттіңдер. Слайд.


Сергіту сәті.

Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды соғайық

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып ,

Орнымызды табайық.

Өз бетімен жұмыс.

Балалар, киіз үйдің бір бөлігі қалды. Ол киіз үйдің сықырлауығы. Сықырлауықты орнату үшін киіз үйдің ішінде тұратын жиһаздың бірі сандықтың ішінде берілген тапсырманы орындауымыз керек. Балалар тапсырманы алады.

Тыйым сөздерді көшіріп жаз.Етістіктерді сөз құрамына талда.

Баскиіміңді теріс киме. Қызға қол көтерме.Басыңды шайқама.Өтірік айтпа. Үйге жүгіріп кірме.Жерге түкірме. Нанды баспа.

Балалар, бұл тапсырма да орындалды. Біз киіз үйіміздің сықырлауығын орнына қойдық.

Оқулықпен жұмыс.

Адасқан сөздердің орнын тауып, өлеңді оқы.

Бала біткен тулайды,

Тайлақ үркіп шулайды

« Шөк» дегенді шықпайды

Үй маңынан ұқпайды

Балалар шумақты кезектесіп оқып шығады.

Жарайсыңдар, киіз үйімізге ақ киізді жабайық.Киіз үйімізді түгел құрастырдық.

Біз өткен сабақта киіз үйді талай рет әңгімеледік. Киіз үйді отбасымен бейнелеп

қалай айтамыз ?

Шаңырақ –әкең, уық –шешең, кереге-балалар . Бірі –бірінсіз кәдеге аспайды, өзара толықтырып тұрады.

Бағалау. Ас ықтармен бағаланады.

Қорытындылау

Міне,балалар, сендер бүгін берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, еңбектенудің арқасында киіз үй тұрғыздыңдар.Мынау сіздерге бүгінгі сабағымыздан естелік ретінде сыйлық.

Кішкене киіз үйлер сыйлыққа беріледі.

Үйге тапсырма 6-жаттығу. 63-бет.



Қоштасу шеңбері.

Күн, шуағыңа, рахмет!

Аспан, таза ауаңа, рахмет!

Жер, күш бергеніңе, рахмет!

Қонақтар, келгендеріңе, рахмет!







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Болымды және болымсыз етістік"

Автор: Кадырбаева Айгул Калешовна

Дата: 31.10.2019

Номер свидетельства: 525056

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Болымды ж?не болымсыз етістіктер "
    ["seo_title"] => string(36) "bolymdy-zh-nie-bolymsyz-ietistiktier"
    ["file_id"] => string(6) "210099"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431363537"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(206) "3 «А» сыныпта бастауыш сыныптар апталы?ында  ?ткізілген ашы? саба? Саба?ты? та?ырыбы: Болымды ж?не болымсыз етістік."
    ["seo_title"] => string(103) "3asynyptabastauyshsynyptaraptalygyndaotkizilghienashyksabaksabaktyntakyrybybolymdyzhniebolymsyzietistik"
    ["file_id"] => string(6) "283729"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453879211"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Ашы? саба? "Болымды ж?не болымсыз етістік""
    ["seo_title"] => string(44) "ashyk-sabak-bolymdy-zh-nie-bolymsyz-ietistik"
    ["file_id"] => string(6) "327924"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1463509031"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""Болымды ж?не болымсыз етістік." "
    ["seo_title"] => string(34) "bolymdy-zh-nie-bolymsyz-ietistik-2"
    ["file_id"] => string(6) "184157"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1426000881"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "«Болымды ж?не болымсыз етістік» "
    ["seo_title"] => string(34) "bolymdy-zh-nie-bolymsyz-ietistik-1"
    ["file_id"] => string(6) "176339"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424407121"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства