Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларға психиологиялық ахуал туғызу 2мин. | Мұғалім оқушылармен амандасады. Сыныпты түгендеп, оқушылардың сабаққа әзірлігін қадағалайды. «Көңіл-күй» диаграммасы -Оқушылар көңіл-күйлеріңіз қалай? Берілген суреттерді құрастыру арқылы 4 топқа бөлінеді: 1-топ: сиырдың суреті 2-топ: сүттің суреті 3-топ: сүт тағамдары 4-топ: ақ өнімдерін жеу. | Мұғаліммен амандасады. Оқу құралдарын дайындайды. Сабаққа зейіндерін аударады. Көңіл-күйлерін айтып, диаграммамен салыстырады. Өте жақсы, керемет Орташа, Көңіл-күйім жоқ. |
І.Қызығушылықты ояту 2 мин. | Әр топ құрастырған суреттерді бір-бірімен байланыстырып көрейік. Бұл суреттерде қандай байланыс бар? Берілген мысалдардағы еліктеу сөздерге сұрақ қойыңдар. Бұрқ-бұрқ қайнаған сүт, бүлк-бүлк еткен нан. | Бұл суреттерді бір-бірімен байланыстыруға болады. Себебі сиыр төрт түлік, одан сүт алынып, сүттен түрлі өнімдер жасалады. Сүттен жасалған тағамдар дүкендерден, зауыт-фаврикалардан біздің алдымызға келеді. Бұрқ-бұрқ қайнаған сүт – қалай қайнаған сүт? (пысықтауыш) бүлк-бүлк еткен нан – қандай нан? (анықтауыш) |
ІІ. Мағынаны тану 23 мин. 4 мин 7 мин 3 мин 6 мин Қорытынды 3 мин | Сүт өнімдернің пайдасы. Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі. 1-тапсырма. Кластер құру. Қандай сүт өнімдерін білесіңдер? Және олардың қандай пайдасын білесіңдер? Қ/Б: «Шапалақ» 2-тапсырма. «Жұмыс үстелі». Мәтінді тыңда. 1-топ: Мәтінді баяндап, кілт сөздерді табу. 2-топ: Мәтіннен көзқарастарды табу 3-топ: Мәтіннен фактілерді табу. 4-топ: Кез келген сүт өнімінің дайындалу алгоритімін құру. Сүт өнімдерінің пайдасы Сүт тағамдарынан қымыз, шұбат, құрт, ірімшік, қатық, айран, уыз, май, сүзбе тағы басқаларын пайдаланамыз. Бұлардың барлығы да адам денсаулығына тигізер пайдасы мол. Ірімшік – қазақтың ұлттық сүт тағамдарының ішіндегі ең ежелгі, ең көп тараған және адам ағзасы үшін аса маңызды тағам. Дайындалуы: алдымен сүтті қазанға құйып, алдын ала жуылған мәндірді(жас қозының ұлтабары) үлпершек жағын бетке батырып, қазанның бетін жауып 2-3 сағат ұйытып қояды.Қазанның астына от жағып, ұйыған сүтті бүлкілдетіп, сары суы сарқылғанша баяу қайнатып, пісіреді. Ірімшіктің құрамында адам ағзасының қызметі үшін маңызды макро-микро элементтердің барлығы бар, сондықтан сүт тағамдары – күш қуаттың қайнар көзі. Сүттің тағы бір қасиеті – түрлі азық-түлікпен керемет үндесіп, адам тағамының биологиялық құндылығын көтереді. Сүт азықтық құнары жағынан кез келген тағамды алмастыралады, өзге бір тағам сүттің орнын баса алмақ емес. Өйткені сүт организмге түсетін қоректік заттардың көлемін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге май, белок, көмірсу, минералды тұздар, тағы басқалармен бірлесе, үндесе отырып, осы қоректік заттардың организмге сенімділігін арттырады. Қ/Б: «Бағдаршам» Мәтіннен еліктеу сөздерді тауып, сұрақ қойып көрейік. Тілдік бағдар: Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі. Мысалдар | Сұрағы | Сөйлемдегі қызметі | Жаппа дір-дір етеді | | | Сөзіне елең еткен адам болмады. | | | Тамақты асап –асап жеді. | | | Қалт еткенді аңдып отыр. | | | 3-тапсырма. «Түртіп алу» стратегиясы. Видероликтен көрсетілген мәліметтерді түртіп алып отырады. (https\\youtu.be\iTFUvZ8inxk бие сүтінен жасалған жаңа тағам түрлері, Төрегелді Шарманов – қазақ тағамтану академиясының президенті). Бейнематериал бойынша постер қорғау. (сурет салу) Қ/Б: «Смайлик» «Бумеранг». Әр топ бүгінгі сабаққа байланысты 2 сұрақ құрастырып, басқа топтармен алмасады. | 1-топ: сүт, ірімшік, денсаулық, пайдалы, қорек, қасиет. 2-топ: Сүт азықтық құнары жағынан кез келген тағамды алмастыралады, өзге бір тағам сүттің орнын баса алмақ емес. 3-топ: Сүттің тағы бір қасиеті – түрлі азық-түлікпен керемет үндесіп, адам тағамының биологиялық құндылығын көтереді. 4-топ: Сары май Сиырды сауу Сүтті сүзу Сүтті тарту Қаймағын бөлек алу Қаймақты шайқау Суын төгіп, дәмін келтіру Бүлкілдетіп, сарқылғанша – пысықтауыш қызметін атқарып тұр (қалай пісіреді?) Мысалдар | Сұрағы | Сөйлемдегі қызметі | Дір-дір етеді | Қайтеді? | Баяндауыш | Елең еткен адам | Қандай? | Анықтауыш | Асап –асап жеу | Қалай жеу? | пысықтауыш | Қалт еткенді | Нені? | толықтауыш | Жылқы сүтін қалай атайды? Сүттен қандай тағамдар жасалады? Ірімшік қалай дайындалады? Сүтке байланысты қандай ырымдар білесің? |