Баянауыл ауданындағы білім беру ұйымдарында
инновациялық-әдістемелік қызметі жүзеге асыру жолдары.
Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен технологиялық жағынан модернизациялау» тақырыбын басшылыққа алып жұмыс жасайды. Баянауыл ауданы бойынша әдістемелік кабинетте 9 әдіскер жұмыс атқарады.Әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлнәзи Зейноллақызы Нұртаева.
Әдістемелік кабинеттің басты мақсаты: педагогикалық ұжымдардың кәсіби құзырлығын көтеру және білім мекеме басшыларының, орынбасарларының білім теориясын дамыта отырып тәжірибемен ұштастыру.Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпы орта білім беру стандарттарын меңгеру және енгізу үшін білім беру ұйымдарына қолдау көрсету, оқу-тәрбиелік үдерісін басқару және ұйымдастыру арқылы білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлердің ақпараттық, оқыту-әдістемелік, білім беру талаптарын қамтамасыз ету міндеттерін жүзеге асырамыз.Әдістемелік кабинеттің эксперттік-аналитикалық іс-әрекеті төмендегідей: оқу-тәрбие жұмыс жоспары, аттестатталушы мұғалімдердің жұмысы, пәндерді оқыту жағдайы, білім сапасы, біліктілікті арттыру курстары, әдістемелік бірлестік іс-әрекеттері, дарынды балалармен жұмыс, бастауыш пен орта саты сабақтастығы, психологиялық-педагогикалық зерттеулер, тақырыптық мониторинг, әдістемелік жұмыс рейтингісіне тоқталады.Ресурстық орталық жұмысы пандемиялық шектеулерден кейін дәстүрлі форматта өткізілді. Жұмыстың басты мақсаты: қала мектептері мен ауыл мектептерінің білімін теңестіру, қорытынды аттестацияға дайындық пен кәсіптік бағдар беру.Әдістемелік қызметтің функцияларына: ақпараттандыру және электрондық оқытуды жүзеге асыру, педагог қызметкерлерінің мәртебесі мен кәсіби шеберлігін көтеру, “Дарынды бала” бағдарламасын жүзеге асыру, эксперементалдық-инновациялық іс-әрекеттерді әдістемелік жетілдіру, кітап қорын жинақтау, кітапханашылардың жұмысын ұйымдастыру, дене шынықтыруда салауатты өмір салтына сауықтыру, спорттық-бұқаралық, әскери-спорттық шаралар ұйымдастыру мен баспа іскерлігі жатады.Барлық пән әдіскерлері аудан мұғалімдеріміздің кәсіби шеберлігін жоғарлату және педагог қызметкерлерінің мәртебесін көтеру мақсатында үнемі біліктілікті арттыру жұмысына, аудандық, облыстық, республикалық деңгейде өткізілетін байқау мен конкурстарға қатысуларын назарда ұстаймыз.Ауданымызда педагог қызметкерлерінің мәртебесі мен кәсіби шеберлігін көтеру жұмысы жүйелі түрде жүргізілуде. Соның дәлелі ретінде, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен «Педагогикалық шеберлік» орталығының тренерлерімен «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқушылардың шығармашылық дағдыларын дамыту» тақырыбында көшпелі курстар мен семинарлар өткізілді.Қала мектебі мен ауыл мектебінің білім сапасын теңестіру мақсатында өзара серіктестік жұмысы да іске асуда. Серіктестік жұмысы аясында үздік тәжірибені тарату арқылы тәжірибе алмасу, жаңа әдіс- тәсілдерді енгізуде ортақ мәселелерді шешуде ортақ ұстанымдар қалыптастыруда тренингтер, семинарлар, коучингтер мен дөңгелек үстелдер өткізілді. Біз Павлодар қаласындағы «Жас дарын» мамандандырылған мектебі, Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі, Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия, Екібастұз қалысндағы «Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицейімен» өзара ынтымақтастық мақсатында ауқымды жұмыстар атқардық. Атап өтетін болсақ, десанттық сабақтар, алаңшалар, «Зум» платформасында семинарлар мен тәжірибе алмасу мақсатында вебинарлар өткізілді.Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебі мен Павлодар педагогикалық Университетімен ынтымақтастық жұмысын жүргізу мақсатында педагогикалық сыныптар ашылды.Білім бөлімінің әдістемелік кабинеті облысымыздың жоғарғы оқу орындарымен үнемі байланыс жүргізуде. Оның дәлелі ретінде аудандық оқуларды өткізу барысында әділ-қазылыққа жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары шақырылып отырады.Ауданымыздың педагогтері үнемі аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі байқау мен конкурстарға қатысуда. Атап өтетін болсақ, биылғы оқу жылында аудандық деңгейдегі байқаулардың жеңімпаздар саны -37, облыстық деңгейде 23-ке көтерілді. Яғни биылғы жылы өсу динамикасы көтерілді.Павлодар қаласындағы Инновациялық орталықпен бірлесе отырып бірнше жобаларды жүзеге асырдық. Мұғалімдердің кәсіби байқауларында да жетістіктері аз емес. Биылғы жылы М. Әуезов атындағы ЖОББМ-нің басшысы Самал Сақтасынқызы Мәжитова «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен, Шадыра ЖОББМ-нің математика пәнінің мұғалімі Айнаш Төлеутайқызы Оразбекова «Павлодар облысы білім саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгімен және ақшалай сыйақымен марапатталды. М. Әуезов атындағы ЖОББМ-нің кітапханашысы Гүлсім Маханқызы Қасымова Республикалық «Білгір кітапханашысы-2021» байқауында жүлделі І орын иегері атанды. Облыстық «Үздік психолог» байқауында №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің психологі Әсел Серікқызы Шайменова «Үздік эссе», Қ. Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің психологі Әмина Тұрдыбекқызы Шегебаева «Кәсіби шеберлік» номинациясына ие болды. №2 Майқайың ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Баққайша Арғымбайқызы Жетмекова облыстық «Педагогикалық шеберлік» байқауында І орын, №2 Майқайың ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қарлығаш Қуанышқызы Тонтаева ІІ орын иегері атанды. Ш. Айманов ат. ЖОББМИ-ның география пәнінің мұғалімі Ержан Бақтыбайұлы Рахымтаев облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Облыстық «Үздік оқу-әдістемелік құрал» атты байқауда Ш. Айманов ат. ЖОББМИ-ның логопеді Айнұр Уахитқызы Багимбекова І орын иегері атанса, №2 Майқайың ЖОББМ-нің педагог-психологі Татьяна Нефельд жүлделі ІІІ орынға ие болды. Ш. Шөкин ат. ЖОББМ-нің тәлімгері Жадыра Зарқынқызы Қошланова облыстық «Жыл тәлімгері» байқауының ІІ орын жеңімпазы атанды.Оқушыларымыз жалпы білім беретін пәндерден Халықаралық, Республикалық және облыстық байқауларында қатысып, жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы Ерасыл Серік «Елбасы медалімен» марапатталды. Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасында 15 оқушымыз жеңімпаз атанды. Б.Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Айзере Зейнолла, Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Диана Дүйсен, Шапық Шөкин атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Ильнар Маненова мен 6-сынып оқушысы Аяулым Айтжанова, Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Айдана Қайыржан, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Нұралы Исабек, С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Нұрғалым Байшүкір “Тәуелсіздік ұланы” сыйлықақысының иегерлері.30 мамыр күні Нұрсұлтан қаласында өткен Дүниежүзілік ХІХ жазғы Гимназиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Білім және ғылым министрі Асхат Айтмағамбетовтың салтанатты марапаттау рәсімінде қатысып келген Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Дихан Шайқыбеков болды. Дихан Бүкіл әлемдік жазғы гимназиадада Республика намысын қорғап бокстан ІІ орын иегері атанып, Павлодар облысы Ертіс-Баян өнірінің атын асқақтатты.Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Фатима Хайролла Республикалық «ProEco» конкурсының ІІ орын, Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Ернұр Қанаш Республикалық ғылыми жобалар конкурсында ІІ орын, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Райымбек Марат Республикалық «KazRobotics» конкурсында ІІ орын, Республикалық І. Жансүгіров оқуларында Ж. Аймауытов атындағы ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Айсәуле Шәкен І орын, Республикалық М. Ж. Көпейұлы оқуларында №2 Майқайың ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Аяна Тілеубергенова І орын, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 5-сынып оқушысы Ернар Назымхан Халықаралық «Roboland 2021»робототехника фестивалінде ІІІ орын, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 4-сынып оқушысы Жәнібек Марат «Зерде» Республикалық ғылыми жобалар конкурсында «Бас Жүлде» иегері атанды.
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасында «Жыр алыбы - Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысына қатысып, Кенен Әзірбаев атындағы арнайы жүлдесімен және көрсеткен өнері үшін алғыс хатпен, Облыстық Шоң би оқуларында «Мүшәйра» секциясы бойынша Бас жүлде иегері Баянауыл балалар өнер мектебі мен Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы Мейіржан Баршынбаев аттанды. 8 пән бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, жаратылыстану және биология, химия, физика, география) «Жас кемеңгер» мектебі олимпиадасы өтті. Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 5-сынып оқушысы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Айару Қалиасқар мен 6-сынып оқушысы Мансұр Айтпай І орын, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы физика пәнінен Ясмин Нұржанқызы І орын, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы биология пәнінен Нұрсая Сәрсенбай ІІ орын, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Нұрия Серік ІІІ орын иеленді.
9-11 сынып оқушылары арасында көптілділік бойынша облыстық олимпиадасында №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Әйгерім Жүсіпова І орын иеленді.
ХХІІІ облыстық Абай оқуларында «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытында Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Қуат Қуан ІII орын, «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бағытында Ж. Аймауытов атындағы ЖОББМ 11- сынып оқушысы Айсауле Шәкен ІI орын, «Ұлылар әлемі» бағытында Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Ділназ Мұхтарова ІI орынмен марапатталды.
«М. Мақатаев оқуларының» облыстық кезеңінде Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Альмира Ермекқызы ІІІ дәрежелі дипломды жеңіп алды.
«Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңінде «Тақырыптық айтыс» бағытында Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 10- сынып оқушысы Қапаш Мирас І орынды, «Қайым айтыс» бағытында Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы Мейіржан Баршынбай Бас жүлдені алды.
5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Ә.Марғұлан атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Данель Ілдебаева, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі пәнінен К. Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 5-сынып оқушысы Қанағат Қабдолла және Сұлужон жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Айтқали Жұмаділов ІІІ орынды иеленді.
2-4 сынып оқушыларына арналған VIII облыстық математикалық турнирінде М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 4- сынып оқушысы Диана Смайлова ІІІ орын алды.
5-8 сынып оқушыларына арналған "ProEco" экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңінде Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 9- сынып оқушысы Ернұр Қанаш ІІІ орын, Шапық Шөкин атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінің 6- сынып оқушысы Алима Айдрахметова ІІІ орын, М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8- сынып оқушысы Фатима Хайролла І орын, З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Толғанай Нұрбекқызы ІІ орын, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп- интернатының 7-сынып оқушысы Нұрсая Сәрсенбай ІІ орын, Шапық Шөкин атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінің 5- сынып оқушысы Әлішер Арыстан ІІ орын жеңіп алды.
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында көптеген облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып жүрген Спорт тарландары бар.Павлодар қаласында №25 жалпы орта мектеп базасында 5-6 сынып оқушыларының арасында мектеп лигасы өткізілді. Жалпы Баянауыл құрама командасы І орынды иеленді.
Қазақстан Республикасының «Рәміздер күніне» арналған облыстық «Ту ұстаушылар» байқауында Баянауыл ауданының командасы ІІ орын иеленді. Жеңімпаз атанған Б.Хайдаров атындағы ЖОББМ-нің 10-сынып оқушылары атанды.
Әдістемелік кабинеттің әдіскерлері облыстық «Үздік әдістемелік кабинет» байқау-конкурсына жыл сайын қатысып келеді. 2016 жылы- ІІІ орын, 2017 жылы- ІІ орын, 2021 жылы Сертификат иеленді. Облыстық байқаудың нәтижесі мұғалімдердің тамыз кеңесінде жарияланады.
Гүлнәзи Нұртаева,
Баянауыл аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі