О?ушыларды? ауызша есептеуін, логикалы? есептерге с?ра?тар?а тез жауап беруге да?дыландыру. Математика п?ніне деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру. Ойлау ?абілеттерін дамыту. Ойлау ?абілеттерін дамыта отырып шапша?ды??а, білімділікке, дарынды, озы? болу?а т?рбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«?й, осы математика!»
Әй, осы математика!
Мақсаты: Оқушылардың ауызша есептей білуін, логикалық есептерді, сұрақтарға тез жауап беруіне дағдыландыру. Алған білімдерін пайдалана білуге жаттықтыру. Математика пәніне қызығушылығын арттыру. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, шапшаңдыққа, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
1 – жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Әй, осы математика!» атты интелектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі сайыс топтық ойын түрінде өтеді.Ортаға 6 класс оқушыларынан құралған «Үшбұрыш», «Төртбұрыш», «Бесбұрыш» топтарын шақырамыз.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
2- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан оқушылардың,
Сәті келді сыналар.
1 – жүргізуші: Есепті түрлі – түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар,
Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.
2 – жүргізуші: Олай болса, тұрмайық,
Кешімізді біз бастайық,
Әділ бағаға қалтасы толы
Әділ қазыларды шақырайық.
1 – жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
Әділ қазылар алқасы
- Математика пәнінің мұғалімі Сағымбаева Рауза апай
- Бастауыш мектеп мұғалімі Жалмұханбетова Айгүл апай
2 – жүргізуші: Әділқазы алқасынан бірінші сайыстың қорытындысын сұраймыз.
Ең қиыны сайыстың енді келді,
Мықтылары қалыпты, жеңсін енді.
Тез қимылда, ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көрейік ерен ерді – деп, ІІ – турға өтейік.
Бұл тур «Тапқырлар сайысы» деп аталады. Ойынның шарты бойынша әр топтан бір оқушыдан кезекпе – кезек келіп ортада тұрған кубикті лақтыру арқылы ұяшық нөмірін таңдайды және сол ұяшықта жасырылған логикалық есептерді шығарады.
3 түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?(түйеқұс ұшпайды)
Бір жанұяның 5 ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
1. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы он торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады?(10 торғай)
Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр. Осы үйде неше адам отыр? (3 адам)
Айдос өзінің туған күнін 4 жылда бір рет атап өтеді. Бұл қай күн? (29 ақпан)
7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге? (100)
Алма ағашында жұмыртқа болу мүмкін бе? (иә онда құс ұя салса)
Жыл он екі айда 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (Барлық)
1 тонна мақта ауыр ма 10 ц. темір аур ма? (тең)
Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
1 – жүргізуші: Әділқазылар алқасынан екінші сайыстың қорытындысын сұраймыз.
Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де – есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек – деп келесі турға көшейік.
Бұл тур «Біліктілік сайысы» (есептер шығару) әр топқа бір – бір есептен беріледі, сол берілген есептерді топ мүшелерінің әрқайсысы келіп бір амалдан орындап, есептің шешуін табу арқылы суреттерді құрастыру керек.
І – топ: (24*(95 – 68)) / ((32 + 22)*3) = 4
95 – 68 = 27
24*27= 648
32+22=54
54 * 3= 162
648/ 162= 4
ІI– топ: (65 – 25) * 25 / (39 *4 +44) = 5
65 – 25=40
40 *25 = 1000
39*4 = 156
156+44 = 200
1000/ 200=5
ІII– топ: (96 / 3) * (12* 5 ) – 96 * 20 = 0
96 / 3=32
12 *5 = 60
32*60= 1920
96*20 = 1920
1920 - 1920=0
2 – жүргізуші: Сайыс – толқын айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу кейін жатады аптығыста – дей отырып 4 турымызға кезек берейік. 4 тур – «Көргеннен көз жазбаймын» деп аталады. Мұнда фигура, суреттерді көріп алып, алдарындағы берілген қағазға түсіру керек.
1 – жүргізуші: Сайыс толқын жатқандай асып – тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып,
Бұл сайыста байқалар тапқырлық
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
5 тур:«Ойымды жалғастыр...» Ойынның шарты бойынша берілген мақалдың орнына сан қойып, мақалды оқып, жауапты 3 тілде айту керек. Әр топқа 3 сұрақтан қойылады.
Білгенің ..... тоғыз,
Білмегенің тоқсан тоғыз (бір, один, one)
.....атаңды білмесең,
Жетесіз болып өтесің (жеті, семь, seven)
Бір тал кессең, .... тал ек (он, десять, ten)
Алтау ала болса ауыздағы кетер,
.....түгел болса төбедегі келер, (төрт, четыре, four)
..... саусақ бірдей емес (бес, пять, five)
Екі жақсы қас болмас,
..... жаман дос болмас (екі, два, tow)
Досыңды үш күн сынама, ....жыл сына (үш, три,tree)
Білгенің бір ....., білмегенің тоқсан тоғыз (тоғыз, девять,nine)
Бір елі ауызға – .....елі қақпақ (екі, два,tow)
2 – жүргізуші: Әділқазылар алқасынан өтілген турлар бойынша топтардың жалпы ұпай сандарын сұраймыз.
6 – тур: «Қас – қағым сәт сайысы». Сайыс ережесі бойынша әр топтан бір оқушыдан келіп, конверттегі сөздерді алып, көрермендерге ым – ишарамен түсіндіруі керек. Әр дұрыс табылған сөз бір ұпаймен бағаланады.