Пәні: Математика | 05.12.2015жыл | 4 сынып | Алимова Ильмира |
Сабақтың тақырыбы | Санды көбейтіндіге көбейту және бөлу |
Сілтеме | Жоспар 4 – сынып |
Жалпы мақсаты: | Санды көбейтіндіге көбейту және бөлу туралы түсініктерін кеңейтіп, есеп шығаруға үйрету. |
Күтілетін нәтиже: | Барлығы:Санды көбейтіндіге көбейту және бөлудің тиімді тәсілін біледі. Көбі: Санды көбейтіндіге көбейту және бөлуді ажырата алады Кейбірі:Санды көбейтіндіге көбейту және бөлуді, көбейтіндіге санды көбейту және бөлуді біледі. |
Сабақ кезеңдері | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушының іс -әрекеті | ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі | Психологиялық дайындық Сонау-сонау алысқа, жүзсін десең кемелер. Тылсым сырлы ғарышқа,ұшсын десең денелер. Жасау үшін бәрін де Математика Ең маңызды ғылым бұл Сондықтан да,сондықтан да Сол ғылымның тілін біл! Сыңғырлады қоңырау, Біз сабақты бастаймыз Партамызға отырып, Табыс тілек тілеумен, Жаңа білім алуға Алға қадам тастаймыз Алтын ережені таныстыру • *Ынтымақтастық • *Бір-бірінің пікірін тыңдау • *Уақытты үнемді пайдалану • *Өз ойын еркін айту Қызығушылығын ояту. Математика есептерін тез шығару үшін сендер жылдам, алғыр, жүйрік, мықты болуларың керек.Сондықтан сендерді 3 топқа бөлемін. Түсті шеңберлер арқылы топқа бөлінеді. Сары түс- «Көбейту» Қызыл түс- Бөлу Көк түс- «Теңдеу» Әр топ өз топтарын таныстырады. Әрбір дұрыс жауаптарың үшін жұлдызша жинайтын боласыңдар | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. Оқушылар түстерді пайдаланып 3 топқа бөлінеді. Әрбір дұрыс жауаптары үшін оқушылар ұпай жинайтын болады. | . АКТ жұлдызшалар А4 парағы |
Өткен тақырыптарды пысықтау | Үй тапсырмасын пысықтау Санды өрнеккке мысал келтір Әріпті өрнеккке мысал келтір Бірліктер класына қай сандар жатады? Өткен сабақта біз, санға көбейтіндіні бөлуді үйрендік. Өрнектің мәнін табу арқылы білімімізді тексерейік. Мысалы:45:(3х3)=45:9=5 | Интербелсенді тақтадан үй тапсырмасын салыстыра отырып тексереді Оқушылар бір-бірінің дәптерін тексереді. | |
Қызығушылығын ояту | Бүгінгі тақырыбымыз түсінікті болу үшін, барлығымыз тақтаға назар аударайық. Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз. Санды көбейтіндіге көбейту және бөлу 2 х(7х5)=2x35=70 70: (2х5)=70:10=7 Тиімді тәсілмен есептеп тап: 1-топ Көбейту тобының тапсырмасы 25х(2х3)=150 31х(3х100)=9300 (200+50)х4=1000 90:(5х2) =9 7200:(9х4)=200 (300+240):6=90 | Топтық жұмысты топта ақылдасып орындайды. Әрбір дұрыс орындалған тапсырманы топбасшылар бағалап отырады. | АКТ |
Маынаны тану | 2-тапсырма 1-топ Бөлу тобының тапсырмасы Тиімді тәсілмен есептеп тап: 400:(25х4)=4 70:(5х2) =7 240:(10х3) =8 320:(4х10) =8 96:(2х8) =3 560:(10х7)=8 3-тапсырма 3-топ Теңдеу тобының тапсырмасы Тиімді тәсілмен есептеп тап: 90x(2x5)=900 250х(8х9)=18000 50x(4x7)=900 47x(25x4)=4700 2500x(4x3)=30000 150x(2x9)=2700 Үш топқа 1-есептен беріледі 4 тапсырма 406:(2х10) =20(қ 6) 4200:(4x100)=10(қ208) 72189:(9х1000)=80(қ89) 400:(10x3)=13(қ10) | Тақтаға ақ параққа жазылған тапсырма ілінеді. Амалдарды топқа бөліп беру. Әр топтан оқушы шығып ақ парақта жазылған тапсырманы орындайды. Келесі бетінен ауызша мадақтама сөздерді оқиды. | А4 парағы Дәптер АКТ |
Ой толғау | Сергіту сәті 5-тапсырма І-топ «Көбейту» тобына А) Бір жәшікте 7кг, ал екінші жәшікте 3кг алма болды. Бірінші жәшіктегі алма екінші жәшіктегіден 840 теңге қымбат. Әр жәшіктегі алма қанша тұрады? Шешуі:7-3=4 840/4=210 210x3=630 210x7=1470 1470-630=840 Жауабы: 1жәшіктегі алма 1470 тг,ал 2-жәшіктегі алма 630 тг ІІ-топ «Бөлу» тобы Ә) Мұражайға барған бір топ оқушы 660 теңгеге, ал екінші топ 480 теңгеге билет алды. Бірінші топта екіншісіне қарағанда 4 оқушы артық болды. Әр топта неше оқушы бар? Шешуі:600-480=120 120/4=30 600/30=20 480/30=16 20-16=4 Жауабы:1-топта 20 оқушы, 2-топта 16 оқушы бар. ІІІ-топ 6 тапсырма: Дүкенде 2 қорап ойыншық сатылды. Оның 1-сінде 32, ал 2-сінде 22 ойыншық болған.2- қораптағы ойыншықтар1-ге қарағанда 1000 теңгеге арзан түсті 2 қораптың әрқайсысы үшін қанша ақша төленеді? Шешуі:32-22=10 1000:10=100 32х100=3200 22х100=2200 3200-2200=1000 Жауабы: 1 қорапқа 3200тг 2-қорапқа 2200 тг төленді. Әр топтың топбасшыларына топ мүшелерінің бүгінгі сабақты қай дәрежеде меңгергенін байқау мақсатында тапсырма беру. Топбасшылар өз тобына орындатады. | Әр топтан оқушылар топта орындайды. Топта оқушылар бірлесе отырып, есептерді постерге орындайды. | Плакат |
Бағалау | Оқушыларды бағалау Бәрекелді, балалар! Бәріңе бестік баға бар. Азамат боп өсіңдер Ел қадірін бағалар. Қорытынды ұпай сандары. Сабақ соңында жеңген топты анықтау. Үйге тапсырма Күнделікті енді алайық, Үй тапсырмасын жазайық Математикадан алған білімді Ұмытпай есте сақтайық. 7,8 тапсырма 123 бет. | Әрбір топ мүшелерінің ұпайын жинақтау | |
Кері байланыс | Рефлексия Бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма? Несімен ұнады? Менің сабақтағы көңіл күйім жақсы/ төмен Маған сабақ ұнады/ ұнамады Топта жұмысым нәтижелі болды/ нәтижелі болмады | Оқушылар бүгінгі сабақтан қандай нәтижеге қол жеткізгенін жазып салады. | |