Квадрат үшмүше анықтамасын енгізу. Мұғалім квадрат үшмүшенің анықтамасын енгізеді, оқушылармен бірге квадрат үшмүшенің коэффициенттерін көрсете отырып, мысалды қарастырады. Уәжді көтеру сәті. Оқылып отырған тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында мұғалім квадрат үшмүшелер мен квадрат теңдеулер жайлы ең ежелгі мағлұматтарды айтады (вавилондық және ежелгі үнді ғалымдардың үлесі). Жаңа тақырыпты оқу. Мұғалім квадрат үшмүшенің түбірлерін табуға тапсырма ұсынады, оның аяғында оқушылар қорытынды жасаулары керек. Оқушыларға алдын-ала сұрақтар қою арқылы және тапсырмалар беру арқылы мұғалім оқушылармен бірге келесі теоремаларды дәлелдейді: Теорема: Егер x1және x2сандары квадрат үшмүшесінің түбірлері болса, онда . Теоремаға ескерту. Егер квадрат үшмүшесінің дискриминанты нөлге тең болса, яғни (еселі түбір), онда дәлелденген формула мына түрде жазылады: . Теорема. Егер квадрат үшмүшенің түбірлері болмаса, онда оны сызықтық көбейткіштерге жіктеуге болмайды. Мұғалім оқушылармен бірге квадрат үшмүшеден екімүшенің квадратын бөліп алу мысалын қарастырады. Оқушылар сұрақ қойып, бүкіл сынып талдауы жүргізіледі. Есеп шығару. Оқушылар жұпта тапсырмаларды орындайды. Мұғалім оқушыларға қиындық туған сәтте көмек береді. Оқушылардың типтік қателері бүкіл сыныппен талқыланады. Мұғалім қажеттілігінше тақта алдында жұмысты орындауды ұйымдастыра алады және сол кезде шешімді дұрыс жазуға назар аудара алады. Қабілеті жоғары оқушыларға мұғалім қиындық деңгейі жоғары тапсырмаларды ұсына алады. Мұғалім оқушылардың жұмысын белгіленген критерийлерге сәйкес бағалайды, сонымен қатар, жұптық жұмыс кезінде әрбір оқушының үлесін бақылайды. «Жұппен жұмыс» әдісі. Жұптық жұмыс «Сен маған, мен саған» әдісімен жұптар бірін-бірі бағалайды «Қалыптастырушы бағалау». Жеке жұмыс Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеңіз: a) b) c) Дескриптор: Білім алушы - квадрат үшмүшенің түбірлерін табады/ қалаған әдіс бойынша; - квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу формуласын қолданады/ қысқаша көбейту формуласын қолданады; - квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктейді. |