Білім алушылардың көшеде және жолдарда жүрудің негізгі ережелері
1
2
Қазан
Реттелмейтін жол қиылыстары
1
3
Желтоқсан
Реттеуші және оның белгілері
1
4
Наурыз
Трамвайда және көліктің басқа да түрлерінде сапарға шығу
1
5
Сәуір
Мектепке жол (Сенің күнделікті бағытың)
1
6
Мамыр
Қорытынды сабақ
1
Барлығы
6
Дүниетану
«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым – қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиға орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылған.
Бұл оқу пәні негізгі жәнежоғары мектепте қоғамдық – гуманитарлық ғылымдар цикл пәндерінің негізін қалай отырып, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пропедевтикалық пән.
«Дүниетану» оқу пәні жалпыдамазаттық құндылықтар тұрғысынан білім алушылардың бойында адам, табиғат және қоғамның өзара байланысуы және өзара келісілуі туралы білім жүйесін қалыптастыруына бағытталған.
63 – кесте – «Дүниетану» оқу пәні бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны
Пән
Жиынтық бағалау рәсімдері
І тоқсандағы
ЖБ саны
ІІ тоқсандағы
ЖБ саны
ІІІ тоқсандағы
ЖБ саны
ІҮ тоқсандағы
ЖБ саны
Дүниетану
2
2
2
2
«Дүниетану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 2 – сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Өзін – өзі тану
Тұлғаның физикалық, психикалық және рухани дамуында үйлесіиге қол жеткізуіне мүмкіндік беретін адамгершілік – рухани – білім нақты білім беру тәжірибесінде түрлі жолдармен, ең алдымен, «Өзін – өзі тану» пәні арқылы жүзеге асырылады.
Пәннің негізгі базалық мазмұны бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып төмендегі тарауларды ашылады:
«Ғасырлар даналығы»;
«Тату отбасы»;
«Адам болам десеңіз»;
«Қандай ғажап әлем!»
Аталған пәнді оқудың қорытындысы бойынша әрбір жартыжылдықтың және оқу жылының соңында «сынақ» қойылады.
«Өзін – өзі тану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 2 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
Әдебиеттік оқу
«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып білім алушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылыункционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу дағдысының қалыптасуының шамалық нормасы:
2 – сыныптың І жартыжылдық соңында минутына 40 және одан артық сөз оқуды; ІІ жартыжылдық соңында миутына 50 және одан артық сөз оқуды меңгеруі қажет. Ескерту: шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.
Жиынтық бағалаудың рәсімдер саны осы пәнге арналған критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік құралда көрсетілген.
58 – кесте – Жиынтық бағалаудың рәсімдер саны
Пән
Жиынтық бағалау рәсімдері
І тоқсандағы
ЖБ саны
ІІ тоқсандағы
ЖБ саны
ІІІ тоқсандағы
ЖБ саны
ІҮ тоқсандағы
ЖБ саны
Әдебиеттік оқу
2
2
2
2
2 – сыныпта «Әдебиеттік оқу» аптасына 3 сағаттан оқытылып, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
Қазақ тілі
«Қазақ тілі» пәні бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы өзегі болып табылады. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – сөйлеу әркететінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану
Пәннің мазмұны мәтін түрлері, көркем шығармалар мен аутентті материалдар арқылы оқушылардың сөздік қорын жаа сөздермен толықтыруды, оқығаны бойынша пікір білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін – өзі бағалауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды қамтиды.
Пән бойынша 2 – сыныпта жүргізілетін жазба жұмыстарының көлемі:
Сөздік диктант – 6 – 8 сөз;
Диктант – 25 – 30 сөз;
Мазмұндама – 40 – 60 сөз;
Шығарма – 25 – 35 сөз
Жиынтық бағалаудың рәсімдер саны әрбір оқу пәні бойынша бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік құралда реттеліп,ұсынылған.
57 – кесте – Жиынтық бағалаудың рәсімдер саны
Пән
Жиынтық бағалау рәсімдері
І тоқсандағы
ЖБ саны
ІІ тоқсандағы
ЖБ саны
ІІІ тоқсандағы
ЖБ саны
ІҮ тоқсандағы
ЖБ саны
Қазақ тілі
2
2
2
2
«Қазақ тілі» пәні 2 – сыныпта аптасына 4 сағаттан оқытылып, жылдық жүктемесі 136 сағатты құрайды.
Математика
«Математика» оқу пәні бастауыш білім беру деңгейінде «Математика» білім саласының кіріктірілген оқу пәні болып табылады. Оны оқып – білумнөл мен 1 000 000 көлеміндегі натурал сандардың арифметикасын, маңызды шамаларды, сондай – ақ негізгі орта білім беру деңгейінде одан әрі қарай оқытуды жалғастыру үшін алгебра және геометрияның қарапайым алғашқы түсініктерін қамтиды.
2 – сыныпта «Математика» оқу курсының негізгі мақсаты- білім алушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау. Бқл оқу пәні қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған және білі алушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына қызығушылығын талап етеді.
61 – кесте – «Математика» оқу пәні бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны
Пән
Жиынтық бағалау рәсімдері
І тоқсандағы
ЖБ саны
ІІ тоқсандағы
ЖБ саны
ІІІ тоқсандағы
ЖБ саны
ІҮ тоқсандағы
ЖБ саны
Математика
3
3
3
3
«Математка» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 2 – сыныпта аптасына 4 сағат, оқу жылында 136 сағатты құрайды.