kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Теңдеулерді шешу. 1 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 сыныпқа арналған "Теңдеулерді шешу" тақырыбындағы сабақ барысында оқушылар теңдеу шешудің әдістерімен танысады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Теңдеулерді шешу. 1 сынып»


Сабақ тақырыбы:

Теңдеуді шешу

Мектеп:

Күні :02.03.2017


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқумақсаты:

таңдау әдісі және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешеді;

қосу мен азайту арасындағы байланыстар негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектерді қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбіроқушылар:

Ресурстар:

Әр оқушыға арналған:

маркер;

0-ден 20-ға дейінгі сандар жазылған сандық сәуле. Әр топқа арналған:

лото ойын алаңының жиынтығы (3 теңдеу жазылған­ 2 ойын алаңы, теңдеулердің жауабы көрсетілген­ 6 парақша);

А3 парағы.

Тірек сөздер

Теңдеуді шешу

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың кез келген теңдеуді шешуге қажетті тәсілді таңдай білу дағдысын бекіту.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І Ұйымдастыру кезеңі 

  1. Оқушылармен сәлемдесу. (1 минут)

  2. Психологиялық дайындық "Көңілді күн"

Барлығы:   Күн жарығын алақанға саламын,

                   Жүрегіме басып ұстай қаламын.

                   Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

                   Болып кетер сонда дереу жан-жағым-деп шаттық шеңберде жан жылуларын береді.      (3 минут)             

Геометриялық  фигуралар арқылы төрт топқа бөлінеді

ІІ.  Өткен материалды пысықтау (6 минут)             

"Тез ойла !" ойыны ойналады

 І топ:Х+3=6 Қандай теңдеу ?

 ІІ топ : Белгісіз азайтқышты қалай табамыз?

ІІІ топ : Тосын сый 5 ұпай

ІV топ :  Теңдеу дегеніміз не?

V топ :  Теңдеуді шешу дегеніміз не?  

VIтоп :  х – 3 = 9, х + 8 =11, теңдеулеріндегі бөліктер мен бүтіннің қайсысы белгісіз болып табылатынын атаңыз.

    Жаңа сабақ(5 минут)             

Оқулық бойынша жұмыс

№1   тапсырма  

Сабақта барлық өтілген тақырыптардың қорытындысы шығарылады. Есептегенде 20 көлеміндегі сандар­ шығатын теңдеулерді шешудің барлық тәсілдері­ қарастырылады. Оқушылар теңдеуді шешудің­ берілген тәсілін қолданып қана қоймай, үш мүмкіндіктіңішінен таңдай отырып, теңдеулердің барлық түрін шеше білу біліктілігін көрсетуікерек. Сабақта алгоритм бойынша бөліктер мен бүтіннің арасындағы өзара байланыс негізінде шешілетін теңдеулерді шешу жолын талдап айтып беруі тиіс. Теңдеуді шешудің дұрыстығын­ ауызша тексеруге кеңес беріледі. Кіріспе тапсырма. Сабақтың тақырыбын қобдишадағы тапсырмаларды орындау арқылы ашу.

Қобдишада неше інжу бар? Оқушылардан суреттегі інжу бойынша теңдеу құрып, оны шығаруды сұраңыз. Содан соң оқушылар ауызша түсіндіре отырып, теңдеуді өзара тексеруi қажет. Белгісіз қосылғыш немесе белгісіз азайтқыш арқылы екі түрлі теңдеу құру керек. Мысалы,

4+ х = 10 немесе х – 4 = 10 оқушылартеңдеуқұрып, оны шешуікерек:

4+ х = 10

х = 10-4

х = 6

4+6= 10

10= 10


х – 4 = 10.

х = 10+4.

х = 14.

14– 4 = 10.

Жауабы:

6 інжу бар;14 інжу бар.

Әріптердің мәнін тап.(7 минут)   Жұмысты топпен ұйымдастырамын. Оқушылар тапсырманы бөліп орындап, содан кейін барлығы бірге тексеру жүргізуіне болады. Оқушылар санның құрамы бойынша әрбір теңдеудегі белгісізді анықтайды.(слайдтан көрсету)

Жауабы: x =11; x = 10;; x = 100; x = 80;y = 40; y = 70.

Сергіту сәті

Шығарыпкөр.(7минут)    Жұмысты жұппен ұйымдастырамын. Теңдеуді шешуді ламинатталған қағазда орындауды ұсынамын. Тапсырманы орындау барысында оқушылар белгісіз қосылғыш, азайтқыш немесе азайғыш рөліне байланысты теңдеуді шешу тәсілін өзеркінше таңдауы қажет. Теңдеуде оннан үлкен сандарға амалдар қолданылғандықтан,сандықсәулені пайдалану қажет. Орындап болған соң жұптар парақтардыөзара ауыстырып, тексереді.

Жауабы: х = 11; у = 10;а=20; b= 16.

Орындапкөр.(5минут) Оқушыларға тапсырманы жұппен орындатамын. Оқушыларға лото ойнайды. Ойын алаңындағы әрбір ұяшыққа осы ұяшықтағы тапсырманың жауабы жазылған парақшаны қою керек. Бұл ойында ойыншылар текшені кезекпен лақтырады. Текшенің бет жағына түскен сан теңдеудің біреуінің жауабы болады. Ойыншы жауапты парақшаға жазып, шешілген теңдеуді жабу керек. Ойын алаңындағы барлық теңдеулерді түгел жапқан ойыншы жеңіске жетеді. Әрбір ойыншы өзінің ойын алаңында жазылған теңдеулерді шешеді.


Бірінші ойыншыда:

20 – х = 14;

у – 4 = 0;

а + 9 = 10.

Екіншіойыншыда:

18 – х = 13;

у – 3 = 0;

18 + х = 20.

Жауабы:

біріншіойыншыда:

6,4,1.

екіншіойыншыда: 3, 2, 5.

Тілдікқұзыреттіліктіқалыптастыру

Қосымшатапсырмалар

Математикалық тілде сауатты сөйлеуді дамыту терминдердің мағынасын түсініп, арифметикалық амалдарды меңгеруіне негізделген. Сабақта­ осындай мақсатқа жету оқушының өз пікірін, шешімді түсіндіруіне, берілген теңдеудің шешімінің дұрыстығын тексеріп үйренуіне көмектеседі.

Жұмыс дәптері.(6 минут)  Бұл тапсырма арифметикалық амалдың бөлік және бүтін түрінде берілген компоненттерінің­ өзара байланысы туралы түсінікті бекітеді.

Оқушылар жүзге дейінгі сандарды қосу мен азайтуға берілген теңдеуді шешеді.

Жауабы:

а) х = 50; ә) y = 40; б) a = 20.

Кері байланыс

Бағдаршам(2 минут)  Мысалы:

Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар жоғары көтереді (қызыл =ешнәрсе түсінбедім, орындай алмадым, жасыл-жаңа тақырыпты меңгердім,өзім орындай аламын, сары- түсіндім, бірақ өзіме сенімді емеспін).

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

әртүрлі теңдеулерді шешкенде амалдың ұқсастығы мен айырмашылығын біледі;

қарапайым теңдеуді шешкендегі өз іс-әрекетін түсіндіре біледі;

теңдеудің шешімін тексеруді үйренеді.

Бағалау парағы арқылы бағалау.Сабаққа  қатысқан оқушыларды бағалап,мадақтаймын  (3минут)                       



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Теңдеулерді шешу. 1 сынып

Автор: Пертолет Алемгул

Дата: 13.05.2017

Номер свидетельства: 414982

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Біртекті тригонометриялы? те?деулерді шешу"
    ["seo_title"] => string(53) "birtiekti-trighonomietriialyk-tien-dieulierdi-shieshu"
    ["file_id"] => string(6) "311284"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459178669"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Квадрат те?деулерді шешу(Саба? жоспары)"
    ["seo_title"] => string(46) "kvadrat-tien-dieulierdi-shieshu-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "294639"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455699484"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "Тура те?діктерді? ?асиеттері негізінде ?арапайым те?деулерді шешу"
    ["seo_title"] => string(72) "turatiendiktierdinkasiiettierinieghizindiekarapaiymtiendieulierdishieshu"
    ["file_id"] => string(6) "317974"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460471740"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "КМЖ Рационал те?деулерді шешу "
    ["seo_title"] => string(38) "kmzh-ratsional-tien-dieulierdi-shieshu"
    ["file_id"] => string(6) "173977"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424073105"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Квадрат теңдеулерді шешу."
    ["seo_title"] => string(31) "kvadrat_tien_dieulierdi_shieshu"
    ["file_id"] => string(6) "407476"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491558222"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства