Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді қосу, азайту, салыстыру. Жай бөлшектің негізгі қасиеті.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жай бөлшектер тарауы бойынша білімдерін жинақтау, ойлау қабілеттерін, танымдарын, пәнге деген қызығушылығын дамыту, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу.
Типі: қорытындылау сабағы.
Түрі: сайыс сабақ.
Әдістемесі: деңгейлеп саралап оқыту, ақпараттық технологиясы.
Техникалық қүрал- жабдық: интербелсенді тақта.
Көрнекіліктер: тапсырмалар жазылған үлестірмелер, сандық, асықтар.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Жай бөлшектерге амалдар қолдану"»
Павлодар облысы
Лебяжі ауданы
Жабағылы жалпы негізгі білім беретін мектебі
Математика пәнінен
ашық сабақтың тақырыбы:
Жай бөлшектерге амалдар қолдану.
Өткізген: математика пәнінің мұғалімі
Сайманова Айман Шамауовна
5-сынып.
2016-17 оқу жылы.
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді қосу, азайту, салыстыру. Жай бөлшектің негізгі қасиеті.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жай бөлшектер тарауы бойынша білімдерін жинақтау, ойлау қабілеттерін, танымдарын, пәнге деген қызығушылығын дамыту, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу.
Типі: қорытындылау сабағы.
Түрі: сайыс сабақ.
Әдістемесі: деңгейлеп саралап оқыту, ақпараттық технологиясы.
Техникалық қүрал- жабдық: интербелсенді тақта.
Көрнекіліктер: тапсырмалар жазылған үлестірмелер, сандық, асықтар.
4. Жай бөлшектерге амалдар қолдану. Деңгейлік тапсырмалар.
а). «Текемет» (қыздар сайысы). 9мин.
ә). «Көкпар» (ұлдар сайысы). 9мин.
5. Сергіту кезеңі. 3мин.
6. Сабақты бекіту. «Қыз қуу» 5мин.
7. Бағалау. 2мин.
8. Рефлексия. 2мин.
Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар, бүгін біз «Жай бөлшектер» тарауын қайталаймыз. Ондағы мақсатымыз: осы тараудан алған білімімізді жинақтап, біліміміздің қандай деңгейде тұрғанын анықтаймыз. Біз бүгін «Бәйге » жарысына қатысамыз. Ол үшін екі топқа бөлінеміз.
І топ- Қабанбай батыр ауылы.
ІІ топ- Бөгенбай батыр ауылы.
( Топ басшылары сайланады. Интербелсенді тақтада «Бәйге» атты білім көрсеткіші тұрады).
«Бәйге» білім көрсеткіш тақтасы (табло).
Бастау(старт)
Шашу.
Сандық.
Текемет.
Сергіту кезеңі
Көкпар.
Мәре.
Қыз қуу.
Қабанбай ауылының
аты.
Бөгенбай аулының аты
( Сайысты кім бірінші бастайтынын білу үшін топ басшылары асық үйіреді. Кімнің асығы бүк түссе, сол топ бастайды. Тақтадағы ауылдың аты жазылған жерге аттардың суреттерін дауысымен бірге алып шығамыз. Қай топ жеңсе, сол топтың аты жылжып отырады ).
- Оқушылар, Қазақстанда өткен ғасырларда қандай үлкен жаңалық болды?
- Жерорта теңізі мен Үнді мұхитын жалғастырған Ұлы жібек жолы Қазақстан арқылы өтті.
- Сонда Ұлы жібек жолы керуені қандай көлікпен жүрді?
- Көлік ретінде түйелерді пайдаланды.
- Қазақстан Тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толды. Осы торқалы тойға бізде өз сыйлығымызды керуенмен әкеле жатырмыз.
І керуенде – Жай бөлшектердің түрлері, салыстыру, координаталық сәуледе кескіндеу.
ІІ керуенде – Жайбөлшектердің негізгі қасиеті.
ІІІ керуенде – Жай бөлшектерге амалдар қолдану.
Балалар, қазақ халқында кез келген той неден басталады?
Шашудан.
Ендеше шашу шашамыз. ( Табақтың ішіне салынған үлестірмелерді екі топтың алдына шашамыз. Ол үлестірмелерде тарауға байланысты сұрақтар жазылған).
Сұрақтар.
Жай бөлшектердің түрлері қандай?
Дұрыс бөлшек деген не?
Бұрыс бөлшек деген не?
Аралас сан деген не?
Бұрыс бөлшекті қалай аралас санға айналдыруға болады?
Аралас санды қалай бұрыс бөлшекке айналдыруға болады?
8 санын бұрыс бөлшек түрде жаз.
9 санын аралас сан түрде жаз.
Жай бөлшектерді қалай қосуға болады?
Жай бөлшектерді қалай азайтуға болады?
Жай бөлшектерді қалай көбейтуге болады?
Жай бөлшектерді қалай бөлуге болады?
Жай бөлшектің негізгі қасиеті қандай?
Бөлшектерді қысқарту деген не?
Өзара жай сан деген не?
Бөлшектерді қысқарту тәсілдері қандай?
Жай бөлшекті координаталық сәуледе қалай көрсетуге болады?
Жай бөлшектерді қалай ең кіші ортақ бөлімге келтіреді ?
Бірлік бөлшектер деген не?
Жай бөлшектер қалай салыстырылады?
Келесі сайыстың қандай болатынын білу үшін мына жұмбақты шешейік.
Кіруге адам батпайды,
Аман есен сақтайды. Ол не? (Сандық)
Сайыстың келесі кезеңі «Сандық». Мұнда деңгейлік тапсырмалар берілген.
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды деп сандықты ашып, оның ішінен шыққан есептерді шығарамыз. Есептер жай бөлшектерді қысқартуға, салыстыруға, түрлеріне, координаталық сәуледе салуға беріледі.
І деңгей.
А) Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыр.
; ; .
ә) Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыр.
12 1/3; 9 3/5. 15 4/5; 7 5/6.
ІІ деңгей.
Жай бөлшекті қысқарт, аралас санға айналдыр және координаталық сәулеге салыңдар.
12/10; 70/20. 24/15; 48/20.
ІІІ деңгей.
А). Ең кіші ортақ бөлімге келтір.
30/21; 52/40 және 38/30. 68/48; 27/24 және 80/45.
ә). Жай бөлшектерді салыстырыңдар.
А) 1 1/4пен 1 ¾ 2 5/8 пен 2 1/8
ә) 3/4пен 5/6 5/12 пен 7/18.
Б) 9/35 бен 9/37 17/33мен 17/42.
Сайыстың келесі кезеңі «Текемет». Бұл сайысқа тек қана қыздар ғана қатысады.
Текеметтің суретіндегі есептерді шешеді. Есептер жай бөлшектерге амалдар қолдануға беріледі.
І деңгей.
А). 5 11/12 + 2 13/30 4 4/15 + 9 7/12.
ә). 12 1/9 – 7 3/7. 31 ¼ - 15 7/15.
ІІ деңгей.
(7/12 – 1/3) * 16/19 (11/24 +1/6) *1 3/5
2 2/11 * 1 3/8 : ¾. 11/23 * 3 2/7 : 5 ½.
ІІІ деңгей.
Өрнектің мәнін тап.
4/17х + 1 ½, мұндағы х= 5 2/3 1 3/16 * 8 + у, мұндағы у= 4 2/5
Сергіту кезеңі: Әр топқа бір логикалық есеп беріледі, соны шешкен топқа есепте кездескен санға жұмбақ не мақал-мәтел, немесе тақпақ айтады.
Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Сонда неше бұрыш қалды. (4бұрыш).
Мысалы: 4 санына жұмбақ.
Төрт адамға бір орамал. (үстел).
2) Бір отбасында 5 ұл бала бар. Әрқайсысында бір қарындасы бар болса, сонда отбасында барлығы неше бала бар. (6 бала)
Жұмбақ: Алты қырлы алтын сырлы. (қарындаш)
Оқушылар, қандай қазақтың ұлттық ойындарды білеміз.
Көкпар, алтын сақа, тоғызқұмалақ, қыз қуу.
«Көкпар сайысы». Бұл сайысқа тек ұлдар ғана қатысады.
І деңгей.
А) 3 ¼ * 8; 5 /3 * 6;
ә) 1-(5/9 +1/4) 4- (2/5 + 7/18)
ІІ деңгей.
Теңдеуді шешіңдер.
Х – 7/12 =3/4 x-3/18 =1/9
ІІІ деңгей.
1 7/12 : ( 3/8 + 5/ 12) 17/36 : ( 7/12 -5/9)
Сабақты бекіту. «Қыз қуу » сайысы арқылы мәреге жетеміз.
Шарты: бір топтан 1 қыз шығады, ал екінші топтан 1 ұл шығады. Қыз ұлға осы тарау бойынша бір есеп не тапсырма айтады. Егер дұрыс жауап берсе, сол топ сұрақ қояды.
Бағалау
Рефлексия. Сонымен, жай бөлшектер тарауын бітірдік, бұл тарау бойынша қай керуеннің жүгі ауыр болды? Ендеше балалар сол тарауды қайталап, бақылау жұмысына дайындалып келеміз.