Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Сабақтың тақырыбы: «Абай әнімен жұмыс жасау»
Оқытушысы: Бағындықова Қ.С
Оқушы:Әбдірашитова Бекназ
Сыныбы:2-сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Ән туралы қысқаша мәлімет беру. А.Құанбаев әнін аспапта орындата отырып дыбыстарды таза шығаруға бейімдеу.
Дамытушылық. Музыкалық шағын әндер арқылы оқушының есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Ұлтымыздың ұлыларының еліне жасаған еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Абай өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Ішкі рухани тазалыққа үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дайындалған буклет,сұрақжауап,А.Құнанбаевтың кітаптар жинағы
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру. Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру.
Сергіту сәті: Абай Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай»әнін жанды дауыста тыңдау.
Жаңа сабақ. «Абай әнімен жұмыс жасау»
Ән-халықтың сүйіп айтатын,тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы. Халықтың «Сөз күміс-ән алтын», «Ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы өнерге арналған. Тіршілігіміздің бар тынысы, бар тармақ-тарауы әнмен астасып жатады.
Бүгінгі жаңа сабақта өтетініміз А.Құнанбаевтың әні «Желсіз түнде жарық ай»әні
«Желсіз түнде жарық ай» әнінің шығу тарихы
Әнді озім ойнап оқушыға тыңдату.
4/4өлшемде жазылған. E-moll тональностінде жазылған.Әнде бір қозғау белгісі бар:фа диез.Лигамен көрсетілген тұстары тремоло штрихымен ойналады.Сегіздік нотаны қағыспен ойнаймыз.Нуктелі нота,жартылық нота кездеседі. Позициядан позицияға ауысу кезеңдері болады. Сабырлы екпінде ойналады.саусақ қойылымдары қатар жүреді.
Қорытындылау. Біз бүгінгі сабағымызда А.Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай»әнін үйрендік. Ән халқымыздың рухани байлығы, дәстүріміздің жалғасы болғандықтан оны тек үйреніп қана қоймай, болашақта ары қарай жалғастыру біздің міндетіміз екенін ұмытпауымыз керек.
Үйге тапсырма. А.Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай»әнін нота бойынша санап, үзбей ойнау.
Бағалау(смайлик түрінде).
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт