kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қобыз аспабының тарихы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қобыз- таңғаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембірлі аспап. Қобыз ең көне аспатардың бірі. Қобыз екі ішекті 40-қа тарта аттың ұзын қыры керілген ысқышы бар аспап. Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылап дыбыс шығаруы-ішектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылып, сүйкеп-сүйкеп, көсеп-көсеп жібергенде флажолетті, обертонды, қою-қошқыл сазды мұңлы болып шығады.  Ұлттық мәдениетіміздің алтын діңгегі. Скрипка аспабының атасы. Қобыздың арғы тегі садақтан шыққаны ғылыми түрде дәлелденген. Аспап ысқысы бар шекті аспаптардың қатарына жатады. Өнер киесін арқалаған бабаның өнегесін қадірлеп, өткенді ұмытпай, бабалар жолын жалғастыру үшін қажет. Осы мұраны танып меңгеру бүгінгі, келешек ұрпақтар үшін парыз десек, оны жас ұрпаққа үйретіп, олардың бойына сіңіру, білікті ұстаз мамандардың міндеті. Сондықтан, халық арасынан шыққан қобыз өнеріне үлес қосқан әр кезеңдегі дарын иелері және олардың шығармаларымен танысып, бүгінгі мәдениетіміздің алтын қорына айналған қобыз аспабының құдіретін, оның сарынын баяндауды мақсат етіп келемін. Қоңыр үнді қобыз ғасырлар сырын жетелейтін киелі аспап. Қобыз десе біздің санамызға Қорқыт ата түседі. Қорқыт бабамыздан қалған қасиетті қара қобыз ғасырдан - ғасырды жалғап, сазды сарынын үзбей қазақ халқының қуанышы мен қайғысын жеткізіп келеді. Бірде ботасыз нарды идірсе, енді бірде жан азабын тартқан шерменденің дертіне дауа болады. Қандай күй орындалса да қобыз сарыны құлаққа жағымды, жылы естіледі.

құлаққа жағымды, жылы естіледі.
қоршаған ортаның қолайсыз жағдайында өмір сүретін адамдардың денсаулығын қалпына келтірудегі дәрілік өсімдіктердің (бақбақтың) маңызы. Сонымен қатар жас ұрпақтың бойына қоршаған ортаға деген жауапкершілік қатынасын қалыптастыру.
Қобызға толық сипаттама беру.
Қылқобыздың шығу тарихын сонау атам заманнан белгілі бақсы балгерлерді жебеп жасқаушы түркілердің бабасы тұңғыш қобызшы Қорқыт ата есімімен байланыстырып аңыз етіп айтады. Халық арасына кең тараған аңызда былай дейді: « – Қорқыт 20 жасқа толғанда түс көреді. Түсіне кірген адамдар оған 40 жасқа келіп қыршыныңнан қиыласың – депті - мыс». Бұдан кейін Қорқыт өлмеудің қамын ойлап өзінің Желмаясына мініп жер шарлап ел аралап өлімнен қашып жолға шығады. Бірақ Қорқыт қайда барса да кебін киіп өзіне көр қазып жатқан ақ киімді адамдарға тап болады. Міне, содан кейін ол қайда барсаңда «Қорқыттың көрі» екен - ғой деп жер ортасы Сырдарияға қайтып оралады да желмаясын құрбандыққа шалып шанағының жоғарғы жақ үстін Желмаяның терісімен қаптап қобыз жасап Дарияның үстіне кілем жайып қай

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қобыз аспабының тарихы.»

Қобыз аспабының тарихы.

Қобыз- таңғаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембірлі аспап. Қобыз ең көне аспатардың бірі. Қобыз екі ішекті 40-қа тарта аттың ұзын қыры керілген ысқышы бар аспап. Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылап дыбыс шығаруы-ішектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылып, сүйкеп-сүйкеп, көсеп-көсеп жібергенде флажолетті, обертонды, қою-қошқыл сазды мұңлы болып шығады. Ұлттық мәдениетіміздің алтын діңгегі. Скрипка аспабының атасы. Қобыздың арғы тегі садақтан шыққаны ғылыми түрде дәлелденген. Аспап ысқысы бар шекті аспаптардың қатарына жатады. Өнер киесін арқалаған бабаның өнегесін қадірлеп, өткенді ұмытпай, бабалар жолын жалғастыру үшін қажет. Осы мұраны танып меңгеру бүгінгі, келешек ұрпақтар үшін парыз десек, оны жас ұрпаққа үйретіп, олардың бойына сіңіру, білікті ұстаз мамандардың міндеті. Сондықтан, халық арасынан шыққан қобыз өнеріне үлес қосқан әр кезеңдегі дарын иелері және олардың шығармаларымен танысып, бүгінгі мәдениетіміздің алтын қорына айналған қобыз аспабының құдіретін, оның сарынын баяндауды мақсат етіп келемін. Қоңыр үнді қобыз ғасырлар сырын жетелейтін киелі аспап. Қобыз десе біздің санамызға Қорқыт ата түседі. Қорқыт бабамыздан қалған қасиетті қара қобыз ғасырдан - ғасырды жалғап, сазды сарынын үзбей қазақ халқының қуанышы мен қайғысын жеткізіп келеді. Бірде ботасыз нарды идірсе, енді бірде жан азабын тартқан шерменденің дертіне дауа болады. Қандай күй орындалса да қобыз сарыны құлаққа жағымды, жылы естіледі.

құлаққа жағымды, жылы естіледі...
қоршаған ортаның қолайсыз жағдайында өмір сүретін адамдардың денсаулығын қалпына келтірудегі дәрілік өсімдіктердің (бақбақтың) маңызы. Сонымен қатар жас ұрпақтың бойына қоршаған ортаға деген жауапкершілік қатынасын қалыптастыру.
Қобызға толық сипаттама беру.
Қылқобыздың шығу тарихын сонау атам заманнан белгілі бақсы балгерлерді жебеп жасқаушы түркілердің бабасы тұңғыш қобызшы Қорқыт ата есімімен байланыстырып аңыз етіп айтады. Халық арасына кең тараған аңызда былай дейді: « – Қорқыт 20 жасқа толғанда түс көреді. Түсіне кірген адамдар оған 40 жасқа келіп қыршыныңнан қиыласың – депті - мыс». Бұдан кейін Қорқыт өлмеудің қамын ойлап өзінің Желмаясына мініп жер шарлап ел аралап өлімнен қашып жолға шығады. Бірақ Қорқыт қайда барса да кебін киіп өзіне көр қазып жатқан ақ киімді адамдарға тап болады. Міне, содан кейін ол қайда барсаңда «Қорқыттың көрі» екен - ғой деп жер ортасы Сырдарияға қайтып оралады да желмаясын құрбандыққа шалып шанағының жоғарғы жақ үстін Желмаяның терісімен қаптап қобыз жасап Дарияның үстіне кілем жайып қайық етіп отырып алып қыл қобызын ойнап аңыратып «өмір күйін» тарта береді. Қорқыт қобыз күйін тарта берсем ажал келмейді, өлмеймін, өлімді қобыз күйінің күшімен арбаймын, ажал маған жақындай алмайды деп сенеді. Күндердің күні болғанда әбден шаршап қалжыраған Қорқыт қалғып кетеді де, ажал оған Қайрақ - жылан бейнесіне кіріп келіп шағып өлтіреді. Бұл аңыз - әңгіме бізге «Қорқыт» күйінің мазмұны арқылы жеткен тарихи шежіре. Аңыз - құдіретті музыка күшімен күңіренген қасиетті қобыз үнімен өлімді де жеңе білген дегенді білдіреді.
Қобыз – таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Біреулер оны құс даусына ұқсатады: «Оның даусы аспаптың шегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады» – дейді (П. Паллас). Енді біреулер қобыз үнін адам даусына ұқсатады (Б. Сарыбаев) ащы, зарлы, өксікті үн шығарады деген де пікір айтады (И. Гмелин).
Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылап дыбыс шығаруы — шектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылап сүйкеп - сүйкеп көсеп - көсеп жібергенде флажолетті обертонды қою - қошқыл сазды мұңлы болып шығады.
Қорқыт Ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби - музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз - қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд - Дин “Жамиғ Ат - Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік шежіресінде” оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғанын Ә. Диваев, т. б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді.

Ә. Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Ә. Марғұланның еңбектерінде ол 7 – 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата – ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл - ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ - гуманист ретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, ол оғыз - қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, абыз. Екіншіден – күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз - қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби - тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт Ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты.
Қорқыт күйлері: Қорқыт І, ІІ, ІІІ түрі, Аққу, Әупбай, Башбай, Желмая, Тарғыл тана, Ұшардың ұлуы, Сарын, Қоңыр т. б.
Қобыздың саз аспабы ретінде тағдыры тайғақ, жолы тар, қиын - қыстау болды. Бұл аспап қазақ халқының тарихи - этникалық мәдениетінің көне көзі, рухани қазына мүлкі, эпостық және аспаптық музыкалық өнерін күні бүгінге дейін сақтап жеткізуші ұлттық мұра бола тұра, ол өзіне деген кертартпа ескілікті көзқарастан арылмай ақталмай - ақ қойды. Әу бастан - ақ қобыз бақсының, бақсылық жасаудың құралы деген пікір қалыптасқан болатын. Сондай бір түсінбеушіліктің кесірінен қобыз жаңа заман көшіне ілесе алмай ескіліктің қалдығы саналып жоғалып, жойылып кетудің алдында қалды дейді А. Затаевич. Осының салдарынан 20 ғасыр басында қобыз аспабына арналып шығармалар жазылмай сиреп ұмытыла бастады. «Әкеден балаға мұра» болып келе жатқан қасиетті өнеріміз, ұлттық салт - санамыз, отбасылық қобызшылық дәстүріміз үзіліп қалды. Классикалық қобыз музыкасының аты аңызға айналған ең соңғы хас шебері 19 ғасыр ортасында дүниеге келген Ықылас Дүкенұлы.
Ықылас Дүкенұлы - 1843 жылы, Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы, Мұңлы Қулы тауларының етегінде туып өскен. Қазақтың атақты күйші қобызшысы, композитор, қылқобызда ойнаудың асқан дүлдүл шебері. Ықыластың өскен ортасында күйшілік өнер айрықша әспеттелетін дәстүрге айналып, дәулескер күйшілердің қалың шоғыры қалыптасқан. Тәттімбет, Тоқа, Дайрабай, Қыздарбек, Итаяқ, Әбди сияқты күйшілердің Ықылас бірінің даңқын естіп, күйін құлағына құйып өссе, келесісінің көзін көріп, қадірлес сыйлас болған. Бұл ортада бағзыдан жеткен теріс бұрау күйлері ұшталып, өрісін ұзартқан. Ықылас болса сол ұлы дәстүрді қобыз тілінде жалғастырушы дәулескер күйші. Қорқыт атадан кейін тәңірлік аспапқа адамның тілін дарытып, жоғын жоқтатып, мұңын ұңдатқан біртуар композитор.

Ықыластың тырнақалды туындылары «Қасқар», «Ықылас» деп аталады. Оның «Кертолғау», «Ерден», «Жалғызаяқ», «Жарым патша», «Жезкиік» сияқты күйлерінде өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық әлеуметтік көріністері бейнеленсе, «Қабар Назым», «Айрауық», «Қазан» сияқты күйлеріне ел арасына кеңінен тараған аңыз әңгімелер, қиял ғажайып оқиғалар арқау болған. Осы күйлердің қай қайсысы да Ықыластың адамға деген, қоғамға деген, табиғатқа деген азаматтық тұлғасын, адамгершілік үнін айқын аңғартады.
Ықыластың күйшілік дәстүрінің жығасын қисайтпай жалғастырған төл шәкірттері Бекағамбетұлы Ашай, Тоқтамысұлы Әбікей, Әлиев Сүгір және өзінің бел баласы Түсіпбек болған. Бұлардан тікелей тәлім алған белгілі қобызшы домбырашылар Мықтыбаев Дәулет пен Қаламбаев Жаппас. Ал, Дәулет пен Жаппастың төл шәкірттері Үмбетбаев Сматай, Қосбасаров Базархан. Көшпелі елдің көшінен түсіп қала жаздап, қадау қадау өнерпаздардың қол жалғауы арқылы көнеден бүгінге жеткен қобыз өнері қазір арнасын кеңейтіп, өрісін ұзартып, өресін биіктетіп, халқын қоңыр үніне ұйытуда. Дегенмен жоғалып жойылып құрып кетуге жақын қалған қобыз ойнау өнерін өмірге қайта оралтып «шаң басқан уақыт» пернесін ашуға жасалған шаралармен ізденістер, талпыныстар болмай қалмады. Осындай істің басында бірегей ірі қобызшылар зор тұлғалы музыканттарымыз Жаппас Қаламбаевпен (1909 - 1970) Дәулет Мықтыбаев (1904 - 1976) тұрды. Біздер осы екі өнер саңлақтарына шексіз қарыздармыз. Шын мәнінде осы екеуінің арқасында музыкалық қобыз аспабының барлық құпиясымен қасиетінің қыры мен сыры сақталып өткеніміздің баға жетпес асыл мұрасын шашау шығармай жоғалтпай бізге жеткізіп жаздырып қалдырып кеткеніне шүкір дейміз. Қобызда ойнап ең алғаш рет концерттік эстрадаға шыққан, 1968 жылы Алматы консерваториясында ашылған қылқобыз класына бірінші сабақ берген де осы екі тарлан.

Жаппас Қаламбаев 1909 жылы Шымкент облысының Созақ ауданының «Талап» колхозында дүниеге келеді. Қобызда ойнауды ол өз бетімен бала жасында - ақ үйренеді. Ықластың күйлерін Жаппас оның мұрагері атақты күйші домбырашы Сүгірден үйреніп тәлім алады. Классикалық қобыз күйлерінің домбыралық үлгісін қайта қыл қобызға лайықтап ойнаған да осы Жаппас. Жаппас Қаламбаев 1934 жылы өткен Республикалық халық аспаптарында орындаушылардың І – слетіне қатынасты. Содан бастап ол Құрманғазы оркестрін ұйымдастырушылардың бірі болып, оның басы - қасында жүрді. 1934 жылдан 1967 жылға дейін осы оркестрдің солисі, әрі альт - қобыз тобының жетекші концертмейстері болып істеді. А. Жұбановтың айтуынша: «Құрманғазы оркестрінде ойнап жүрген (50 - 60 ж. кезіндегі) барлық қобызшылар алғашқы сабақты осы Ж. Қаламбаевтан алған».
1968 - 1970 жылдары Ж. Қаламбаев осында ұстаздық етіп концерттік - әртістік қызметтерімен бірге атқарып жүрді. Ж. Қаламбаев музыкалық фольклор нұсқаларын жинап зерттеп халық музыкасының ең бір озық сирек кездесетін шығармаларын жазып алып таратып оны жіктеп шешіп шәкірттеріне үйретті. Өзі де күйлер шығарып романстар жазды. Ж. Қаламбаев Қазақстан композиторлары Одағының мүшелігіне 1939 жылы алғашқылардың бірі болып қабылданды. Республика Үкіметі оның еңбегін жоғары бағалап 1944 жылы Қазақ ССР - не еңбегі сіңген өнер қайраткері деген атақ берді. Ол Үкіметтің жоғарғы наградтарына ұсынылды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталды.

Қобыз қайың, арша сияқты ағаштардың тұтас бөлігінен шауып жасалады. Бас, кеуде, аяқ деген үш бөліктен тұрады. Төменгі бөлік терімен қапталып, оған тиек қойылады. Екі ішегі жылқы қылынан тартылады. Аспап мүмкіндігі зор, әрқилы дауысты, оның ішінде табиғи дыбыстарды айнытпай шығарады. Қобыз сөзі «қобыдан шыққан дыбыс» деген мағына береді. Қазақ халқы үшін қобыз киелі аспап болып саналады. Себебі, қобыз тартқан бақсы сынды жандардың адам тағдырына әсер ететін күші, бойында үлкен қабілеті бар болған. Қобыздан шыққан үн адам бойындағы әлсіздік я жағымсыз күштерді сыртқа шығарып, оған күш - қуат береді.

Қорытынды

Көне аспап бүгінгі таңда тек қазақтың ғана емес, әлем ел¬дерінің кәдесіне жарап - ақ жатыр. Тіпті бүкіл әлемді мойындатқан классикалық музыка да осы қобыздың ар¬қасында дүниеге келгендігін ойласақ, оның тегін аспап емес¬тігіне көз жеткізе түсеміз. Бірақ музыкалық құрал ретінде пайдаланылып жүрген аспапта қандай сыр жатқаны беймәлім. Киелі қобыз тарих сахнасынан аластатылған кезде оның адам жанын сауықтырып, дертіне шипа беретін қасиетінің тетігі ұмытылып қалмағанына кім кепіл? Күйімен елін бақытқа кенелткен Қорқыттың қобы¬зының құдіретін әлі аша алмай жүруміз әбден мүмкін ғой...

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Қобыз аспабының тарихы.

Автор: Уркимбекова Айгуль Досжановна

Дата: 23.02.2017

Номер свидетельства: 394918

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Аспаптарды? атасы ?обыз. ?ор?ыт. Ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(45) "aspaptardyn-atasy-k-obyz-k-ork-yt-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "164661"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422684228"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Аспаптарды? атасы ?обыз. ?ор?ыт "
    ["seo_title"] => string(33) "aspaptardyn-atasy-k-obyz-k-ork-yt"
    ["file_id"] => string(6) "183634"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1425906333"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Ашы? саба? " Киелі аспап - ?обыз""
    ["seo_title"] => string(26) "ashyksabakkiieliaspapkobyz"
    ["file_id"] => string(6) "270168"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451030018"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Киелі аспап -?обыз"
    ["seo_title"] => string(19) "kiieli-aspap-k-obyz"
    ["file_id"] => string(6) "288379"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454609151"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Конспект урока на тему: "Киелі аспап-?обыз""
    ["seo_title"] => string(37) "konspiekturokanatiemukiieliaspapkobyz"
    ["file_id"] => string(6) "303018"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457377004"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства