Домбыра - ?аза? хал?ыны? ?те ерте ж?не ке? тара?ан, на?ыз таби?и ?лтты? музыкалы? аспабы. К?не Шумер тілінен аудар?анда «кішкене сада?» деген ма?ына береді. Алматы облысы, Жамбыл ауданы аума?ынан шамамен 2,5 ?асыр б?рын табыл?ан таста ?ашал?ан суреті мен 16 ?асыр б?рын Мысыр еліндегі Нахт ?абіріне салын?ан пішінінен еш ?згермеген. ?ос ішекті шертіп ойнайтын музыкалы? аспап ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады.
Аспап ?р т?рлі ?лгіде т?тас а?аштан ойылып жасалады. То?ыз, он бір, он т?рт, жиырма т?рт пернесі болады. К?й арнайы ??ла?тарымен келтіріледі. Аспап ?ні ?о?ыр, ??ла??а жа?ымды ?рі ж?мса? болып келеді.
Домбыра - сан ?асырлардан бері сырын са?та?ан, ?аза? даласында ке?інен танымал аспап. Дегенмен домбыра ?р айма?та ?р т?рлі болып келеді. Солт?стік, орталы?, о?т?стік айма?тарда домбыра к?лемі ша?ын, жеті-то?ыз пернелі болса, Батыс ?аза?стан аума?ында кездесетін домбыра шана?ы ж?мыр, мойны ?зын, он екі, он т?рт пернелі болып келеді.
Домбыра аспабыны? негізгі екі т?ріне байланысты аспапта к?й орындауды? екі т?рі «т?кпе» мен «шертпе» ?а?ыстары ?алыптас?ан. Сазды к?йлер Ар?а ??ірінде, ал т?кпе к?йлер батыс айма?тарда ке? тарал?ан.
Домбыра шертуді? «с??па» (с?? ж?не орта сауса?пен шертіп ойнау), «жап та?ымта» (ішекті бос к?йінде ?а?ып, пернені басып отыру), «іліп-?а?пай» (ішекті іліп ?а?у), «теріс ?а?пай» (жо?ары-т?мен) деп аталатын т?рлері бар.
Домбыра аспабыны? екі ішекті т?рінен бас?а ?ш ішекті, ?ос жа?ты, ке? шана?ты, ші?кілдек немесе «Бала?ай домбыра» деген т?рлері бар.
Домбыра аспабында халы? к?йлерін ?ана емес, батыс ж?не шы?ыс классикалы? шы?армаларын, танымал туындыларын орындау?а болады.
?аза?ты? ?ара домбырасы – ?аза? хал?ыны? ?лтты? музыкалы? аспабы. Домбыраны? ?аза? тарихында алар орны ?з алдына, м?ні мен мазм?ны, ?зіндік ?асиеті тым биік. Домбыра ?р ?аза?ты? ж?рек пернесін шертер к?й болып т?гіледі, ?сем ?нге с?йемел болады, ?сиетті жыр-тол?аулар?а ар?ау болады, термелерді тербейді. ?аза? даласында ?алыптас?ан к?й мектебі осы к?нге шейін ?з ма?ыздылы?ын жо?алт?ан емес. К?й атасы ??рман?азы д?ниеге келген батыс топыра?ынан ?аншама к?йшілер шы?ып, ?лемді мойындатты. Домбыра ХХІ ?асыр бренді. Шы?ыс халы?тарыны? ?рбірінде домбыра?а ??сас бірнеше ішекті аспаптары бар, біра? ?аза? ?шін домбыраны? орны ?рдайым ?згеше.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Домбыра - қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді. Алматы облысы, Жамбыл ауданы аумағынан шамамен 2,5 ғасыр бұрын табылған таста қашалған суреті мен 16 ғасыр бұрын Мысыр еліндегі Нахт қабіріне салынған пішінінен еш өзгермеген. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады.
Аспап әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді.
Домбыра - сан ғасырлардан бері сырын сақтаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Дегенмен домбыра әр аймақта әр түрлі болып келеді. Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда домбыра көлемі шағын, жеті-тоғыз пернелі болса, Батыс Қазақстан аумағында кездесетін домбыра шанағы жұмыр, мойны ұзын, он екі, он төрт пернелі болып келеді.
Домбыра аспабының негізгі екі түріне байланысты аспапта күй орындаудың екі түрі «төкпе» мен «шертпе» қағыстары қалыптасқан. Сазды күйлер Арқа өңірінде, ал төкпе күйлер батыс аймақтарда кең таралған.
Домбыра шертудің «сұқпа» (сұқ және орта саусақпен шертіп ойнау), «жап тақымта» (ішекті бос күйінде қағып, пернені басып отыру), «іліп-қақпай» (ішекті іліп қағу), «теріс қақпай» (жоғары-төмен) деп аталатын түрлері бар.
Домбыра аспабының екі ішекті түрінен басқа үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, шіңкілдек немесе «Балақай домбыра» деген түрлері бар.
Домбыра аспабында халық күйлерін ғана емес, батыс және шығыс классикалық шығармаларын, танымал туындыларын орындауға болады.
Қазақтың қара домбырасы – қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы. Домбыраның қазақ тарихында алар орны өз алдына, мәні мен мазмұны, өзіндік қасиеті тым биік. Домбыра әр қазақтың жүрек пернесін шертер күй болып төгіледі, әсем әнге сүйемел болады, өсиетті жыр-толғауларға арқау болады, термелерді тербейді. Қазақ даласында қалыптасқан күй мектебі осы күнге шейін өз маңыздылығын жоғалтқан емес. Күй атасы Құрманғазы дүниеге келген батыс топырағынан қаншама күйшілер шығып, әлемді мойындатты. Домбыра ХХІ ғасыр бренді. Шығыс халықтарының әрбірінде домбыраға ұқсас бірнеше ішекті аспаптары бар, бірақ қазақ үшін домбыраның орны әрдайым өзгеше.