Координаталық түзу бойында осы сандарды кескіндейтін нүктелер санақ басынан бірдей қашықтықта және қарама- қарсы бағытта орналасқан. 4 және – 4 санының бір- бірінен айырмашылығы тек таңбасында ғана. Мұндай сандар қарама -қарсы сандар деп аталады. Сонымен қарама- қарсы сандар дегеніміз бір- бірінен тек таңбаларымен ажыратылатын сандар. Қандай да бір ғана санға бір ғана қарама- қарсы сан бар.Осыны әріппен белгілесек – а саны а санына қарама- қарсы сан.
І. Оң санға қарама- қарсы сан теріс сан болады.
Мысалы: a=34болса ,оған қарама- қарсы сан –a=-34
ІІ. Теріс санға қарама -қарсы сан оң сан болады.
Мысалы: -a=-2,4 -(-a)=-(-2,4)=2,4
ІІІ. О саны өзіне- өзі қарама- қарсы сан.
Натурал сандар және оған қарама- қарсы сандар және о саны бүтін сандар деп аталады.Барлық бүтін сандар бүтін сандар жиынын құрайды. Бүтін сандар жиынын Z әрпімен белгілейміз.Бүтін сандар жиыны{-5;-4;-3;-2;-1;0;1;2;3;4;5}
Бүтін сандар, бөлшек сандар( оң және теріс) рационал сандар деп аталады. Барлық рационал сандар рационал сандар жиынын құрайды. Рационал сандар жиыны Q әрпімен белгіленеді.
Таңбалар ережесі
+(+)= + Досымның досы –менің досым
-(+) = - Дұшпанымның досы- менің дұшпаным
+(-) = - Досымның дұшпаны-менің де дұшпаным
-(-) = + Дұшпанымның дұшпаны-менің досым
ІІІ. Оқулықпен жұмыс №№№
ІҮ. Үлестірмелі тапсырмалар.
-y=7,5
–x=-24,5
Қандай сандар рационал сандар жиынын құрайды?
Қандай сандар бүтін сандар жиынын құрайды?
-3және 6сандарының арасынан бүтін сандар жиынын жаз.
-7және 9 сандарының арасынан натурал сандар жиынын жаз.
-49-ға қарама-қарсы санды жаз
27-ге қарама -қарсы санды жаз.
Тақтадағы сөздерге назар аударайық. Қандай сөздер шықты?
Оқушылар пікірі: Математикадағы қарама-қарсы сандар сияқты адам бойында да жақсы қасиеттерімен бірге оған қарама-қарсы теріс қасиеттері болатынын білеміз. Өз бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді бөлісе отырып, мына өз бойындағы теріс қасиеттерінен өңсіз, әлсіз болып тұрған ағашымызды жандандырайық. Ол үшін ( оқушылар жақсы мінездеме жазылған парақшаларды жапырақтарға жабыстырады )
V. Ойтүрткі. Графиктік диктант.
Қарама-қарсы сандар дегеніміз қандай сандар?
Оң санға қарама-қарсы сан қандай сан?
Теріс санға қарама-қарсы сан қандай сан?
Оң сандар және теріс сандар не құрайды?
0 саны қандай сан?
Санақ басы мен бағыты таңдап алынған түзу қандай түзу?
7. Нәрселерді санауда қолданылатын санды қандай сандар деп атайды?
8. .Бүтін сандар жиыны натурал сандар жиынының ішкі жиыны бола ма?
VI. Қорытынды. Эйлер Венн диаграммасы
Q
Z
N
Бағалау ( әр оқушы өз-өзін бағалайды)
Үйге тапсырма № 329 № 331
Рефлексия (кері байланыс) Тірек сөздер арқылы мәтін құрау
Амандастық, көмектестік, талдау жасадық, өз білімімізге , сергідік,
бір –бірімізбен, достастық, сабақ барысында, оқушыларға