Жигсо» әдісі бойынша Тақырыбы: Оң және теріс сандар. 1топ Натурал сандар. 2топ Оң және теріс сандар. Координаталық түзудегі нүктелердің координаталары. 3топ Оң және теріс сандардың өрнектелуі. Координаталық түзудің орналасуы. Оң және теріс сандар не үшін қолданылады? • Өлшеу, есептеу жұмыстарында шамалардың тура мағынасы мен қарама-қарсы мағынасының өзгерісінің сан мәнін ажырата білу үшін оң және теріс сандар қолданылады. • Шамалардың тура мағынасының сан мәнінің алдына «+» таңбасы қойылады. • Шамалардың қарама-қарсы мағынасының сан мәнінің алдына «-» таңбасы қойылады. • Шамалардың оң және теріс сандармен жазылуы: Тура шамалар Қарама-қарсы шамалар жылы – (+50С) салқын – (-70С) биік – (+2340 м) терең – (-180 м) пайда – (2340 тг) шығын – (-2000 тг) ұтыс – (+10) ұпай ұтылу(жеңілу) – (-2) ұпай Қандай сандарды білесіңдер? Оң сандар Теріс сандар • Мысал: Оң сандар: +7; +5,8; + т.с.с. • Оң сандардың алдына кейде «+» таңбасын қою міндетті емес, яғни 7; 5,8; түрінде жазуға болады. • Теріс сандар: -9,8; 16; -0,11; т.с.с. • Егер берілген өрнекте оң сан бірінші орында тұрса немесе өрнекте бір ғана сан (мүше) болып және ол оң сан болса, оның алдына «+» таңбасы қойылмайды. • Мысалы: 1) +5a-12,5b+12 өрнегі 5a-12,5b+12 2) өрнектері түрінде жазылады. • Өрнектерде теріс санның тікелей алдында қосу, көбейту, бөлу, азайту таңбалары тұрса, онда теріс сан жақшаға алынып жазылады. • Мысалы: 9+(-7); 8-(-6); 1,25:(-8); 6-(-6) • Егер теріс сан өрнектің бірінші мүшесі болса, ол жақшасыз жазылады. • Мысалы: (-1,3а)-17b+c өрнегін -1,3а-17b+c түрінде жазуға болады. Нөл қандай сан? • 0 (нөл) саны оң санға да, теріс санға да жатпайды. • 0 (нөл) саны санақ басы ретінде алынады. - теңіз деңгейі (0 м); - мұздың еру температурасы (00С); - қозғалыссыз тұру (0 ); - пайда да жоқ, шығын да жоқ (0 тг). т.с.с. Нүктелердің координаталарын қалай анытаймыз? • Берілген санға координаталық түзуде бір ғана нүкте сәйкес келеді. Ол сан нүктенің координатасы деп аталады. • Жоғарыдағы сурет бойынша нүктелердің координаталарын жазайық: F(-3), E(-2), D(-1), O(0), A(1), B(2), C(3). • Мысал: A(-3,7), BC(2,4), D(6) нүктелерін горизонтальдық координаталық түзуде кескіндеңдер: теріс сандар оң сандар Нүктелердің координаталарын қалай анықтаймыз? • Координаталық түзудің орналасуы: - вертикаль - горизонталь • Егер координаталық түзу вертикаль орналасса, онда О нүктесінен жоғары қарай оң бағыт (оң сандар кескінделеді), ал төмен қарай теріс бағыт (теріс сандар кескінделеді) көрсетіледі. Шамаларды мағынасына қарай оң немесе теріс санмен жазыңдар: а) Бөлмеде 200 жылы _________; ә) Команда мүшелері 4 ұпай ұтыс алды; б) Команда мүшелері 5 ұпайға жеңілді _; в) Аулада 200 аяз |