Бекітемін:
Күні:
Тақырыбы: Ақсақ киік С. Сейфуллин.
Мақсаты: 1. Оқушыларға ақын өмірі, шығармашылығы жайлы мағлұмат бере отырып, өлеңдегі негізгі оқиғаны, идеяны ұғындыру.
2.Шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілеттерін, танымдық білімін, ой-өрісін жан-жақты жетілдіру. мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.
3. Табиғатты сүюге, аялай білуге, туған өлкемізді қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бейне –таспа, сөзжұмбақ жазылған плакат, портрет
Сабақтың типі: жаңа білімді, жаңа ұғымды қалыптастыру сабағы
Сабақтың түрі : кіріктірілген сабақ (интеграциялау)
Сабақтың әдіс – тәсілі: сұрақ- жауап, түсіндіру, баяндау, сурет салу, музыкамен жұмыс, сын тұрғысын ойлау стратегиялары.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, амандасу, назарларын сабаққа аудару
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
ІІІ.Жаңа сабақ:
Оқушыларды 3 топқа бөлу 1-топ « Алғырлар», 2-топ «Білгірлер», 3-топ «Тапқырлар»
1. Қызығушылығын ояту: (сөзжұмбақ шешу)
1) Екі баланың арасында болатын сыйластық
2) Ы. Алтынсариннің табиғат туралы өлеңінің аты
3) Жақсы ... мен күндей
4) Екі бүйірін таянып тұратын қай әріп ?
5) « Нағыз адам » әңгімесінің авторы кім?
6) Абайдың шешесінің аты
7) «Торғай» шығармасындағы торғайды арбаған жәндік
8) « Рәсім » әңгімесіндегі Қаныштың әкесінің аты
9) « Құстар айтысы» қай елдің әңгімесі
Осы сөзжұмбақтан қандай сөз шықты? Сейфуллин
С.Сейфуллин туралы не білеміз?
Әкесі-Сейфулла, шешесі - Жамал
Жазушы өлеңдері ( Ақсақ киік, Інішегіме, Туған ел
Сыр сандық т.б)
Поемалары( Альбптрос, Қызыл ат,
Көкшетау т.б)
Олай болса , бүгін біз С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңімен танысамыз.
1)Өлеңді өтпес бұрын бейне таспаға көңіл аударайық.
Бейне таспадан нелерді көрдік ?
( киік туралы, картадан көрсете отырып, бетпақдала туралы түсінік беру)
Мағынаны тану: 2) кітаппен жұмыс:
Өлеңді мәнерлеп оқып беріп , мағынасына көңіл аударту.
Өлеңді 2-3 балаға мәнерлеп оқыту
Сөздік жұмыс :
Мерген - мылтық немесе садақ оғын көздеген нысанасына дәл тигізетін адамды айтамыз
Бетпақдала - жері құрғақ, шөбі сирек, шөлді дала
3) Өлеңнің негізгі идеясы турала айтып кету.
4) Енді балалар, осы ақсақ өлеңіндегі жаралы киіктің жағдайын музыка арқылы көзімізге елестетіп көрейік.
Музыка пән мұғалімі: Сариев .Сакеннің түсіндірмесі.
С.Сейфуллиннің « Ақсақ киік» өлеңіндегі әуен мен «Ақсақ киік» күйін тыңдата отырып, киіктің жаралы кездегі бейнесін көз алдарына елестету.
«Ақсақ киік» күйінің шығу тарихымен, яғни аңызбен таныстыру.
Өлеңдегі әуен мен күйді салыстыру
Өлеңдегі киік
Күйдегі киік
Екеуініңде жаралануы
5) Бейнелеу пән мұғалімі: Сабирова Құндыз
3 топқа осы өлең мен күйдегі киікті бейнелеу ( топқа тапсырма беру)
1- топ: С,Сейфуллиннің өлеңіндегі киіктің суреті
2-топ: Күйдегі, ақсақ киіктің суреті
3- топ: Табиғатты аялау, қорғау, киіктің табиғаттағы орны
Киіктерді салыстыра отырып, жануарларымыздың табиғат сұлулығы екенін түсіндіру.
IY: Бекіту: балалар сендер музыка мен бейнелеу арқылы киікті суреттедің дер, енді осы
киік туралы өлең жолдарына талдау жасайық.
1-топ – 1-2-шумақпен жұмыс жасайды
2- топ – 3-4 шумақпен жұмыс жасайды
3- топ – 5-6 шумақпен жұмыс жасайды
(әр топ өлең жолдарына түсініктеме береді)
Y: Қортындылау: Ой қорыту 3) суретпен жұмыс:
Суретте не бейнеленген ?
Сурет саған қандай көңіл күй туғызды ?
Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесіңдер ?
Қызыл кітап дегенді қалай түсінесіңдер ?
Ақын киікті неге теңейді?
Өлең қалай аяқталады деп ойлайсыңдар ?
YI: Үйге тапсырма : 1) Өлеңді жаттау, 2) «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен құстар
туралы мәлімет жинап келу.
Бағалау: 1) оқушыларды жұлдызшалармен бағалау
2) топты бағалау
«Үшқоңыр ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен » к м м
Ашық сабақ
Тақырыбы: С. Сейфуллин «Ақсақ киік»
Өткізген: 3 «б» сынып мұғалімі: Г. Н. Шакирова.
Үшқоңыр ауылы -2015 жыл