Просмотр содержимого документа
«Жақсы ән мен тәтті күй»
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» КММ-нің муызка мұғалімі Дәрібаева Ж.
Мақсаты: балалардың ән туралы түсініктерін қалыптастыру; әнді мұқият тыңдай білу, бірге ән салу, ән ырғағын дәл сақтап орындау дағдыларын жетілдіру; әнге деген қызығушылықтарын ояту; музыкалық есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Музыкамен бірге негізгі қозғалыстарды (жүру, жүгіру) орындауға үйрете отырып, би қозғалыстары: шапалақтау, қолдарын қимылдату, маршпен жүру, орнында тұрып айналу және аяқпен тарсылдатуды әуенмен орындау қимылдарын меңгерту. Әдіс - тәсілдер: салыстыру, сәйкестендіру, «ой қозғау», топтық жұмыс.
І.Мотивациялық қозғаушы күш. «Балдырғандар» әні.
Екпінді әуен ойнап, балалар кіреді.
Әндете сәлемдеседі.
Біз - көңілді баламыз,
Өнер қуған дарамыз.
Әнге салып әдемі
Би де билеп аламыз.
ІІ. Музыкалық - ырғақты қимылдар
«Келші, құрбым билейік»
Ән сөздеріне және ырғағына сәйкестендіре, жұптаса би қимылдарын орындауға шақырады. Балалармен бірге ән салып, би қимылдарын дұрыс орындауларына ықпал етеді.
ІІІ. Дауыс жаттығулары Жаттығуларды бірүнділікпен, әуенін дұрыс айтуларына мән береді. «Музыкалық баспалдақ» арқылы жаттығу жасатады.
ІV. Ән салу «Әніміз бар тамаша!»
Ән үйренуді жалғастырады.Әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен, кіші алмаларға қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
V. Ойын ойнау
«Ән салған кім?» музыкалық дидактикалық ойын.
Музыка мұғалімі ойын алаңына балалардың «Көңілді шарларды» алып бірге тақпаққа қосылуларын сұрайды.
Достығымыз жараса,
Асыр салып таласа
Ойынды тез бастайық,
Шартын қатаң сақтайық
1 - 2 - 3. Ойын баста, ұш!
Тақпақтың шумағын орындау кезінде «Шарларды» артқа тығып, шеңбер бойымен жай баса жүріп, әндетуді, қайырмасында – «Көңілді
шарларды» іске қосып, ырғағын соғуды ұсынады.
VІ. Аспаптармен ойнау.
Мақсаты:Музыкалық шығармалардан алған әсерлерін сипатына қарай жеткізе білуге, көңілді музыкалық дыбыстарға ілесіп отыруға мүмкіндік жасау.Музыкалық аспаптардың: домбыра мен сыбызғының, даңғыра мен сырнайдың қарама - қарсы немесе араласқан дыбыстарын есту арқылы ажырата білуге көмектесу. Жоғары дыбыстылықты естуді дамытуда биіктігі (жоғары, орташа, төмен), ұзақтығы (ұзақ, қыс - қа), күші (шулы, тыныш) әртүрлі музыкалық дыбыстарды есту. Мысалы: Аю қалай жүреді?, деп балалардан сұрау мақсатында- төменгі регистрде аюдың жүрісін ойнау. Ал балалар болса жай ырғақпен алақан соғады. Ал қоян қалай секіреді деп сұрап,? жоғарғы регистрде көңілді әуен ойнау. Балалар жылдам ырғақпен алақандарын соғу. Немесе, балаларға жәй жауып тұрған жаңбырдың ырғағын алақанмен соғып көрсету. Содан соң қатты жауып тұрған жаңбырдың ырғағын аяқ топылдату арқылы көрсету. Балалар қайталайды. Сонымен қатар барабан аспабын көрсетіп, барабан үніне жәй қадамдап жүргізіп, ал қоңырау үніне қос аяқпен секіртеу. Қорытынды сұрақтар қойып, оқу іс-әрекетке белсене араласқан баланы мадақтау. Бүгін барлығын тамаша қатысқандарың үшін рахмет. Балаларға тарату.