8-апта | 2-күн | 2-сабақ |
мерзімі | 22.10.2013 жыл | сағат 850 |
8-сынып | К.Ж.Сарсембаева | геометрия |
Сілтеме: | Геометрия оқулығы, Ә.Н.Шыныбеков, «Атамұра» 2012ж |
Сабақтың тақырыбы: | Трапеция |
Жалпы мақсаттар: | Оқушыларға трапеция, трапецияның түрлері, элементтері туралы мағлұмат беріп, өз бетімен қорытынды шығару, есептер шығару, ойларын ашық айту, ойлау, тапқырлық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, ізденімпаздыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. |
Оқыту нәтижелері: | -
Трапеция түрлерін ажыратып, қасиеттерін, белгілерін айта алады; -
Оқушылар өз ойларын еркін айтуға дағдыланады; -
Пікір алмасуға, топта көшбасшылық жасауға үйренеді; -
Дарынды және талантты оқушылардың қабілеттерін дамытуға жол ашу; -
Сыни ойлауға дағдыланады. |
Түйінді идеялар: | Трапецияның математика әлемінде және күнделікті тұрмыста қолданылу ерекшелігі. |
Ұйымдастыру кезеңі: | «Мозайка» әдісі арқылы (түрлі түсті қағаздардан трапецияның үш түрін құрастыруы қажет) сыныпты топтарға бөлу. |
Сабақтың барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті: | Оқушылардың іс-әрекеті: |
Психологиялық ахуал: | Психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында интербелсенді тақтадан көрсетілген таңғы жаттығуды орындау. | Оқушылар таңғы жаттығуды орындап, орындарына отырады. |
Тапсырма: | Ой қозғау: Топтарға «сым темірлер» беру. -
Балалар, сендерге берілген заттың атауы қандай? -
Ол не үшін қажет? -
Қай салада пайдаланамыз? -
Бұл сым темірді математика әлемінде пайдалануға бола ма? -
Топқа бөліну кезінде құраған фигураны сым темірмен моделін жасап, қағазға суретін салыңдар. -
Бұл фигура туралы не айтасыңдар? -
Бейнелеген фигураның бұрыштарын, қабырғаларын өлшеп, салыстырыңдар. -
Бұл фигуралар өткен тақырыптардағы фигураларға ұқсай ма? Неге? (Сұрақтарға жауап алған соң, интербелсенді тақтадан оқушылардың жауаптарын толықтыру мақсатында слайд көрсету.) | Оқушылар берілген сұрақтарға жұп, топ болып жауап береді. Бір-бірінің ойларын толықтырады. Пікірлерін ортаға салады. |
Тапсырма: | Ауызша есеп шығару №147 Трапецияның үш сүйір бұрышы болуы мүмкін бе? Жауаптарыңды негіздеңдер. №148 Трапецияның бұрыштарын рет-ретімен алғанда -
6, 3, 4, 2 -
8, 7, 13, 12 сандарына пропорционал болуы мүмкін бе? Жауаптарыңды негіздеңдер. | Оқушылар берілген есептерді жұп, топ болып орындайды. Бір-бірінің ойларын толықтырады. Пікірлерін ортаға салады. |
Тапсырма: | І топ: Трапецияның екі бұрышы 112° және 65 °-қа тең. Оның қалған бұрыштарын есептеңдер. ІІ топ: АD және ВС қабырғалары АВСD трапециясының табандары болып табылады және А=42°, С=110°. В мен D бұрыштарын табыңдар. ІІІ топ: Теңбүйірлі трапецияның кіші табаны 8 см, бүйір қабырғасы 10 см, ал үлкен табанына іргелес бұрышы 45° болса, берілген теңбүйірлі трапецияның периметрін табыңдар. | Оқушылар берілген есептерді топ болып орындайды. Тақтаға әр топтан бір-бір оқушы шығады. Бір-бірінің ойларын толықтырады. Пікірлерін ортаға салады. |
Тапсырма: | Ойлан, тап! 1) Үшбұрыштан; 2)параллелограмнан; 3)ромбтан; 4)квадраттан трапецияны қиып түсіру үшін түзуді қалай жүргізу керек. | Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, тапсырмалардың дұрыс жауаптарын табады. Тақтаға сызып көрсетеді. |
Тапсырма: Сәйкестендіру тесті | 1.Трапецияның параллель қабырғалары | А) трапеция | 2.Параллель емес қабырғалары | Ә) табандары | 3.Бүйір қабырғалары тең трапеция | Б) тік трапеция | 4.Бір бұрышы 90⁰ -қа тең трапеция | В) бүйір қабырғасы | 5.Трапецияның төбесінен табанына түсірілген перпендикуляр | Г) тең бүйірлі трапеция | 6.Екі қабырғасы параллель,екі қабырғасы паралель емес дөңес төртбұрыш | Д) диагональ | 7.Трапецияның қарсы жатқан төбелерін қосатын кесінді | Е) биіктік | | Тесті орындайды, тақтадағы жауабы бойынша жұптар бір-бірін тексереді. |
Кері байланыс: | Таратылған парақтарға оқушылар (Қандай жаңа білім алдың? Алған біліміңді қолдана аласың ба? Саған қиындық тудырған түсініктер?) өз ойларын (кері байланыстарын) жазып береді. | Таратылған стикерлерге оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазып береді. |
Бағалау: | Оқушылардың аты-жөні: | Үй тапсырмасын орындауы | Ауызша есеп шығаруы | Топтық жұмысқа қатысуы | Ойлан, тап! | Тест бағасы | Қорытынды баға | | | | | | | | | | | | | | | | Топ басшысы топ мүшелерін бағалау критерийлері бойынша бағалайды. Қойған бағасын оқиды. |
Үйден оқып-үйренуге арналған тапсырмалар: | |
Қосымша дерек көздері: | Анықтамалықтар, «Шың» оқулығы, тарихи мағлұматтар, оқыту әдістемелігі және ғаламтор материалдары |