Просмотр содержимого документа
«"Табиғат және музыка"»
Мұнайлы ауданы
«№2 жалпы білім беру орта мектебі» ММ
Тақырыбы: «Кім тапқыр?»
(тәрбие сағаты)
Мұғалім:Нугманова Г.
Сыныбы: 2 «Ж»
Күні: 19.04.2018 ж.
2017-2018 оқу жылы
Тақырыбы: «Кім тапқыр!» Мақсаты: 1. Қызықты математикалық тапсырмаларды орындауға жаттықтыру, оқушылардың математикадан алған білімдерін пысықтау 2.Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,логикалық ойлауды жеделдетуге баулу, танымдық қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.3.Оқушыларды білімді азамат болуға тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: ойын сабақ Сабақтың көрнекілігі: слайд, геометриялық фигуралар Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру Психологиялық дайындық 1. Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді) Жақсы! (алақандарын соғады) Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді) Жақсы! (алақандарын соғады) Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды) Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды) Жақсы! (алақандарын соғады) Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды) Жақсы! (алақандарын соғады) Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді) Жақсы! (алақандарын соғады) Биде айналған жақсы ма? (айналады) Жақсы! (алақандарын соғады) Қазақстандық болған жақсы ма? (бас бармақтарын көрсетеді) І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. “Кім тапқыр?” ІІІ. Математика мақал-мәтелде ІV. Жұмбақтағы математика V. Математикалық сұрақтар VІ. Логикалық есептер VІІ. “Тапқыр болсаң, тауып көр” (математикалық бейнелі сөз) 2. «Кім, тапқыр?» Түзу, нүкте, сәуле Теңдеу, шаршы, мектеп (артық сөзді тап) 3. «Математика мақал-мәтелде» (мақалдың жалғасын тап) 1.Бір тал кессең , …. 2. Жүз теңгең болғанша,… 3.Ер бір рет өледі,… 4.Екі жақсы қас болмас,… 1.Бір кісі қазған құдықтан,… 2.Жеті рет өлшеп,… 3. Білекті бірді жығады, … 4.Бір жеңнен қол шығар,… 1.Көру зейінін дамытуға жаттығу Шарты: Шағын өлшемдегі әртүрлі фигурлар тақтаға салынып беті жабылып қойылады. Оқушылар сол фигураларды орнын ауыстырмай ретімен қойып шығулары керек. Мұғалім: Мен қазір фигураларды тақтаға саламын. 1,2,3, деп санап мен сендерге тақтадағы фигураларды көрсетемін. Мен беске дейін санап бұл фигураларды қайта жауып қоямын. Сіздердің міндеттеріңіз – фигураларға зейін салып қарап есте сақтау. Фигураларды есте сақтау 4. «Жұмбақтағы математика» (жұмбақтар шешу) 1. Доп емес, дөңгелек емес, Ұқсап бірақ достарым, Фигура ол негізі, Дәл жауапты қостадым (шеңбер) 2.Бір кемпір: Сапырып-сапырып Сарманға бер, Құйып-құйып Құрманға бер, Есіктегі екеуге бер, Төрдегі төртеуге бер Өзің іш те маған бер деген екен. Мұны естіген ұрылар – «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»-деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры қанша? (10 адам, 5 ұры) 3.Жоқ өзінде қас та, бас та, мойын да, Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш) 4. Түйе, бота маң басқан, Төрт аяғын тең басқан. Шұнақ құлақ бес ешкі Қос лақты қос ешкі Төрт қозылы екі қой Бәрін білсең санап қой. (17) 5. «Математикалық сұрақтар» 1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? айырма 2. 1 сағатта неше минут бар? 60 минут 3. Қосудың нәтижесі қалай аталады? қосынды 4. Барлық қабырғалары тең геометриялық фигура? шаршы 5. Оқу жылының алғашқы айы қандай? қыркүйек 6. Қосуға кері амалды ата. азайту 7. Аптаның соңғы күні қалай аталады? жексенбі 8. Бір тәулікте неше сағат бар? 24 сағат 9. 1 дм неше см болады? 10 см 10. 1 ғасырда неше жыл бар? 100 жыл 11. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата. 98 12. Периметрді қалай табамыз? Барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосамыз 13. Үш бұрышы бар геометриялық фигураны ата. үшбұрыш 14. Ұзындық өлшем бірліктерін ата. мм, см, м, дм, км 15. 10 дм неше см бар? 100 см 6. Логикалық – сұрақ тапсырмалар 1) Тауық бір аяғымен тұрғанда 2 кг, екі аяғымен тұрғанда неше? (2кг) 2) Сенің әке-шешең көршіңе кім болады? ( көрші) 3.Бір арбаға жегілген 3 ат 3 км шауып өтті,Сонда әрқайсысы қанша километр шапты? 4.Төрт кісі пойыздың келуін 3 сағат күтті.Әрқайсысы неше сағат күтті? 5.4 мысықтың 4 балапанға қарағанда неше аяғы артық? 6.Үш картоп 10 минут піссе,жалғыз картоп неше минут піседі? 7.Ержанның төрт ұлы бар, олардың әрқайсысының туған қарындастары бар. Ержанның неше ұлы, неше қызы бар? 4 ұл 1қыз 7. «Математикалық бейнелі сөз» шешу Екібастұз, алтыбақан 8. Сюжетті логикалық есептер • Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады? • Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды? (4) • Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді – қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да,көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай? (Түлкіде сары, қоянда көк, аюда қызыл)
Үздіктерді марапаттау
Мұнайлы ауданы
«№2 жалпы білім беру орта мектебі» ММ
Тақырыбы: «Дәрумендер-
денсаулық кепілі»
(тәрбие сағаты)
Мұғалім: Нугманова Г.
Сыныбы: 2 «Ж»
Күні: 19.04.2018 ж.
2017-2018 оқу жылы
Тақырыбы: «Дәрумендер -денсаулық кепілі»
Мақсаты: Балаларға көкөністер мен жеміс жидектердің адам денсаулығына пайдасы жайлы түсіндіру. Олардың құрамы дәрумендерге бай екендігін, тұмау мен суық тию ауруына шалдықпаудағы күресудің жолы екенін көрсету. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу кезінде сөзді анық айтқызу, мәнерлі айтып жаттықтыру және еңбекке баулу.
Барысы:
— Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
— Қыс мезгілі.
— Қыс айларын атаңдаршы?
— Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
— Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?
— Суық болады, қар жауады, боран соғады.
— Суықта тоңып ауырып қалмас үшін не істеу керек?
— Қалың киініп, дәрумендер жеу керек.
— Балалар сендер қыс мезгілі жайында жақсы біледі екенсіңдер. Ал дәрумендерді қайдан аламыз?
— Көкөністерден, жеміс-жидектерден.
— Жемістер қайда өседі?
— Жеміс-жидектер ағаштарда өседі.
— Көкөністер қайда өседі?
— Бақшада өседі.
— Балалар бүгін біздің оқу іс-әрекетімізде, көкөніс пен жемістердің адам денсаулығына пайдасы жайлы біліп, қажеттілігін айтамыз.
— Балалар мына суреттердегі жемістерді атаңдаршы? /көрсету/
— Ал енді көкөністерді атаңдар?
— Бұл жемістер мен көкөністердің біздің денсаулығымызға әсіресе өсіп келе жатқан сендерге өте қажет, өйткені бұларда дәрумендер көп.
— Дәрумендердің А,В,С, Д, Е деген түрлері болады. Оларды біз күнделікті ішіп жүрген тағамдарымыздан кездестіреміз.
Мысалы:
«А» дәрумені: қызыл бұрышта, сарымсақта, қызанақта бар.
«В» дәрумені: қиярда, қырыққабатта, сәбізде кездеседі екен.
«С» дәрумені қарақатта, лимонда, мандаринде кездеседі.
«Д» дәрумені: алмада, алмұртта, пиязда, жүзімде .
Осы дәрумендерді көп жесеңдер суыққа төзімді боласыңдар, сүйектерің қатаяды, бұлшық еттеріңе күш береді.
/Тұмау келеді/
/Балалар бет перде киеді./
Тұмау:
— Сәлеметсіңдер ме, менің әлсіз де, кішкентай балаларым. Мен тұмау деген патшаларың боламын. Сендер мені тостыңдар ма? Мен жеміс-жидектерді жумай жегенді жақсы көретін балалардың қасында жүргенді ұнатамын.
Бала: Біз сені күткен жоқпыз, әрі шақырған да жоқпыз. Біз жемістерді жақсылап
жуып жейміз ғой балалар.
Барлық балалар:
— Ия! – Ия!
Тұмау:
— Сендер менімен қалай күресу керек екенін біледі екенсіңдер! Мен сендермен дос болғым келеді. Дос болмасаңдар сиқырлап тастаймын.
Бала: Біз сенің сиқырыңа сиқырланбаймыз, сенімен күресудің жолын білеміз,
бетперде киеміз, дәруменді көп жейміз. Денсаулығымыз күшті.
Балалар: Көкөністен жасалған тағамдар жеуіміз керек, жеміс-жидектен жасалған шырындар ішіуіміз керек, спортпен айналысуымыз керек, тазалық сақтау керек.
Тұмау сен онда біздің көкөністер мен жемістердің балалардың денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін тыңда.
/Көкөністер мен жемістердің айтысы/
Қызанақ: Мен өте дәмдімін, адамдардың ас қорыту мүшелеріне пайдалымын.
Әсем нәзік, көріктімін,
Көктей жеуге болмайды.
Салатқа мені қосқанда,
Қияр қасымнан қалмайды.
Қып-қызыл болып пісемін,
Жәшікке лақтырып салмайды.
Жарылып қалам өйткені.
Қияр: Сен неге қып-қызыл болып мақтанып тұрсың? Менің де адам денсаулығына пайдам көп.
Сопақша көк өнім бар,
Пайдалы мөлдір сөлім бар.
Піскен кезде жинайсың,
Менің атым қиярмын.
Қазір ұзын сабағым,
Жан-жағына тарайды.
Қол ұстасқан баладай,
Бақшаны алып барады.
Картоп: Әй қойыңдар! Адамның екінші нанымын. Мен мақтаншақ картоппын. Ылғалды топырақ мекенім,
Сол жерде жақсы өсемін.
Жегенде жақсы тоясың,
Ұраға салып қоярсың.
Мен мақтаншақ картоппын
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар.
Пияз: Егер картоп өзін-өзі пайдалымын, бәріне қажетпін десе онда менде мақтанайын. Босқа қарап тұрамын ба!
Менсіз астың дәмі жоқ,
Күлдіре алмаймын, жылайсың.
Ащы болсам да мені,
Базардан жиі сұрайсың.
Түшкірсең, пысқырсаң
Мен шипа боламын.
Сәбіз: Мен де де бар дәрумен, салатқа да қосады, тағамға да қосады.
Сары дәмді, ұзынмын,
Жер астына тығылдым.
Тартсаң шыға келемін,
Өсіп тұрған бұрымнан.
Күзде қазып аласың,
Тамаққа да саласың.
Егер мені көп жесең,
Биік, ұзын боласың.
Өрік: Мен жарықты, жылуды жақсы көремін, менің құрамымда иод көп.
Мен өрікпін, өрікпін,
Бақшамызға көрікпін.
Қара деген атым,
Менен де дәм татыңдар.
Дәрі орнына жүретін,
Кейде менің қақым бар.
Алма: Менің жер шарында көп түрлерім бар, менің құрамымда «А», «В», «С», «Д» дәрумендерім бар. Мені көп жесеңдер ауырмайсыңдар.
Нарттай қызыл алмамын.
Мәз болады алғандар,
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем.
Апорт:
Мені жесең дәрімін, бүйрек, асқазан, жүрекке,өзіме тән исім бар.
Апорт деген алмамын,
Жер жаратын атағын.
Мұндай алма кімде бар,
Алматы оның отаны.
Қарбыз: Мен жаздың ыстығында өте қажетпін, денсаулыққа пайдалымын.
Жинап досты, бауырды,
Ортаға алдық қауынды.
Жарып едік қауынды,
Қарық қылды ауылды.
Қауын деген қой сойдық,
Ой бәріміз бір тойдық.
Қанып қалды шөліміз.
Барлығы: Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз.
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз.
Тәрбиеші: Барлығыңда дәмдісіңдер,
Шырқап айтар әнімсіңдер.
Көз тоймайтын кереметке,
Дастарханның сәнісіңдер.
- Балалар, бүгін бізге дәрігер апай келіпті, балабақшадағы топтарды аралап денсаулығын тексеріп жүр екен.
Дәрігер: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе дәрігер апай!
Дәрігер: балалар қазір қыс мезгілі, тұмау жүріп жатқан кез, өздеріңді қалай сезінесіңдер?
Балалар: Жақсы.
Дәрігер: Балалар сендердің топтарыңда ауырып қалған балалар жоқ па?
Балалар: Жоқ.
Дәрігер: Сендердің көңіл күйлерің, денсаулықтарың да жақсы екен. Сендер таза ауада көп серуендеп, түнде жақсы ұйықтағандарың көрініп тұр.Деніміз сау болу үшін тағы не істеуіміз керек?
Балалар: дене шынықтыру жаттығуларын жасау керек.
Дәрігер: Сендер қандай сергіту жаттығуларын білесіңдер? Маған көрсетіңдерші?
Дәрігер сендерге жапсыруды аяқта деген тапсырма бергісі келіп тұр, сол тапсырманы орындайық.
Ал дәрігер апай, біз сізге жұмбақтар жасырайық.
Жания: Қалың киінгенді ұнатады,
шешіндірсең жылатады. /пияз/
Мирас: Бірінші туратады,
Екінші жылатады /Пияз/
Дәрігер: Балалар, пияз туралы көп жұмбақтар біледі екенсіңдер, пиязды азық ретінде қолданады. Пиязда медицинада дәрі ретінде қолданады. Пиязды жесеңдер ауырмайсыңдар.
Тәттігүл: Мен бәрін естіп тұрмын. Пияз денсаулыққа пайдалы дейсіңдер , ал мен тәттіні жақсы көремін. /қолыңдағы заттарды көрсетеді/
Менімен дос боласыңдар ма?
-Тәттіні көп жеуге болмайды, көп жесек бізге қандай зияны бар?