kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында Жаңа формация мұғалімі: тәжірибе және кәсібі баяндама қазақ тілі

Нажмите, чтобы узнать подробности

               "Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында

                   Жаңа формация мұғалімі: тәжірибе және кәсібі

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың үстіміздегі жылдың қараша айында  «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Жолдауында: «Біздің мақсатымыз - елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру» деп атап өткен болатын. Ел келешегін бәсекелі елдердің қатарына қосатын өскелең ұрпақты кемел біліммен байытатын білім беру жүйесінің мақсаты бәсекеге қабілетті тұлға даярлау болса, мәңгілік елдің заманауи мұғалімі өз елі мен жерін, мамандығын, отбасы мен оқушысын шынайы сүйетін маман болумен бірге өзгермелі заманның педагогикалық технологиясын игерген, қажеттілікке сай біліктілікті арттыруға даяр рухани қазыналы ізденімпаз, шығармашыл тұлға болуы тиіс.  Ғасыр қойнауында қызмет атқарған қоғам қайраткерлері, ғұлама ғалымдар өскелең ұрпақты сапалы білім мен саналы тәрбиемен тербетіп өсіретін ұстазды қанаттандыратын ойлы сөздер сырының салмағы мұғалімнен қаншалықты жауапкершілікті талап ететін аңғарту қиын емес. Мысалы, осыдан 12 ғасыр бұрын айтылған шығыс ойшылы Әбу Насыр әл Фарабидің  «Ұстаз - тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында са те шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген сипаттама сөзінің маңыздылығы бүгінгі күні де өзекті. Ілім-білімге үйрететін ортаның жүрегі болып табылатын мұғалім білім сапасын көтерудің негізгі тетігі болумен қатар оның теориялық білімі  мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі заманауи талапқа сай болуы шарт.

Қазіргі қоғамда болып жатқан терең әлеуметтік өзгерістер білім беруді дамытуға жаңаша көзқараспен қарауды, педагогикалық ғылым әдістемелері мен парадигмасын өзгертуді талап етеді. Осындай өзгерген әдістерді мектеп өміріне енгізетін де, мектепті жақсартатын да негізгі тетік – қабілетті мұғалім. Бауыржан Момышұлының сөзімен айтсақ, мұғалім «болашақтың баласын да, данасын да, ғылымын да өсіреді». Сондықтан, қазіргі қоғам болашағының данасын өсіру үшін мұғалімнің өзі де дәстүрлі сабақ беру әдістерін өзгертіп, жаңа формацияның мұғалімі болуға жан-жақты бетбұрыс жасауы керек. Жаңа формацияның мұғалімі деген кім? Жаңа формацияның мұғалімі – жаңа заманға сай өзгерген мұғалім. Қазақстан Республикасының білім беру Тұжырымдамасында: «Жаңа формацияның мұғалімі – кәсіптік дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа жаны құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлға», - деп нақтыланып көрсетілген. Ал жаңа формация мұғалімін қалыптастыруға қойылатын негізігі талап – жаңа технологияларды меңгеру болғандықтан, жаңа формация мұғалімі кәсіби шеберлік пен бірнеше құзіреттілік түрін игеруге міндетті. Жаңа форматтағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігіне тоқталсақ:

-Іргелі және кіріктірілген білімдердің жоғары болуы, яғни педагогика, тәрбие теориясы мен әдістемесі, дидактика, оқу бағдарламасына сәйкес пәндерді жүргізу әдістемесі, сол пәндер арқылы оқушыларға берілетін білімдерді терең игеру;

-Түйінделген іскерлікті, дағдыны, қабілетті меңгеруі – дидактикалық, танымдық, коммуникативтік, зерттеушілік, шығармашылық, өз білімін дамытуға деген қабілет, теория мен тәжірибені байланыстыра алу қабілеті, диагностикалық іс-әрекет, ғылыми зерттеу іс-әрекетімен айналысу;

-Инновациялық технологияларды меңгеруі – мектеп мұғалімі өзінің шығармашылық  іс-әрекетінің арқасында тұтас педагогикалық үрдісті тиімді ұйымдастыруы үшін қазіргі қолданыстағы жаңашыл технологияларды толық меңгеруі тиіс. Жаңа иновациялық технологияларды ғылыми ізденіс пен тәжірибеге енгізуде өз үлесін қосуы қажет;

-Кәсіптік-педагогикалық қасиетке жаңаша көзқараспен қарауы – бұрыннан қалыптасқан «мұғалімнің айтқаны әрқашан дұрыс» деген қағидадан аулақ болып, мұғалім тек ақпарат таратушы ғана болмай, оқушының жеке тұлға болып қалыптасуының көмекшісі болуы тиіс, оқушының даму деңгейіне қарамастан оның жеке тұлғасын құрметтеу, өзара бірлескен әрекет, қызмет, көмек, оқушының жетістігіне қуана білушілік басты назарда болу керек. Оқушының әрқайсысын тереңірек тануға тырысу, өз мамандығын сүю;

-Педагогикалық міндеттерді жүзеге асыруда кәсіптік, шығармашылық іскерлігі – педагогикалық міндеттерді шешу барысында шеберлік танытып, өн бойындағы білім-білік дағдыларын пайдалана отырып, оқушыларға қажетті білім жүйесін меңгерту;

-Шығармашылық шеберлігі – оқу-тәрбие үдерісінде кездесіп жататын түрлі жағдаяттарда мұғалімнің шығармашылықпен ойлай білетіндігі мен шеберлігін танытуы тиіс.

 Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов :«Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бекер айтпаған. «Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады. Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп отырады. Осындай ұлағатты сөздерді басшылыққа ала отырып, өзімнің іс-тәжірибемде ескеріп отырамын.

Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсініктерін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олардың жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне ыңғайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жеке түсіне білуі керектігі жөнінде курста айтылғандай мен сабақтарымды өткізе отырып, алдымен сабақ беру тәсілімді өзгерттім. Нәтижесінде әр сабақты жоспарлаған кезде сабақ үрдісінің әр аспектісін, әр аясын жеке зерделеп, сабаққа тыңғылықты дайындалып отырамын.

Сапалы және табысты оқыту жайында қорытынды қалыптастыру. Оқытудың сапасын екі тәсіл арқылы анықтауға болады. Біріншісі, бағалау оқу қызметінің нәтижесіне байланысты болмай, мұғалімнің іс­-әрекетінің тәжірибе талаптарына сәйкестігін, яғни – мұғалім жұмысының тиімділігін, оқушылармен өзара байланысының сипаты мен жиілігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл жағдайда баға мұғалім жұмыс істейтін оқушыларға байланысты қарастырылады, оқыту үдерісіне тәуелді болмайды. Оқытуды бағалаудағы екінші тәсілі жай ғана кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен орындағаннан гөрі, көбірек күш жігерді талап ететін сапалы әрі табысты оқытуға ерекше көңіл бөледі. Табысты оқыту білім беру үдерісіне тәуелді болғандықтан, оқытудың шын мәнінде жүзеге асырылуы мен құзіреттілік, шеберліктің деңгейі қаншалықты екенін саралай білу де қажет. Сонымен қатар оқушылардың жай-күйі мен әлеуметтік ортасының сипатын, мүмкіндіктерінің дәрежесі мен қолжетімділік деңгейін білу қажет. Осыған байланысты сынып туралы мәтіндік мәлімет қажет болады. Осылайша бұл Бағдарлама:

1) оқыту мен зерттеуге ынта­-жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін және оқушыларға қамқорлық көрсете отырып, ықпал ететін және бағдар беретін мұғалімдерді;

2) әрбір оқушының пәнді түсінуді қалай құрылымдау қажеттігін ойластыра білетінін сезінетін, осы көз­қарастар тұрғысынан білімі мен тәжірибесін қалыптастыратын; сондай­-ақ оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері бойынша ілгері жылжуын өрістету мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар мұғалімдерді;

3) оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін, өзі мен оқушыларының бұл өлшемдерге қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін білетін, оқушылардың игерген білімі мен оқушылар мойындаған «Біз қайда бара жатырмыз?», «Қандай іс­-әрекет жасау керек?», «Одан әрі не істеу керек?» деген сияқты табыстылық өлшемдері арасындағы алшақтықты жою үшін не істеу керек екенін білетін мұғалімдерді;

4) бастапқы идеядан өзге идеяларды өрістете байланыстыратын және сол идеяларды оқушылардың өздері құрастырып, жандандыра алатындай етіп жинақтап, толықтырып, тереңдетіп бере алатын мұғалімдерді даярлауға бағытталған деп айтуға болады. Бұл – дайын білім мен идеяларды ұсыну емес, оқушылардың өздерінің білім мен идеялар құруы болып табылады. Біз, жаңа формацияның мұғалімі, дұрыс бағытқа жетелейтін дұрыс сұрақтарды қою арқылы оқушының дұрыс жауап іздеуіне бағыт-бағдар берушіміз. Сондықтан оқушыны оқуға ынталандыру, өзін-өзі сыйлау сезімін дамыту арқылы өздігінен ақпарат іздеп, өздігінен оқуға үйретуіміз керек. Не себепті өзіндік оқып, үйрену туралы ойлану керек? Өйкені қазіргі білім саласындағы оқыту үдерісі соны талап етіп отыр. Ал ақпараттар ағыны көп заманда өзіндік оқып, үйрену қалай жүзеге аспақ? Әрине мұғалімнің бағыт - бағдар беруші ретіндегі тапсырмалар мен ойланту сұрақтарын қоя білуіне байланысты. Әр мұғалім білім беру саласында қоғамның дамуының басты айғағы болып саналатын ақпараттық - коммуникативтік технологияларды ұтқыр қолдана білсе, сабақтың дамытушылық сипаты да тиімді болатындығы сөзсіз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында Жаңа формация мұғалімі: тәжірибе және кәсібі баяндама қазақ тілі»

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Автор: Жаканшаева Венера Салкамбековна

Дата: 05.04.2017

Номер свидетельства: 406782

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(211) ""Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында Жаңа формация мұғалімі: тәжірибе және кәсібі баяндама қазақ тілі"
    ["seo_title"] => string(80) "m_ngilik_el_ulttyk_ideiasyn_zhuzege_asyru_aiasynda_zhana_formatsiia_mug_alimi_t_"
    ["file_id"] => string(6) "481744"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1540276770"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства