Литература
Уақыты:24.01.17ж
Кабинет: 39
Мұғалім: Жаканшаева В.С
Сабақтың атауы
С.Сейфуллин «Далада»өлеңі
Сабақтың жабдығы
Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
Жалпымақсаттар
а)Сәкен Сейфуллин өмір жолы мен шығармашылығына тереңірек түсінік беру. « Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу;
ә)өлеңді мәнерлеп оқу, өлең мазмұнын меңгере отырып автор шеберлігін тануына көмектесу,өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету;
Дамытушылық:
а)шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау;
ә) өз бетінше зерттеу, талдау жұмыстарына машықтанып, түйінді ой,өзіндік пікір қалыптастыруына жол ашу;
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке,тіл,сөз өнерін және табиғатты қадірлеп, қастерлей білуге,адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгеру сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: тест,сұрақ-жауап, иллюстрациялық баяндау, түсіндіру, синквейн
Оқыту нәтижесі
Үй тапсырмасын сұрау
1.Сұлтанмахмұт Торайғыров кім ?
А ) әнші Ә) ғалым Б) ақын, жазушы
2.Сұлтанмахмұт Торайғыров қай жылы дүниеге келген ?
А) 1865 ж Ә) 1569ж Б ) 1893 ж
3. Сұлтанмахмұт қай жерде дүниеге келген ?
А) Көкшетау облысы Ә) Орал облысы Б) Ақтөбе қаласы
4.Оның алғашқы ұстазы кім болған ?
А) Абылай Ә) Нұрғали Б) Әсет
5.Қай журналда хатшы болып жұмыс жасайды ?
А) « Айқап » Ә) «Дала» Б) «Қазақ»
6.Сұлтанмахмұттың поэмаларын ата
А) « Еспенбет » Ә) «Адасқан өмір» Б ) « Медғат - Қасым»
7.Оның алғашқы туындысы қалай аталады ?
А) «Қамар сұлу» Ә) «Сұлушаш» Б) «Ботағөз»
8.Ақынның бір өткір өлеңі не деп аталады ?
А ) «Бір адамға » Ә) «Жаз» Б) «Гүл»
9. Ақынның оқу - ағарту тақырыбына жазған өлеңін көрсет
А) «Жарқынбай» Ә) «Шәкірт ойы» Б) «Жазғы қайғы»
10.Сұлтанмахмұт қай жылы қайтыс болады ?
А) 1478 ж Ә) 1236ж Б) 1920 ж
Жауап кілттері :
1 Б 4 Ә 7 А 10 Б
2Б 5 А 8 А
3А 6 Ә 9 Ә
Оқушылар бір- бірін тексереді, жауап кілттерін пайдалана отырып.
Мағынаны тану
Бүгін сабақта қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі,
ақын,қоғам, мелекет қайраткері Сә Сейфуллиннің өмір жолымен, оның «Ақсақ киік» атты өлеңімен танысамыз. (слайд № 3)
Үнтаспадан Сәке сейфуллин туралы мәлімет беру.
Ал,енді «Ақсақ киік» өлеңімен танысу үшін ең алдымен киік туралы мәліметпен танысамыз.
Сөздік жұмысы слайд №6
Шөл – суға тапшы аймақ.
Бетпақдала – Арқаның шөл даласы
Киік,бөкен-аша тұяқты,жүйрік аң
Бетеге- дала өсімдігі
Қос- далалықта паналайтын баспана
Сегіз көштік-сегіз көшіп, әрең өткен
Таңы – жануардың сұлу мүсіні
Киік – аталық жануар
Бөкен – аналық жануар
( слайд №7 Бетпақдала туралы, № 8 киіктің физикалық туралы мәлімет,№ 9)
«Ақсақ киік» өлеңін үнтаспадан тыңдату.Оқушылар өздері өлеңді мәнерлеп оқып шығады.
Сұрақтар :
1.Өлең қандай жануар туралы ?
2.Киік қандай жерде мекендейді ?
3.Киікті бейнелейтін сөздерді оқып беріңдер ?
4.Мергеннің киікті атқаны туралы оқып беріңдер
5.Ақынның айтатын ойы қандай ?
Слайдтан өлеңді құрылысына қарай талдауды еске түсіру
Өлеңді құрылысына қарай талдау
Қап - қара екі көзі мөлдіреген,
Әдемі екі танау желбіреген.
Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,
Жел түрткен жусаннан да селдіреген.
( 1 шұмақ, 4 тармақ,11 бунақ, 11 буын )
«Ойнап, ойлап кезеңі» Бес жолды өлең құрастыру
1. Киік
2
3
4
5
Сабақты қорытындылау
Кесте толтыру
+ мен үшін жаңа ақпарат
келісемін
? мені ойландырды
-Келіспеймін
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.
Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
«Жүйріктен жүйрік озар…» үш қатарға тапсырмалар беріледі.
Үй тапсырмасы
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Бағалау парақшаларын тарату
Парақшаларды толтырады
Кері байланыс