Білімдік: екі теріс санды қосу, көбейту, бөлу, таңбалары әртүрлі сандарды қосу, бөлу, көбейтуге үйрету
Тәрбиелік: ауызбіршілікке тәрбиелеу, қазіргі өмір талабына сай тәрбие беру, қайырымды болуға,болашақ мамандығына бағыттау, әрқашан көмек көрсете білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: логикалық ой-өрісін дамыту, шапшандыққа баулу, шығармашылық қабілетін дамыту
Просмотр содержимого документа
«Рационал сандарға амалдар қолдану»
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Мерей ауылы, ЖОББ Шипов мектебі, І санатты математика пәнінің мұғалімі Турганалиева Гульмира Юсуповна.
Рационал сандарға амалдар қолдану
Сабақтың мақсаты
Білімдік: екі теріс санды қосу, көбейту, бөлу, таңбалары әртүрлі сандарды қосу, бөлу, көбейтуге үйрету
Тәрбиелік: ауызбіршілікке тәрбиелеу, қазіргі өмір талабына сай тәрбие беру, қайырымды болуға,болашақ мамандығына бағыттау, әрқашан көмек көрсете білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: логикалық ой-өрісін дамыту, шапшандыққа баулу, шығармашылық қабілетін дамыту
Кіріспе сөз. Біздің заманымызда қоғамды дамыту үшін жеке тұлғаның алдында тұрған негізгі міндеттерің бірі- қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашыл, қабілетті маман болу. Бүгінгі сабақта халыққа қызмет ететін кәсіпкер болайық.
- Интернет-клуб (компьютер жөндеу,интернет жүйесінен мағлумат алу, ұялы телефонды жөндеу)
- Әсемдік салоны (шаштараз, косметика салоны,фото, киім тігу)
- Демалыс орталығы ( кинозал, ойын залы)
- Сауда үйі (аяқ киім, жиһаз, тұрмыстағы техника, әдемі киім)
Әр тапсырманың күні белгіленеді. Жиналған қаржының 10 пайызын қайырымдылық қорына тапсырамыз. Ол біздің азаматтық борышымыз. Кімнің үлесі көп болады соның бағасы да жоғары болады.
2. Ауызша есеп шығару. Әр есептің дұрыс жауабы- 200 теңге
-6*2 (-4)*(-6) -96:12 65: (-13) -48: (-4) 0: (-5)
5*(-3) 15*7 -31+31 0-25 63:0 -16-14
Сұрақтарға жауап.Әр сұраққа дұрыс жауап- 500 теңге.
Кубизм стратегиясы арқылы келесі сұрақтарға жауап алу:
Екі теріс санныңқосындысы қалай табылады
Таңбалары әр түрлі сандарды қосу ережесі
Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі
Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі
Таңбалары әр түрлі екі сандарды бөлу ережесі
Таңбалары бірдей сандарды бөлу ережесі
3.Тез есептеу білесін бе. Семантикалық картаны толтыру. Дұрыс жауап- 1000 теңге.
+
3
-6
11
-5
4
-23
-
3
-6
11
-5
4
-23
*
3
-6
11
-5
4
-23
:
3
-6
11
-5
4
-23
Сергіту сәті . Координаталық түзу бойында берілген нүктелерді белгілеңдер
Өрнектің мәнін табу. Электровикторина .дұрыс жауап- 2000 теңге
Мәтіндік есеп.Дұрыс жауабы- 5000 теңге.
Кәсіпкер 300000т пайдасының 5 пайызың салық үшін төледі, 3 пайызын қамқорлық қорына салды. Кәсіпкердің тапқан пайдасының неше теңгесі қалды Есептің шартындағы сандардың қайысысы оң сан, қайсысы теріс сан
Фирманың ақша есебінің өзгерісі бірінші айда +5,8 млн.т, екенші айда -3,1 млн.т, ал үшінші айда +0,6 млн.т болды. Фирманың үш айдағы ақша есебінің өзгерісі неше теңге Фирма зиян шеккен бе, әлде пайда тапқан ба
Тест тапсырмалары . Дұрыс жауабы- 10000 теңге
Қортындылау.Әр кәсіпкер қаырымдылық қорына қанша ақшаны аударатынын қанша табыс тапқанын есептеді. Бағалау. Жарнама (микрофонмен әр кәсіпкер өз жұмысы бойынша жарнама жасады)