Просмотр содержимого документа
«"Танымдық ойындар" баяндама»
Танымдық ойындар оқушыларға ән-әуез пәнін игертудің тиімді жолы.
Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Төребай би ауылы
№ 199 орта мектебінің ән-әуез пәні мұғалімі
Жалғасбаева Света Жақсылыққызы
Телефон: 26-5-19
Сотовый: 87078876970
Қазіргі кезеңде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлеуметтік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Осыған байланысты мұғалімдердің алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгерту міндеті қойылып отыр. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге қатысты оқытудың интерактивті әдістерінің бірі- танымдық ойындар.[1]
Ойын-еңбек және оқумен бірге, адам қызметінің негізгі түрлеріне жатады және адам өмір сүруінің ерекше феномені болып табылады. Ойын үстінде өзін-өзі ұйымдастыру мен рефлексия, шешім қабылдау қалыптасады. Ойын шығармашылық іс-әрекеттің бастауы болып саналады. Ойын қабілеті төмен балалар үшін де қызықты және қолайлы іс-әрекет болып табылады. Өйткені ол ойын барысында алғашқылардың қатарында болуы мүмкін. Сабақта ойын арқылы оқушыларды ұйымшылдыққа баулып, достықтарын нығайтуға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеуге болады. Ойын мінез-құлықтың кейбір теріс түрлерін /тартыншақтық, қыңырлық, менмендік, өктемдік/ арылуға көмектеседі.
Мектепте оқу үрдісін белсендіру және пәрменді ету құралы ретінде ойын мына мақсаттарда пайдаланылады:
ұғымдарды, тақырыптарды, тіпті пән тарауларын өздігінен игеру технологиясы ретінде;
үлкен технологиялардың белгілі бір бөлігі ретінде;
сабақ және оның құрамдас бөлігі ретінде;
сыныптан тыс жұмыстар технологиясы ретінде. .[2]
Пән бойынша дайындалған шығармашылық тапсырмалар, әдістемелік, дидактикалық материалдар мұғалімге оқушылардың білімін іс үстінде тексеруге, ал оқушылар өздерінің қаншалықты білімді екендіктерін анықтауға мүмкіндік туады. Солардың бірі –танымдық ойындар.
Танымдық ойындар – сабақ процесіндегі ең бір нәтижелі жұмыс түрі. Олар көбінесе сабақта білімін, дүниетанымын толықтыру үшін қолданылады. Сондықтан соңғы уақытта педагогикалық оқытуда көп әдістемелердің ішінде танымдық ойындарды пайдалану жақсы көрсеткіштерге жетіп, оқушыларда өмірлік позиция қалыптастыруда көп үлес қосуда.
Ойын түрінде өткен сабақ қарапайым, оңай есте сақталатын болады, материал өте жылдам екпінде беріледі. Ойынды сабақтың соңына қарай ұйымдастырған жөн, өйткені оқушылардың материалды қабылдауы төмендеп, жалыға бастағанда ойын олардың жұмыс істеу қабілетін қайта жандандырып, ойларын жүйелеуге, қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Сабақ беру процесінде мынадай ойындардың түрлерін пайдалануға болады: .[3]
Бұл келтірілген ойын түрлерін мұғалім шығармашылықпен өзгертіп, тақырыпқа, баланың жас ерекшелігіне сай жасауына болады.
Өз тәжірибемде әуез сабағында оқушылармен жұмыс жасау түрлері әр түрлі. Мысалы: «Музыкалық қобдиша», «Не? Қайда? Қашан?», «Миллионер болғың келе ме?» ойындары оқушылардың ойын жетелеп, өткен материалды бекітуге негізделсе, викториналар оқушының есте сақтауын, білімін тиянақтауға, ал сөзжұмбақ,құпиясөз,криптограмма, шрифтограммалар, басқатырғылар т.б. музыкалық терминдер мен атауларды, даталарды есте сақтауға үйретеді.
1). «Не? Қайда? Қашан?» (викториналар) ойыны жылдам ойлай білуге, тапқырлыққа үйретеді. Музыка пәнінен алған білімдерін бекітеді. Ойынды сабақ барысында, сыныптан тыс жұмыстарда ойнатуға болады. Сұрақтары сыныбына, тақырыбына сай өзгертіліп отырады.
2). «Егесін тап» ойыны. Ойынды 5-6-сыныптарда
композиторлармен танысқанда ойнатуға болады. Сынып бірнеше топқа бөлініп, әр топқа әр композитордың есімі беріледі.
Мысалы: 1-топ – Құрманғазы,2-топ Дәулеткерей 3-топ-Дина , 4-топ –Қорқыт.
Әр топтың алдында парақшаларға осы төрт композитордың шығармалары жазылып тасталады. Әр топ өз композиторының шығармасын табуы керек. Ойын нәтижесінде композиторлар мен олардың шығармалары оқушы жадында жақсы сақталады.
3). «Мен ақынмын» ойыны. (3-сынып мысал айтыс) Аңдар айтысын өткеннен кейін оқушылар өздері жақсы көретін аң, жануар т.б.роліне еніп, өлең шығарады. Мысалы:
Мысық: Мен тышқанды аулаймын,
Адамдарды баураймын.
Егер үйде мен болсам
Бір де тышқан болмайды.
Ит: Абалап үремін
Үйді қорып жүремін.
Егер үйде мен болсам
Дүние –мүлкіңе тиер кім?
Бұл ойын арқылы оқушының ақындық қабілетін байқап, оны дамытуға мүмкіндік туады.
7 оқушыны тақтаға шығарып әрқайсысына орналасу ретін ауыстырып нота дыбыстары жазылған карточкалар беріледі. Белгілі бір уақыт ішінде олар өз орындарын табулары керек. Бұл ойын оқушылардан жылдамдықты талап етсе, екіншіден теориялық білімін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге ойын арқылы ноталардың орналасу реті оқушы ойында тез сақталады.
5). «Жұмбақ ырғақ» ойыны. (тоқсандық, жылдық қайталау сабақтарында ойнатуға болады). Өтілген әннің ырғағын мұғалім көрсетеді, оқушылар сол арқылы оның қай ән екенін табуы керек. Ойын оқушыларды ырғақты айыра білуге үйретеді.
6). «Бала тілімен» ойыны.
Ойынды жаңа сөзді, композиторды, аспапты т.б. жұмбақтауға пайдалануға болады. Мысалы мынадай анықтамалар айтылады:
А) – онда құлақ бар, бірақ естімейді;
- ішегі де бар;
- аузы бар;
- ол кейде адамды жылатады, кейде күлдіреді;
- ол сендердің үйлеріңде де болуы мүмкін. ( домбыра)
Ә) – ол отын болады;
- онымен неше түрлі заттар жасауға да болады;
- ол бірақ кішкентай, сонда да көп адамдарға айтқанын
істетеді. (дирижерлік таяқша)
Б) - оның бірнеше түрлері бар;
- ол ұзын да қысқа да болады;
- оны санауға да болады;
- ол сызықтардың астында, үстінде, арасында жүре береді. (нота).
7). «Басқатырғылар базары». Ойынның бұл түрін көбіне үй тапсырмасын сұрауда және сабақты қорытындылауда пайдаланамын. Яғни оқушылар сөзжұмбақтар, викториналық сұрақтар,құпиясөз, шрифтограмма, криптограмма т.б. құрастырып, шешуге дағдыланады.
Танымдық ойындарды тек сабақта ғана емес, сонымен бірге сыныптан тыс жұмыстарда, апталықтарда да пайдалану арқылы оқушылардың ән-әуез пәніне қызығушылығын арттыруға болады. Осы мақсатта жүргізілген ойын –сайыстар, мысалы: «Мың бір әуен», «Көкпар» сайысы, «Үздік ойыншы» сайысы, «Әуенді тап», «Миллионер болғың келе ме?» т.б.
«Үздік ойыншы» сайысы.
Сайыс 8 турдан тұрады, алғашқы үш тур көрермендермен ойналады.
1-тур. Викториналық сұрақтар.
2-тур. Музыкалық есептер шығару.
3-тур. «Әуенді тап»
Осы үш турға өте жақсы қатысқан 7-8 оқушы ортаға шығады. Олар «Үздік ойыншы» атағына талапкерлер.
4-тур. Ойыншылар екіге бөлінеді.
А) «Әнді жалғастыр» /бір топ әнді бастайды, келесі топ әрі қарай жалғастырып кетуі керек/
5-тур. «Заттар сөйлегенде»
Қобдишадан зат алады, оның музыкаға қандай қатысы бар екенін айтып беруі керек. /Қобдишадағы заттар: есіктің кілті, малдың терісі, асық, таяқша/
Бұл турдан соң ұпайы аз ой ыншылар ойыннан шығып, 4 ойыншы қалады.
6-тур. «Сазгер ағаларды ата» 1-ші ойыншы бір сазгерді айтады, екіншісі оны қайталап тағы бір сазгердің атын қосады, үшінші ойыншы екеуінің айтқан сазгерін айтып барып, өзі бір сазгерді қосады. Ойын салай жалғаса береді. Айта алмай қалған ойыншы шығып қала береді
7-тур. «Мен әншімін»
Караокемен қосылып ән орындайды. Ойыншының міндеті әннің ырғағына қосылып, қалып қоймай ілесіп отыру. Таспаның дыбысын өшіріп тастағанда ойыншы әнді жалғастыра береді. Қайта қосқанда екеуінің дыбысы сәйкес келуі керек.
/7-турдан соң ұпайы ең көп екі ойыншы қалады, ұпайы аз ойыншылар ойыннан шығады/.
8-тур. «Көкпар» сайысы. /блиц-бақылау/
Әр ойыншы бір минутта қанша сұраққа жауап береді. Соңында ұпайы көп ойыншы «Үздік ойыншы» атағына ие болады.
Осы сайыстың әрбір шартын сабақтың тақырыбына ыңғайлап пайдалануға болады. Ол пән мұғалімінің шеберлігіне байланысты. Музыкалық терминдерге
байланысты музвордтар шешу де оқушының музыкалық білімін жетілдіруге көп көмегін тигізетіні тәжірибеден белгілі.
Ойын басқа әрекет нысандарынан (оқу, еңбек, т.б) қызығушылық тудыру шартының болуымен ерекшеленеді. Сабақта қолданылып жүрген оқу-танымдық ойындарда әр түрлі көңіл көтерерлік элементтер арқылы білім беріледі, оның тиімділігі оқушы оқу материалын қиналмай, өзінің көңіл-күйі арқылы қабылдайды. Ойын үстінде оқушы оқиды, үйренеді, ізденеді, дағдыланады, тәрбиеленеді, бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Өз бетінше қорытынды жасауға үйренеді, іскерлік пен түрлі дағдыны меңгереді. .[4]Жаңа материалды меңгеріп, бекітіп, қорытуға үйренеді. Оқушыларды белсенділікке шақырады, түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды. Олардың саналылық, көрнекілік, жүйелілік, беріктік, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру үшін қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан мектебі 2005ж №9-10
«Оқыту үрдісінде танымдық және шығармашылық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» Е Дүйсебаев, А. Балғожаев