| Сахна безендіру: Орман көрінісі (ағаштар, гүлдер) Ортада кішкентай үйшік (макет немесе сурет) Әр кейіпкерге маска немесе қарапайым костюм Музыка: Орман дыбыстары (құстар, жел) Әр кейіпкер шыққанда жеңіл әуен Соңында көңілді музыка Ертеде бір Шал мен Кемпір өмір сүріпті. Бір күні шал кемпіріне: -Маған бауырсақ пісіріп берші,- дейді. -Неден пісіремін?Көп болды үйде ұн жоқ. -Әй кемпірім-ай! Сен қамбаны сыпырып, қуыс-мүйісін қырна осылайша қалған-құтқан ұнды жина. Кемпір шалының айтқанын істейді: қамбаны сыпырып, қуыс-мүйісті қырнап әзер дегенде екі уыстай ұн жинап, оны қаймаққа илеп, бауырсақ жасайды. Пешін жағып, табасына майын құйып, бауырсақты пісіруге қояды. Көп, аз уақыт өткені белгісіз үй ішін тәтті нан иісі алып кетеді. Бауырсақ- тегіс, домалақ, сырты қызаңқырап әдемі болып піседі. Шал оны бірден жегісі келеді, бірақ бауырсақ өте ыстық еді. Кемпір бауырсақты суытуға терезе алдына қояды. Бір өзі жатып- жатып жалыққан бауырсақ жерге түсіп, жерден шөпке, шөптен жолға түсіп әрі қарай домалай жөнеледі. Бауырсақ домалап отырып, көк майсалы жерлерден кең далалы егістіктерден өтеді. Осылай домалаған күйі қалың қараңғы орманға келіп тіреледі. Орманда оған қоян кездеседі. Қоян айтады: - Бауырсақ, бауырсақ! Мен сені жеймін! Бауырсақ оған былай жауап береді: - Мен атамнан, әжемнен кеткен бауырсақпын, сенен, қоян кетуге аса қулықтың қажеті жоқ. Осылайша бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі қоян оны дұрыс қарап та үлгермей қалады. Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен домалап келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келіп: -Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін! Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді. Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді. Бір кезде Аю жолығады: — Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол. — Сендей майтабанға мені жеу қайда? Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме, Қоян менен Қасқырға ұстатпағам ендеше. — Ал сендей ұстатпаймын мүлде де! Сөйтіп домалай жөнеледі. Аю тек көзімен шығарып салады. Бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған Түлкі жолығады: — Бауырсақ, Бауырсақ, қайдан домалап барасың? — дейді ол. — Жолмен домалап барамын. — Бауырсақ, Бауырсақ, маған өлең айтып берші!… — Содан Бауырсақ: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға, ұстатпаймын саған мүлде де!» деп өлеңін айтып береді. Түлкі оған: Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, — дейді. Бауырсақ Түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. Сол кезде Түлкі ұстап алып оны жеп қояды. |
