kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

21 ғасыр көш басшысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«21 ғасыр көш басшысы»

«XXI – ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы
Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Әдісі: баяндау, ой қозғау, сұрақ - жауап
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Құрметті оқушылар, «XXI – ғасыр көшбасшысы» атты білім сайысына қош келіпсіздер! Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру.
- Бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады.
1 - кезең: «Бәйге»
2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
3 - кезең: «Қызықты тоғыздық»
4 - кезең: «Шебер қолдар»

Олай болса сайысқа қатысушы сайыскерлерімізбен танысып алайық.

Енді осы сайысқа төрелік ететін әділ қазы алқалары.


- Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыз бәйге сайысына кезек береміз.

1 - кезең: «Бәйге». Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап бере алады. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға мүмкіншілік бар. Сонымен, сендерге сәттілік тілеймін!
- Ал, бастайық!

1. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
2. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров)
3. Қ. Р. рәміздерін атаңдар? (Ту, елтаңба, әнұран)
4. Өсімдік мүшелерін ата? (Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)
5. Қ Р мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)
6 ҚР астанасын ата?

7 . Әкеңнің әкесі саған кім болады?

8 Сен ата-әжене кім боласын?

9. Қ Р Президенті кім?
10 Жыл мезгілдерін ата?


2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті сайысымыз «Жеті жұрттың тілін біл». Мұнда сендерге жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
1. Қабат – қабат қаттама
Ақылың боллса аттама. (кітап – книга - book)
1. Футболшының алаңдағы ойын заты? (доп – мяч - ball)
2. Жүз теңгең болғанша,
Жүз....... болсын. (дос – друг - friend)
3. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)
4. Жеті қазынаның бірі –
Адамды қорып жүретін досы.
(ит – собака - dog)

5 Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі.
(Көктем - весна - spring)

6. Мұрты бар, иегінде сақал жок,
Тон бар, киетін шапаны жок,
Пайдасы үй ішіне табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапар жоқ.
(Мысық - кот - cat)


7. Әр адамның шағын отаны
( Жанұя - семья - family)

8. Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады
(Қоян - заяц - carrot)

9. Ер қанаты(Ат)
(Ат - конь - horse)

Балалар, енді ортаға шығып сергіту сәтін орындайық. Би «мен қазақпын»

3 - кезең: «Қызықты тоғыздық»
- Бұл кезеңде сендерге пәндер бойынша сұрақтар беріледі.Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қойылады. Және осы кезеңде балы төмен үш оқушымен қоштасамыз.

 1.Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

А) 41 әріп

Ә) 42 әріп

Б) 40 әріп

2Жұмыртқа салмайтын қай құс?
А) торғай

Ә) бүркіт

Б) көкек

3Тиісті сөзді жаз: … көрген оқ жонар.
А) бала

Ә) әке

Б) апа

4«Мемлекет» сөзінде неше буын бар?
 А) 4

Ә) 3

Б) 2
5 . Жуан айтылатын сөзді тап.
А) әдемі

Ә) жүзім

Б) ардақты

6.Қой  атасы-….
А) Ойсылқара

Ә) Қамбарата

Б) Шопаната
7.  Қой ….
А) боздайды

Ә) маңырайды

Б) кісінейді

8Аю сөзінде неше әріп, неше дыбыс?

 А)  2 әріп 2 дыбыс

Ә)  2 әріп 3 дыбыс

Б)  3 әріп 2 дыбыс
9 Сиырдың  баласы- …..
А) лақ

Ә) бұзау

Б) бота

10 «Орман емшісі» қай құс?
 А) торғай

Ә) бүркіт

Б) тоқылдақ

11Ешкінің баласы- …..
А) бота

Ә) бұзау

Б) лақ

12Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қа не кім тез шешеді? (30 қаз)
14Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (60 алма)
15100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі

Сенде қалды.
16. Тірі табиғатты тап.
А) ауа
Ә) жел
Б) жануар
17. Иіс сезу мүшесін тап.
А) көз
Ә) мұрын
Б) құлақ
18. Өсімдік неден көбейеді?
А) тұқым
Ә) жапырақ
Б) гүл
19. Табиғат құбылысын тап.
А) жаңбыр, тұман, жел.
Ә) күн, түн, жұлдыз.
Б) су, тас, бұлт
20. Тығыз оралып өсетін жапырақты тап
А) сәбіз
Ә) пияз
Б) орамжапырақ
21. Мал қашан төлдейді?
А) жаз
Ә) көктем
Б) қыс
22. Біздің Отанымыз қалай аталады?
А) Қазақстан Республикасы.
Ә) Астана
Б) Шығыс Қазақстан
23. Өсімдіктің қай мүшесі топырақ астында жатады?
А) бұтақ
Ә) Жапырақ
Б) тамыр
10. Бір жылда неше мезгіл бар?
А) үш мезгіл
Ә) екі мезгіл
Б) төрт мезгіл

Соңғы 4 кезеңіміз «Шебер қолдар» бұл кезеңде балаларға түрлі-түсті қағаз, желім және ермексаз беремін. Сол заттарды пайдалану арқылы еркін тақырыпта жұмыс жасау керек. 7 минут уақыт беріледі. Ең жоғарғы ұпай 10 бал.

Қауіпсіздік ережесі қайшыны абайлап ұстаймыз. Асықпай жұмыс жасаймыз.


Көрермендер кезеңі


1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? (Түбір)

2. Сын есімнің сұрақтары...(Қай? Қандай?)

3. Ң жазылатын бір сөз ата. (қараңғы)

4. Оңнан солға қарай оқысаң да, солдан оңға қарай оқысаң да сол сөз шығатын сөзді ата... (қызық, қазақ, қалақ)

5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата.  (сұлу)

6. Сұраулы сөйлемнің аяғында не қойылады? (сұрақ белгісі)

7. Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіретін сөздер...(Етістік)

8. Жаман деген сөзге қарсы мағыналы сөз... (Жақсы)

9. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша?(Жұрнақ)

10. Сан есімнің сұрақтары...(Неше? Нешінші? Қанша?)

11. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша... (жалғау)

12. Заттың санын, ретін білдіретін сөздер... (сан есім)

13. Етістіктің сұрақтары... (не істеді? Не қылды? Қайтті?)

16. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөз... (биік)

17. Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер... (сын есім)


1.Қолы менен қаламы жоқ,

   Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)

2.Қоймасын қыс ақтарып,
   Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)

3.Бірін-бірі қоштаған,

   Бір үйден көрдім,

   Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)

4. Жұқа тақтай бөлшегі,
      Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)

  5. Қалқиып екі құлағы,
      Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)

  6. Жолбарыстан аумайды,
      Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)

  7. Жеп көріп ем өзім мен,
      Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)

  8. Бұлаңдаған құйрығы,
      Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)

  9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
      Құшағымда білім көп. (кітап – книга)

10.Сағат сайын қағылады,

      Тек мектептен табылады( қоңырау-звонок)


Оқушылардың жұмыстары дайын болса әділ қазы мүшелеріне апаруларынды сұраймыз.қорытынды жасау үшін әділ қазыларға сөз береміз.


Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға.
Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын,
Білім-жарық, нұрын саған шашатын- дей келе бүгінгі «XXI – ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысымыз өз мәресіне жетті. Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
21 ғасыр көш басшысы

Автор: Досбергенова Баян Беркінқызы

Дата: 18.03.2018

Номер свидетельства: 462450

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "XXI- ?асыр к?ш басшысы атты шоу "
    ["seo_title"] => string(34) "xxi-g-asyr-kosh-basshysy-atty-shou"
    ["file_id"] => string(6) "161990"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422292161"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "«Жа?а тас ?асыры» /неолит ескерткіштері/"
    ["seo_title"] => string(38) "zhanatasgasyrynieolitieskiertkishtieri"
    ["file_id"] => string(6) "279343"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453218426"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "«Дуада?» ?айнекей Жарма?анбетов "
    ["seo_title"] => string(35) "duadak-k-ainiekiei-zharmag-anbietov"
    ["file_id"] => string(6) "217249"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433273140"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(211) ""Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында Жаңа формация мұғалімі: тәжірибе және кәсібі баяндама қазақ тілі"
    ["seo_title"] => string(80) "m_n_ghilik_iel_u_lttyk_idieiasyn_zhuzieghie_asyru_aiasynda_zhan_a_formatsiia_m_2"
    ["file_id"] => string(6) "406782"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491372625"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(185) "Баянауыл ауданындағы білім беру ұйымдарында инновациялық-әдістемелік қызметі жүзеге асыру жолдары."
    ["seo_title"] => string(80) "baianauyl_audanyndagy_bilim_beru_uiymdarynda_innovatsiialyk_distemelik_kyzmeti_z"
    ["file_id"] => string(6) "612160"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1661446083"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства