ІІ. Мағынаны тану 25 мин Қорытынды 3 мин | Жаңа мамандық түрлері. Сөздік құрамның термин және кәсіби сөздер арқылы толығуы Тілдік бағдар Термин сөздер | Кәсіби сөздер | Ұқсастықтары | 1-тапсырма. «Ойбөліс». Мәтінмен жұмыс. 1-топ. ХХІ ғасырда жаңа мамандықтардың пайда болу себебі неде? 2-топ.Мәтіндегі кірме сөздерді табыңдар, олардың термин сөздерге қатысын түсіндіріңдер 3-топ. промоутер | сайт жасауменшұғылданатынмаман | коучер | тауардың қалай өндірілетінін жақсы білетін маман | логистик | қызметшілердіңпотенциалынөсіретінмаман | веб-мастер | компанияның өнімді сату, жарнамалау жұмыстарымен шұғылданатын өкілі | бренд-менеджер | жүк тасымалын қадағалайтын маман | ХХI ғасыр адам өмірінің әртүрлі саласына жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. Адам баласы ХХІғасырда қажетсінбеген, тіпті естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда. Ол негізінен, ақпараттық технологиялардың ұшқыр дамуына, қызмет көрсету және саладағы еңбекті жіктеу ережесінің түрленуіне байланысты. Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын қолданыста болмаған, олардын атын естігенде қазіргі күннің өзінде “Сонда, ол маман немен шұғылданады?” деген сауал туындайды. Бірақ даму жолына түскен компаниялар бүгінде осындай мамандар үшін өз мекемесінде “орын әзірлеп” жүр. Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа мамандықтарына тоқталайық: бренд-менеджер – тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман; логистик – жүк тасымалын қадағалайтын маман; промоутер – компанияның өнімді сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен шұғылданатын өкілі; супервайзер – сауда адамдарының жұмысын қадағалайтын, жаңа бағыттарды айқындайтын маман; веб-мастер – сайт жасауменшұғылданатынмаман; коучер – қызметшілердің потенциалын өсіретін маман; интервьюер – әлеуметтік зерттеулер үшін сауалнама, сұхбат жүргізетін маман; девелопер – жылжымайтын мүлік саласында, оны жобалау және құрылысын жүзеге асырумен шұғылданатын маман. Дескриптор: Жаңа мамандықтардың пайда болу себебін түсіндіреді Кірме сөздерді табады, термин сөздермен байланыстырады Мамандық атауларын сәйкестендіреді ҚБ: «Смайликтер» 2-тапсырма. ҚБ. «Серпілген сауал» Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз. Сұрақ құрастыру барысында перифразаның түрлі тәсілдерін қолдануды ескеріңіз. Дескриптор Қ/Б: «Смайликтер» «Білгенге маржан». Оқушыларға қосымша материал түсіндіріледі. А.Байтұрсынұлының термин сөздерге қойған талаптары 1.Терминдік ұғымдарға ең алдымен барынша қазақтың төл сөздерін алу крек | 2.Қазақ тілінде ондай мағынаны беретін сөздер жоқ болған жағдайда, туысқан түркі халықтарының тілінен алу | 3. Жалпы қолданыстағы Еуропа тілдеріндегі (орыс тілі) терминдерді қазақ тілінің дыбыстық табиғатына сай жазу | 4. Еуропа тілдеріндегі терминдерге қазақ тілінің төл сөздерінен балама табылған жағдайда, оларды қатар беру, кейін бірте-бірте қазақ сөзімен ауыстыру. | 3-тапсырма. Суретте көрсетілген кәсіп түрлеріне қатысты сөздерді тауып, оларды анықтаңдар. Кәсіби сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құраңдар. 1-топ. егіншілік 2-топ. тігіншілік 3-топ. ұсталық Дескриптор: кәсіп түрлеріне қатысты сөздерді табады, қай тілден енгендігін анықтайды, сөйлем құрайды Қ/Б: «Смайликтер» 4-тапсырма. Ғаламтормен жұмыс. Ғаламтордан мамандық атауларына байланысты терминдерді тауып, оларды қатыстырып диалог құрау. 1-топ. бренд-менеджер 2-топ. сату менеджері 3-топ. веб-мастер Дескриптор: Қ/Б: «Смайликтер» 5-тапсырма. «Егемен Қазақстан». Болашақта қандай мамандықтар пайда болады? атты мақала. Пікірдің тиімді, тиімсіз екенін анықтап себебін түсініреді. «Болашақта мүлдем жаңа мамандықтарға қажеттілік туады. Роботтар жұмыс істей бастайды. Барлық қиын жұмысты компьютерлер мен роботтар жасайды» (Н.Ә.Назарбаев) Тиімді немесе тиімсіз | Себебі | | | Қ/Б: «Смайликтер» | Термин сөздер Бір ғана ғылым саласында қолданылатын нақты ұғым атауы. Жеке бір ғылымның өзіне тән терминдері болады. | Кәсіби сөздер Белгілі бір кәсіппен шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдар арасында қолданылатын көпшілікке түсінікті бола бермейтін сөздер | Ұқсастықтары Өздеріне тән қолданылатын белгілі бір орны бар. | 1-топ. ХХІ ғасырда жаңа мамандықтардың пайда болу себебі, технологиялардың қарыштап дамуы. Яғни, адамдар сол технологияларды шығару мен қатар мамандықтар тізіміне сол техниканының тілін тауып басқаратын маман иесінде даярлауға сұраныс туғызады. 2-топ.Бренд-менеджер, логистик, промоутер, супервайзер, веб-мастер, копирайтер, коучер, интервьюер, девелопер. Нарық, бизнес саласы | Технология саласы | Журналист | Бренд-менеджер, логистик, промоутер, супервайзер, коучер, девелопер. | веб-мастер, копирайтер | интервьюер | 3-топ. промоутер | компанияның өнімді сату, жарнамалау жұмыстарымен шұғылданатын өкілі | коучер | қызметшілердің потенциалын өсіретін маман | логистик | жүк тасымалын қадағалайтын маман | веб-мастер | сайт жасауменшұғылданатынмаман | бренд-менеджер | тауардың қалай өндірілетінін жақсы білетін маман | Сауда өкілдерінің жұмысын қандай маман иесі қадағалайды? 3-тапсырма. 1-топ. Егіншілік:орақ,комбайн, дән, жер, гектар, күрек, кетпен, қамба, 2-топ. Тігіншілік:ине,жіп, қайшы, мата, бархат, мақпал, түрлері, түрлі- түсті жіп, тігін машинасы, 3-топ. Ұсталық: балға, металл, күміс, алтын, алюминий, мыс, қорғасын, біз, шеге, пеш, отын, ошақ. Ұсталық өнер ауыр да, көркем өнер. Бұл жұмыстың сапалы шығуына септігін тигізетін бірден-бір құрал болаттардың, алюминий,қорғасын түрлерінің дұрыс таңдалып қайнауы. Қолдың ептілігі де басты орында. Себебі, барлығы отта қайнап дайын болған кезде беттеріне салынатын кескін түрлерінің барлығы ұстаның шеберлігіне және ойының ұшқырлығына да байланысты деп ойлаймын. 4-тапсырма. 1-топ. бренд-менеджер, бренд, брендинг, бренд-лидер, брокер, бонус, бартер. 2-топ. 3-топ. веб-мастер: веб-дизайнер, программист, контент-менеджер (), модератор, фрилансер, сайт. -Сәлем, Арман! -Сәлем, Айдос! -Айдос менің әкем өзінің бизнесін бастағалы жатыр. Компанияға әр түрлі бағытта жұмыс істейтін сату менеджері, медиаплан менеджері, экаунт-менеджер, медиа-байер, бренд-менеджер мамандарын іздеуде. Әкеме сенің ағаң менеджер болып қызмет атқарады деп айтқанмын. Оның мамандығы қандай? -Арман менің ағам менеджер болып қызмет атқармайды. Ол программист болып жұмыс жасайды. Өзі басқаратын көпшілкке пайдалы сайт ашқан болатын. Оның жұмысы қазір өте ауыр. Себебі, веб-дизайнер,модератор, контент-менеджер секілді әр үрлі мамандар жасауы тиіс жұмысты қаражаттың аз болуына байланысты жалғыз өзі атқарып жүр. -Сенің ағаң да менің әкем сияқты еңбекқор жан екен. Оның өзі басқаратын сайт атауын айта аласың ба? Мен де ол сайттың тұрақты оқырманы болғым келеді. -Рақмет, Арман! Әрине сайт атауы massaket.kz. -Сау бол, Айдос! Аман бол! -Сау бол, Арман! 5-тапсырма. Тиімді немесе тиімсіз | Себебі | Тиімді Тиімсіз | Заман дамыған сайын жаңа мамандықтар қажет екендігі белгілі. Тиімділігі барлық жұмыс тек автоматты түрде орындалады. Адам өзін қинамайды. Адамның миына күш түспегендіктен бас ми қыртыстары жұмыс істеуін тоқтатуы мүмкін. Адам да роботтар скілді тек дайын нәрсеге үйренеді. Адамдар арасындағы, жұмыс процесіндегі қарым-қатынас жоғалады. | |