Мақсаты: Оқушылардың ауызша есептей білуін, логикалық есептерді,
сұрақтарға тез жауап беруіне дағдыландыру.Алған білімдерін пайдалана білуге жаттықтыру. Математика пәніне қызығушылығын арттыру. Ойлау қаблеттерін дамыта отырып, шапшаңдыққа, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«ӘЙ осы МАТЕМАТИКА»
«Әй, осы математика» атты интелектуалдық ойын
Мақсаты: Оқушылардың ауызша есептей білуін, логикалық есептерді,
сұрақтарға тез жауап беруіне дағдыландыру.Алған білімдерін пайдалана білуге жаттықтыру. Математика пәніне қызығушылығын арттыру. Ойлау қаблеттерін дамыта отырып, шапшаңдыққа, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Ойында интерактивті тақта, үлестірме қағаздар қолданылады.
Сайыстағы оқушылардың жұмысын бағалау үшін әділ қазылар алқасын сайлап алу.
.
Әділ қазылар алқасы:
1. Мукушева Асем Наурызбайқызы оқу ісінің меңгерушісі
Сеилханова Лаззат Төлеутайқызы Мектеп психологі
Жетпісбаева Лаззат Қақабайқызы Биология және химия пәнінің мұғалімі
Мауенова Жұлдыз 9 сынып оқушысы
Шын жүйрік шабысынан танылады
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады
Сайысқа қатысушылар: 5-7 сынып оқушыларынан құралған.
Алғырлар тобы мен Тапқырлар тобын қошеметтеп қол соғып ортаға шақырайық
Бүгінгі күн сайыста
Ешкінен сен қалыспа,
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста- деп
«Әй, осы математика» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер
Өту жоспары:
1. Сәлемдесу
Логикалық есептер
Мақал-мәтелдер сайысы
Есепке кім жүйрік?
Кім көп біледі?
Қорытынды
1 сайыс-Сәлемдесу
«Алғырлар тобы»:
Шақырып жарыстарды сан – салалы,
Алғырлар топ жарғалы зер салады !
Ту етіп достық пенен татулықты
Тапқырлар командасын қарсы алады !
Тапқырлар биіктерде қалықтасын !
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туың желбіреп алауласын,
Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.
«Әділқазыларға сәлем»:
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем !
Әділдікке бас иеді күллі әлем !
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл !
«Тапқырлар тобы»:
Осындай алғыр достар кез – келгенде,
Жетсін – ау, жарыстарда женгенге – не?
Қарсылас болғаныменен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге де !
Құрметпен алғырларда ой – саналы,
Тапқырлар сәлем беріп ән салады.
Бүгінгі сайыстан достарына
Қашанда тапқыр бол деп ән салады.
«Әділқазыларға сәлем»:
Достықпенен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділқазым,
Еңбегін «Тапқырлардың» әділ сына.
2- сайыс: Логикалық есептер шешу.
Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз- деп, логикалық есептер шығару
.
7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге? (100)
1т темір ауыр ма, әлде 1000 кг мақта ауыр ма? (Бірдей )
4 827 105 санындағы үш цифрды ең кіші сан шығатындай етіп
Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады (әр жағына бір- бірден).
Мектепте дәл осындай 7 үстелді жалғап бір қатарға қойып, ұзын үстел
құрды. Осы үстелді айнала қанша адам отыра алады? (16)
Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақпен қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой.(17)
Көл тоғанды қырға бар
Келіп қонды тырналар.
Жұптан қонып сол жерде
Отыр екен он жерде
Санап берші тырналар
Қанша болды ол жерде? (20)
3-сайыс. Мақал- мәтелдер сайысы.
Ал, балалар, балалар
Мақал –мәтел айтайық.
Қиындыққа қайыспай
Асулардан өтейік –деп, берілген мақалдағы нүктенің орнына сан қойып, мақалды оқу.
Ер 1 рет өледі,
Қорқақ 1000 рет өледі.
7 рет өлшеп,
рет кес.
2 құзғын таласса,
1 қарғаға жем болар.
1 кісі қазған құдықтан,
кісі су ішеді.
Жақсыны 7 жыл жетелесең адам болар,
Жаманды 7 жыл жетелесең надан болар.
30 тістен шыққан сөз,
30 рулы елге тарайды.
7. Білгенің бір 9, білмегенің 99.
Оқушылармен сергіту сәті жасалды
4-сайыс.Есепке кім жүйрік? сайысы
Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де - есеп.
Ауырсаң, ішетұғын дәрі де - есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек- деп, берілген есептерді барлығы шығарады.
«Алғырлар» тобы.
Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой
44444444 = 500 (444+44+4+4+4 = 500)
3. Қалалық бай тұрғын үш ұлына мұраға екі үй қалдырды. Ұлдары мұраны тең бөлуді шешті. Үлкен екі ұлдың әрқайсысының еншісіне үй тиді, ал кенжесіне ақша бөлінді: оған ағаларының әрқайсысы 500 динар берді. Сонда бір үйдің құны қанша динар тұрады? (1500 )
«Тапқырлар» тобы.
Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп, амал таңбаларын қой?
333333 = 1000 (333*3+3/3 = 1000)
3. Қалалық бай тұрғын үш ұлына мұраға екі үй қалдырды. Ұлдары мұраны тең бөлуді шешті. Үлкен екі ұлдың әрқайсысының еншісіне үй тиді, ал кенжесіне ақша бөлінді: оған ағаларының әрқайсысы 500 динар берді. Сонда бір үйдің құны қанша динар тұрады? (1500 )
Сайыс
“Кімкөпбіледі?” сайыс.
Білімнің ұшқырлығын танытып сен,
Асып- тасып, асықпа,қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен –деп әр топқа сұрақтар қойылады. Оған кім тез және қанша уақытта жауап беретіні ескріледі
5-сынып
1. Санауда қолданылатын сандар? (натурал)
2. Санның ең үлкен бөлгіші неге тең? (санның өзіне)
3. 2-ге бөлінбейтін сандар не деп аталады? (Тақ сандар)
4. Қандай сандар 5-ке бөлінеді? ( 0 мен 5- ке аяқталатын сандар)
5. Жай сандардың кестесін жасаған грек ғалымы кім? (Эратосфен)
6. 1/2- ге кері сан? (2)
7. Ғасырдың жартысы неше жыл? ( 50жыл)
5-сынып
1. Неше цифр бар? (он)
2. Кез келген натурал санның бөлгіші? (1)
3. 2-ге бөлінетін сандар не деп атлады ? (Жұп сандар)
4. Қандай сандар 10-ға бөлінеді? ( 0 - ге аяқталатын сандар)
5. Ең кіші натурал сан, (1)
6. Санды қандай санға бөлуге болмайды? (0-ге)
7. 3 ке кері сан? ( 1/3)
6-сынып
1. Шеңбердің екі нүктесін центр арқылы қосатын кесінді?
(диаметр)
2. Өзара кері сандардың көбейтіндісі неге тең? (1)
3. Оң санға да теріс санға да жатпайтын сан (нөл)
4. 9-ға қарама қарсы сан (-9)
5. -99,9 бен 1 қайсысы үлкен? ( 1)
6. 0-ден үлкен сандар ( оң сандар )
7. Таңбалары әр түрлі сандардың көбейтіндісі (теріс сан)
6-сынып
1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (нөл)