Просмотр содержимого документа
«"Пайызы бойынша санды табу"»
Математика 5- сынып 24.04.2017 ж
Тақырыбы: Пайызы бойынша санды табу
Мақсаты: 1.Білімділік: Пайызы бойынша санды табу, бөлінді бойынша бөлінгіш бөлгіштің неше пайызын құрайтынын табу жолдарын үйрену, есеп шығару білім, икем дағдыларын жетілдіру, оқушылардың алған біліміндерін тереңдету, жинақтау, жүйелеу.
2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, проценті бойынша санды табу бөлінді бойынша бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын табу формуласын пайдаланып есеп құрастырып үйрену, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, арттыру.
3.тәрбиелік: Алған біліміне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, жолдасын бағалай білуге тәрбиелеу .
Көрнекілігі: слайд, таратпа материалдар ,топтық жұмыс
Барысы:
І. Ұйымдастыру: Амандасу , түгендеу, сабаққа назарын аудару.
Психологиялық дайындық.
ІІ. Үйге тапсырма: Өткен қайталау сұрақтары арқылы жаңа сабақты ашу.
Жаңа сабақ:
Процентті бөлшекпен немесе натурал санмен жазу үшін процент санын 100-ге бөлу керек
Бөлшекті немесе нату-рал санды процентпен жазу үшін, процент санын 100- ге көбейтіп, процент бел-гісін тіркеп жазу керек