Просмотр содержимого документа
«Мақала "Белсенді оқу әдістері"»
Есту кемістігі бар балалардың диалогтық сөйлеу тілін
дамыту ерекшеліктері
Диалог – екі немесе бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма.
Диалогтық сөйлеу тілі – ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әртүрлі , бірақ бір – бірімен жарыспайтын көзқарастар , қатынастар, бағыттардың өзара байланысу жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді.
Диалогиялық байланыс процесі - басқаның көзқарасын игеріп қана қоймайды, сонымен бірге өзінің идеяларымен дамытады, байытады, оны анықтайды, түзейді және жақсартады.
Сондай – ақ диалог – екі адамның арасындағы сөйлеу әрекеті. Диалогта сөйлеумен қатар тыңдау механизмдері қатар жүреді. Элькониннің түсіндіруі бойынша баланың іс – әрекеті үлкендердің іс – әрекетінен бөлінбей біртұтас диалог болып есептеледі.
Біздің мектептің басты міндеті – нашар еститін және естімейтін балаларды өмірге бейімдеу және тәрбиелеу болғандықтан мұндай балалармен сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыс түрлеріне ерекше мән беріледі. Себебі, балалармен сабақ кезінде бағдарлама сұранысына сай өтілетін әр пән бойынша дәрістер жүргізілсе сабақтан тыс кезде алған білімдерін толықтырумен қатар , өмірге бейімдеу жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан сыныптан тыс оқу сабақтарында оқушының ауызекі сөйлеу дағдыларын тиімді меңгертіп білім алуларын мақсат етеміз.
Негізгі бағыт - баланың ойын жүйелі айтуға үйрету, қызығушылығын ояту.
Диалогтық сөйлеу тілін дамыту арқылы оқушының ақыл - ойы кеңейеді, сөйлеу тілі , есту қабілеті дамиды. Адамгершілік эстетикалық тәрбие , бір –бірімен қарым – қатынас мәселесі де дұрыс жолға қойылады. Сондықтан диалогтық сөйлеу тілін бастауыш сыныптардан бастаған жөн. Бұл мұғаліммен баланың бір – бірімен қатынасқа түсуіне көмектеседі және кез – келген іс – әрекетті жүргізу барысында іске асады.
Бала үлкендермен сөйлесу арқылы іс – әрекетін басқарып қабілетін дамытуға мүмкіндік алады. Оқушының диалогтық сөйлеу тілін дамытуда 5 түрлі әдіс қолданылады:
1. өзіне бағытталып айтылған тапсырманы түсініп орындау және жауап қайтару ;
2. мұғалімнің және тәрбиешінің нұсқауы бойынша қасындағы жолдасына сұрақ қойып үйрену;
3. қойылған сұраққа жауап беру және өзгелерге сұрақ қоя білу;
4. орындалған жұмысты айта білу;
5. диалогтық сөйлеу тіліне қатынасу.
Балалар бір - бірімен диалогтық қарым – қатынасқа түскенде олардың дұрыс жауап беруін қадағалауға үйрету керек .
Жоғарыда айтып кеткендей біздің мектептің сыныптан тыс уақыттағы жұмысы сан алуан. Мысалы : әр бағыттағы тәрбие сағаттары , саяхат, серуендеу , түрлі ойындар, спорт секциялары, күнделікті еңбек түрлері және т.б.
Баланың сөйлеу тілін , сөз байлығын, есту қабілетін дамыту күн тәртібінің барлық сәттерінде жүзеге асырылады.
Естімейтін баланың сабақтан тыс кезде сөздік қорын байыту, нақтылау үшін күнделікті өмірде орынды пайдалана білу үшін жаңа сөздің мәнін, мағынасын жете түсіндіріп , белсенді сөздік қорын арттыру қажет. Қоршаған орта мен құбылыстардың барлығы сөз арқылы жеткізіледі.
Баламен үздіксіз қарым – қатынасты кезекті серуендеу кезінде де жалғастыру абзал. Бұл жерде сөйлесудің тақырыбы - күн райы , айналада болып жатқан табиғат құбылыстары, айналадағы адамдар , қоршаған орта бола алады.
Осындай серуеннің өзі, егер мұғалім немесе тәрбиеші айналадағының барлыған, мысалы мектеп орналасқан көше , мектептің оң жағында ,
сол жағында орналасқан ғимараттар жайлы айтып отыратын болса, бала үшін аса маңызды. Осы тұрғыда ұстаздар тарапынан болатын бақылаулар нашар еститін баланың диалогтық сөйлеу тілінің қалыптасуын тездетіп , танымдық қабілеттерін , қызығушылығын арттырады.
Осы жерде мысал келтіре кетуге болады , дәлірек айтқанда қыркүйек айының аяғына таман «Экологиялық» тәрбие сағатында «Ауа - райы. Ауа – райының шартты белгілері » деген тақырып болған екен. Ауа – райының шартты белгілерін жаттап алыпты . Бірнеше ойын түрінде алып ойнап та көрдік . Сол кезден бастап серуеге шыға қалсақ, балалар :
- Далада ауа – райы қандай ? – деген сұраққа :
- Далада аспан ашық, немесе
- Далада күн бұлтты
- Аспан ала бұлтты
- Аспан тұтас бұлтты
- Жаңбыр жауып тұрды
- Қар аралас жаңбыр жауып тұр, - деп таласа жауап береді.
Диалогтық сөйлеу тілін әртүрлі жағдайларды қолдана отырып, дамытуға болады. Мысалы, балаларға үшінші сыныптан бастап әр мезгілге байланысты сурет салып , 3-4 сөйлемнен тұратын шығарма немесе эссе жазу тапсырылды.
Әр балаға салған суреттері бойынша сұрақтар қойдым, мысалы, қыс мезгіліне байланысты Берікке :
-Суретте қай мезгіл бейнеленген?
-Қыс мезгілі
-Қыс мезгілі саған ұнай ма?
-Иә,ұнайды
-Неліктен ұнайды?
-Өйткені,қыста қар жауады,сырғанақ тебеміз –деп жауап береді.
Жас ерекшеліктеріне орай балалардың әр нәрсеге қызығушылығы өзгеріп отырады. Басқа балалар секілді нашар еститін балаларда ең алдымен қарым-қатынасқа зәру.Алайда бастысы іс-қимыл емес,сөздік қолданыс көп болуы шарт. Бұл тұрғыда, баланың диалогтық сөйлеу тілінің жетіліп қалыптасуында ұстаздардығ алар орны зор. Әр баланың жеке талабын және деңгейін ескере отырып, балаларды жұптасып сөйлесуге үйрету бағытталады . Алайда,баланы шаршатуға болмайды , олар қабылдауы тиіс материалдар және сөздер ,сөз тіркестері жүйелі түрде болуы керек. Мысалы, 10-12 жас шамасындағы балалармен әдетте мұражайларға , сурет көрмелеріне көбірек барған дұрыс. Және серуен барысында үздіксіз тілдік қарым-қатынас болуы тиіс. Сол арқылы бала әр заттың мағынасын терең ұғынып , қажетті сөздермен сөз тіркестерін үйренеді.
Коррекциялық жұмыстарға бірыңғай қойылатын талаптар бойынша диалогтық сөйлеу тілін дамытуда қысқаша мәтіндер, талдау сұрақтары, ситуациялық жағдайлардан шығудың жолдары туралы оқып шығып, содан кейін қысқа да нұсқа сұрақтарды қою міндетте тұр.
Естуінде бұзылысы бар балалардың диалогтық сөйлеу тілін дамытудың өзі бірнеше түрге бөлінеді:
1. сұрақ-жауап үлгісінде
2. хабарлама және сұрақ-жауап түрінде
3. хабарлама және жауап түрінде
4. хабарлама және іс-әрекет жасаудағы еңбек нәтижесіне қуану түрі.
Есту бұзылысы бар балаалрдың диалогтық сөйлеу тілін дамыту олар үшін ауадай қажет. Диалогтық сөйлеу тілін баланың ой-өрісін өсіріп, ойлануға , сөйлеу мәдениетіне , тәртіптілікке, төзімділікке , білімге , құштарлыққа үйретеді.
Қазіргі 2-сыныптың сынып жетекшісі әрбір баланың қабілетіне, қабылдауына қарай шағын мәтіндерді дайындап , сұрақ-жауап түрінде түсінулеріне жеңіл, есте сақтауларына оңай материалдар қолдануды осы жастан бастап жатыр.
Сыныпта жүргізілген жұмыстардың нәтижесін, қорытындысын серуен, саяхат кездерінде жоспарлы түрде ары қарай дамытып отырған жөн.
I,II –ші деңгейдегі оқушылар диалог арқылы сөйлесу кезінде көбінесе бір-бірлеріне сұрақ қобға , өздерінің білгендерін тез жеткізуге, айтуға құлшыныс білдіріп , талаптанып отыратын өз тәжірибемде байқап жатырмын.
Қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауда, сөздік қорларын молайту мен байланыстырып сөйлеуде ең маңыздысы дыбыстарын өздері әр уақытта қадағалап үйренуге тәрбиелейтін диалогтық сөйлеу тілі оқушылар үшін өте маңызды.
Әрбір адам өз ойын, арман мақсатын сөз арқылы ғана жеткізе алады. Сөз арқылы барлық мәселе, барлық мұқтаждық өз шешімін табады.
Сөз сөйлеу дегеніміз- ойлаудың жемісі.
Тіл- қоғам өмірін ұйымдастырушы басты күш болумен қатар , сөйлеу құралы , түсіністіктің айнасы.
Естуінде бұзылысы бар балалардың диалогтық сөйлеу тілін дамыту әрбір баланың танымдық қабілетін ашуға көмектеседі, ойлау қабілетін дамытады, сөздік қорларын молайтады, есте сақтау қабілеттерін жақсартады.
Оқушыларға сенім білдіре отырып, олардың көз қарастарымен санасу, жаңашыл, ізденімпаз ұстаз-тәрбиеші бола білу- біздің міндетіміз.
Біздер, жас ұрпақты ұлттық сана-сезімін қоғамдық саяси ой өрісін байытып, тұлға бойында мәдени құндылықтарды дамытуға тиіспіз. Өйткені, жас ұрпақ- біздің болашағымыз !