Мен Жапар Балғын Мақсатым – ұлт болашағына алаңдайтын ұлы тұлғалар тәрбиелеу. Міндетім – тәліммен қоса тәрбиені де қатар беру. Еңбек еткен ұстаздық жолымда қанша шәкіртке бағыт-бағдар бердім. Білім бәйгесінде баптағандарым бүгінде бір отбасының ұйтқысы, бір елдің белді азаматы болып отыр. Мамандықпен мақтану әсте әбестік емес. Өйткені, мұғалімнің қашанда рөлі шынайы, болмысы биік. Педагогика мен психологияны қатар алып жүру кім-кімнің болсын қолынан келе бермейді. Ұстаздық жолында одан бөлек, қоғамнан да хабарың болуы маңызды. Демек, әлеуметтану да артықшылық етпейді. Философия да ұстаздың басты қаруы. Ұстаз – осындай әмбебаптықты талап ететін күрделі мамандық. Мен Ұстазбын. Ертеңгі күннің еңселі ұрпағын саналылыққа қарай бағыттау басты міндетім. Ол үшін білім де, әдіс пен тәсіл де, арнайы дәреже де маңызды емес. Ең әуелі адамдықтың шынайы бейнесін шәкіртке көрсете білу қажет. Мейірімге мұқтаж мына заманда мұғалімнің берері мол. Қаталдық қағидасы бұл күнде өз мәнісін жойған. Себебі, бүгінгі қоғам тым күрделі. Оқушы психологиясы да соған сай қиындау. Ата-анамен дұрыс қарым-қатынас орнату, оқушымен тіл табыса білу, түрлі методика арқылы қызығушылықты арттыру – ұстаздың жетістігі. Бүгінгінің білімгеріне жетіспейтіні – еркіндік. Сөз еркіндігін былай қойғанда, ой еркіндігі өткенмен салыстырғанда төмен. Қазақы болмысқа салынып, өз пікірін еркін жеткізуге ұялып жататын шәкірттер де аз емес. Мұғалім осындай жағдайдың барлығына екіжақты көзқараста қарауы тиіс. Мамандығымнан бөлек өмірде де ұстазбын. Балама бағыт сілтер, қызыма иба мен инабат сіңірер ана-ұстазбын. Жарыма қандай жағдай болмасын, жақсылыққа жол сілтер ұстазбын. Шәкіртке білім мен тәртіпті ту етер ұстазбын. Өзіме тұлға ретінде қарауға баға беретін жеке ұстазбын. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Болашақпен бағытталып, келешекпен кемелденетін ұрпақты тәрбиелеу – жауапты жұмыс. Негізгі құрал – сабақ. Басты міндет – білім беру. Қалыптасқан қағида – қарым-қатынас орнату. Мен Ұстазбын. Ұлы қызметтің даңғылында адалдықтан аттамауым керек.Осыны мәңгі есте сақтауым керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Музыкалық аспап - домбыра»
Сабақтың тақырыбы: Музыкалық аспап,домбыра
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ұлттық аспап домбыра туралы тереңірек түсінік беру.Домбыраның құрылысымен танысу және домбыра туралы мағлұмат беру.
Білімділігі:Домбыраның дыбыстық үнін айыра білу үшін, ырғақты жаттығулар жасату, есту арқылы есте сақтауларын жаттықтыру және ойша көз алдына елестете білуге үйрету.
Дамытушылығы:Көру арқылы есте сақтауды ,қиялды жетілдіру,дұрыс сөйлеуге дағдыландыру,жаттығулар арқылы зейінділікті жаттықтыру.
Тәрбиелік: Әдемілікке тәрбиелеп,ұлттық аспабымыз домбыраға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақ түрі: Логикалық ойлаудың түрлі аспектілерін қолданған жалпылама сабақ.
Сабақ әдісі :Баяндау, сұрақ-жауап арқылы назар аударту.
Көрнекілік: Домбыра макеті, аспаптар суреті, магнитафон,жаттығу құралдары : доп, лента жаттығу . құралдар
Сабақ барысы:
Бүгін біздің сабағымыз өзгеше болғалы тұр, өйткені бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Сондықтан сабақты мұхият тыңдап жауап беруге , жаттығуларды дұрыс орындауға тырысу.Сабағымыз сәтті де қызықты өту үшін біз алдымен психомоторлық жаттығуларымызды жасап алайық.
!Ұйымдастыру кезеңі:
-Армысың , Аспан -Ата! -Армысың,Жер-Ана! -Армысың,Алтын күн! - Күліп атты таң бүгін! -Қайырлы таң балалар! -Қайырлы таң ұстсздар! -Бәріміз шапалақ ұрайық! - Достыққа берік болайық.
Жарайсыңдар,балалар сабаққа назар аудару үшін миға шабуыл жасап алайық. 1.Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз? -Қазақстан мемлекетінде тұрамыз. 2.Астанамыз қай қала?. -Астана қаласы. 3. Елбасымыз кім?. -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 4. Біз қай қалада тұрамыз? -Сәтбаев қаласында тұрамыз 5. Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қандай ай? -Қыс мезгілі Қаңтар айы -Жарайсыңдар ,балалар.
Музыкамен дене жаттығуын жасау.
Өткен сабақты пысықтау. --Біз өткен сабақта ұлттық аспаптардың бірнеше түрлерін өттік.Қане соларға шолу жасап көрелік. ---Қане қандай аспаптар түрлерін есімізде сақтадық? --- Барабан,баян,гитара,сылдырмақ,сыбызғы, даңғыра. --- Осы аспаптар неше топқа бөлінеді? ---Үш топқа бөлінеді. 1. Ұрмалы, 2.үрмелі, 3.ішекті. 1.Ұрмалы: Барабан,даңғыра, дауылпаз. 2. Үрмелі: Сыбызғы,ысқырғыш,сазсырнай,ысқырауық. 3.Ішекті: Жетіген,гитара домбыра.
Енді балалар назарымызды тақтаға аударайық. Мына суретте музыкалық аспаптың бір бөлшегі көрсетіліп тұр, заңдылықты сақтай отырып бұл ненің суреті екенін табамыз. Жауабы: домбыра.
Жаңа сабақ. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы .Мақсаты:Осы ұлттық аспабымыз домбыра туралы,оның жасалу жолы мен құрылысына тоқталу. Домбыра қазақтың төл ұлттық аспабы. Қазақ халқы әрқашанда өз өнерін қадірлеген, әндерін ойларын домбырамен жеткізген екен. Көшіп жүргендеде бесігі мен домбырасын тастамаған екен. Енді мына тақтадағы суреттерден ұрмалы,үрмелі,ішекті аспаптарды табамыз. Домбыра аспабымызбен танысып, домбыраның құрылысына тоқталайық. 1.Құлағы. дыбысты келтіру үшін. 2.Шанағы. 3.Пернелері. 4.Қақпағы. 5.Тиегі. 6.Ішегі.
Сергіту сәті. .Шеберге домбыра жасауға көмектесейік.
1.Домбыраны неден жасаймыз? (ағаштан ) 2.Ағашты көзімізге елестетеміз. 3.Осы ағашты жанымызға қойып алып жонамыз. Оң жағымызға қойып бір,екі,үш. Сол жағымызға қойып бір,екі,үш. 4.Енді ағашты майлап аламыз.Қолды алға созып жоғары төмен бірнеше рет қайталаймыз. 5.Ою-өрнек салатын сәтте келді.Қолды иіп дөңгелетіп , жоғары көтеріп,төмен түсіріп бірнеше рет қайталаймыз. 6.Домбыра дайын болды.Домбырамызды қолымызға алып шертеміз.Оң жағымызға және сол жағымызға алып бірнеше рет қайталаймыз.
Ойын: Дыбысты табу ойыны. Тез ажырата білу.( Оқушылардың көздері байланады). 1.Барабанды ұру. 2.Домбыра және гитараны шерту. 3.Баян,сылдырмақ,сыбызғының дыбыстары арқылы қандай аспаптың дауысы екенін табамыз.
Жаттығуды қайтала.
---Мынау не балалар? ----Асық,доп,шар. Доппен жаттығу-жерге ұру. Шармен жаттығу--үрлеу. Асықты шиыру-шерту. Қандай құбылыстар байқадық? Жауабы: Ұрдық,үрледік, шерттік. Енді мына жасаған құбылыстарымызды сызба арқылы қағаз бетіне түсірейік.
ДОПТЫ - -- ҮРЛЕДІК
АСЫҚТЫ-- -- ШЕРТТІК
ШАРДЫ -- - ҰРДЫҚ
Қолдың ұсақ моторикасымен жаттығу. Дайын шаблондар беріп,оның бетін сазбалшықтармен жапсырту.
Қорытынды: Сенің көңіл-күйің қалай? Берілген бет бейнелер арқылы көңіл-күйлерін білдіру керек.
Үйге тапсырма: Домбыра аспабының суретін салып келу.
Бағалау: Жақсы жауап берген оқушыларға бағасын қою.