kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кекі әріпті өрнектің мәнін табу

Нажмите, чтобы узнать подробности

3 сынып математика пәні үшін  мұғалімдерге әдістеме 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кекі әріпті өрнектің мәнін табу»

Ақмола облысы, Зеренді ауданы КММ «Викторовка орта мектебінің» бастауыш сынып мұғалімі Мейрхан Алмагүл

Пәні:математика Сыныбы: 3 «А»

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Екі әріптен тұратын өрнектің мәні
Сабақтың мақсаты:
а) екі әріптен тұратын өрнектің мәнін табу дағдысын қалыптастыру.
ә) математикалық білімнің жеке өмірде алатын орны туралы түсініктерін кеңейту. б) логикалық ойлауларын дамыту;
Күтілетін нәтиже: оқушылар екі әріптен тұратын өрнектің мәнін тауып үйренеді. Математикалық білімнің жеке өмірде алатын орны туралы түсініктері кеңейеді. Ойлау қабілеттері дамиды.

Пәнаралық байланыстар: қазақ тілі, әдебиеттік оқу.

Көрнекілігі: тренинг, суреттер, бейнежазба, интерактивті тақта, кәмпиттер, «Бас бармақ» тәсілі, «Бағалау шкаласы».
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, талдау, жинақтау, ой қорыту,

ізденушілік, СТО, жұптық, топтық, ұжымдық, жеке, өздік жұмыстар.

Сабақтың типі:жаңа сабақты игерту.

Бағалау критериялары: «Дұрыс-бұрыс» әдісі, «Бағалау шкаласы» кәмпит тарату арқылы бағаланады. (Әр тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға сайын кәмпит таратылып отырады).

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:
I. Ұйымдастыру бөлімі. 2 минут

а) Сәлемдесу, сынып тазалығы

ә) Оқушы назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық

Сан менен өрнек, теңдеу мен бөлшек,
Сырына оның, үңіліп көрсек.
Сенсіз дүкенге бара алмаймыз,
Сенсіз үйлерді сала алмаймыз.
Сенсіз уақытты біле алмаймыз.
Сенсіз тарихты жаза алмаймыз.

Математика сен керексің бізге.

Олай болса, балалар қазір бізде математика сабағы. Сабақты бастамас бұрын «Шеңбер бойымен ырғақты беру» жаттығуын жасап, ынтымақтастық ортаны қалыптастырып алайық.

Мақсаты: Топ бірлігін нығайту.

Топтың барлық мүшелері бір ойыншының келтірген ырғағы сол қалпында, шеңбер бойымен кезектесе отырып шапалақтау арқылы қайталайды.

Нұсқау: Әркім өзінің алдына орындық қояды. Кімде - кім қандай да бір ырғақты тықылдатады. Жанында отырған адам сол ырғақты қайталайды және оған өзінің ырғағын қосады. Үшіншісі, алдыңғы екеуінің тықылдатқан ырғағын қайталап, өзінікін қосады және т.с. Ұмытып қалған немесе дұрыс қайталамағандар ойыннан шығады.

Ырғақты аяқпен де тақылдатуға болады. Ондай жағдайда биге барлығы қосылады.

Талдау: Жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Біздің топты аз да болса біз сездік пе? Енді не сезінудесіздер?


II. Үй тапсырмасын тексеру.

(Жұптық жұмыс) «Жұбыңды тексер» ойыны арқылы.№6 3 минут

- 875 - 639 + 257 - 1000 +460 +169

271 68 16 9 91 397 709

604 571 426 909 857 878

Бағалау

5-6 есеп дұрыс – “5”

4 –есеп дұрыс – “4”

3-есеп дұрыс –”3”

2- есеп дұрыс-”2”


(Жеке жұмыс) «Кенеттен» ойны арқылы көбейту кестесін сұрау.

1 минут


8х7= 5х7= 6х9= 45:5= 8х9= 63:7= 8х8=

56:8= 16:2= 27:3= 4х5= 7х3= 6х8= 81:9=

Ширату. (Өздік жұмыс) Өзін - өзі бағалау. 2 минут


1. 43 санынан 7 және 3 сандарының көбейтіндісін азайту. (22)

  1. 24 және 3 сандарының бөліндісін 27-ге арттыру. (35)

  2. 55 және 9 сандарының қосындысын 8-ге бөлу. (8)

  3. 3 және 6 сандарының көбейтіндісін 16-ға арттыру. (34)


III. Жаңа сабақ

«Күш иесі бірлік!» атты бейнежазбаны тамашалау. 2 минут

Талдау. Осы бейнежазбадан қандай ой түйдіңдер? «Бәріміз - біріміз үшін, біріміз - бәріміз үшін» мақалының мағынасын түсіндік және

Бүгін біз топтармен жұмыс жасаймыз. Олай болса стикерлер арқылы топқа бөлінейік.

Сары түсті стикер алған оқушылар «Әріпті өрнек» тобы, жасыл түсті стикер алған оқушылар «Санды өрнек» тобы болады.


Оқу қызметін ынталандыру
Өткен сабақта біз әртүрлі өрнектермен жұмыс жасадық. Бірақ біз олар туралы барлығын біліп болдық деп айта алмаймыз. Әлі көптеген жаңа, әрі қызықты нәрселер бар.

(Топтық жұмыс) 5 минут

«Әріпті өрнек» тобына

1-есеп.Әріпті өрнектің мәнін қалай табуға болады?

D 6 7 8 10

Dx8

56-d

Санды өрнек”тобына

тобы 2-есеп. Екі әріпті өрнектің мәнін қалай табуға болады?

d 9 8 7 6

m 2 3 4 5

d х m

d +m

Тексеру.

Әріпті өрнек” тобы

1-есеп.Әріпті өрнектің мәнін қалай табуға болады?

D 6 7 8 10

Dx8 48 56 64 80

56-d 50 49 48 46


Санды өрнек”

тобы 2-есеп. Екі әріпті өрнектің мәнін қалай табуға болады?


d 9 8 7 6

m 2 3 4 5

d х m 18 24 28 30

d +m 11 11 11 11

Ұжымдық жұмыс. 4 минут

3 –есеп. k+n орындау кезінде оқушылармен ережені бекіту үшін дауыстап айта отырып, екі әріптен тұратын әріпті өрнектің мәнін табуды түсіндіре отырып, қорытынды шығарады.

n - k 550 - 238= , 425 – 198= ,

567 – 279= , 624 – 309=


Сергіту сәті. 1 минут


IV. Жаңа сабақ түсінігін бекіту.

Есеп бойынша өрнек құрастыру. 5 минут

Әріпті өрнек” тобы “Санды өрнек” тобы

72-бет №4 а) 72-бет №4 ә)

А) Жауабы: көрші үйде45 пәтер Ә) Жауабы: екі бумада 854 түйме бар.


«Дұрыс – бұрыс» әдісі. 5 минут

№ 6. Теңдіктер мен теңсіздіктердің дұрыс немесе бұрыстығын тексер. Дұрыс болса Д, бұрыс болса Б әрпін қояды. Тапсырманы орындағаннан кейін тақтадан дұрыс үлгісіне қарап өздерін өздері бағалайды.


1) (43+а): 8

2) 126 – (6+а) (126 - 6) +а мұндағы а=4 (Д)
3) (28 -25) +а = 27: 9 +а мұндағы а=11 (Д)

4) 63:а+132 =81:а+132 мұндағы а=9 (Б)

(Ө) Ойын “Дүкен” 3 минут

Сен дүкенге келдің. Сенде 200 теңге бар. Кез келген 4 түрлі затты таңдап ал. Сатып алған заттарың үшін қанша төлейтінің және қанша ақша қайтарып алатыныңды есепте.

 «Кім жылдам?». 5 минут

Орындаған тапсырмаң қанша болса, өзіңе сонша бал қой. 

5х6 7х8 9х8 72:8

5х8 63:9 24:6 8х8

42:7 36:6 36:9 2х9

Тексеру

5х6= 30 7х8 =56 9х8 =72 48:8 =6

5х8 =40 63:9 =7 24:6 =4 8х8 =64

42:7 =6 36:6 = 6 36:9 = 4 2х9 =18

Бағалау. 12-11 - “5” 8-7 - ”3" 10-9 - “4” 6- “2”

V. Үйге тапсырма. № 7 Баған түрінде жазып есепте, тексеруді әртүрлі тәсілмен орында.

789 +164 56+369 700 – 358 358 – 192 458 – 399 109+839 1000 – 190 980 – 165 128+625 490+ 369 800 – 609 458+126

VI. Бағалау. 1 минут

«Бағалау шкаласы»

9-10 кампит-“5”

7-8-кампит - “4”

5-6- кампит - “3”-

3-4- кампит - “2”

VII.Үйге тапсырма: 91-бет №6 1 минут

VIII. Кері байланыс. «Бас бармақ» тәсілі.

Оқушылардан тақырыпты түсінгендігін я түсінбегендігін қол белгілері арқылы көрсетуді сұраймын.

Мен түсініп отырмын және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады)

Мен әлі түсінбей отырмын(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды)

Мен түсінгеніме сенімді емеспін(қолды бұлғау) Осы белгілерге сүйене отырып, сабақтың қай деңгейде өткенін білемін.

Бұл бағалау парағы бойынша қорытынды шығарады. Өз таңдауларын дәлелдейді.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Кекі әріпті өрнектің мәнін табу

Автор: Мейрхан Алмагул

Дата: 14.02.2018

Номер свидетельства: 457485

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "ТАБИ?АТПЕН СЫРЛАСУ "
    ["seo_title"] => string(20) "tabig-atpien-syrlasu"
    ["file_id"] => string(6) "207115"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430332201"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Блум таксаномиясы бойынша   "Таби?атты аялайы?" атты Т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(58) "blumtaksanomiiasyboiynshatabigattyaialaiykattytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "258558"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448525823"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Аяласаң табиғатты аяла"
    ["seo_title"] => string(25) "aialasan_tabig_atty_aiala"
    ["file_id"] => string(6) "375832"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483681756"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Онды?тарды ?осу ж?не азайту "
    ["seo_title"] => string(31) "ondyk-tardy-k-osu-zh-nie-azaitu"
    ["file_id"] => string(6) "172118"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423759151"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Тор?ай. То?ылда?. "
    ["seo_title"] => string(17) "torg-ai-tok-yldak"
    ["file_id"] => string(6) "209315"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431089952"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства