5 сыныпқа арналған "Ондық бөлшектерді қосу" тақырыбында оқушылар ондық таңбаларды ажырату, үтір айыруға мән беруді үйренеді.
Просмотр содержимого документа
«Ондық бөлшектерді қосу. Есептер шығару»
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың ондық бөлшектерді қосу, азайту, салыстыру тақырыптары бойынша есептер шығару арқылы білімдерін пысықтап, тиянақтау.
Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ондық бөлшектерді қосу, азайту амалдары бойынша біліктіліктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілік, еңбекқорлық, белсенділік, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, табиғатты қорғауға, аялай білуге баулу.
Сабақтың типі: жаңа сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі ақпараттық технология, өзіндік жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: слайд-презентация
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру. Сабақтың мақсатымен, жоспарымен танысу.
Үй жұмысын тексеру
Білімді бекітуге дайындық кезеңі.
Білімді бекіту
Үйге тапсырма
Қорытындылау. Рефлексия.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Сабақтың негізгі мақсаты мен жоспарымен, шарттарымен таныстыру.
Білімді бекітуге дайындық
Үй тапсырмасы №354,355
Ауызша өткен тақырыптар бойынша сұрақ-жауап.
Жаңа сабақ
Ондық бөлшектерді қосу немесе бір ондық бөлшектен екіншісін азайту үшін:
Бөлшектердегі үтірден кейінгі цифрлар санын теңестіру;
Үтір үтірдің астына келетіндей етіп “бір бағанға” жазу;
Үтірге мән бермей қосуды (азайтуды) орындау;
Шыққан қосындының (айырымның) мәніндегі үтірді үтір астына қою керек;
1 мысал Кесінділердің ұзындықтарын қосуды қарастырайық 2,81м мен 6,17м-ді қосайық
2,81м=281см және 6,17м=617см екені белгілі
281см+617см=898
2,81м+6,17м=8,98
2 мысал Ондық бөлшектерді қосу
71,300 724,45
+ 9,173 + 39,80
= 80,473 = 764,25
8,65 12,54
+ 2,35 + 2,46
=11,00 = 15,00
Оқулық пен жұмыс № 745,747
есептер жинағы Математика 5 сынып № 361,362
№ 361
0,17+0,83=1,00 4) 0,01+0,99=1,00
0,24+0,76 =1,00 5) 6,77+3,23=10,00
2,54+3,46= 6,00 6) 12,36+2,64=15,00
№362
12,256+0,744=13,000 4) 86,991+3,009=90,000
21,637+8,363= 30,000 5) 69,237+0,763=70,000
125,189+4,811=130,000 6)14,5829+14,171=160,000
Бес бүтін оннан екі | 5,02 Т | 5,2 К | 5,002 П |
Ноль бүтін мыңнан сегіз | 0,008 О | 0,08 Е | 0,8 У |
Үш бүтін мыңнан жиырма бес | 3,25 Д | 30,25 В | 3,025 Л |
Он алты бүтін жүзден бес | 16,005 А | 16,5 Е | 16,05 И |
Он сегіз бүтін жүзден сегіз | 18,8 Ш | 18,08 Б | 18,008 В |
Бес бүтін онмыңнан он бес | 5,0015 Р | 5,015 У | 5,15 И |
Отыз төрт бүтін мыңнан жүз бес | 34,0105 В | 34,105 И | 34,15 М |
4.Қатені тап
2,56 4,29 31,6 45,62
+3,7 + 2,7 + 1,6 + 12,86
_____ _____ ____ ____
6,26 6,99 3,22 58,48
5. Сандардағы өшіп қалған үтірлерді қой:
4,8 + 2,2 = 7
94,5 + 54,5 = 149
5,3 +1,7 = 7
1 + 30,8 = 31,8
1 + 3,08 = 4,08
6. Раффлезия
0,32 м + 4 дм 8 см + 70 см =1,5м
Қорытынды
Үйге тапсырма § 37, ереже жаттау, № 748, 749
Бағалау