kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білімнің мініп шыңына.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш  сынып олимпиадасының бағдарламасы мен тапсырмалары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білімнің мініп шыңына.»

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы

Тасқала ауылы Қ.И.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі


Мектепішілік бастауыш сыныптар бойынша

өткізілген олимпиаданың бағдарламасы

Білімнің мініп шыңына”

Мақсаты : Оқушылардың қызығушылығын ынтасын,зейінін арттыру,алған білімдерін тереңдету. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту ұйымшылдық қабілеттерін дамыту. Оқушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа,алғырлыққа,белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Көрнекілігі: интертақта,бағалау парағы.
Жүргізуші :
«Асыл тастан , өнер жастан 
Шығады деп дарынды 
Халық айтса қалт айтпайды 
Әрқашанда нанымды » деп Абай атамыз айтқандай өмірдің өзі сайыс , ойын Олай болса бүгін біздің мектепте мектепішілік бастауыш сынып оқушылары арасында алғырлар күш сынасып өздерінің білім деңгейін көрсетпекші.
Жалпы орта білім беретін Қ. Сәтбаев атындағы мектебінің бастауыш сыныптар арасындағы пәндер бойынша мектепішілік олимпиада кезеңінің ашылу салтанатын ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші: Қайырлы таң , қымбатты ұстаздар, 2016 -2017 оқу жылының пәндік білім додасына қатысушы оқушылар! Бүгінгі біздің өткізгелі жатқан Олимпиаданың мақсаты ең білімді, ең үздік, ең озат оқушыларды айқындау.

- Бүгінгі бастауыш сыныптар арасындағы пәндер олимпиадасының өтілуі құтты болсын. Биылғы олимпиада ерекше, өйткені бастауыш сыныптар олимпиадасы мектепте жыл сайын өтілуде. Бұл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен тұспа - тұс келіп тұр. Осынау дүбірлі мереке, ұлан-асыр тойға жалғас өткелі отырған білім сайысы сіздерге тың серпін береді деп сенеміз. Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де жарқын болуы – рухы асқақ, өресі биік, білімді де талантты ұрпақ қолында.
Бұл сайысқа мектебіміздің таңдаулы, білімді, зерек оқушылар келіп отыр. Сендердің білімдерің болашақта мектептің, ауданымыздың, еліміздің көркеюіне зор үлес қосады деп сенемін. Олай болса, ғылым мен білімді ең басты қазынам, байлығым деп есептеп, білімнің ең биік шыңдарын бағындыруға жасаған алғашқы қадамдарыңның бірі – бүгінгі жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік олимпиаданың І кезеңі – ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

Бүгінгі олимпиаданың ашылу салтанатына білім елінің есігін ашатын кілтін ала келдім. Салтанатты жиынымыздың алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры -------------------- беріледі

1. «Жеке дарын жетілмейді, дарындар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді» дегендей, оқушылардың білім-білік дағдыларын іс жүзінде сарапқа салатын жауапты күн осы ашылу салтанатына сөз кезегін бастауыш сынып оқу ісі меңгерушісі ---------------береміз.

2. Жасампаз елдің жастарына әркез сеніммен қарайтын Елбасы: «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады», - деген еді. Оның «Өмір бойы білім алу» қағидаты әр ұрпақтың ұранына айналуы тиіс. Өйткені адам үнемі ізденісте болады, білімділікке талпынады, даналыққа жол ашады. Осындай талапты шәкірттерімізге ақ тілек тілейік.

1 - оқушы:
Қайсарлы Қазақстан ұланымыз
Еліме лайық болу ұранымыз.
Шығарып қазақ атын бар әлемге,
Сөнбесін әрқашанда жыр - әніміз.
2 - оқушы:
Бақытты елдің, ұл - қызымыз
Әркімнің маңдайдағы жұлдызымыз.
Елдерді бір - бірімен жалғайтұғын,
Болашақтың ертеңгі ұланымыз.
3 - оқушы:
Бақытты балғын баламыз,
Өседі ой санамыз.
Білімнің нәрін сусындап,
Биікке самғап барамыз.


Олимпиаданың жүру тәртібі және ережелері жөнінде хабарлама жасау үшін әдістемелік бірлестік жетекшіс---------------- беріледі.


2016-2017 оқу жылының ммектепішілік олимпиадасының қатысушы барлық шәкірттерге сәттілік пен шалқар шабыт тілейміз!





Жалпы орта білім беретін Қ.Сәтбаев атындағы мектебі

3-4 сынып оқушыларының «Intel junior-2016»

мектепішілік олимпиадасының тапсырмалары

Гуманитарлық бағыт

1. Бірінші сыңары түбір тұлғада, екінші сыңары тәуелдік жалғаумен келген сөз тіркесін тап:1 ұпай

а) менің орным; в) тау қыраны;с) отпенойнама; д) қыстүсті.

2.Қазақертегілеріндегікейіпкерлердіңтолықатынжаз. 3ұпай

а) ер ... ; б) ... көсе; в) ... шал;

г) .... бала; д).. . би; е) ... батыр

3.Сұрақтарға жауап бер. ( Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)

а. «Үш бақытым» кімнің өлеңі?

ә. «Менің атым Қожа» фильміндегі Қожаның қимас досы кім?

б. Қазақтың есеп – қисапқа құрылған ұлттық ойын.

в. Қабанбай батырдың азан шақырып қойған аты?

г. Әліппенің атасы кім?

4.«Абай жолы» романының авторы кім? 1 ұпай


5.Көркем әдебиеттегі суреттелген табиғат көрінісін .... дейміз. 1 ұпай

А) портрет Ә) сюжетті шығармаБ) пейзаж

6.Қайсысы жалаң сөйлем?1 ұпайА) Қар жауды. В) Түн. С) Астанада Азиада болды. Д)Абай -ұлы ақын.


7. Абайдың жыл мезгілдеріне арнаған өлеңдерін аяқтаңдар. 8 ұпай

а) Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

_____________________________________

_____________________________________

ә) Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

_____________________________________________

______________________________________________


б) Жазды күн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек.

_______________________________________________

________________________________________________

в) Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

______________________________________

____________________________________

8.Тура оқылуы да кері оқылуы да бірдей сөздер. 3 ұпай

Үлгі: қазақ

1. 4.

2. 5.

3. 6.

9.Достық туралы халық мақалдарындағысөздердің әріптерінің ретін дұрыс орналастырыңдар. 2 ұпай

а) Дсосыбаңарайдықа____________________________________________

Пандұшғыңааярайдықа _________________________________________

ә) Сыдотікөпуажмайалды _________________________________________

Ылықа өптік уаддыалмай. ______________________________________

10.«Өмір мектебі», «Ботакөз», «Балуан Шолақ» шығармаларының авторы кім?

Жауабы:____________________________________________________ 1 ұпай


Нақты ғылымдар

  1. 5, 4, 3, 2, 2, 1 цифрларын қатар жазып, оларды 85 саны шығатындай етіп қосу және азайту амалдарын жаз.

Жауабын жаз_________________________________________________ 2 ұпай

  1. Талғат 1 сағ 45 мин саяжайда қыдырды. Ос уақыттың 1/3 бөлігінде достарымен ойнады. Қалған уақытында саяжайды аралады. Талғат саяжайды қанша уақыт аралады?

Жауабын жаз___________________________________________________2 ұпай

3. Тақ сандар ретін көрсет.Дұрыс жауапты белгіле. 1 ұпай1) II,V,VII,IX,XIII 2) X, II,VI,VIII 3) X, V,III,IV,VIII 4)V, VII, III, IX ,XI

4. Қай ауылдың балалары?

Әділет, Еркін, Ерлік 3-еуі лагерде кездесті. Бұлардың біреуі – Қосқұдықтан, екіншісі – Үштөбеден, үшіншісі – Көктөбеден келген. Әділет пен Қостықұдықтан келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, бұлардың екеуі де Үштөбеде болып көрмегендігі белгілі болса, қай бала, қай ауылдан келген?

Жауабы:______________________________________________________4 ұпай

5. Геологтар 1 кг; 2 кг; 3 кг; 4 кг; 5 кг; 6 кг; 7 кг тартатын 7 тас тапты. Осы тастарды 4 жол қапшыққа салғанда, жол қапшықтардың салмағы бірдей болды. Әр жол қапшыққа қандай тастар салынды? Жауабы:_____________________________________________________ 4 ұпай

6.Үш тоқаш 30 теңге тұрады. 5 тоқаш пен 2 корап тұз 80 теңге тұрса,1 қорап тұз қанша тұрады?

Жауабы:_______________________________________________________ 2 ұпай


7. 8 бірл. ІІІ кл, 204 бірл. ІІ кл, 7 бірл. І кл тұратын санды жаз.

Жауабы:________________________________________________________ 1 ұпай


8. Қасқыр,түлкі,аю үшеуі балықты бөлісті.Аю балықтың жартысын,қасқыр 7, түлкі 9 алды.Аңдар барлығы қанша балық ұстады?

Жауабы: ________________________________________________________ 2 ұпай


9.Мектеп викторинасына 12 сұрақ ұсынылды. Оған қатысушыларға дұрыс жауап берген әрбір сұрағына 10 ұпай жазылып, ал қате жауап берген сұрақтарына 8 ұпай сызылып тасталды. Викторинада 30 ұпай жинаған қатысушы неше сұраққа жауап берді?

Жауабы: ________________________________________________________ 4ұпай

10. Мектеп пен үйдің арасы 620 м, ал, үй мен дүкеннің арасы 3 км 100 м. Үй мен мектептің арақашықтығы үй мен дүкеннің арақашықтығынан неше метрге кем? 2ұпай

А) 1328м Ә) 4301 м Б) 2480м



Жаратылыстану

1. Алғашқы глобусты кім жасады? 2 ұпай

Жауабы:__________________________________________________________

2. Жерасты суының жер бетіне шыққан жерін ... деп атайды.1 ұпай

А) құдық Ә) бұлақ Б) сарқырама В) көл

3.Қазақстан даласы әрбір жыл мезгілінде тамаша келбетке бөленеді. Онда өсімдіктің жүздеген түрі бар. Сол өсімдіктің ішінде дала нышаны болып саналатын шөпті атаңыз. 1 ұпай

А) Жусан. Б) Қызғалдақ В)Қырықбуын Г)Лалагүл

4.Қызыл кітапқа енген Грейк жауқазыны қай қорықтың эмблемасы болып табылады?1ұпай

А)Ақсу - ЖабағалыӘ) Наурызым Б) Марқакөл В) Барсакелмес

5. Ауа температурасын өлшейтін құрал? ____________________________


6. Шартты белгілерді сәйкестендір. 2 ұпай Әктас Фосфорит Алтын Ас тұзы



7. Пайдалы қазба неше түрге бөлінеді ? 1 ұпай

Жауабы:__________________________________________________________

8.Мұнайлы өлкені тап:1 ұпай

А)Орал,Көкшетау В) Каспий маңы,Атырау,Ақтау

С)Қарағанды,Екібастұз Д) Қызылорда, Астана

9. Қай ғасырда ғалымдар оттегі және азот ауадан жеке газдар күйінде алынғанын дәлелдеді?4 ұпай

а) 18 ғасыр басында ә)18 ғасыр соңында б) 19 ғасырда

10. Күннің беткі қабатының қызуы неше градус? 2 ұпай А) 60000С ә) 50000 С б) 40000С









Эрудит сұрақтар

1.ҚР Мемлекеттік әнұранының сөзін жазғандар кімдер? 1 ұпай

Жауабы:_________________________________________________________

2.Сұрақтарға жауап бер2ұпай

а) «Жеті жарғыны» құрған кім және қай жылы?

Жауап:_____________________________________________________________

ә)Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры кім?

Жауап: _____________________________________________________________

б) Қазақстан халқының ассамблеясы қашан құрылды?

Жауап: ______________________________________________________________

3. Адам көлік ішінде келе жатса, қалай атайсың?1ұпай

А) жүргізуші Ә)жаяу жүргінші Б) жолаушы В) саяхатшы

4.Орыстың ұлы жазушысы А.С. Пушкин болған Қазақстандағы жалғыз қала... .

1ұпай

а) Ақтөбе ә) Ақтау б) Орал в) Астана

5.Қазақстан Республикасының елтаңбасындағы терең ой мен асқақ арман символы. 1ұпай

а) Аңыз әңгімелердегі тұлпар. ә) Бесбұрышты жұлдыз.

б) Уықтар. в) Күн сәулесі.

6.Тау-тау ақ қар, ерімейді ыстықта. (1ұпай)

Жауап:_____________________________________________________________


7.Кемедегі асхана?(1ұпай)

Жауап:_____________________________________________________________


8. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің Қазақстанда нешеуі бар?(2ұпай)

Жауап:_____________________________________________________________


9.Фауна деген не?(1ұпай)

Жауап:_____________________________________________________________


10.Әлемдегі ең биік сарқырама(2ұпай)

Жауап:_____________________________________________________________

11.Қазақстандағы полиметалл кенінің мол жері? (1ұпай) Жауап:_____________________________________________________________

12.Күннің таралу жылдамдығы секундына неше километр? (1 ұпай)

Жауап:_____________________________________________________

13.Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды тұлға? (1 ұпай)

Жауап:_____________________________________________________________

14.Бір заттың көлемін кішірейткенін көрсететін сан? (1 ұпай)

Жауап:_____________________________________________________________



15.Қазақстанның қылқалам шебері? (1 ұпай)

Жауап:_____________________________________________________________



16.Физикалық картада қыраттар қандай бояумен боялады? (1 ұпай)

Жауап:_____________________________________________________________

17.Сенің өмірің туралы заң? (1 ұпай)

Жауап:_____________________________________________________________

18.Қазақ Ордасының ең соңғы ханы кім болған? (1 ұпай)

Жауап:_____________________________________________________________

19.Суыққа төзімді құс? (1 ұпай)

Жауап:_____________________________________________________________

20. Халқы ең көп мемлекет? (1 ұпай)

Жауап:_____________________________________________________________




























Бастауыш сыныптар бойынша мектепішілік олимпиада қорытындысы

Жалпы орта білім беретін Қ. Сәтбаев атындағы мектебінде қазанның 26- ы күні жалпы мектепішілік пәндік олимпиада өтті.  Олимпиада негізгі 4 пән бойынша ( жаратылыстану, гуманитарлық, нақты ғылымдар, эрудит бағыты ) бойынша ұйымдастырылды. Бұл олимпиадаға бастауыш бойынша 4 сыныптан 9 оқушы, және 3 сыныптардан 4оқушы қатысты. Соның ішінде 4 сынып бойынша 1 оқушы I орын, 2 оқушы II орын, 1 оқушы III орындарға ие болса, ал 3 сыныптар бойынша 1 оқушы I орын, 1 оқушы II орын, 2 оқушы III орындарға ие болды. Қалған оқушылар белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Олардың 3-еуі аудандық олимпиадаға жолдама алды.

Оқушының аты -жөні

Сынып

Жалпы ұпайы

Орын

Мұғалімі

1

Конырова Анель

4 А

26,5ұпай

III-орын

Тлегенова Ш.М.

2

Хамитова Аружан

4 Ә

37 ұпай

I-орын

Сейтенова А.С.

3

Салюк Аңсағаным

4 В

34,5ұпай

II -орын

Куанышова А.Х.

Әр бағыт бойынша берілген сұрақтарға толық жауап берген оқушы жоқ. Жалпы әр бағыт бойынша 10 сұрақтан болды. Жаратылыстану бағыты бойынша таңдау тест түрінде болды. 7 сұраққа жауап берген 1 оқушы,ең төмен 2сұраққа жауап берген. Ал гуманитарлық бағыт бойынша жабық және таңдау тест түрінде болды. 8 сұраққа жауап берген 1 оқушы, қалғаны 4-5 сұраққа жауап берген. Эрудит бағыты бойынша 10 сұрақ болды. 5-6 сұраққа жауап берген 2 оқушы , қалғаны төмен көрсеткіш көрсетіп отыр. Нақты ғылымдар бағыты бойынша логикалық есептер берілген. Нақты ғылымдар бағыты бойынша толық тапсырманы орындаған оқушы жоқ, өте төмен көрсеткіш көрсеткен оқушылар бар.

Болашақта осы оқушылармен жеке жұмыстана отырып, әсіресе логикалық тапсырмаларға көбірек көңіл бөліну мұғалімдерге тапсырылды.



























Мектепішілік «Inteljunior – 2016» бастауыш сынып

оқушыларына арналған интеллектуалды олимпиадасында

---------- орын алғаны үшін

____________________________________________________

марапатталады.











Мектеп директоры






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Білімнің мініп шыңына.

Автор: Баисова Гулмира Ермековна

Дата: 10.01.2017

Номер свидетельства: 377219

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Абай мен Ш?к?рімні? діни м?ралары. "
    ["seo_title"] => string(36) "abai-mien-sh-k-rimnin-dini-mu-ralary"
    ["file_id"] => string(6) "178388"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424816346"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Мен елімні? патриотымын "
    ["seo_title"] => string(25) "mien-ielimnin-patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "177292"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424615238"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Ойын ар?ылы балаларды? ?ызы?ушылы?ын арттыру."
    ["seo_title"] => string(49) "oiyn-ark-yly-balalardyn-k-yzyg-ushylyg-yn-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "304922"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457836621"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Бағандар. Беттердің параметрлері. Құжатты басып шығару."
    ["seo_title"] => string(62) "bag_andar_biettierdin_paramietrlieri_k_u_zhatty_basyp_shyg_aru"
    ["file_id"] => string(6) "379802"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484515192"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(198) "Баяндама "МАТЕМАТИКА САБА?ЫНДА ДИДАКТИКАЛЫ? ОЙЫНДАРДЫ  ?ОЛДАНУ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАРДЫ? П?НГЕ ?ЫЗЫ?УШЫЛЫ?ЫН АРТТЫРУ" "
    ["seo_title"] => string(119) "baiandama-matiematika-sabag-ynda-didaktikalyk-oiyndardy-k-oldanu-ark-yly-ok-ushylardyn-p-ngie-k-yzyg-ushylyg-yn-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "190922"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427228111"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства