kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Қазақстандағы математика ғалымдарының жетістігі» тақырыбындағы ғылыми мақаласы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Математика ғылымы адамзат өркениетінің ерекше бір бөлігі. Оның тарихы адам­заттың дамуымен тікелей байланысты.Сонау біздің заманымызға дейінгі Х ғасырда Вавилон,Үнді,Қытай,шығыстан бастау ал­ған ғылым гректерде бір жүйелерге келіп,Арабияда жалғасып,XV-XVI ғасырларда Еуропада қаулап дамыды. Әсіресе оның қарқынды өсуі XVІІІ-ХХ ғасырларда болды.Дифференциалдық,интегралдық есептеулердің жа­ңалық ретінде ашылуы, алгебралық тең­деу­лердің шешулерін, әдістерін ойлап табу, Декарттық ана­ли­тикалық геометрияның басталуы математиканың қарқынды дамуына септігін тигізді. Математикалық әдіспен пай­ымдау жасау адамзаттың дүниетанымын тереңдетті.Қазіргі уақытта математика ғылымы мәуелі бәйтерек секілді бұтақтары кең жайылған қалың орман сияқты. Сол алып орманның ішінде тілін білмейтін кез келген адам жүре алмайды.Осы математика ғылымдарының патшалығында ерең еңбек етіп жүрген бірімізге ұлағатты аға, екіншімізге сыр жасырмас замандас,ұлы математик,ғұлама ғалым- Әлімхан  Әбеуұлы  Ермеков.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Қазақстандағы математика ғалымдарының жетістігі» тақырыбындағы ғылыми мақаласы»

28 Құсмұрын орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі

Арайлым Досымханқызы Игіліктің

«Қазақстандағы математика ғалымдарының жетістігі» тақырыбындағы ғылыми мақаласы


Математика ғылымы адамзат өркениетінің ерекше бір бөлігі. Оның тарихы адам­заттың дамуымен тікелей байланысты.Сонау біздің заманымызға дейінгі Х ғасырда Вавилон,Үнді,Қытай,шығыстан бастау ал­ған ғылым гректерде бір жүйелерге келіп,Арабияда жалғасып,XV-XVI ғасырларда Еуропада қаулап дамыды. Әсіресе оның қарқынды өсуі XVІІІ-ХХ ғасырларда болды.Дифференциалдық,интегралдық есептеулердің жа­ңалық ретінде ашылуы, алгебралық тең­деу­лердің шешулерін, әдістерін ойлап табу, Декарттық ана­ли­тикалық геометрияның басталуы математиканың қарқынды дамуына септігін тигізді. Математикалық әдіспен пай­ымдау жасау адамзаттың дүниетанымын тереңдетті.Қазіргі уақытта математика ғылымы мәуелі бәйтерек секілді бұтақтары кең жайылған қалың орман сияқты. Сол алып орманның ішінде тілін білмейтін кез келген адам жүре алмайды.Осы математика ғылымдарының патшалығында ерең еңбек етіп жүрген бірімізге ұлағатты аға, екіншімізге сыр жасырмас замандас,ұлы математик,ғұлама ғалым- Әлімхан Әбеуұлы Ермеков.

Әлімхан Әбеуұлы Ермеков (1891 - 1970) — мемлекеттік қоғам қайраткері,табиғатынан зерек тұлға, математика ғылымдарынан тұң­ғыш қазақ профессоры.Оның өз атымен бірге, еңбектері де оқылмақ түгілі атауының өзі аталмай кеткен қазақ топырағында алғаш ана тілімізде дүниеге келген ғажап оқулық «Ұлы математика курсы» (1935) оқулығын біреу білсе біреуі білмес. Басқаша атауы – «Аналитикалық геометрия мен дифференциал және интеграл есептеу негіздері».Сонымен қатар тағы “Координат методы”, “Функциялық байланыс және оны көрсету тәсілдері”, “Сызықтық функция”, “Екінші реттік қисықтар”, “Кеңістіктегі координат методы”, “Жазықтық”, “Түзу сызық” деп аталатын үлкен-үлкен сегіз тараудан және “Детерминант теориясының элеметтері” деген қосымша бөлімнен тұратын кітаптары бар.

Қазақтың аса көрнекті ғұлама ғалымы Мұхтарбай Өтелбаев есімін жұрт­шылық жақсы біледі. Өйткені,М. Өтелбаев “математика” деген қасиетті ғылымның шетсіз де шексіз әлемінің көгінде қа­зақтың туын тігіп, есімін төрткүл дү­ние­ге паш етті.Сол әлемде оның өз биігі,өз отауы бар. Сол Мұхтарбай Өтел­баев әлемінің рухани тірегі,ұстаны­ны мынадай бүкіләлемдік қағидалардың шешімдері­нен,негіздемелерінен тұрады:

-Дифференциал операторлардың спектрлік қасиеттерін зерттеудің жаңа әдістері негізделді. Ол - қарасты­рылмақ есептерді локализациялау тура­лы жалпы идеяны біртіндеп және тап­қыр­лықпен іске асырудың нәтижесі. Бұл жерде ол коэффициенттерді орташаландыру конструкциясын ойлап тапты. Ол бүгінде мамандарға “q*- Өтел­баев функциясы” деген атпен белгілі.

-Спектрлік анализде мынадай әлемдік мәселе шешімін тапты: клас­сикалық Штурм-Лиувилль операторы меншікті мәндерінің  үлестірімі үшін әмбебап асимптотикалық формула табылмайды. Ал, Дирак операторы үшін  эквивалент болмаған жағдайда алғаш рет екі жақты  асимптотикасы табылды;

- Іштесу теоремаларын алудың жаңа әдісі табылды. Оған “q* - Өтел­баев функциясын” тиімді қолдану арқылы қол жеткізілді;

- Тұңғыш рет Банах кеңістігіндегі сызықты операторлардың әдепті кеңею­лері мен сығылуларының теориясы жасалды, атап айтқанда, “паталогия­лық” (ультрагиперболалық және жал­ғанпараболалық) дифференциал  теңдеу­лер үшін әдепті есептер туралы И.Г. Петровскийдің (1948ж.) әлемдік мәселесі шешілді;

- Көпөлшемді және жартылай шенелген емес операторлардың ке­ңейтіл­ген кластарының бөлінгіштігі мен апроксимативтік қасиеттерін орнықты­ратын әдіс табылды;

- Бейсызық эволюциялық теңдеу­лер теориясында, есептеу математика­сында және жалпылама аналитикалық функциялар теориясында өзінің енгіз­ген v-кластарының көмегімен іргелі нәтижелер алынды;

- Шеттік есептерді сандық есеп­теудің жаңа әдісі ұсынылды. Онда іш­тесу теориясы, дифференциал теңдеу­лердің коэрцитивті шешімділігі және жал­ғасу теориясы сияқты қазіргі мате­ма­тика бағыттарының соңғы жетіс­тіктері пайдаланылған.Бұл әдіс ақырөлшемді матрицалар­дың меншікті сандары мен меншікті векторларын да тиімді есептейді.

Ғылым тілімен айтылған осынау сөз­дер қарапайым оқырманға түсінік­сіз­деу көрінер.Оның ар жағында бей­нетті еңбек жатыр, еліміздің абыройын көтерер,оны әлемге танытар жаңа­лықтар жатыр. Мұхтарбай Өтелбаевтың қолы жеткен нәтижелері математика­ның әр саласында жаңа перспективалы бағыттарға жол ашты. Академик М. Өтелбаевтың шәкірттері­нің арасынан сексеннен астамы канди­даттық диссертация, он екісі докторлық диссертация қорғады.

Алгебраға ұмытылмас өрнек салған физика-математика ғылымдарының докто­ры, профессор, Қазақстанның Ұлттық Ғы­лым академиясының академигі – Асқар Жұмаділдаев.Ол– нағыз шабытты, бабына келген шағында тұрған ғалым. Әл­ем­дік деңгейде мойындалған математик, қо­ғам қайраткері.Асқар 80-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы. Оның мақалалары көптеген шетел­дер­дің, Ресейдің негізгі математикалық жур­налдарында жарияланып, ағылшын тіліне аударылған. Осы аталған бағыттарда ол терең де тамаша нәтижелерге қол жеткізді:

-Формалды векторлық өрісті Ли алге­бра­ларының ішінде қарапайым емес бас өріс­тері болатын алгебралар нақтыланды. Кар­тандық типтес Ли алгебраларының екінші когомолиясы есептелінді;

-Кососимметриялық мультисызықтық ассоциативті емес көпмүшеліктер кеңістігінің сипаттамасы, 0-Алиа және 1-Алиа алгебра­ларының құрылыстары жасалды. Екі жақты Алиа алгебраларының зерттеулері Ли алгебраларының коммутативтік коциклдерін зерттеуге байланысты екендігі жүйеленді.

-Дәрежелері 4 және 5-ке тең кососимметриялық тепетеңдіктермен анықталатын алгебралардың құрылымдары бір жүйеге кел­тірілді.Ли коммутатор жағ­дайында айқын емес тепе-теңдіктердің бесінші дәрежеден бастап пайда болатындығы және олардың екіге тең екендігі дәлелденді.Лейбниц когомолиялары үшін фактор құрылды. Лейбниц алгебраларының қара­пай­ымдылығы туралы ұғым енгізіліп, оның қасиеттері зерттелді.

Осы аталған зерттеулер – Асқардың ғы­лыми еңбектерінің шыңдалуының айқын айғағы.Оның ғылыми жұмысының әрбір бөлімі кезінде үлкен проблемалар туғызған мәселелердің шешімін табуға үлкен септігін тигізді. Мұның бәрі көрнекті ғалымның тынымсыз еңбегінің, шығармашылық шабыт нәтижелері деуіміз керек. Қазір Асқар ерен дарынымен, ұшан-теңіз қарымымен Қазақ­стан ғылымын әлемге танытып жүр. Ота­нымыздағы математиктер арасында ең өнімді жұмыс істеп, ең жоғары рейтингтің иесі болып жүрген де академик Асқар.Қазақ елінен Асқар көптеген шетел университеттеріне дәріс оқуға, ғылыми еңбек­тер жасауға алғаш шақырылғандардың бірі.Жүзден жүйрік шығып, шеттен бәйгесін алып жүрген Асқар бауырымыздың елден де лайықты үлесін алар мезгілі баяғыда жеткен деп есептейміз.Оның ма­тематиканың әр саласында жазған іргелі ғылыми мақалалары, оқулықтары ел ғылы­мы мен білімінің дамуына қосылған айтар­лықтай үлес болып табылады.

Еліміздің жас математиктері көптеген халықаралық білім сайыстарында жоғары жетістіктермен көзге түссе, көш бастаған профессор-ғалымдарымыз тың ғылыми жаңалықтарымен барша әлемдік қауымдастықты таңғалдырып, қазақ халқын қуантып жүр. Солардың бірі - Американың математикалық қоғамы­ның жоғары дәрежелі «Мур» сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы білім саласының құрметті қызметкері,Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Алгебра және геометрия кафедрасының меңгерушісі, профессор - Уалбай Үтмаханбетұлы Өмірбаев.

Биыл Елбасының жарлығына сәйкес автоморфизмдер және еркін алгебралар саласындағы ерен еңбегі үшін профессор У.Өмірбаев ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреат­ы атанып отыр. Ол өзінің еңбекқорлығы мен тапқырлығы арқасында еркін алгебрадағы Кон және Каргаполов сынды белгілі ғалымдар қойған математикалық мәселелерді шешіп ғана қоймай,30 жылдан бері шешілмей келген жапон математигі Нагата проблемасының түйінін тапты.

1972 жылы жапонның атақты ғалымы Нагата құрастырған есепке Уалбай Өмірбаев 80-жылдардың соңында білек сыбана кірісіп, он жылдың ішінде аталған математикалық проблеманың түйінін тарқатты.Бас кезінде ғалым қатты қуанды. Бірақ оның қуанышы ұзаққа созылмады.Себебі  оның тапқан жауабы қарама-қайшылыққа толы болды.Алайда бетінен қайтпады.У.Өмірбаев бойындағы сабырлығы пен еңбекқорлығы арқасында айналасы екі жылдың ішінде-ақ Нагата есебінің толық шешімін табады.Осы мәселелерге арналған еңбектері үшін қазақстандық ғалым 2007 жылы Американың математикалық қоғамы­ның жоғары дәрежелі «Мур» сыйлығына ие болды.

«Нагата есебі шешілді!» дегенді естіген кезде шетелдік ғалымдардың көбісі сенбеді. Ал «Нагата есебін шешкен қазақтың жас ғалымы!» деген сөзге мүлдем құлақ асқан жоқ. Гонконгте өткен  ғылыми форумда  Уалбай Өмірбаев бірнеше сағат бойы аяғынан тік тұрып, өз шешімін дәлелдесе де, шетелдік әріптестері міз бақпады.Қазақ ғалымын бір-ақ адам мұқият тыңдады.Ол - атақты математик Макар Лиманов еді. Уалбай Өмірбаев шаршап-шалдығып, орнына жайғаса бергенде,  Макар Лиманов орнынан атып тұрып, тақтадағы есепке жүгірді. Оны қайта-қайта тексеріп:«Нақты және соңғы жауап осы, бұдан басқа жауаптың болуы мүмкін емес!»,- деп айқайлап жіберді.Осыдан кейін барлық математиктер Уалбай Өмірбаевқа:«Есептің ана жерін қалай, мына жерін қалай шештің? Соны дәлелдеп бер!», деп үздіксіз хат жазумен болды.Бір жыл өткеннен кейін ғана қазақ ғалымы Уалбай Өмірбаев тапқан Нагата жұмбағының шешімін барша әлем мойындады.Ол - «Қазақстан ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» медальмен  және «Білім саласының құрметті қызметкері» атағымен марапатталған математик. Енді, міне Нобель сыйлығының лауреаттары ұзақ уақыт бойы шеше алмай келген Нагата сияқты математикалық есептердің түйінін тапқан Уалбай Өмірбаев ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болып отыр.Ағылшын тілін еркін меңгерген қазақ ғалымы қазіргі кезде АҚШ-тың Детроит қаласында дәріс оқып жүр.

Қорытындылай келе,еліміздің маңдайалды математиктері әлемдік математика ғылымына қосқан үлестері осымен барабар деуге әбден болады. Қазақстан Республикасының Пре­­зиденті Н.Ә.Назарбаев инно­ва­циялық болашаққа жол – жал­пы­ұлттық басымдық ретінде жария етіп, бұл мақсатқа жету жо­лын­да Қа­зақстанды әлемдік дең­гей­дегі білім орталығына айнал­дыру қажет­тігін атап өткен еді. Осы инновациялық болашақтың негізгі тіректерінің бірі математика ғылымы мен білімінің дамуын­да жатыр. Ғылымдардың патшасы атанған математика пәнінен білім берудің ерекше екенін айта кетуге болады. Математика адамзаттың жараты­лыс­ты тануында, мемлекеттердің ғы­лыми дамуына Қазақстанда математика жақсы дамыған ғылымдар санатында. Бас­тауын әйгілі Әл-Фарабидан алатын Қазақстан математикасының да­муы­­на және оның өркендеуіне атақ­ты ғалымдарымыз,академиктер О.Жәу­тіков, Ө.Сұлтанғазин, Қ.Қа­сымов, Т.Кәлменов үлкен үлес қосты.Еліміздің тәуелсіздігі жылдары ерекше жетістікке жеткен ғалымдар М.Өтелбаев, Ш.Смағұлов, Б.Жұма­ғұл­ов, Н.Данаев, У.Өмірбаевтар Мем­лекеттік сыйлықтың лауреттары атақтарын алды. Осындай ғылыми жетістіктерді жастарға жеткізіп, олар­ды ғылымның жаңа шың­дары­на жетелеу ғалымдар мен математика мұғалімдерінің негізгі мәселесі болып табылады.

Қазақ талантты халық! Бірақ, талантты кеш бағалайтын халық! Қазақты алып шығар жалғыз жол ғылым екенін ұрпағымыз білу керек.Қазақ математиктері жоғары мәдениетті адамдардың бірі, оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер арасында зор құрметке бөленді. Өмірлерінің ақырғы күндеріне дейін өздерінің көптеген оқушыларының жан-жақты дамып, өсуіне қуанумен болды десек те артық болмас.Осы математика ғылымдарының патшалығында ерең еңбек етіп жүрген бірімізге ұлағатты аға, екіншімізге сыр жасырмас замандас,ұлы,ғұлама ғалымдарымызды саны артып,“Математика” деген қасиетті ғылымның шетсіз де шексіз әлемінің көгінде қа­зақтың туын тігіп, есімін төрткүл дү­ние­ге паш ететін математиктеріміз көбейе берсін деген ізгі ниеттемін!


ӘДЕБИЕТ:


  1. Интернет :http://biografia.kz;

  2. Көпшіл Әбдімәжитұлы «Мектеп математикасының тарихи мағлұматтары», Алматы 2004.

  3. А. Көбесов, Математика тарихы. «Қазақ университеті», Алматы 1993.

  4. Нұрбек Матжанидің «Алаштың Әлімханы»;

  5. Әлімхан Ермековтың "Ұлы математика курсы"еңбегінен;

  6. Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8;











Аннотация

В данной статье рассматривается вклад казахстанских ученых в развитии математики.



Summary


In this article the contribution of the Kazakhstan scientists in mathematics development is considered.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
«Қазақстандағы математика ғалымдарының жетістігі» тақырыбындағы ғылыми мақаласы

Автор: Арайлым Досымханқызы Игілік

Дата: 11.03.2017

Номер свидетельства: 399142


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства